Ескерту. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Президентінің 2009.06.18 N 829 Жарлығымен.
1. Түркiстан қаласының 1500 жылдық мерейтойын атап өту мерзiмi 2000 жылға ауыстырылсын.
2. Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiленген тәртiп бойынша Түркiстан қаласының 1500 жылдық мерейтойын атап өтудi ЮНЕСКО-ның 2000 жылға арналған Атаулы және мерекелiк даталар күнтiзбесiне енгiзу туралы ЮНЕСКО-ға өтiнiш жасасын.
ЕСКЕРТУ. 1,2-тармақтар өзгертілді - ҚР Президентінің 2000.01.10. N 113 өкімімен.
3. Түркiстан қаласының 1500 жылдық мерейтойын әзiрлеу және өткiзу жөнiндегi Республикалық мерекелiк комиссияның дербес құрамы қосымшаға сәйкес бекiтiлсiн.
4. Республикалық мерекелiк комиссия 2000 жылғы 15 наурызға дейiн Түркiстан қаласының мерейтойын әзiрлеу мен өткiзу жөнiндегi iс-шаралар жоспарын Қазақстан Республикасының Үкiметiне бекiтуге ұсынатын болсын.
ЕСКЕРТУ. 4-тармақ өзгертілді - ҚР Президентінің 2000.01.10. N 113 өкімімен.
Қазақстан Республикасының
Президентi
Қазақстан Республикасы
Президентінің
1998 жылғы 6 наурыздағы
N 3860 өкіміне
қосымша
ЕСКЕРТУ. Қосымша жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 2000.01.10. N 113 өкімімен.
Түркістан қаласының 1500 жылдық мерейтойын әзірлеу
және өткізу жөніндегі республикалық мерекелік
комиссияның құрамы
Тоқаев Қасымжомарт - Қазақстан Республикасының Кемелұлы Премьер-Министрі, комиссия
төрағасы
Сәрсенбаев Алтынбек - Қазақстан Республикасының Сәрсенбайұлы Мәдениет, ақпарат және
қоғамдық келісім министрі,
комиссия төрағасының
орынбасары
Сапарбаев Бердібек - Оңтүстік Қазақстан
Машбекұлы облысының әкімі, комиссия
төрағасының орынбасары
Қасейінов Дүйсен - Қазақстан Республикасының Қорабайұлы Мәдениет, ақпарат және
қоғамдық келісім министрлігі
Мәдениет комитетінің
төрағасы, комиссияның
жауапты хатшысы
Комиссия мүшелері:
Аманшаев Ермек - Қазақстан Республикасының
Әмірханұлы Премьер-Министрі Кеңсесінің
Аймақтық даму және әлеуметтік
сала бөлімі бастығының
орынбасары - әлеуметтік сала
секторының меңгерушісі
Әметұлы Өмірзақ - Түркістан қаласының әкімі
Байпақов Карл - Қазақстан Республикасының
Молдахметұлы Білім және ғылым министрлігі
А.Х.Марғұлан атындағы
археология институтының
директоры
Уәлиханов Шота - Қазақ Тарих және мәдениет Ыдырысұлы ескерткіштерін қорғау қоғамы
Орталық Кеңесі
төралқасының төрағасы
(келісім бойынша)
Жұрынов Мұрат - Қожа Ахмет Иассауи атындағы
Жұрынұлы Халықаралық университетінің
президенті (Түркістан қаласы)
Қозыбаев Манаш - Қазақстан Республикасының
Қабашұлы Білім және ғылым министрлігі
Ш.Уәлиханов атындағы тарих және
этнология институтының
директоры
Көшербаев Қырымбек - Қазақстан Республикасының
Елеуұлы Білім және ғылым министрі
Мергенов Еркін - Қазақстан Суретшілер одағы Тілекұлы басқармасының төрағасы
(келісім бойынша)
Оразалин Нұрлан - Қазақстан Жазушылар одағы
Мырқасымұлы басқармасының бірінші
хатшысы (келісім бойынша)
Шоқпытов Андар - Қазақстан Республикасының
Мәулешұлы Премьер-Министрі Кеңсесінің
Аймақтық даму және
әлеуметтік сала бөлімінің
меңгерушісі