Жоғары әскери және өзге де атақтар, сыныптық шендер жөніндегі комиссия туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 3 қарашадағы № 88 Өкімі.

      Ескерту. Өкімнің атауына өзгеріс енгізілді - ҚР Президентінің 09.10.2019 № 184 Жарлығымен.
      Ескерту. Бүкіл мәтін бойынша "сыныптық шендер", "сыныптық шендерді", "сыныптық шендерден" деген сөздерден кейін тиісінше ", біліктілік сыныптары", ", біліктілік сыныптарын", ", біліктілік сыныптарынан" деген сөздермен толықтырылды - ҚР Президентінің 09.10.2019 № 184 Жарлығымен.
      Ескерту. Өкімнің тақырыбында және бүкіл мәтіні бойынша ", біліктілік сыныптары", ", біліктілік сыныптарын" деген сөздер алып тасталды – ҚР Президентінің 17.11.2022 № 355 өкімімен.

      Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 20) тармақшасына сәйкес жоғары әскери және өзге де атақтарды, сыныптық шендерді беру тәжірибесін жетілдіру мақсатында:

      1. Жоғары әскери және өзге де атақтар, сыныптық шендер жөніндегі комиссия құрылсын.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 09.10.2019 № 184 Жарлығымен.

      2. Комиссияның негізгі міндеті Мемлекет басшысының атына келіп түскен жоғары әскери және өзге де атақтар, сыныптық шендер беру туралы ұсыныстарды алдын ала қарау және олар бойынша Қазақстан Республикасының Президентіне тиісті ұсыныс енгізу болып табылады деп белгіленсін.

      3. Жоғары әскери және өзге де атақтар, сыныптық шендер жөніндегі комиссия туралы ереже бекітілсін (№ 2 - қосымша).

      4. Қазақстан Республикасы Президентінің "Жоғары әскери, арнаулы және өзге атақтар жөніндегі комиссия туралы" 1996 жылғы 22 қарашадағы № 3238 өкімінің (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., № 48, 468-құжат) күші жойылды деп танылсын.

      Қазақстан Республикасының
Президенті

  № 1-қосымша
  Қазақстан Республикасы
  Президентінің 1999 жылғы
  3 қарашадағы № 88 өкімімен
  бекітілген

Жоғары әскери және өзге де атақтар, сыныптық шендер, біліктілік сыныптары жөніндегі комиссияның дербес құрамы

      Ескерту. 1-қосымша алып тасталды - Қазақстан Республикасының 2002.04.18. № 323 өкімімен.

  № 2-қосымша
  Қазақстан Республикасы
  Президентінің 1999 жылғы
  3 қарашадағы № 88 өкімімен
  бекітілген

      Ескерту. Ереженің тақырыбында және бүкіл мәтіні бойынша ", біліктілік сыныптары", ", біліктілік сыныптарын", ", біліктілік сыныптарынан" деген сөздер алып тасталды – ҚР Президентінің 17.11.2022 № 355 өкімімен.

Жоғары әскери және өзге де атақтар, сыныптық шендер жөніндегі комиссия туралы
ЕРЕЖЕ
1. Жалпы ережелер

      1. Жоғары әскери және өзге де атақтар, сыныптық шендер жөніндегі комиссия (бұдан былай - Комиссия) Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады және жоғары әскери және өзге де атақтар, сыныптық шендер беру мәселелері жөніндегі ұсыныстарды алдын-ала қарау және Мемлекет басшысы үшін дайындау мақсатында құрылды.

      2. Комиссия өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмаларын, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.

2. Комиссияның негізгі міндеттері

      Комиссияның негізгі міндеттері:

      1) уәкілеттік берілген орталық атқару органдары мен олардың лауазымды тұлғаларынан келіп түскен жоғары әскери және өзге де атақтар, сыныптық шендерді беру туралы ұсыныстарды алдын ала зерделеу және олар бойынша Қазақстан Республикасының Президентіне ұсыныс енгізу;

      2) заңдарда көзделген жағдайларда жоғары әскери және өзге де атақтардан, сыныптық шендерден айыру туралы мәселелерді алдын ала қарау болып табылады.

3. Комиссияның құзыреті

      Комиссия негізгі міндеттерді іске асыру мақсатында:

      1) Қазақстан Республикасының Президентіне жоғары әскери және өзге де атақтар, сыныптық шендер беру және олардан айыру мәселелері жөнінде ұсыныс табыс етуге;

      2) атақтар мен сыныптық шендер беру туралы ұсыныстар бойынша қорытынды беруге;

      3) мемлекеттік органдардан, ұйымдардан және лауазымды тұлғалардан өзінің қызметіне қажетті мәліметтер мен құжаттарды сұратуға;

      4) атақтар мен сыныптық шендер беру мәселелері бойынша құқық қорғау органдарының және өзге де мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғаларын тыңдауға;

      5) құқық қорғау органдарына және өзге де мемлекеттік органдарға жоғары әскери және өзге де атақтар, сыныптық шендер беруге ұсыну мәселелері бойынша ұсыным жолдауға;

      6) атақтар мен сыныптық шендер беру және олардан айыру жөніндегі шағымдар мен өзге де өтініштерді қарауға хақылы.

4. Комиссияның құрамы және оның жұмысын ұйымдастыру

      1. Комиссия Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайтын және босататын Комиссияның төрағасы мен 6 мүшесінен тұрады.

      Комиссияның лауазымдық құрамына: Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы (төраға), Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы, Қазақстан Республикасы Президентінің құқықтық мәселелер жөніндегі көмекшісі, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Үкімет Аппаратының Басшысы, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік қызмет бөлімінің меңгерушісі, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Құқық қорғау жүйесі бөлімінің меңгерушісі, келісім бойынша – Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитеттерінің төрағалары кіреді.

      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Президентінің 21.02.2018 № 642; 17.04.2019 № 26; 13.04.2023 № 195 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 03.01.2024 № 429 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн қолданысқа енгізіледі) Жарлықтарымен.

      2. Комиссияның отырысы қажетіне қарай өткізіледі және егер оған оның мүшелерінің жалпы санының кемінде 2/3 қатысса, құқықтық күші бар деп есептеледі.

      Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Президентінің 09.10.2019 № 184 Жарлығымен.

      3. Комиссия шешімі отырысқа қатысып отырған Комиссия мүшелерінің жалпы санының көпшілік дауысымен қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда төрағаның дауысы шешуші болып табылады.

      Комиссияның шешімдері хаттамалық шешімдермен ресімделеді.

      Ескерту. 3-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Президентінің 09.10.2019 № 184 Жарлығымен.
      4. Алып тасталды - ҚР Президентінің 09.10.2019 № 184 Жарлығымен.

      5. Комиссияның қызметін қамтамасыз етуді Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Құқық қорғау жүйесі бөлімі жүзеге асырады.

      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Президентінің 03.01.2024 № 429 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.

О Комиссии по высшим воинским и иным званиям, классным чинам, квалификационным классам

Распоряжение Президента Республики Казахстан от 3 ноября 1999 года N 88.

      Сноска. В наименовании и по всему тексту после слов "классным чинам", "классных чинов" дополнено соответственно словами ", квалификационным классам", ", квалификационных классов" в соответствии с Указом Президента РК от 09.10.2019 № 184;
      В заголовке и по всему тексту распоряжения слова ", квалификационным классам", ", квалификационных классов" исключены Распоряжением Президента РК от 17.11.2022 № 355.

      В целях совершенствования практики присвоения высших воинских и иных званий, классных чинов и в соответствии с подпунктом 20) статьи 44 Конституции Республики Казахстан:

      1. Образовать Комиссию по высшим воинским и иным званиям, классным чинам.

      Сноска. Пункт 1 в редакции Указа Президента РК от 09.10.2019 № 184.

      2. Установить, что основной задачей Комиссии является предварительное рассмотрение поступающих в адрес Главы государства представлений о присвоении высших воинских и иных званий, классных чинов и внесение по ним соответствующих предложений Президенту Республики Казахстан.

      3. Утвердить Положение о Комиссии по высшим воинским и иным званиям, классным чинам (приложение № 2).

      4. Признать утратившим силу распоряжение Президента Республики Казахстан от 22 ноября 1996 г. N 3238 "О Комиссии по высшим воинским, специальным и иным званиям" (САПП Республики Казахстан, 1996 г., N 48, ст. 468).

     
      Президент
Республики Казахстан

  Приложение № 1
утвержден
распоряжением Президента
Республики Казахстан
от 3 ноября 1999 г. № 88

Персональный состав Комиссии по высшим воинским и иным званиям, классным чинам

      Сноска. Приложение 1 исключено распоряжением Президента РК от 18 апреля 2002 г. N 323.

  Приложение N 2
Утверждено
Распоряжением Президента
Республики Казахстан
от 3 ноября 1999 г. N 88

Положение о Комиссии по высшим воинским и иным званиям, классным чинам

      Сноска. В заголовке и по всему тексту положения слова ", квалификационным классам", ", квалификационных классов" исключены Распоряжением Президента РК от 17.11.2022 № 355.

1. Общие положения

      1. Комиссия по высшим воинским и иным званиям, классным чинам (далее - Комиссия) является консультативно-совещательным органом при Президенте Республики Казахстан и образована в целях предварительного рассмотрения и подготовки для Главы государства предложений по вопросу присвоения высших воинских и иных званий, классных чинов.

      2. В своей деятельности Комиссия руководствуется Конституцией Республики Казахстан, законами, актами и поручениями Президента Республики Казахстан, а также настоящим Положением.

2. Основные задачи Комиссии

      Основными задачами Комиссии являются:

      1) предварительное изучение поступающих представлений уполномоченных на то центральных государственных органов и их должностных лиц о присвоении высших воинских и иных званий, классных чинов и внесение по ним предложений Президенту Республики Казахстан;

      2) предварительное рассмотрение вопросов о лишении высших воинских и иных званий, классных чинов в случаях, предусмотренных законодательством.

3. Компетенция Комиссии

      В целях реализации основных задач Комиссия вправе:

      1) представлять Президенту Республики Казахстан предложения по вопросам присвоения высших воинских и иных званий, классных чинов, а также по их лишению;

      2) давать заключения по представлениям о присвоении званий и классных чинов;

      3) запрашивать от государственных органов, организаций и должностных лиц необходимые для ее работы сведения и документы;

      4) заслушивать должностных лиц правоохранительных и иных государственных органов по вопросам присвоения званий и классных чинов;

      5) направлять правоохранительным и иным государственным органам рекомендации по вопросам представления кандидатур к присвоению высших воинских и иных званий, классных чинов;

      6) рассматривать жалобы и иные обращения по вопросам присвоения и лишения званий и классных чинов.

4. Состав и организация работы Комиссии

      1. Комиссия состоит из председателя и 6 членов Комиссии, назначаемых и освобождаемых Президентом Республики Казахстан.

      В должностной состав Комиссии входят: Руководитель Администрации Президента Республики Казахстан (председатель), Секретарь Совета Безопасности Республики Казахстан, помощник Президента Республики Казахстан по правовым вопросам, Заместитель Премьер-Министра – Руководитель Аппарата Правительства Республики Казахстан, заведующий Отделом государственной службы Администрации Президента Республики Казахстан, заведующий Отделом правоохранительной системы Администрации Президента Республики Казахстан, по согласованию – председатели комитетов по конституционному законодательству, судебной системе и правоохранительным органам Сената Парламента Республики Казахстан, по законодательству и судебно-правовой реформе Мажилиса Парламента Республики Казахстан.

      Сноска. Пункт 1 с изменениями, внесенными указами Президента РК от 21.02.2018 № 642; от 17.04.2019 № 26; от 13.04.2023 № 195 (вводится в действие со дня его первого официального опубликования); от 03.01.2024 № 429 (вводится в действие после дня его первого официального опубликования).

      2. Заседания Комиссии проводятся по мере необходимости и считаются правомочными, если на них присутствует не менее 2/3 от общего числа ее членов.

      Сноска. Пункт 2 с изменением, внесенным Указом Президента РК от 09.10.2019 № 184.

      3. Решения Комиссии принимаются большинством голосов от общего числа присутствующих на заседании членов Комиссии. При равенстве голосов голос председателя является решающим.

      Решения Комиссии оформляются протокольными решениями.

      Сноска. Пункт 3 с изменением, внесенным Указом Президента РК от 09.10.2019 № 184.
      4. Исключен Указом Президента РК от 09.10.2019 № 184.

      5. Обеспечение деятельности Комиссии осуществляется Отделом правоохранительной системы Администрации Президента Республики Казахстан.

      Сноска. Пункт 5 - в редакции Указа Президента РК от 03.01.2024 № 429 (вводится в действие после дня его первого официального опубликования).