Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiнде, басқа да әскерлерi мен әскери құралымдарында әскери қызмет өткеру қағидаларын бекiту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 25 мамырдағы N 124 Жарлығы.

      Ескерту. Жарлықтың атауы жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 05.10.2019 № 182 Жарлығымен (жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

  "Президент пен Үкімет
актілерінің жинағында"
жариялануға тиіс

      "Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 5-бабы 2-тармағының 9) тармақшасына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМIН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 19.08.2023 № 626 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.

      1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiнде, басқа да әскерлерi мен әскери құралымдарында әскери қызмет өткеру қағидалары бекiтiлсiн.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 05.10.2019 № 182 Жарлығымен (жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      2. Қазақстан Республикасының Үкiметi осы Жарлықты iске асыру жөнiнде шаралар қабылдасын.

      3. Осы Жарлық алғаш ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
Президентi

  Қазақстан Республикасы
Президентінің
2006 жылғы 25 мамырдағы
№ 124 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН

Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлері
мен әскери құралымдарында әскери қызмет өткеру
ҚАҒИДАЛАРЫ

      Ескерту. Қағидалар жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 21.06.2013 № 585 Жарлығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында әскери қызмет өткерудің осы қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы азаматтарының әскерге шақыру және келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеру тәртібін айқындайды.

      Арнаулы мемлекеттік органдардың әскери қызметшілері әскери қызметті "Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы" Қазақстан Республикасының Заңында (бұдан әрі – "Арнаулы мемлекеттік органдар туралы" Заң) көзделген ерекшеліктерді ескере отырып өткереді.

      Ескерту. 1-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Президентінің 31.10.2017 № 574 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 19.08.2023 № 626 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Жарлықтарымен.

      2. Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) іріктеу комиссиясы – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының (бұдан әрі – Қарулы Күштер, басқа да әскерлер мен әскери құралымдар) әскери бөлімдерінде (мекемелерінде) құрылатын, келісімшарт бойынша әскери қызметке кіретін азаматтарды іріктеу жөніндегі комиссия;

      1-1) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері және Ұлттық ұланы жоғары қолбасшылығы және басшылығының президенттік резерві (одан әрі – Президенттік резерв) – Қарулы Күштер және Ұлттық ұланының жоғары тұрған басшы лауазымдарына ұсыну үшін осы Қағидаларда белгіленген ерекше іріктеу тәртібінен өткен әскери қызметшілерінің тізімі;

      2) штаттық-лауазымдық санат – әскери бөлімнің (мекеменің) штатында әскери лауазым үшін көзделген әскери атақ;

      3) уәкілетті орган – құрылымында əскери қызмет өткеру көзделген мемлекеттік орган.

      Ескерту. 2-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Президентінің 31.10.2017 № 574 Жарлығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 05.10.2019 № 182 (жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 18.08.2022 № 986 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлықтарымен.

2.Әскери қызмет өткеру

      3. Бейбіт және соғыс уақытында әскери қызмет өткеру техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын әскери оқу орындарында оқуды, әскери қызметке шақыруды, келісімшарт бойынша әскери қызметке ерікті түрде кіруді, әскери атақ беруді, әскери лауазымға тағайындалуды және әскери қызмет бойынша ауыстырылуды, ротациялауды, әскери қызметтен шығаруды, аттестаттауды, демалыстар беруді, әскери жиындардан өтуді, Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған басқа да мән-жайларды (оқиғаларды) қамтиды.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 31.10.2017 № 574 Жарлығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      4. Қазақстан Республикасының азаматтары Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген ерекшеліктер ескеріле отырып, осы Қағидаларға сәйкес Қарулы Күштерде, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарда ерікті тәртіппен келісімшарт немесе әскерге шақыру бойынша әскери қызмет өткереді.

      Уәкілетті органдардың бірінші басшылары Қағидаларды қолдану жөніндегі нұсқаулықтарды бекітеді.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 05.10.2019 № 182 (жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен; өзгеріс енгізілді - ҚР Президентінің 18.08.2022 № 986 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.

      5. Әскерге шақыру бойынша әскери қызмет өткеретін әскери қызметші бейбіт уақытта әскери қызметтің алты айынан кейін және әскери-есептік мамандықтардың біреуі бойынша міндетті даярлық курсынан өткен кезде ерікті түрде, оның ішінде бөлімшенің немесе әскери бөлімнің (мекеменің) құрамында Қазақстан Республикасынан тыс жерде бейбітшілік пен қауіпсіздікті қолдау жөніндегі халықаралық міндеттемелерді орындау үшін жіберілуі мүмкін.

      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 18.08.2022 № 986 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.

      6. Әскери қызметшілердің Қазақстан Республикасынан тыс жерде бейбітшілік пен қауіпсіздікті қолдау жөніндегі халықаралық міндеттемелерді орындауға (бітімгершілік операцияларына), жауынгерлік іс-қимылдарға қатысу кезеңін Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі, терроризмге қарсы операцияларға қатысу кезеңін Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы айқындайды.

      7. Әскери қызметшілерді көтермелеу және тәртіптік жауапкершілікке тарту тәртіптік жарғыда, сондай-ақ осы Қағидаларда белгіленген тәртіппен жүргізіледі.

3. Әскери қызметтің басталуы, мерзімдері және аяқталуы

      8. Әскери қызметтің басталуы:

      1) әскери қызметке (әскери жиындарға) шақырылғандар үшін – жергілікті әскери басқару органынан (облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың) әскери қызмет өткеру (жиындардан өту) орнына кету туралы тиісті командирдің (бастықтың) бұйрығы шыққан күн;

      2) келісімшарт бойынша әскери қызметке кіргендер үшін – әскери бөлім (мекеме) командирінің (бастығының) әскери бөлімнің (мекеменің) тізімдеріне енгізу туралы бұйрығы шыққан күн, ал Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметінде – жеке құрам бойынша бұйрық шыққан күн;

      3) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білім беру бағдарламаларын іске асыратын әскери оқу орындарына түскендер үшін, егер оған дейін олар әскери қызметшілер болып табылмаса – ұландарды қоспағанда, әскери оқу орындары үшін әскери оқу орны бастығының оқу құрамының тізімдеріне енгізу туралы бұйрығы шыққан күннен бастап, ал шетел әскери оқу орнына түскен кезде – уәкілетті орган басшысының оқуға жіберу туралы бұйрығы шыққан күннен бастап;

      4) негізгі орта білім беру базасында техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын əскери оқу орындарында оқудың екінші курсын бітірген ұландар үшін – əскери оқу орны бастығының оқуды жалғастыру, үшінші курсқа көшіру және кадет ауыспалы құрамының əскери лауазымына тағайындау туралы бұйрығы шыққан күннен бастап саналады.

      Ескерту. 8-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Президентінің 31.10.2017 № 574 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 18.08.2022 № 986 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлықтарымен.

      9. Әскери қызмет мерзімдері "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының Заңында (бұдан әрі – Заң) белгіленген және:

      1) әскерге шақыру бойынша әскери қызмет өткеретіндер үшін – әскерге шақыру бойынша әскери қызметтің аяқталу мерзімінің соңғы айының соңғы күнінен кешіктірілмей;

      2) келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеретіндер үшін – егер осы Қағидаларда өзгеше көзделмесе, келісімшарттың аяқталу мерзімінің соңғы айының тиісті күні аяқталады.

      Әскери қызмет мерзімінің аяқталуы ондай күн болмайтын айға тура келген жағдайларда көрсетілген мерзім сол айдың соңғы күні аяқталады.

      Әскери қызметтен шығарылуына (әскери жиындардың аяқталуына), сондай-ақ қызметтен шығару бірінші басшының бұйрығымен ресімделетін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметін қоспағанда, әскери бөлім (мекеме) командирінің (бастығының) бұйрығымен ресімделетін Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарына ауысуына байланысты әскери бөлімнің (мекеменің) тізімдерінен шығарылған күн әскери қызмет аяқталған күн болып саналады.

      Ескерту. 9-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Президентінің 31.10.2017 № 574 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 18.08.2022 № 986 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 19.08.2023 № 626 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Жарлықтарымен.

      10. Әскери қызметшінің әскери бөлімді (мекемені) немесе әскери қызмет (әскери жиындар) орнын өз бетімен тастап кеткен уақыт кезеңі, сондай-ақ қамаққа алу түріндегі қылмыстық немесе әкімшілік жазаны өтеу уақыты оның әскери қызмет мерзіміне есептелмейді.

      Әскери қызметшілердің әскери бөлім (мекеме) орналасқан жерді немесе қызмет (әскери жиындар) орнын нақты тастап кету уақыты, сол сияқты оның белгіленген мерзімде әскери қызмет (әскери жиындар) орнына негізсіз келмеуі – әскери бөлімді (мекемені) немесе әскери қызмет (әскери жиындар) орнын өз бетімен тастап кету кезеңінің басталуы, әскери қызметшінің өзінің әскери бөлімге (мекемеге), әскери басқару органдарына немесе құқық қорғау органдарына келу уақыты не оны ұстап алу уақыты оның аяқталуы болып табылады.

      Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 18.08.2022 № 986 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.

      11. Әскери қызметшінің әскери қызметінің (еңбек сіңірген жылдарының) жалпы ұзақтығы оның әскерге шақыру бойынша да, келісімшарт бойынша да әскери қызметінің барлық уақытын, сондай-ақ әскери жиындардан өту уақытын қамтиды.

      Әскери қызметтің жалпы ұзақтығы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен күнтізбелік есептеумен де, жеңілдікті есептеумен де жүргізіледі.

      Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 18.08.2022 № 986 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.

4. Келісімшарт жасасу және оның қолданысын тоқтату

      12. Қазақстан Республикасының азаматы әскери қызмет өткеру туралы келісімшартты (бұдан әрі – келісімшарт) уәкілетті лауазымды адаммен ерікті түрде, уәкілетті органдардың бірінші басшыларымен келісу бойынша Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі бекітетін үлгілік нысан бойынша жазбаша түрде:

      1) жоғары офицерлер құрамының штаттық-лауазымдық санатындағы әскери лауазымға тағайындалатындар – Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайтындарды қоспағанда, уәкілетті органның бірінші басшысымен;

      2) қатардағы жауынгерлер, сержанттар мен офицерлер құрамдарының (жоғары офицерлер құрамын қоспағанда) штаттық-лауазымдық санатындағы әскери лауазымға тағайындалатындар – әскери бөлімнің (мекеменің) командирінен (бастығынан) бастап және одан да жоғары тиісті уәкілетті лауазымды адаммен;

      3) Қазақстан Республикасының техникалық және кәсіптік орта, жоғары білім беру бағдарламаларын іске асыратын әскери оқу орнына түсетіндер – осы оқу орнының бастығымен;

      4) алып тасталды - ҚР Президентінің 31.10.2017 № 574 Жарлығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі);

      5) басқа мемлекеттің орта техникалық және кәсіптік, жоғары білім беру бағдарламаларын іске асыратын әскери оқу орнына (әскери факультетке) түсетіндер – шетелде оқу мәселелеріне жетекшілік ететін уәкілетті орган құрылымдық бөлімшесінің бастығымен;

      6) ұлан техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын əскери оқу орнында оқудың үшінші курсына ауысқан кезде –осы оқу орнының бастығымен жасайды.

      Атқаратын әскери лауазымдарында әскери қызмет өткеретін әскери қызметшілермен келісімшарттар осы тармақтың бірінші бөлігінің 1) және 2) тармақшаларына сәйкес жасалады.

      Уәкілетті органның бірінші басшысы Қазақстан Республикасының азаматтарымен әскери қызмет өткеру туралы келісімшарт жасасу жөніндегі өкілеттіктер берілген уәкілетті лауазымды адамдарды айқындайды.

      Ескерту. 12-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Президентінің 31.10.2017 № 574 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР Президентінің 18.08.2022 № 986 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.

      13. Келісімшарт әскери қызметке келісімшарт бойынша кірген кезде жасалады.

      Келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеретін әскери қызметшімен жаңа келісімшарт:

      1) Заңның 19-бабында айқындалған құрам өзгерген;

      2) әскери оқу орнына (әскери факультетке) қабылданған;

      3) Заңның 26-бабының 10-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, әскери оқу орнына түсер алдында келісімшарт бойынша әскери қызмет өткерген әскери қызметшіні теріс себептер бойынша әскери қызметтен шығаруға негіз болып табылмайтын әскери оқу орнынан шығарылған;

      4) әскери қызмет мерзімі ұзартылған;

      5) бір уәкілетті органнан басқасына ауыстырылған жағдайларда жасасылады.

      Ескерту. 13-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Президентінің 31.10.2017 № 574 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 18.08.2022 № 986 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлықтарымен.

      14. Келісімшарт кемінде екі данада, әрқайсысы мемлекеттік және орыс тілдерінде жасалады және оны жасасқан адамдар қол қояды. Келісімшарт жасасқан лауазымды адамның қолы мөрмен расталады, бұл ретте бірінші данасы келісімшарт жасасқан адамның жеке ісіне тігіледі, ал екінші данасы оған қолын қойғызып беріледі.

      Келісімшарт әскери қызметшілермен келісімшарт жасасу, оларды әскери лауазымдарға тағайындау, ауыстыру, олардан босату, әскери қызметтен шығару, сондай-ақ оларға әскери атақ беру туралы бұйрықтар (жеке құрам бойынша бұйрықтар) шығаруға құқығы бар лауазымды адамдар тізбесіне (бұдан әрі – лауазымды адамдар тізбесі) сәйкес осы құқық берілген уәкілетті лауазымды адамның бұйрығы шыққан күннен бастап қолданысқа енгізіледі. Лауазымды адамдар тізбесін уәкілетті органның бірінші басшысы бекітеді.

      Ескерту. 14-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Президентінің 18.08.2022 № 986 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.

      15. Келісімшарт Заңның 37-бабының 2-тармағында белгіленген жағдайларда қолданысын тоқтатады.

      Заң қолданысқа енгізілгенге дейін әскери қызметте болудың шекті жасына толғанға дейін жасалған келісімшарттардың күші әскери қызметшілер Заңның 25-бабының 1-тармағында белгіленген шекті жасқа толғанға дейін қолданылады.

      Ескерту. 15-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Президентінің 18.08.2022 № 986 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.

      16. Әскери қызметті одан әрі келісімшарт бойынша өткеруге ниет білдірген әскери қызметші қолданыстағы келісімшарттың мерзімі аяқталғанға кемінде екі ай қалған мерзімде белгіленген тәртіппен әскери бөлімнің (мекеменің) командиріне (бастығына) жаңа келісімшарт жасасу туралы баянат береді.

      Лауазымды адамдар тізбесіне сәйкес осы құқық берілген уәкілетті лауазымды адамның келісімшарт бойынша әскери қызмет мерзімін ұзарту туралы шешімі бұйрықпен ресімделеді және әскери қызметшінің назарына жазбаша түрде қолын қойғызып жеткізіледі.

      Келісімшарт бойынша әскери қызмет мерзімін ұзартудан бас тартылған жағдайда әскери қызметшінің назарына бас тарту себептері көрсетіле отырып, жазбаша хабарлама қолын қойғызып жеткізіледі.

      Келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеретін және келісімшарт мерзімінің аяқталуына байланысты әскери қызметтен шығу туралы шешім қабылдаған әскери қызметші келісімшарттың қолданылу мерзімі аяқталардан кемінде екі ай бұрын уәкілетті лауазымды адамды өзінің шешімі туралы жазбаша хабардар етеді.

      Әскери қызметші жүктілігі және бала тууы бойынша демалыста немесе ол үш жасқа толғанға дейін бала күтімі бойынша қосымша демалыста болған уақытта қолданыстағы келісімшарттың мерзімі аяқталған жағдайда әскери қызметші демалыстан шыққаннан кейін екі ай ішінде жаңа келісімшарт жасасады немесе осы Қағидаларда айқындалған тәртіппен әскери қызметтен шығарылады.

      Ескерту. 16-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Президентінің 18.08.2022 № 986 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.

      17. Қазақстан Республикасының Президенті лауазымға тағайындаған әскери қызметшілер тиісті лауазымдағы әскери қызметті келісімшарт жасамай өткереді. Олардың келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеретін әскери қызметшілер мәртебесі сақталады.

      Көрсетілген лауазымға тағайындалғанға дейін әскери қызметшілердің осы санатымен жасалған келісімшарттардың қолданысы тоқтатылады.

      18. Қазақстан Республикасының Президенті лауазымға тағайындаған әскери қызметші лауазымынан босатылғаннан кейін ол осы Қағидаларда айқындалған тәртіппен жаңа келісімшарт жасасады немесе әскери қызметтен шығарылады.

5. Келісімшарт бойынша әскери қызметке кіру үшін азаматтар
қатарынан кандидаттарды іріктеу

      19. Келісімшарт бойынша әскери қызметке кіру үшін кандидаттарды іріктеу мынадай тәртіппен жүргізіледі:

      1) келісімшарт бойынша әскери қызметке кіру үшін қажетті құжаттарды қабылдау;

      2) медициналық куәландырудан өту;

      3) дене дайындығы деңгейінің сәйкес келуін айқындау;

      4) кәсіби даярлық деңгейін және тағайындау үшін қаралып отырған әскери лауазым әскери-есептік мамандығының (білімінің) сәйкес келуін айқындау;

      5) психологиялық тұрғыдан жарамдылыққа тексеруден өту.

      20. Әскери қызметте болмаған, келісімшарт бойынша әскери қызметке кіруге ниет білдірген Қазақстан Республикасының азаматы жергілікті әскери басқару органының бастығына немесе әскери бөлімнің (мекеменің) командиріне (бастығына) өтініш береді.

      Республикадан тыс жерлерде тұратын, келісімшарт бойынша әскери қызметке кіруге ниет білдірген Қазақстан Республикасының азаматы Қазақстан Республикасына тұрақты тұрғылықты жеріне келгеннен кейін ғана өтініш береді.

      Ескерту. 20-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Президентінің 18.08.2022 № 986 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.

      21. Өтініште:

      1) азаматтың тегі, аты, әкесінің аты (егер жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген болса), оның туған күні, айы мен жылы, тұрғылықты жері;

      2) азамат келісімшарт жасасуға ниет білдірген уәкілетті органның атауы, әскери бөлім (мекеме);

      3) келісімшарт жасасу көзделетін мерзім көрсетіледі.

      Өтінішпен бірге азамат:

      1) белгіленген үлгідегі бланкіде сауалнама деректерін;

      2) өзі қол қойған өмірбаянын;

      3) жеке басы мен азаматтығын куәландыратын құжаттың түпнұсқасы мен көшірмесін;

      4) білімі туралы құжаттарының көшірмелерін (салыстыру үшін түпнұсқалары ұсынылмаған жағдайда нотариат куәландырған көшірмелерін);

      5) бар болған кезде еңбек кітапшасының көшірмесін;

      6) сотталмағандығы туралы анықтаманы;

      7) өзіне және зайыбына (жұбайына) табыстар мен мүлік туралы декларацияны тапсырғаны туралы мәліметтерді;

      8) соңғы қызмет (жұмыс немесе оқу) орнынан мінездемені ұсынады.

      Құжаттарды қабылдаған кезде тиісті лауазымды адам құжаттардың көшірмелерін олардың түпнұсқаларымен салыстырады (салыстыру үшін ұсынған жағдайда) және түпнұсқаларды азаматқа қайтарады.

      Әйелдерді қоспағанда, бұрын әскери қызмет өткермеген, әскери кафедрада оқымаған адамдар Қорғаныс министрлігінің мамандандырылған ұйымында әскери даярлықтан өткенін растайтын құжатты ұсынады.

      Ескерту. 21-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Президентінің 31.10.2017 № 574 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 18.08.2022 № 986 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлықтарымен.

      22. Келісімшарт бойынша әскери қызметке кіруге ниет білдірген азаматтардың өтініштері Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тіркеледі. Өтініші тіркелген және қарауға қабылданған азамат келісімшарт бойынша әскери қызметке кіруге кандидат (бұдан әрі – кандидат) болып табылады.

      Кандидаттың Заңның 38-бабында айқындалған талаптарға сәйкес келуі тексеріледі.

      Уәкілетті органдарда кандидаттардың өтініштері мен құжаттарын қарау тәртібін олардың бірінші басшылары айқындайды.

      23. Мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтермен жұмыс істеу көзделетін әскери қызметті өткеру үшін кандидаттарға Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде мемлекеттік құпияларға рұқсат беруге арналған арнаулы тексеру жүргізіледі. Оларды мемлекеттік құпияларға рұқсат беруге арналған арнаулы тексеру аяқталғаннан кейін ғана мұндай кандидаттарды әскери қызметке қабылдау жүргізіледі. Мемлекеттік құпияларға рұқсат беруге арналған арнаулы тексеруді ұйымдастыру жергілікті әскери басқару органдарына немесе әскери бөлімдерге (мекемелерге) жүктеледі.

      Ескерту. 23-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 18.08.2022 № 986 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.

      24. Жергілікті әскери басқару органы немесе әскери бөлім (мекеме) кандидатқа жеке іс ресімдейді.

      Ескерту. 24-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 18.08.2022 № 986 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.

      25. Медициналық куәландыруды облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, қалалар мен аудандардың жергілікті атқарушы органының тұрақты жұмыс істейтін медициналық комиссиясы жүргізеді.

      Уәкілетті органдар басшыларының келісімі бойынша кандидаттарды медициналық куәландыру ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, әскери-медициналық (медициналық) бөлімшелерде жүргізілуі мүмкін.

      Ескерту. 25-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Президентінің 31.10.2017 № 574 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 18.08.2022 № 986 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлықтарымен.

      26. Медициналық куәландыру тәртібі және медициналық комиссиялардың құрамы Әскери-дәрігерлік сараптама жүргізу қағидаларымен айқындалады.

      Ескерту. 26-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 31.10.2017 № 574 Жарлығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      27. Келісімшарт бойынша әскери қызметке кіру үшін белгіленген талаптарға сәйкес келетін кандидаттың құжаттарын (жеке ісін) іріктеу комиссиясы қарайды.

      Іріктеу комиссиясы кандидат білімінің ол қаралып отырған әскери лауазымның әскери-есептік мамандығына, кандидаттың дене дайындығының уәкілетті органның бірінші басшысы белгілеген талаптарға, кәсіби және психологиялық іріктеу деректері негізінде лауазымға тағайындалу үшін кандидаттың кәсіби жарамдылығының сәйкес келуін тексереді.

      Кәсіби және психологиялық іріктеу жөніндегі іс-шараларды тиісті мамандар жүргізеді. Бұл ретте тексерілетін кандидаттардың зияткерлік даму деңгейі, әскери қызмет өткеруге психологиялық тұрғыдан жарамдылығы, әскери қызмет үшін қажетті кәсіби және жеке басының қасиеттері бағаланады.

      Іріктеу комиссияларын құру және оның жұмыс тәртібін, кәсіби және психологиялық іріктеу жөніндегі іс-шараларды жүргізу тәртібі мен әдістемесін уәкілетті орган айқындайды.

      28. Психологиялық іріктеу нәтижелері бойынша нақты әскери лауазымдарда келісімшарт бойынша әскери қызметке кандидаттың жарамдылығы туралы мынадай қорытындылардың бірі шығарылады:

      1) "ұсынылады";

      2) "ұсынылмайды".

      Ескерту. 28-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 31.10.2017 № 574 Жарлығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      29. Келісімшарт бойынша әскери қызметке кіретін кандидаттарға қатысты арнайы тексеру Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті айқындаған тәртіпте жүргізіледі.

      30. Тізбесін уәкілетті органның басшысы бекіткен лауазымдарға келісімшарт бойынша әскери қызметке кіретін адамдарға қатысты уәкілетті органның басшысы айқындаған тәртіппен психологиялық-физиологиялық және полиграфологиялық зерттеулерді қолданып тексеру жүргізіледі. Психологиялық-физиологиялық және полиграфологиялық зерттеулер жүргізуді құрылымында әскери қызмет өткеру көзделген уәкілетті органдар ұйымдастырады.

      Ескерту. 30-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 31.10.2017 № 574 Жарлығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      31. Кандидатты келісімшарт бойынша әскери қызметке қабылдаудан бас тарту үшін негіздер:

      1) Заңның 38-бабында айқындалған талаптарға сәйкес келмеуі;

      2) келісімшарт бойынша әскери қызметке кіруге кедергі келтіретін арнайы тексеру нәтижелері немесе кандидаттың оны өтуден бас тартуы;

      3) дене дайындығы деңгейі бойынша талаптарға сәйкес келмеуі;

      4) келісімшарт бойынша әскери қызметке кіруге кедергі келтіретін психикалық-физиологиялық және полиграфологиялық зерттеулерді жүргізу нәтижелері болып табылады.

6. Әскери қызметшілер қатарынан келісімшарт бойынша әскери
қызметке кіру үшін кандидаттарды іріктеу

      32. Әскерге шақыру бойынша әскери қызмет өткеретін және келісімшарт бойынша әскери қызметке кіруге ниет білдірген әскери қызметші әскери бөлімнің (мекеменің) командиріне (бастығына) (офицерлер құрамының әскери қызметшісі – әскерге шақыру бойынша әскери қызмет мерзімі аяқталардан бір ай бұрын) баянат береді.

      Ескерту. 32-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 18.08.2022 № 986 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.

      33. Әскерге шақыру бойынша әскери қызмет өткеретін және келісімшарт бойынша әскери қызметке кіруге ниет білдірген әскери қызметшінің баянаты тіркеледі және оны әскери бөлімнің (мекеменің) командирі (бастығы) қарауға қабылдайды. Әскери бөлімнің (мекеменің) командирі (бастығы) әскерге шақыру бойынша әскери қызмет өткеретін әскери қызметшінің баянатын қарайды және ол бойынша он жұмыс күні ішінде шешім қабылдайды.

      Баянаты қарауға қабылданған әскери қызметші кандидат болып табылады.

      Ескерту. 33-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Президентінің 18.08.2022 № 986 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.

      34. Әскери бөлімнің (мекеменің) командирі (бастығы) баянатты қарап:

      1) кандидатты медициналық куәландырудан өткізу;

      2) кәсіптік және психологиялық іріктеу жөніндегі іс-шараларды жүргізу;

      3) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы айқындаған тәртіппен арнаулы тексеру жүргізу;

      4) тізбесін уәкілетті органның басшысы бекіткен әскери лауазымдарға кандидаттармен психологиялық-физиологиялық және полиграфологиялық зерттеулер жүргізу;

      5) кандидаттың білім, кәсіптік және дене даярлығы деңгейінің келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеретін әскери қызметшілер үшін белгіленген талаптарға сәйкес келетінін тексеру;

      6) әскери қызметшінің кандидатурасын әскери бөлімнің (мекеменің) іріктеу комиссиясының қарауы туралы нұсқаулар береді.

      Ескерту. 34-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 18.08.2022 № 986 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.

      35. Кандидат мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтермен жұмысты көздейтін лауазымда келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеру үшін қаралған жағдайда заңнамада белгіленген тәртіппен және мерзімде мемлекеттік құпияларға рұқсаттама беруге арнайы тексеру жүргізіледі. Осындай кандидаттармен әскери қызмет өткеру туралы келісімшарт жасасу және әскери лауазымға тағайындау олар бойынша мемлекеттік құпияларға рұқсаттамаға арнайы тексеру аяқталғаннан кейін ғана жүргізіледі.

      36. Әскери бөлімнің (мекеменің) аттестаттау (іріктеу) комиссиясының ұсынымы бойынша әскери бөлімнің (мекеменің) командирі (бастығы) кандидаттың келісімшарт бойынша әскери қызметке кіретіндер үшін белгіленген талаптарға сәйкес келетіні (сәйкес келмейтіні) туралы шешімді қабылдайды.

      Шешім әскери қызметшіге қол қойғызып жеткізіледі.

      Ескерту. 36-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Президентінің 18.08.2022 № 986 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.

      37. Ресімделгеннен кейін құжаттар осы Қағидаларға сәйкес келісімшарт жасасу үшін уәкілетті лауазымды адамға қарауға ұсынылады.

7. Әскери қызметте болудың шекті жасына толған әскери қызметшілермен әскери қызмет мерзімдерін ұзарту кезінде келісімшарттар жасасу

      Ескерту. 7-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 18.08.2022 № 986 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.

      38. Әскери қызметте болудың шекті жасына толған әскери қызметшінің баянаты бойынша уәкілетті органның басшысы Заңның 25-бабының 2-тармағында көзделген жағдайларда әскери қызмет мерзімін онымен жаңа келісімшарт жасасу жолымен бес жылға дейінгі мерзімге ұзартады.

      Ескерту. 38-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 31.10.2017 № 574 Жарлығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      39. Әскери қызметте болудың шекті жасынан тыс әскери қызмет мерзімін ұзарту туралы шешім қабылданған кезде:

      1) кәсіби даярлығы және атқаратын лауазымы бойынша жұмыс тәжірибесі;

      2) денсаулық жағдайы бойынша әскери қызмет өткеру үшін жарамдылығы ескеріледі.

      40. Осы Қағидалардың 38-тармағында көрсетілген адамдар әскери қызметте болудың шекті жасынан тыс әскери қызмет мерзімін ұзарту үшін қолданыстағы келісімшарттың мерзімі аяқталғанға дейін кемінде төрт ай бұрын мерзімде уәкілетті лауазымды адамға жаңа келісімшарт жасасу туралы баянат береді.

      Баянатпен бірге:

      атқаратын лауазымы бойынша қызметтік мінездеме;

      әскери-дәрігерлік комиссияның қорытындысы ұсынылады.

      41. Уәкілетті органның бірінші басшысының әскери қызмет мерзімін ұзарту туралы шешімі бұйрықпен ресімделеді және келісімшарт мерзімі аяқталғанға дейін кемінде бір ай бұрын әскери қызметшінің назарына жеткізіледі.

      42. Әскери қызмет мерзімін ұзартудан бас тартқан жағдайда бас тарту себептері көрсетіле отырып, жазбаша хабарлама әскери қызметшінің назарына ол әскери қызметте болудың шекті жасына толғанға немесе қолданыстағы келісімшарттың мерзімі аяқталғанға дейін кемінде бір ай бұрын қолын қойғызып жеткізіледі.

      Әскери қызметші демалыста, емделуде, қызметтік іссапарда болған кезде хабарлама тұрақты әскери қызмет орнына келген күні жеткізіледі.

8. Әскери лауазымдарға тағайындау

      43. Әскери қызметшіні әскери лауазымға тағайындау уәкілетті органның бірінші басшысы бекітетін мемлекеттік орган әскери лауазымдарының санаттарына қойылатын біліктілік талаптары негізінде, әскери қызметшінің білім, кәсіптік даярлық деңгейі, қызметтік жұмыс тәжірибесі, денсаулық жағдайы және осы Қағидаларда көзделген өзге де мән-жайлар ескеріле отырып жүргізіледі.

      Ескерту. 43-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 18.08.2022 № 986 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.

      44. Әскери қызметшілерді әскери лауазымдарға тағайындау оларды негізгі немесе бір бейінді әскери-есептік мамандық бойынша пайдалануды қамтамасыз етуге тиіс.

      Бір бейінді әскери-есептік мамандықтар тізбесін уәкілетті органның бірінші басшысы бекітеді.

      Әскери қызметшілерді олар үшін жаңа әскери-есептік мамандық бойынша әскери лауазымдарда пайдалану қажет болған кезде оларды осы лауазымдарға тағайындау алдында тиісті қайта даярлау жүргізілуге тиіс.

      Ескерту. 44-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 18.08.2022 № 986 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.

      45. Әскери қызметшінің бір әскери лауазымда болуына 5 жылдан аспайтын мерзімге жол беріледі. Бұл ретте Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінде әскери лауазымда болу уақыты оның бірінші басшысының шешімімен анағұрлым ұзақ мерзімге белгіленуі мүмкін.

      Әскери қызмет өткеру шарттары мен ерекшеліктеріне байланысты уәкілетті органның бірінші басшысы әскери лауазымдардың жекелеген санаттарына бір лауазымда болу уақытын аз мерзімге белгілеуі мүмкін.

      Атқаратын әскери лауазым бойынша міндеттерін орындау үшін қойылатын талаптарды, сондай-ақ әскери қызметшілердің кәсіби қасиеттерін ескере отырып, лауазымды адамдар тізбесіне сәйкес лауазымға тағайындау құқығы берілген уәкілетті лауазымды адамның шешімі бойынша әскери қызметші әскери қызмет мүддесінде осы Қағидаларда айқындалған тәртіппен лауазымында екінші мерзімге қалдырылуы мүмкін.

      Мемлекеттік билік органдары жүйесіндегі кадр саясатының кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2023 жылғы 31 шілдедегі № 290 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайтын және босататын және (немесе) онымен келісу бойынша тағайындалатын және босатылатын, Қазақстан Республикасы Президентінің ұсынуы бойынша сайланатын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен келісу бойынша тағайындалатын және босатылатын мемлекеттік саяси қызметшілер, лауазымды және өзге де адамдар лауазымдарының тізбесі (бұдан әрі – лауазымдар тізбесі) үшін әскери лауазымда болу мерзімі белгіленбейді.

      Ескерту. 45-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Президентінің 04.05.2014 № 814; 31.10.2017 № 574 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 19.08.2023 № 626 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Жарлықтарымен.

      46. Техникалық және кәсіптік, жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын әскери оқу орнына қабылданған азамат қатардағы жауынгерлер немесе сержанттар құрамдарының штаттық-лауазымдық санатындағы кадет және курсант ауыспалы құрамының әскери лауазымына тағайындалады.

      Әскери оқу орнына қабылданған, офицерлер құрамының әскери атағы жоқ әскери қызметші бұрын атқарған әскери лауазымынан босатылады және қатардағы жауынгерлер немесе сержанттар құрамдарының штаттық-лауазымдық санатындағы курсант ауыспалы құрамының әскери лауазымына тағайындалады.

      Жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын әскери оқу орнына қабылданған, келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеретін әскери қызметші бұрын атқарған әскери лауазымынан босатылады және қашықтан білім беру технологияларын пайдаланып білім алатындарды қоспағанда, Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың тыңдаушысы, магистранты, докторанты немесе адъюнкті ауыспалы құрамының әскери лауазымына тағайындалады.

      Оқудың үшінші курсына көшірілген ұлан, сондай-ақ жалпы орта білім базасындағы азамат немесе техникалық және кәсіптік, жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын əскери оқу орындарына қабылданған əскери қызметші тиісінше Қарулы Күштердің кадеті не курсанты немесе əскери интерні ауыспалы құрамының əскери лауазымына тағайындалады.

      Әскери қызметші (азамат) әскери оқу орнына қабылданған кезде оның бұрын берілген әскери атағы сақталады.

      Ескерту. 46-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 18.08.2022 № 986 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.

      47. Әскери, арнаулы оқу орнына немесе әскери оқу орнының адъюнктурасына, магистратурасына не докторантурасына қабылданбаған әскери қызметшілер өздерін көрсетілген оқу орнына түсу үшін жіберген әскери бөлімдерге (мекемелерге), бұрынғы әскери лауазымдарына қайтарылады.

      Ескерту. 47-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 18.08.2022 № 986 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.

      48. Әскери оқу орындарын немесе әскери оқу орнының адъюнктурасын, магистратурасын не докторантурасын бітірген әскери қызметшілер қажетті білім деңгейі бар адамдар атқаруға тиіс, сондай-ақ егер Қазақстан Республикасының Президенті бекітетін Қарулы Күштердегі, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардағы әскери лауазымдар және оларға сәйкес әскери атақтар тізбесінде (бұдан әрі – әскери лауазымдар тізбесі) аталған әскери қызметшілердің әскери атақтарына тең немесе оларға қарағанда анағұрлым жоғары әскери атақтар сәйкес келсе, әскери лауазымдарға тағайындалады.

      Көрсетілген әскери лауазымдарға тағайындау мүмкін болмаған кезде мұндай әскери қызметшілер даярлық бейіні бойынша ұқсас өзге әскери лауазымдарға тағайындалады (ерекше жағдайларда одан әрі әскери лауазымға тағайындау үшін командирдің (бастықтың) қарамағына қабылданады).

      Ескерту. 48-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Президентінің 31.10.2017 № 574 Жарлығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      49. Әскери лауазымдарға тағайындау кезінде мынадай шарттар сақталады:

      1) қатардағы жауынгерлер, сержанттар мен офицерлер құрамдарының штаттық-лауазымдық санаттарындағы әскери лауазымдарға тиісті құрамның әскери қызметшілері тағайындалады.

      Бос лауазымдар болмаған кезде, әскери оқу орындары мен әскери кафедраларды бітіргендерді қоспағанда, сержанттар құрамының әскери қызметшілері өздерінің келісімі бойынша қатардағы жауынгерлер құрамының лауазымдарына тағайындалуы мүмкін;

      2) тиісті командирлердің (бастықтардың) қарамағына қабылданған әскери қызметшілерді әскери лауазымдарға тағайындау, егер "Арнаулы мемлекеттік органдар туралы" Заңда өзгеше белгіленбесе, Заңның 21-бабының 5-тармағында белгіленген мерзімнен аспайтын, мүмкіндігінше қысқа мерзімде жүргізіледі;

      3) егер әскери қызметшіге мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерге рұқсаттама беруден бас тартылған немесе ол көрсетілген рұқсаттамадан айырылған жағдайда ол мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерге берілетін рұқсаттамамен байланысты емес әскери лауазымға белгіленген тәртіппен тағайындалады.

      Ескерту. 49-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Президентінің 18.08.2022 № 986 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.

      50. Бос әскери лауазымдарға төмен тұрған құрамның әскери қызметшілері не азаматтар уәкілетті органның бірінші басшысы айқындайтын тәртіппен уақытша тағайындалуы мүмкін. Бұл ретте азаматтық персонал адамдарына (жұмыскерлерге) лауазымдық айлықақы атқаратын әскери лауазымына сәйкес белгіленеді.

      Әскери лауазымдарға уақытша тағайындалған азаматтық персонал адамдары (жұмыскерлер) осы әскери лауазымдарға әскери қызметшілер тағайындалған кезде басқа лауазымдарға тағайындалады, ал басқа лауазымдарға тағайындау мүмкін болмаған жағдайда – белгіленген тәртіппен қызметтен шығарылады.

      Ескерту. 50-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 18.08.2022 № 986 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.

      51. Әскери қызметшілер жоғары, тең немесе төмен әскери лауазымдарға тағайындалады.

      52. Әскери лауазым, егер оған бұрынғы әскери лауазымға қарағанда, әскери лауазымдар тізбесінде көзделген әскери лауазымның анағұрлым жоғары деңгейі немесе анағұрлым жоғары әскери атақ, ал әскери лауазымдар мен әскери атақтар тең болған кезде – әскери басқару органының анағұрлым жоғары деңгейі сәйкес келсе, жоғары болып саналады.

      53. Әскери қызметшіні жоғары әскери лауазымға тағайындау қызметі бойынша жоғарылату тәртібінде жүргізіледі.

      Жоғары әскери лауазымға тағайындау кезінде жоғары әскери лауазымға жоғарылату үшін резервте тұрған, өзі әскери қызмет өткеретін әскери бөлімнің (мекеменің) аттестаттау комиссиясы осындай әскери лауазымға ұсынған, әскери қызмет міндеттерін орындау кезінде жоғары кәсіптік біліктіліктерін және ұйымдастырушылық қабілетін көрсеткен немесе бұдан бұрын ұйымдастырушылық-штаттық іс-шараларға байланысты төменгі әскери лауазымға тағайындалған әскери қызметшіге басым құқық беріледі.

      Ескерту. 53-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Президентінің 18.08.2022 № 986 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.

      54. Әскери лауазымдар, егер оған әскери лауазымдар тізбесінде көзделген әскери лауазымдардың тең деңгейлері, тең әскери атақтар, сондай-ақ әскери басқару органдарының тең деңгейі сәйкес келсе, тең болып саналады.

      55. Әскери қызметшіні тең әскери лауазымға тағайындау:

      1) ротациялау тәртібінде;

      2) ұйымдық-штаттық іс-шараларға байланысты;

      3) әскери қызметшіні әскери қызметте мақсатқа сәйкес пайдалану үшін;

      4) келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеретін әскери қызметшінің баянаты бойынша, Заңның 26-бабы 3-тармағының 2) тармақшасында көзделген шарттар болған кезде, уәкілетті органдардың бірінші басшыларымен келісу бойынша Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі бекітетін үлгілік нысан бойынша отбасылық-мүліктік жағдайды зерттеп-қарау актісімен расталатын отбасы жағдайлары бойынша;

      5) әскери-дәрігерлік комиссияның қорытындысына сәйкес денсаулық жағдайы бойынша жүргізіледі.

      Ескерту. 55-тармаққа өзгерістер енгізілді – ҚР Президентінің 31.10.2017 № 574 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 18.08.2022 № 986 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлықтарымен.

      56. Әскери лауазым, егер оған бұрынғы әскери лауазымға қарағанда, әскери лауазымдар тізбесінде көзделген әскери лауазымның төмен деңгейі немесе төмен әскери атақ, ал лауазымдар мен әскери атақтар тең болған кезде – әскери басқару органының анағұрлым төмен деңгейі сәйкес келсе, төмен болып саналады.

      57. Төмен әскери лауазымға тағайындау:

      1) әскери қызметшінің келісімімен:

      ұйымдық-штаттық іс-шараларға байланысты – оның даярлық бейініне тең бос әскери лауазым болмаған кезде;

      Заңның 26-бабы 3-тармағының 2) тармақшасында айқындалған, отбасылық-мүліктік жағдайын зерттеп-қарау актісімен расталатын отбасы жағдайлары бойынша;

      әскери-дәрігерлік комиссияның қорытындысына сәйкес денсаулық жағдайы бойынша;

      әскери қызметшінің жеке баянаты бойынша;

      Заңның 21-бабы 5-тармағының 3) тармақшасында айқындалған жағдайларды қоспағанда, командирдің (бастықтың) қарамағында болған кезеңде;

      2) әскери қызметшінің келісімінсіз:

      аттестаттау комиссиясының қорытындысы бойынша бір сатыдан төмен емес;

      келісімшартты бұзуға негіз болып табылмайтын тәртіптік теріс қылықтар жасағаны үшін тәртіптік реттілікте бір сатыдан төмен емес;

      офицерлер құрамының бос әскери лауазымдарына уақытша тағайындалған қатардағы жауынгерлер мен сержанттар құрамдарының әскери қызметшілері осы әскери лауазымдар қысқартылған немесе бұл әскери лауазымдарға тиісті құрамның әскери қызметшілері тағайындалған жағдайда;

      сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасағаны үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда жүргізіледі.

      Ескерту. 57-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Президентінің 18.08.2022 № 986 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.

      57-1. Әскери қызметшіден әскери лауазымынан бір сатыға төмендету түріндегі тәртіптік жазаны алу оны бұрын атқарған әскери лауазымына қайта қабылдауға алып келмейді.

      Ескерту. Қағидалар 57-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Президентінің 18.08.2022 № 986 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.

      58. Әскери қызметшіні әскери лауазымға тағайындаған, әскери лауазымнан босатқан, командирдің (бастықтың) қарамағына қабылдаған, қызметтен шығарған, әскери атақ берген, оны төмендеткен, одан айырған кезде, сондай-ақ жаңа келісімшарт жасасқан кезде уәкілетті органдардың бірінші басшыларымен келісу бойынша Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі бекітетін үлгі нысан бойынша ұсыным немесе басқа да құжаттар (баянат, ауыстыру жоспары, бөлу жоспары) ресімделеді.

      Ескерту. 58-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 31.10.2017 № 574 Жарлығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      59. Қамаққа алу түріндегі жазасын өтеп жатқан әскери қызметшілер жоғары тұрған әскери лауазымға тағайындалмайды.

      Ескерту. 59-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 18.08.2022 № 986 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.

9. Әскери лауазым бойынша міндеттерді уақытша атқаруды жүктеу

      60. Қызметтік қажеттілікке байланысты әскери қызметшіге ол әскери қызмет өткеретін әскери бөлімде (мекемеде) өзі атқармайтын, тең немесе жоғары әскери лауазым бойынша міндеттерді уақытша атқару жүктелуі мүмкін:

      1) бос (тағайындалмаған) әскери лауазым бойынша – әскери қызметші атқаратын әскери лауазымы бойынша міндеттерді атқарудан босатылады, бірақ атқаратын әскери лауазымынан босатылмайды және оған міндеттерін уақытша атқаруға жіберілген әскери лауазымы бойынша ақшалай ризық төленеді;

      2) бос емес (тағайындалған) әскери лауазым бойынша – оны атқаратын әскери қызметші уақытша болмаған немесе оны атқаратын әскери қызметшіні әскери лауазымынан шеттеткен жағдайда, бірақ екі айдан аспайтын мерзімге жүктелуі мүмкін. Бұл ретте әскери қызметшіге ол атқаратын әскери лауазым бойынша ақшалай ризық төленеді.

      Ескерту. 60-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 18.08.2022 № 986 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.

      61. Әскери қызметшіге бос әскери лауазым бойынша міндеттерді уақытша атқаруды жүктеуді және оны атқаратын әскери лауазымы бойынша міндеттерді атқарудан босатуды осы әскери лауазымға тағайындауға құқығы бар лауазымды адам жүзеге асырады.

      Бос әскери лауазым бойынша міндеттерді уақытша атқару мерзімі үш айдан аспауға тиіс.

      Бос әскери лауазымды шұғыл атқару қажет болған кезде әскери лауазым тұрған әскери бөлім (мекеме) командиріне (бастығына) осы әскери лауазымға тағайындауға құқығы бар бастықты жазбаша хабардар етіп, тиісті құрамның әскери қызметшілеріне бос әскери лауазым бойынша міндеттерді уақытша атқаруды үш айдан аспайтын мерзімге жүктеуіне рұқсат етіледі.

      Ескерту. 61-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 19.08.2023 № 626 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.

      61-1. Осы Қағидалардың 60-тармағының 1) тармақшасына және 61-тармағына сәйкес бос әскери лауазымдар бойынша міндеттерді уақытша атқаруды жүктеу Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен келісілуге тиіс лауазымдар тізбесінде көрсетілген лауазымдарға қатысты қолданылмайды.

      Қызметтік қажеттілік мақсатында Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен келісілуге тиіс лауазымдар тізбесінде көрсетілген бос әскери лауазымдар бойынша міндеттерді уақытша атқару үш айдан аспайтын мерзімге орынбасарлардың біреуіне, ол болмаған кезде осы әскери басқару органдарының басқа лауазымды адамдарына жүктеледі.

      Ескерту. 9-тарау 61-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Президентінің 19.08.2023 № 626 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.

      62. Әскери қызметшіге бос емес әскери лауазым бойынша міндеттерді уақытша атқаруды жүктеуді әскери бөлімнің (мекеменің) командирі (бастығы) жүзеге асырады.

      Әскери бөлімнің (мекеменің) командирі (бастығы) өзі уақытша болмайтын жағдайда міндеттерді уақытша атқаруды – орынбасарларының біреуіне, олар болмаған кезде басқа лауазымды адамға жүктейді.

      Ескерту. 62-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 18.08.2022 № 986 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.

      62-1. Қызметтік қажеттілікке және бос емес әскери лауазым бойынша міндеттерді әскери қызметшіге жүктеудің мүмкін болмауына байланысты, осы әскери лауазымды атқаратын әскери қызметші бала үш жасқа толғанға дейін оның күтімі бойынша демалыста болған уақытта осы әскери лауазым бойынша міндеттерді уақытша атқару тиісті білімі және тиісті әскери мамандықтың бейіні бойынша ұқсас мамандығы және мамандық бойынша жұмыс тәжірибесі бар азаматқа жүктеледі.

      Бұл ретте азаматтық персонал адамына (жұмыскерге) ол атқаратын әскери лауазым бойынша лауазымдық айлықақы төленеді.

      Осы әскери лауазымда тұрған әскери қызметші әскери қызметке шыққан кезде азаматтық персонал адамы (жұмыскер) қызметтен шығарылады.

      Ескерту. Қағидалар 62-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Президентінің 18.08.2022 № 986 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.

10. Командирдің (бастықтың) қарамағына қабылдау

      63. Лауазымынан босатылған кезде одан әрі әскери қызметті өткеру мәселелерін шешу үшін әскери қызметшілерді әскери лауазымға тағайындауға құқығы бар лауазымды адам жеке құрам бойынша бұйрықтар шығаруға құқығы бар тікелей бастықтың қарамағына қабылдайды.

      Ескертпе!
      ҚР Конституциялық Соты 64-тармақтың конституциялылығын тексеру жөнінде іс жүргізу бастады.

      64. Әскери қызметшіні командирдің (бастықтың) қарамағына қабылдауға, егер "Арнаулы мемлекеттік органдар туралы" Заңда өзгеше белгіленбесе, Заңның 21-бабының 5-тармағында айқындалған жағдайларда және мерзімдерде жол беріледі.

      65. Қарамағында әскери қызметшілер бар лауазымды адамдар олардың міндеттерінің тізбесін бекітеді.

11. Әскери лауазымнан босату

      66. Әскери қызметші ауыстырылған, ротацияланған, әскери қызметтен шығарылған жағдайда атқаратын әскери лауазымынан босатылады.

      67. Әскери қызметшіні атқаратын әскери лауазымынан шығаруды лауазымды адамдар тізбесіне сәйкес осы әскери лауазымға тағайындауға құқық берілген уәкілетті лауазымды адам жүргізеді.

12. Әскери қызметшілерді ауыстыру

      68. Әскери қызметшіні ауыстыру – бұл оның лауазымдық жағдайын немесе әскери қызмет өткеру орнын өзгерту.

      Ауыстыру:

      1) әскери лауазымға тағайындалған;

      2) ротацияланған;

      3) іссапарға барған;

      4) егер "Арнаулы мемлекеттік органдар туралы" Заңда өзгеше белгіленбесе, Заңның 21-бабы 5-тармағының 1), 2) тармақшаларында көрсетілген негіздемелер бойынша қарамағына қабылданған;

      5) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын әскери оқу орындарына қабылданған;

      6) бір уәкілетті органнан құрылымында әскери қызмет өткеру көзделген басқасына ауыстырылған;

      7) әскери бөлім (мекеме) немесе бөлімше тұрақты орналасу пунктін өзгерткен жағдайларда жүргізіледі.

      Ескерту. 68-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Президентінің 18.08.2022 № 986 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.

      69. Қарулы Күштерді, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарды дамыту бағдарламаларына сәйкес жүзеге асырылатын әскери бөлімнің (мекеменің) немесе бөлімшенің тұрақты орналасу пункті өзгерген, сондай-ақ әскери бөлімнің (мекеменің) немесе бөлімшенің тұрақты орналасу пунктіне қарамастан, тең әскери лауазымға тағайындалған кезде әскери қызметшіні ауыстыру оның келісімінсіз, уәкілетті органның бірінші басшысы өзіне осы құқықты берген командирдің (бастықтың) шешімімен жүргізіледі.

      Ескерту. 69-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 18.08.2022 № 986 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.

      70. Әскери қызметшіні ауыстыру Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ол істері мен лауазымын тапсырғаннан кейін ғана, бірақ бір айдан аспайтын мерзімде жүргізіледі.

      Әскери бөлімнің (мекеменің) командирі (бастығы) жеке құрам бойынша бұйрықтан үзінді немесе әскери қызметшіні ауыстыру жөнінде жазбаша хабарлама келіп түскен кезден бастап, бірақ ол келіп түскен кезден соң жеті тәуліктен кешіктірмей, ал демалыста немесе емделуде жүрген әскери қызметші үшін оның келген күнінен бастап істер мен лауазымды тапсырудың басталғанын белгілейді.

      Әскери бөлімнің (мекеменің) тізімдерінен шығару істер мен лауазымды тапсыру актілері бекітілгеннен кейін келесі жұмыс күнінде жүргізіледі.

      Әскери қызметшілерді Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарына, арнаулы мемлекеттік немесе құқық қорғау органдарына ауыстыру олардың бірінші басшыларымен келісу бойынша жүргізіледі.

      Ескерту. 70-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Президентінің 31.10.2017 № 574 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 18.08.2022 № 986 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлықтарымен.

      71. Арнаулы атақтары, сыныптық шендері немесе біліктілік сыныптары бар құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдар қызметшілерінің ауысу тәртібінде Қарулы Күштерге, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарға әскери қызметке кіруі Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың, құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдардың бірінші басшыларымен келісу бойынша қызметшілер Заңның 38-бабында айқындалған талаптарға сәйкес келген кезде жүргізіледі.

      Ескерту. 71-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 05.10.2019 № 182 Жарлығымен (жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

13. Әскери қызметшілердің іссапарға баруы, оларды іссапарға жіберу және әскери қызметті өткеру ерекшеліктері

      72. Әскери қызметшілер мемлекеттің қорғанысын және қауіпсіздігін қамтамасыз ету мүддесінде бірінші басшылармен келісу бойынша Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары мен ұйымдарына, ал халықаралық ұйымдарға – қабылданған келісімдерге (шарттарға) сәйкес әскери емес лауазымдарға іссапарға жіберілуі мүмкін.

      Іссапарға барған адамның әскери қызметші мәртебесі сақталады, бұрын жасалған келісімшарттың қолданысы тоқтатылмайды.

      Ескерту. 72-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Президентінің 31.10.2017 № 574 Жарлығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      73. Әскери қызметшілердің іссапарларға баруы:

      1) Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне, Қазақстан Республикасы Парламенті Палаталарының аппараттарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің Аппаратына – Қазақстан Республикасы Үкіметінің актісі негізінде;

      2) Қазақстан Республикасының өзге де мемлекеттік органдары мен ұйымдарына – әскери қызметші әскери қызмет өткеретін мемлекеттік органның актісі негізінде олардың бірінші басшыларымен келісу бойынша;

      3) халықаралық ұйымдарға – егер қабылданған тиісті халықаралық келісімдерде және шарттарда өзгеше белгіленбесе, Қазақстан Республикасы Үкіметінің актісі негізінде жүзеге асырылады.

      Ескерту. 73-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Президентінің 13.04.2023 № 195 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.

      74. Іссапарға барған әскери қызметшілерге көрсетілген мемлекеттік органдар мен ұйымдар, халықаралық ұйымдар қызметкерлерінің тиісті санаттары үшін белгіленген лауазымдық жалақылар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген әскери атағы бойынша жалақылар (қосымша ақылар) төленеді.

      Іссапарға жіберілген әскери қызметшілерге сыйлықақы беру және материалдық көмек көрсету көрсетілген мемлекеттік органдардың, ұйымдар мен халықаралық ұйымдардың қызметкерлері үшін айқындалған тәртіппен жүзеге асырылады.

      Іссапарға жіберілген әскери қызметшілерге лауазымдық айлықақылар, сыйлықақылар, материалдық көмек, сауықтыруға арналған жәрдемақылар, қызмет өткерудің ерекше шарттары үшін үстемеақылар және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген басқа да үстемеақылар төлеу олар іссапарға жіберілген мемлекеттік органдарды, ұйымдар мен халықаралық ұйымдарды қамтуға көзделген қаражат есебінен жүргізіледі. Өзге де төлемдер, сондай-ақ заттай мүлікпен қамтамасыз ету тиісінше әскери қызметшілерді іссапарға жіберген уәкілетті органды қамтуға көзделген қаражат есебінен жүргізіледі.

      Ескерту. 74-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Президентінің 31.10.2017 № 574 Жарлығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      75. Іссапарға барған әскери қызметшілерді зейнетақымен қамсыздандыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады. Бұл ретте мемлекеттік органдар мен ұйымдарға іссапарға барған әскери қызметшілер үшін мемлекеттік органдар мен ұйымдарда олардың атқаратын лауазымдары бойынша лауазымдық жалақылары, ал халықаралық ұйымдарға іссапарға барғандар үшін іссапарға барғанға дейін атқарған соңғы лауазымы бойынша лауазымдық жалақылары есепке алынады.

      Біржолғы сипаттағы қалған төлемдер бойынша іссапарға барғанға дейін әскери қызметшінің атқарған соңғы лауазымы бойынша лауазымдық жалақысы есепке алынады.

      76. Мемлекеттік органдарға, ұйымдар мен халықаралық ұйымдарға іссапарға барған әскери қызметшілермен жаңа келісімшарттар жасасу осы Қағидаларға сәйкес жүргізіледі.

      77. Мемлекеттік органдарға, ұйымдар мен халықаралық ұйымдарға іссапарға барған әскери қызметшілерді әскери қызметтен шығару, оларды мемлекеттік наградалармен және ведомстволық медальдармен (төсбелгілерімен) наградтау олар іссапарға барған мемлекеттік органдардың, ұйымдар мен халықаралық ұйымдардың ұсынымдары бойынша жалпы негіздерде жүргізіледі.

      Мемлекеттік органдарға, ұйымдар мен халықаралық ұйымдарға іссапарға барған әскери қызметшілерге әскери атақтар қазіргі әскери атағында белгіленген еңбек сіңірген мерзімі аяқталғаннан кейін және берілетін атақ олар іссапарға барған дейін тікелей атқарған әскери лауазым үшін әскери лауазымдар тізбесінде көзделген әскери атаққа сәйкес келген кезде олар іссапарға барған мемлекеттік органдардың, ұйымдар мен халықаралық ұйымдардың ұсынымдары бойынша осы Қағидаларға сәйкес жалпы негіздерде беріледі.

      Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына білім беру ұйымдарындағы лауазымдарда әскери қызмет өткеру үшін іссапарға барған әскери қызметшілерге білім беру ұйымы басшысының ұсынымы бойынша осы Қағидаларға сәйкес жалпы негіздемелерде, бірақ әскери оқу орындары үшін әскери лауазымдар тізбесінде көзделген әскери атақтан жоғары емес әскери атақтар беріледі.

      78. Мемлекеттік органдар мен ұйымдарға іссапарға барған әскери қызметшілерді аттестаттау тиісті мемлекеттік органдар мен ұйымдардың қызметкерлері үшін белгіленген тәртіппен жүргізіледі, ал халықаралық ұйымдарға іссапарға барғандарға осы Қағидаларда белгіленген тәртіппен жүргізіледі.

      79. Іссапарға барған әскери қызметшілерді көтермелеу және тәртіптік жауапкершілікке тарту Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған, осы мемлекеттік органдар мен ұйымдардың өкілеттіктері шегінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары мен ұйымдарының қызметкерлері үшін белгіленген тәртіппен жүргізіледі.

      80. Іссапарға барған әскери қызметшілер Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары мен ұйымдарындағы, халықаралық ұйымдардағы лауазымдардан босатылғаннан және әскери қызметшілер әскери қызмет өткеретін мемлекеттік органға қайтып келгеннен кейін олар осы Қағидаларда айқындалған тәртіппен әскери лауазымдарға тағайындалады немесе әскери қызметтен шығарылады.

      81. Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың әскери қызметшілері Қазақстан Республикасының Президенті айқындаған жағдайларда мемлекеттің қорғанысы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету мүддесінде атқаратын әскери лауазымынан босатылмай және ақшалай үлесі сақтала отырып, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының қарамағына іссапарға жіберілуі мүмкін.

      Әскери қызметшілердің аталған санатына сыйлықақылар беру, зейнетақымен қамсыздандыру, жаңа келісімшарттар жасасу, әскери атақтар беру, әскери қызметтен шығару, мемлекеттік наградалармен және ведомстволық медальдармен (төсбелгілерімен) наградтау Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жалпы негіздерде жүзеге асырылады.

      Ескерту. 81-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Президентінің 05.10.2019 № 182 Жарлығымен (жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

14. Ротациялау

      82. Әскери қызметшілерді ротациялау әскерлердің жауынгерлік әзірлігін арттыру үшін әскери қызмет өткеру шеңберінде, сондай-ақ қызметтік қажеттілік немесе әскери қызметшілердің кәсіби әлеуетін анағұрлым тиімді пайдалануды қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылады.

      83. Ротациялау шарттары:

      1) бір әскери лауазымда осы Қағидалардың 45-тармағына сәйкес белгіленген мерзімнен артық болу;

      2) бір гарнизонда (немесе климаттық жағдайы ауыр жерлердегі әскери бөлімде (бөлімшеде) әскери қызмет өткеру құзыреті мен ерекшелігін ескере отырып, уәкілетті органның бірінші басшысы айқындайтын мерзімнен артық әскери қызмет өткеру болып табылады.

      84. Әскери қызметшілерді ротациялау мынадай тәртіппен және мерзімдерде жүзеге асырылады.

      Жыл қорытындылары бойынша оларға қатысты осы Қағидалардың 83-тармағында айқындалған жағдайлар қалыптасқан әскери қызметшілерді ротациялау жоспары құрылады.

      Ротациялау жоспарына мынадай әскери қызметшілер:

      1) Заңның 22-бабының 3-тармағында айқындалған;

      2) келісімшарт аяқталатын жылы;

      3) олар әскери қызметте болудың шекті жасына толуына дейін үш жыл ішінде;

      4) оларды тең немесе жоғары әскери лауазымдарға тағайындау мүмкін болмаған жағдайда енгізілмейді.

      Ротациялау жоспарымен бір уақытта осы Қағидалардың 45-тармағы негізінде белгіленген мерзім ішінде атқаратын лауазымдарында одан әрі әскери қызмет өткеру мақсатында ротациялау жоспарына енгізілмейтін әскери қызметшілердің тізімі жасалады.

      Ротациялау жоспары және ротациялау жоспарына енгізілмейтін әскери қызметшілердің тізімі уәкілетті органның бірінші басшысы айқындайтын тәртіппен және нысан бойынша жасалады және оларды лауазымды адамдар тізбесіне сәйкес аталған жоспарға және әскери лауазымдар тізіміне енгізілетіндерді тағайындау құқығы берілген уәкілетті лауазымды адам бекітеді.

      Ротациялау жоспарына немесе ротациялау жоспарына енгізілмейтін әскери қызметшілердің тізіміне өзгерістер енгізу талап етілетін жағдайлар туындаған кезде өзгерістер енгізу туралы шешімді оларды бекіткен лауазымды адам қабылдайды.

      Әскери қызметшілерді ротациялау оның жоспары негізінде ол бекітілгеннен кейінгі келесі жыл ішінде әскери қызметшілерді осы Қағидаларда айқындалған тәртіппен әскери лауазымдарға тағайындау жолымен әскери қызметті ұйымдастыруды ескере отырып жүзеге асырылады.

      Ескерту. 84-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Президентінің 18.08.2022 № 986 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.

15. Әскери атақ беру

      85. Әскери атақтар әскери қызметшілерге дербес беріледі. Әскери атақ алғашқы немесе кезекті болуы мүмкін.

      86. Әскери қызметшілерге:

      1) жоғары офицерлер құрамының әскери атақтарын – уәкілетті орган бірінші басшысының ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Президенті – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы;

      2) полковник (бірінші дәрежелі капитан) әскери атағын – уәкілетті органдардың бірінші басшылары;

      3) өзге де әскери атақтарды – лауазымды адамдар тізбесіне сәйкес уәкілетті органдардың бірінші басшылары айқындаған лауазымды адамдар береді.

      86-1. Жоғары офицерлер құрамының әскери атағы:

      генерал-майор (контр-адмирал) жоғары офицерлер құрамы лауазымының алдындағы лауазымда полковник (бірінші дәрежелі капитан) атағында болғанына үш жыл өтуі бойынша және жоғары офицерлер құрамының лауазымында кемінде бір жыл қызмет еткен әскери қызметшіге берілуі мүмкін;

      генерал-лейтенант (вице-адмирал) генерал-майор (контр-адмирал) әскери атағында кемінде үш жыл болған әскери қызметшіге берілуі мүмкін;

      генерал-полковник (адмирал) генерал-лейтенант (вице-адмирал) әскери атағында кемінде үш жыл болған әскери қызметшіге берілуі мүмкін.

      Қазақстан Республикасы Президентінің шешімі бойынша жоғары әскери атақ мерзімінен бұрын берілуі мүмкін.

      Ескерту. 15-тарау 86-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Президентінің 30.04.2016 № 243 Жарлығымен.

      87. Әскери міндеттілерге офицерлер құрамының әскери атақтарын Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі береді.

      88. Алғашқы әскери атақтар:

      1) офицерлер құрамы үшін – лейтенант;

      2) сержанттар құрамы үшін – кіші сержант (екінші сатылы старшина);

      3) қатардағы жауынгерлер құрамы үшін – қатардағы жауынгер (матрос) болып саналады.

      Ескерту. 88-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Президентінің 18.08.2022 № 986 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.

      89. "Лейтенант" әскери атағы:

      1) офицерлер құрамының әскери атағы жоқ, жоғары білім беру бағдарламасы бойынша жоғары әскери оқу орнын (әскери факультетті) аяқтаған әскери қызметшіге;

      2) офицерлер құрамының әскери атағы жоқ, оқыған елдің заңнамасына сәйкес оқу бағдарламасы оқуды аяқтағаннан кейін офицерлер құрамының алғашқы әскери атағын беруді көздейтін шетел мемлекетінің жоғары әскери оқу орнын аяқтаған әскери қызметшіге;

      3) запастағы офицерлер бағдарламасы бойынша әскери даярлықтың толық курсын аяқтаған және белгіленген емтихандарды тапсырған азаматқа – жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымын аяқтағаннан кейін;

      4) офицерлер құрамының әскери атағы жоқ, жоғары білімі бар және запастағы офицерлер бағдарламасы бойынша әскери даярлықтың толық курсын аяқтаған, штат бойынша офицерлер құрамының әскери атағы көзделген әскери лауазымға келісімшарт бойынша әскери қызметке кірген азаматқа (немесе келісімшарт бойынша әскери қызмет өткерушіге) – тиісті әскери лауазымға тағайындалған кезде;

      5) офицерлер құрамының әскери атағы жоқ, жоғары білімі бар, штат бойынша офицерлер құрамының әскери атағы көзделген әскери лауазымға келісімшарт бойынша әскери қызметке кірген азаматқа (әскери қызметшіге) тиісті әскери лауазымға тағайындалған кезде, бірақ офицерлердің әскери лауазымдарында үздіксіз бір жыл әскери қызмет өткергеннен кейін (Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдарында – тиісті әскери лауазымға тағайындалған кезде);

      6) офицерлер құрамының әскери атағы жоқ, жоғары білімі бар әскери міндеттіге – Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі бекітетін жетіспейтін мамандықтар тізбесіне сәйкес жұмылдыру жоспары бойынша әскери бөлімнің офицерлер лауазымына тіркелген жағдайда запастағы офицерлерді даярлау бойынша әскери жиындарды аяқтағаннан кейін, бірақ оқу орнын аяқтаған соң бір жыл өткеннен кейін беріледі.

      Ескерту. 89-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Президентінің 18.08.2022 № 986 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.

      90. Офицерлер құрамының алғашқы әскери атағын құрылымында әскери қызмет өткеру көзделген уәкілетті органның бірінші басшысы береді.

      91. "Қатардағы жауынгер" ("матрос") әскери атағы әскери атағы жоқ азаматтарға:

      1) әскерге шақырылған немесе келісімшарт бойынша әскери қызметке кірген кезде;

      2) запасқа қойылған кезде;

      3) орта техникалық және кәсіптік, жоғары білім беру бағдарламаларын іске асыратын әскери оқу орнына (әскери факультетке) қабылданған кезде беріледі.

      92. "Ефрейтор" ("аға матрос") әскери атағы олар үшін әскери лауазымдар тізбесінде тиісті әскери атақтар көзделген лауазымдарға тағайындау кезінде мамандығын табысты меңгерген қатардағы жауынгерлер мен матростарға, бірақ алты ай өткеннен кейін беріледі.

      93. "Кіші сержант" ("екінші сатылы старшина") әскери атағы техникалық және кәсіптік орта білім деңгейі бойынша әскери оқу орнын аяқтаған әскери қызметшілерге беріледі.

      94. "Кіші сержант" ("екінші сатылы старшина") әскери атағы және кейінгілері қажетті деңгейде даярлығы мен білімі бар, тиісті лауазымдарға тағайындалған әскери қызметшілерге уәкілетті органның бірінші басшысы айқындаған тәртіппен беріледі.

      94-1. "Запастағы кіші сержант" ("запастағы екінші сатылы старшина") әскери атағы запастағы сержанттар бағдарламасы бойынша әскери даярлықтың толық курсын аяқтаған және белгіленген емтихандарды тапсырған азаматқа беріледі.

      "Запастағы кіші сержант" ("запастағы екінші сатылы старшина") әскери атағын әскери кафедра бастығының ұсынуы бойынша жергілікті (облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың) әскери басқару органының басшысы береді.

      Ескерту. Қағидалар 94-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Президентінің 18.08.2022 № 986 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.

      95. Егер әскери қызметші әскери лауазымдар тізбесінде тең немесе анағұрлым жоғары әскери атақ көзделген әскери лауазымды атқаратын болса, бұрынғы әскери атағында еңбек сіңірген мерзімі аяқталғаннан кейін оған кезекті әскери атақ беріледі.

      96. Осы Қағидалардың 89-тармағының 4), 5) тармақшаларына сәйкес кезекті әскери атақ, сондай-ақ офицерлер құрамының алғашқы әскери атағын беруге алынбаған тәртіптік жазасы бар болған кезде, оларға қатысты қылмыстық іс қозғалған, сондай-ақ тиісті командирлердің (бастықтардың) қарамағында тұрған (оның ішінде бос немесе бос емес лауазымдар бойынша міндеттерді уақытша атқарған кезде) әскери қызметшілер ұсынылмайды.

      Ескерту. 96-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 31.10.2017 № 574 Жарлығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      97. Әскери атақтарда еңбек сіңірген мерзім әскери атақ берілген күннен бастап есептеледі.

      Сот үкімімен (қаулысымен) тағайындалған қамаққа алу түріндегі қылмыстық жазаны не әкімшілік жазаны өтеу уақыты әскери қызметшілерге кезекті әскери атақ беру үшін еңбек сіңірген жылдарының мерзіміне есептелмейді.

      Әскери қызметке кірген кезде әскери атақтағы еңбек сіңірген жылдарының мерзімі запастағы еңбек сіңірген жылдарының мерзімін ескере отырып есептеледі.

      Ескерту. 97-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Президентінің 31.10.2017 № 574 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 18.08.2022 № 986 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлықтарымен.

      98. Әскери оқу орындарында күндізгі оқу нысаны бойынша адъюнктурада, магистратурада, докторантурада оқитын әскери қызметшілерге кезекті әскери атақтар осы әскери атақтарда белгіленген еңбек сіңірген мерзімі өткеннен кейін және берілетін атақ оқуға түсер алдында олар атқарған әскери лауазым үшін әскери лауазымдар тізбесінде көзделген әскери атаққа сәйкес келген жағдайда беріледі.

      99. Әскери борышын үлгілі орындайтын, жауынгерлік кезекшілікті атқару немесе әскери қызметтің өзге де міндеттерін орындау кезінде жоғары кәсіби шеберлік пен ынта-жігер танытқан әскери қызметшілерге кезекті әскери атақ мерзімінен бұрын берілуі мүмкін, бірақ олар атқаратын әскери лауазымдар бойынша әскери лауазымдар тізбесінде көзделген әскери атақтан жоғары болмайды.

      Мерзімінен бұрын әскери атақ әскери атақтағы белгіленген еңбек сіңірген мерзімінің кемінде жартысы өткеннен кейін және берілетін атақ әскери лауазымдар тізбесі бойынша әскери атаққа сәйкес келген кезде беріледі, бірақ әскери қызмет өткерген кезеңде екі реттен артық берілмейді.

      100. Оқытушылық, ғылыми қызметті жүзеге асыратын және ғылыми дәрежесі бар офицерлер құрамының әскери қызметшілеріне, сондай-ақ емдеу қызметін жүзеге асыратын медициналық мамандықтары бар офицерлерге кезекті әскери атақ полковникке дейінгіні қоса алғанда, атқаратын әскери лауазымы бойынша көзделген әскери атақтан бір саты жоғары берілуі мүмкін.

      101. Қамаққа алу түріндегі қылмыстық жазаны немесе әкімшілік жазаны өтеген уақытта әскери қызметшіге әскери атақ берілмейді.

      Ескерту. 101-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 18.08.2022 № 986 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.

      102. Әскери міндеттіге кезекті әскери атақ ол үшін әскери лауазымдар тізбесінде тең немесе анағұрлым жоғары әскери атақ көзделген лауазымда әскери жиындардан өткеннен кейін Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі белгілеген тәртіппен беріледі.

      103. Мамандығы бойынша даярлығы жоғары әрі жұмыс тәжірибесі мол және Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарында мемлекеттік басшылық лауазымын атқаратын, Қазақстан Республикасының өкілді органдарына сайланған (тағайындалған), олар үшін Қарулы Күштерге, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарға әскерге шақырудан жұмылдыру бойынша броньдау көзделген запастағы офицерлерге запас бойынша кезекті әскери атақ Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі белгілеген тәртіппен әскери жиындардан өтуіне қарамастан берілуі мүмкін.

      Ескерту. 103-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 05.10.2019 № 182 Жарлығымен (жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      104. Мамандығы бойынша даярлығы жоғары әрі жұмыс тәжірибесі мол және Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарында мемлекеттік басшылық лауазымын атқаратын, Қазақстан Республикасының өкілді органдарына сайланған (тағайындалған), олар үшін Қарулы Күштерге, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарға әскерге шақырудан жұмылдыру бойынша броньдау көзделген адамдарды қоспағанда, запастағы офицерлерге "запастағы полковник" кезекті әскери атағы соғыс жағдайы енгізілген кезде осы Қағидаларға сәйкес беріледі.

      Ескерту. 104-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 05.10.2019 № 182 Жарлығымен (жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

16. Әскери атағын төмендету, одан айыру және әскери атағын
қалпына келтіру

      105. Әскери қызметшілерді (әскери міндеттілерді) әскери атағында бір сатыға төмендету, оларды әскери атағынан айыру және әскери атағын қалпына келтіру былайша жүргізіледі:

      1) жоғары офицерлер құрамын – Қазақстан Республикасының Президенті – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы;

      2) офицерлер құрамын (жоғары офицерлер құрамынан басқа) – уәкілетті органның бірінші басшысы;

      3) өзге де әскери атақтарды – лауазымды адамдар тізбесіне сәйкес.

      Қасақана қылмыстық құқық бұзушылықтар жасаған әскери қызметшілер (әскери міндеттілер) соттың әскери қызметшіге әскери атағынан айыру түрінде қосымша жаза тағайындалған, заңды күшіне енген үкімі бойынша әскери атағынан айырылады.

      Ескерту. 105-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Президентінің 31.10.2017 № 574 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 18.08.2022 № 986 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлықтарымен.

      106. Әскери атағы бір сатыға төмендетілген әскери қызметшінің бұрынғы әскери атағын қалпына келтіру атқаратын штаттық лауазымына қарамастан, төмендетілген күнінен бастап алты айдан ерте емес үлгілі тәртібі болған және қызметін адал атқарған кезде жүргізіледі. Бұл ретте әскери қызметшілердің төмендетілген әскери атақта болу уақыты қалпына келтірілген әскери атағындағы еңбек сіңірген мерзіміне есептелмейді. Әскери атағын қайта төмендетуге жол берілмейді.

      107. Әскерге шақыру бойынша әскери қызмет өткеретін, әскери атағы "кіші сержант" ("екінші сатылы старшина") әскери атағына дейін төмендетілген офицерлер тиісті құрамның әскери лауазымдарына тағайындаумен бір мезгілде сержанттар құрамына ауыстырылады және мерзімді әскери қызметтің белгіленген мерзімі аяқталғанға дейін әскери қызмет өткереді.

      Тағайындау әскери қызметшінің әскери атағы төмендетілер алдында тікелей атқарған лауазымына тағайындау құқығы лауазымды адамдар тізбесіне сәйкес берілген уәкілетті лауазымды адамның жеке құрам бойынша бұйрығымен жүргізіледі. Шығару мерзімді әскери қызмет әскери қызметшілері үшін айқындалған тәртіппен жүргізіледі.

      Ескерту. 107-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Президентінің 18.08.2022 № 986 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.

      108. Офицерлер немесе сержанттар құрамдарының әскери атағынан айырылған әскери қызметші (әскери міндетті) "қатардағы жауынгер" әскери атағы беріліп, қатардағы жауынгерлер құрамының әскери есебіне ауыстырылады.

      Ескерту. 108-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 18.08.2022 № 986 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.

      109. Әскери атағынан айырылған адамға, жоғары офицерлер құрамын қоспағанда, тек соттың ақтау үкімі шыққан немесе ақтайтын негіздемелер бойынша қылмыстық істі тоқтату туралы шешім қабылданған жағдайларда әскери атағы қалпына келтіріледі. Жоғары офицерлер құрамының әскери атағынан айырылған адамға әскери атағы Қазақстан Республикасы Президентінің шешімі бойынша қалпына келтіріледі.

17. Демалыс түрлерi

      110. Әскери қызметшілерге:

      1) жыл сайынғы негізгі;

      2) отбасы жағдайлары бойынша қысқа мерзімді;

      3) жүктілігі және бала тууы бойынша, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуы бойынша;

      4) қосымша;

      5) каникулдық;

      6) оқу;

      7) шығармашылық;

      8) науқастануы бойынша;

      9) көтермелеу түрінде қысқа мерзімді (тек мерзімді әскери қызмет әскери қызметшілері үшін) демалыстар беріледі.

      111. Демалыстар әскери бөлім (мекеме) командирінің (бастығының) бұйрығы негізінде беріледі.

      Ескерту. 111-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 18.08.2022 № 986 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.

      112. Демалыстардың ұзақтығы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айқындалады.

      113. Әскери қызметшілер демалыс өткізу орнына келгеннен кейін әскери есепке алуды жүргізетін органдарда әскери есепке тұрады.

      114. Демалыстардың барлық түрінде болған кезеңде (жүктілігі және бала тууы бойынша демалыста, олар үш жасқа толғанға дейінгі бала күтімі бойынша демалыста болуды қоспағанда) әскери қызметшілердің ақшалай үлесі сақталады.

18. Жыл сайынғы негізгі демалыс беру

      115. Жыл сайынғы негізгі демалыстар әскери қызметшілерге оларды пайдалану кезеңдерін кезектестіруді, сондай-ақ әскери бөлімді жауынгерлік әзірлікте ұстауды ескере отырып және демалыстар кестесіне сәйкес жылдың кез келген уақытында беріледі. Демалыстар кестесі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жеңілдіктерді пайдаланатын әскери қызметшілердің санаттарын ескере отырып, әрбір күнтізбелік жылға жасалады және барлық әскери қызметшілердің назарына жеткізіледі.

      Демалыс уақытында, әскери бөлімнің (мекеменің) таратылуын қоспағанда, әскери бөлімнің (мекеменің) бастамасы бойынша әскери қызметші ауыстырылмайды және оны әскери қызметтен шығаруға жол берілмейді.

      Ескерту. 115-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Президентінің 18.08.2022 № 986 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.

      116. Келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеретін әскери қызметшіге берілетін жыл сайынғы негізгі демалыстың ұзақтығы Заңның 46-бабының 1, 2-тармақтарына сәйкес айқындалады. Офицерлер құрамының әскерге шақыру бойынша әскери қызметшілеріне берілетін демалыс ұзақтығы келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеретін әскери қызметшілер үшін белгіленген тәртіппен айқындалады.

      117. Әскери қызметшінің келісімшарт (әскерге шақыру) бойынша әскери қызметке кірген жылы және шығарылған жылы жыл сайынғы негізгі демалысының ұзақтығы жыл сайынғы демалыс ұзақтығын он екіге бөлу және алынған тәулік санын әскери қызметке кірген немесе шығарылған жылы әскери қызметтің толық ай санына көбейту жолымен (берілетін демалысты ескере отырып) белгіленеді.

      Жүктілігі және бала тууы бойынша демалыстың алдында немесе тікелей одан кейін не олар үш жасқа толғанға дейін бала күтімі бойынша демалыс аяқталғаннан кейін әскери қызметші әйелге оның қалауы бойынша жыл сайынғы негізгі демалыс беріледі.

      118. Әскери қызметке кірген немесе шығарылған жылы жыл сайынғы негізгі демалыстың толық емес тәулік санын жинақтау арттыру жағына қарай жүргізіледі. Әскери қызметшіні әскери қызметтен уақытында шығару (әскери бөлім жеке құрамының тізімдерінен алу) мүмкін болмаған жағдайда оны шығарған күні толық пайдаланылмаған жыл сайынғы негізгі демалыс уақытының есебі әскери қызметшіге ұсыныла отырып жүргізіледі. Егер демалыс бұдан бұрын демалыстар кестесіне сәйкес пайдаланылмаған болса, мерзімінен бұрын шығару кезінде (келісімшарт мерзімі аяқталғанға дейін) әскери қызметшінің жыл сайынғы негізгі демалысының ұзақтығы осындай тәртіппен есептеледі.

      119. Әскери оқу орнын (әскери факультетті) аяқтаған әскери қызметшілерге жыл сайынғы негізгі демалыс күнтізбелік есептеумен ұзақтығы еңбек сіңірген жылдарына байланысты көрсетілген оқу орнын аяқтағаннан кейін беріледі.

      120. Әскери қызметшілердің жыл сайынғы негізгі демалысының ұзақтығы демалысты өткізу орнына дейін барып-қайту үшін қажетті уақытты ескере отырып, тәулік санына арттырылады. Егер әскери қызметшілерге жыл сайынғы негізгі демалыс бөлініп берілсе, онда демалысты өткізу орнына барып-қайту үшін қажетті уақыт бір рет беріледі.

      121. Әскери қызметшінің баянаты және әскери бөлім (мекеме) командирінің (бастығының) шешімі бойынша әскери қызметшіге жыл сайынғы негізгі және қосымша демалыстарды олардың арасын үзбей бірінен кейін бірін беруге жол беріледі.

      Ескерту. 121-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 18.08.2022 № 986 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.

      122. Өткен жыл үшін жыл сайынғы негізгі және (немесе) қосымша демалыстар келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеретін әскери қызметшіге дәлелді себептермен берілмеген болса, демалыс келесі жылы оның баянаты бойынша демалысты өткізу орнына барып-қайту уақыты ескеріле отырып беріледі.

      Әскерге шақыру бойынша әскери қызмет өткеретін, жыл сайынғы негізгі және қосымша демалыстарды дәлелді себептермен пайдаланбаған офицерге көрсетілген демалыстар соңғы берілген демалыстар аяқталғаннан кейінгі келесі күні бұл ретте оны әскери бөлімнің тізімдерінен ала отырып, әскери қызметтен шығару кезінде беріледі.

      123. Жыл сайынғы негізгі немесе қосымша демалыстар кезінде (кейіннен әскери бөлімнің (мекеменің) тізімдерінен шығара отырып, әскери қызметтен шығару жылынан басқа) науқастанып қалған әскери қызметшілерге жыл сайынғы негізгі немесе қосымша демалыс, отбасы жағдайлары бойынша демалыстан басқа, демалыс уақытына тура келетін науқастанған күндерінің тиісті санына ұзартылады. Бұл жағдайда әскери бөлімнің (мекеменің) командирі (бастығы) әскери мекемеден немесе ол болмаған кезде, мемлекеттік емдеу-профилактикалық мекемеден алынған анықтама негізінде демалысты ұзартуды жүзеге асырады.

      Ескерту. 123-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 18.08.2022 № 986 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.

      124. Әскери қызметші отбасы мүшесінің, жақын туысының, жұбайының (зайыбының) жақын туыстарының денсаулығы нашарлаған немесе қайтыс болған (қаза тапқан) жағдайда, сондай-ақ демалыста жүрген әскери қызметшінің отбасы мүшелері, жақын туыстары, жұбайының (зайыбының) жақын туыстары табиғи немесе техногендік сипаттағы төтенше жағдайларға ұшыраған кезде әскери қызметші демалыста жүрген аумақтағы жергілікті әскери басқару органы бастығының әскери қызмет өткеру орнына бару үшін қажетті уақытты есептемей, демалысты он тәуліктен аспайтын мерзімге ұзартуға құқығы бар.

      Жергілікті әскери басқару органының бастығы әскери қызметшінің демалысын ұзартқаны туралы көрсетілген әскери қызметші әскери қызмет өткеретін әскери бөлімнің (мекеменің) командирін (бастығын) дереу хабардар етеді.

      Ескерту. 124-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Президентінің 18.08.2022 № 986 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.

19. Отбасы жағдайлары бойынша қысқа мерзімді демалыс беру

      125. Әскери қызметшілерге отбасы жағдайлары бойынша қысқа мерзімді демалыс:

      бес тәулікке дейін:

      1) әскери қызметшінің некесі тіркелген;

      2) әскери қызметшінің баласы туылған жағдайларда;

      он тәулікке дейін:

      1) әскери қызметшінің жұбайының (зайыбының), жақын туыстарының, әскери қызметшінің жұбайы (зайыбы) жақын туыстарының денсаулық жағдайы ауыр болған немесе олар қайтыс болған (қаза тапқан);

      2) әскери қызметшінің жақын туыстары, әскери қызметшінің жұбайының (зайыбының) жақын туыстары табиғи немесе техногендік сипаттағы төтенше жағдайларға ұшыраған жағдайларда беріледі.

      Некесі тіркелген немесе баласы туылған жағдайларда отбасы жағдайлары бойынша қысқа мерзімді демалыс әскери қызметшілерге растайтын құжаттың (азаматтық хал актісі, туу туралы куәлік, туу туралы медициналық куәлік немесе туу фактісін белгілеу туралы сот шешімі) көшірмесі қоса берілген баянаттың негізінде беріледі.

      Әскери қызметшінің жұбайының (зайыбының), жақын туыстарының, әскери қызметшінің жұбайы (зайыбы) жақын туыстарының денсаулық жағдайы ауыр болған жағдайда, отбасы жағдайлары бойынша қысқа мерзімді демалыс әскери қызметшілерге медициналық мекеме берген растайтын құжат қоса берілген баянат негізінде беріледі.

      Әскери қызметшінің жұбайы (зайыбы), жақын туыстары, әскери қызметшінің жұбайының (зайыбының) жақын туыстары қайтыс болған (қаза тапқан) жағдайда және әскери қызметшінің жақын туыстары, әскери қызметшінің жұбайының (зайыбының) жақын туыстары табиғи немесе техногендік сипаттағы төтенше жағдайларға ұшыраған кезде, отбасы жағдайлары бойынша қысқа мерзімді демалыс әскери қызметшілерге баянат негізінде беріледі. Демалыстан келгеннен кейін әскери қызметші он жұмыс күні ішінде әскери қызмет орны бойынша демалыстың берілу негізін растайтын құжатты ұсынуға міндетті.

      Әскери қызметшіге берілетін отбасы жағдайлары бойынша қысқа мерзімді демалыстың ұзақтығы демалысты өткізу орнына дейін барып-қайтуға қажетті тәулік санына ұлғайтылады.

      Ескерту. 125-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 18.08.2022 № 986 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.

20. Жүктілігі және бала тууы бойынша демалыс, жаңа туған баланы
(балаларды) асырап алған әскери қызметшілерге демалыс беру

      126. Әскери қызметші әйелдерге жүктілігі және бала тууы бойынша демалыс бала туғанға дейін ұзақтығы күнтізбелік жетпіс күн және бала туғаннан кейін күнтізбелік елу алты (ауыр босанған немесе екі немесе одан көп бала туған жағдайда – жетпіс) күн беріледі. Есептеу жиынтықталып жүргізіледі және босанғанға дейін нақты пайдаланылған күндердің санына қарамастан демалыс толық беріледі.

      Көрсетілген демалыс әскери қызметшілерге тиісті медициналық мекеме берген уақытша еңбекке жарамсыздық парағы негізінде беріледі.

      127. Тікелей перзентханадан жаңа туған баланы (балаларды) асырап алған әскери қызметшіге ұл баланы (қызды) асырап алған күннен бастап және бала туған күннен бастап елу алты күн өткенге дейінгі кезеңге (ата-анасының біреуіне) демалыс беріледі.

21. Қосымша демалыстар беру

      128. Әскери қызметшілерге Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қосымша демалыстар беріледі.

      Бұл ретте қосымша демалыстың ұзақтығы жыл сайынғы негізгі демалыс есебіне қосылмайды.

      129. Қосымша демалыстар әскери қызметке кірген немесе шығарылған жылы әскери қызметшілерге толық көлемде беріледі.

      130. Депутаттыққа кандидат ретінде белгіленген тәртіппен тіркелген әскери қызметшіге, әскери қызметші кандидат ретінде тіркелген күннен бастап және сайлау нәтижелері ресми жарияланған күнге дейін оның қалауы бойынша демалыс беріледі.

      131. Радиоактивті материалдарды, иондаушы сәулелену көздерін, аса жоғары жиілікті және (немесе) зымыран отынының құрамдастарын пайдаланумен, сақтаумен байланысты лауазымдарда қызмет өткеретін, сондай-ақ көрсетілген жұмыстарға және радиоактивті материалдарды, иондаушы сәулелену көздерін, аса жоғары жиілікті және (немесе) зымыран отынының құрамдастарын пайдаланумен, сақтаумен байланысты объектілерде авария салдарларын жою жөніндегі жұмыстарға уақытша тартылатын әскери қызметшілерге олардың баянаты бойынша ұзақтығы жылына он екі тәулікке дейін қосымша демалыс беріледі. Демалыс өткен кезеңнің нақты жұмыс істеген уақытына қосымша демалыс беру үшін қосымша демалыс ұзақтығын он екіге бөлу және шыққан тәулік санын көрсетілген лауазымдардағы қызметтің немесе көрсетілген жұмыстарды орындаудың толық айлар санына көбейту жолымен барабар есептеліп беріледі.

      Қосымша демалыстың ұзақтығы (күнтізбелік күндерде) оларда жұмыс істеу еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган бекітетін қосымша демалысқа құқық берілетін Өндірістер, цехтар, мамандықтар мен лауазымдар тізімінде, ауыр жұмыстар, зиянды (аса зиянды) және (немесе) қауіпті еңбек жағдайындағы жұмыстар тізбесінде (бұдан әрі – Тізім) айқындалады.

      Әскери қызметшілер жыл бойы олар үшін Тізімде ұзақтығы әртүрлі қосымша демалыс көзделген әртүрлі лауазымдарда әскери қызмет өткерген жағдайларда демалыс Тізімде белгіленген осы лауазымдар бойынша қосымша демалыстың ұзақтығын қосу жолымен әрбір лауазым бойынша зиянды еңбек жағдайларында нақты еңбек еткен уақытқа барабар беріледі.

      Лауазымдары Тізімге енбеген, бірақ жекелеген уақыт кезеңдерінде зиянды еңбек жағдайлары бар тиісті жұмысты орындайтын әскери қызметшілерге қосымша демалыс Тізімде лауазымдары көзделген әскери қызметшілерге берілетін негіздерде беріледі.

      132. Жауынгерлік іс-қимылдарға, терроризмге қарсы және бітімгершілік операцияларына қатысатын (қатысқан) әскери қызметшілерге және барлау қызметі шеңберінде жүктелген жедел міндеттерді орындауға қатысатын Қорғаныс министрлігінің әскери барлау органдарының әскери қызметшілеріне Заңның 49-бабына сәйкес қосымша демалыс беріледі.

      133. Әскери қызметшіге:

      1) ата-аналардың таңдауы бойынша – баланың анасына не әкесіне;

      2) ата-анасының біріне – баланы жалғыз тәрбиелеп отырған;

      3) іс жүзінде баланы тәрбиелеп отырған әжесіне, атасына, басқа туысына немесе қамқоршысына;

      4) жаңа туылған ұл (қыз) баланы (балаларды) асырап алған әскери қызметшіге оның баянаты бойынша бала үш жасқа толғанға дейін оған күтім жасауға байланысты қосымша демалыс беріледі.

      Қосымша демалыс уақытында әскери қызметшінің әскери лауазымы сақталады.

22. Каникулдық демалыстар беру

      134. Әскери оқу орындарында (әскери факультеттерде) күндізгі оқу нысаны бойынша оқитын әскери қызметшілерге оқу сабақтарындағы үзілістер уақытында мынадай мерзімге каникулдық демалыстар беріледі:

      1) қысқы демалыс – 14 тәулік;

      2) жазғы демалыс – 30 тәулік.

      Каникулдық демалыстарды өткізу орнына барып-қайту үшін қажетті уақыт берілмейді.

23. Оқу демалыстарын беру

      135. Әскери қызметшілерге (мерзімді қызметтегі əскери қызметшілерден, кадеттер мен курсанттардан басқа) оқуға түсу емтихандарына дайындалу және тапсыру үшін, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарындағы оқу кезеңінде оқу жоспарында айқындалған мерзімге оқу демалыстары беріледі, ал ғылым кандидаты, докторы ғылыми дәрежелерінің, философия докторы (PhD) және бейіні бойынша доктор дәрежелерінің ізденушілері болып табылатын əскери қызметшілерге Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шығармашылық демалыстар беріледі.

      Ескерту. 135-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 31.10.2017 № 574 Жарлығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      136. Оқу кезеңіндегі оқу демалыстарының ұзақтығы:

      1) жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында – бір айдан аспайды;

      2) тіл үйрену дайындығынан өту кезіндегі курстарда – уәкілетті органның оқу жоспарларына сәйкес белгіленеді.

      Әскери бөлімнің (мекеменің) командирі (бастығы) оқу орнының жазбаша шақыртуы немесе оқуға жіберу туралы бұйрық негізінде оқу демалысын береді.

      Ескерту. 136-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Президентінің 18.08.2022 № 986 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.

24. Шығармашылық демалыстар беру

      137. Келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеретін, ғылыми дәреже ізденушісі болып табылатын әскери қызметшіге, қызметтік істерін ғылыми жұмыспен табысты ұштастырған жағдайда, ол ғылыми дәреже ізденушісі болып табылатын ғылыми кеңестің ұсынымы бойынша әскери бөлім (мекеме) командирінің (бастығының) шешімімен жалпы ұзақтығы екі айға дейінгі шығармашылық демалыстар беріледі.

      Ескерту. 137-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 18.08.2022 № 986 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.

25. Науқастануы бойынша демалыстар беру

      138. Науқастануы бойынша демалыс әскери қызметшіге Әскери-дәрігерлік сараптама жүргізу қағидаларына сәйкес әскери-дәрігерлік комиссияның қорытындысы негізінде беріледі.

      Науқастануы бойынша демалыстың ұзақтығы жыл сайынғы негізгі және қосымша демалыстар есебіне кірмейді.

      Ескерту. 138-тармаққа орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізілді, қазақ тілінде мәтін өзгермейді - ҚР Президентінің 18.08.2022 № 986 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.

26. Әскери қызметшіні демалыстан шақыртып алу

      139. Әскери қызметші жұмылдыру, әскери немесе төтенше жағдай жарияланған жағдайда, соғыс уақытында немесе қызметтік қажеттілік жағдайында уәкілетті органның бірінші басшысы айқындаған тәртіппен жыл сайынғы негізгі демалыстан шақыртып алынуы мүмкін.

27. Аттестаттау мақсаттары мен міндеттерi

      140. Аттестаттау – әскери қызметшілердің кәсіби даярлығы деңгейін айқындау бойынша кезең-кезеңімен жүзеге асырылатын рәсім, ол аттестаттау парағына енгізілетін бағалау материалдарының жиынтығы негізінде жүргізіледі.

      Аттестаттау мақсаты – әскери қызметшілердің қызметтік істерін, кәсіби құзыреттілігін жан-жақты және объективті бағалау, сондай-ақ кәсіби әлеуетін ұтымды пайдалану және дамыту.

      Ескерту. 140-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Президентінің 31.10.2017 № 574 Жарлығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      141. Аттестаттаудың негізгі міндеттері:

      1) әрбір әскери қызметшінің кәсіби және жеке қасиеттерінің, әлеуетті мүмкіндіктеріне жан-жақты және объективті мінездеме беру;

      2) аттестатталатын әскери қызметшілердің атқаратын лауазымдарына сәйкес келуін және оларды одан әрі қызметте пайдаланудың перспективасын айқындау;

      3) келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеретін әскери қызметшілердің қызмет өткеру мерзімдерін ұзартудың орындылығын айқындау;

      4) әскери қызметшілерді даярлауды (қайта даярлауды), оқытуды жетілдіру бағыттарын айқындау;

      5) қызметі бойынша жоғарылату немесе оқуға жіберу үшін әскери қызметшілердің кадрлар резервін жасақтау;

      6) орын алған кемшіліктерді жою жөнінде әскери қызметшілерге ұсынымдар әзірлеу.

28. Аттестаттауды өткізу

      142. Келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеретін әскери қызметшілерді аттестаттау уәкілетті орган бірінші басшысының шешімі бойынша кемінде үш жылда бір рет өткізіледі.

      Уәкілетті органдарда әскери қызметшілерді аттестаттауды ұйымдастыру және жүргізу жөніндегі іс-шараларды орындау тәртібін олардың бірінші басшылары айқындайды. Аттестаттау парағы уәкілетті органдардың бірінші басшыларымен келісу бойынша Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі бекітетін нысан бойынша ресімделеді.

      Ескерту. 142-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Президентінің 31.10.2017 № 574 Жарлығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      143. Әскери қызметшілерді аттестаттау мерзімдері, санаттары мен үлгілік схемасы айқындалғаннан кейін аттестаттауды дайындау және жүргізу жоспары әзірленеді.

      Тиісті командирлер (бастықтар) бекітетін жоспарларда мынадай іс-шаралар көзделеді:

      барлық әскери қызметшілердің аттестаттау тәртібін зерделеу, аттестаттауды бекітудің, жариялау мен жүргізудің соңғы мерзімдерін белгілеу;

      барлық деңгейдегі командирлермен (бастықтармен), кадрлар және жасақтау органдарының офицерлерімен, аттестаттау комиссияларының төрағаларымен және мүшелерімен алдағы аттестаттау мәселелері бойынша сабақтар өткізу;

      аттестаттаудың егжей-тегжейлі схемасын әзірлеу, оны тиісті командирлердің (бастықтардың) бекітуі, басшылыққа алу және әскери қызметшілердің назарына жеткізу үшін әскери бөлімдерге (мекемелерге) тарату;

      аттестаттау парақтарының бланкілерін, аттестаттаушыларға жадуалдар мен басқа да әдістемелік құралдарды дайындау және тарату;

      әскери кеңестерде, басшылық құрамның кеңестерінде аттестаттауға дайындалу және оны өткізу барысын, сондай-ақ аттестаттау тұжырымдарын іске асыру бойынша міндеттерді қоюмен аттестаттау қорытындыларын талқылау.

      Ескерту. 143-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Президентінің 18.08.2022 № 986 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.

      144. Аттестаттау қорытындылары бойынша тұжырымда аттестатталушының атқаратын лауазымға сәйкес келетіні немесе сәйкес келмейтіні көрсетіледі, одан кейін кәсіби, іскерлік, моральдық және психологиялық қасиеттеріне, жұмыс тәжірибесіне, қабілеттері мен бейімділігіне, сондай-ақ қызмет мүдделеріне сүйене отырып, оны одан әрі қызметте анағұрлым орынды пайдалану туралы пікір жазылады.

      Бұл ретте мынадай ұсынымдар берілуі мүмкін:

      1) жоғары лауазымға ұсыну немесе кадр резервіне енгізу туралы;

      2) әскери оқу орнына оқуға жіберу туралы;

      3) тең әскери лауазымға ауыстыру туралы;

      4) төмен тұрған әскери лауазымға ауыстыру туралы;

      5) әскери қызметтен шығару туралы;

      6) тек Қазақстан Республикасы арнаулы мемлекеттік органдарының әскери қызметшілеріне қатысты жеке кәсіптік дамыту бағдарламасын меңгергені туралы.

      Ескерту. 144-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 31.10.2017 № 574 Жарлығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      145. Алып тасталды - ҚР Президентінің 31.10.2017 № 574 Жарлығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      146. Әскери қызметшілер жүктілікке және босануға байланысты, бала үш жасқа толғанға дейін оның күтімі бойынша демалыстарда болған, қашықтан білім беру технологияларын пайдаланып білім алушыларды қоспағанда, мемлекеттік қызметшілерді жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары бойынша даярлау жөніндегі мемлекеттік тапсырыс шеңберінде Қазақстан Республикасының және (немесе) шет мемлекеттердің әскери, арнаулы оқу орындарында, білім беру ұйымдарында жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары бойынша білім алған кезеңде аттестатталуға жатпайды. Олар әскери қызметке шыққаннан кейін алты ай өткен соң және әскери қызметке шыққан күннен бастап бір жылдан кешіктірілмей аттестатталады.

      Ескерту. 146-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 18.08.2022 № 986 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.

      147. Әскери қызметшіге жасалған аттестаттау материалы аттестаттау комиссиясының қарауына жатады.

      Аттестаттау комиссиясы қажет болған жағдайларда отырысқа аттестатталушы әскери қызметшілерді, сондай-ақ аттестатталушы әскери қызметшілер қарамағында болатын тиісті командирлерді (бастықтарды) шақырады.

      148. Бекітілген аттестаттаулар аттестатталған әскери қызметшілерге хабарланады және олардың назарына қолын қойғызып жеткізіледі.

      149. Халықаралық ұйымдарға іссапарға жіберілген әскери қызметшілерді аттестаттау тәртібін уәкілетті органның бірінші басшысы айқындайды.

29. Аттестаттау комиссиялары

      150. Аттестаттау комиссиясы (Жоғары аттестаттау комиссиясы) тұрақты жұмыс істейтін консультативтік-кеңесші орган болып табылады және тиісті командирге (бастыққа) есеп береді.

      Жоғары аттестаттау комиссиясы уәкілетті органда басшының шешімімен құрылады.

      Әскери бөлімдерде (мекемелерде) әскери бөлім (мекеме) командирінің (бастығының) шешімімен аттестаттау комиссиялары құрылады, ол бұйрықпен жарияланады.

      Ескерту. 150-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Президентінің 18.08.2022 № 986 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.

      151. Аттестаттау комиссияларына тиісті әскери бөлім (мекеме) командирінің (бастығының) шешімі бойынша жекелеген әскери қызметшілердің әскери қызмет өткеру мәселелерін қарау да жүктеледі.

      Ескерту. 151-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 18.08.2022 № 986 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.

30. Аттестаттау комиссиясының шешіміне шағымдану

      152. Аттестаттау жүргізілген адам аттестаттау тәртібінің бұзылуына және объективті болмауына шағымды аттестаттау нәтижелерімен танысқан күннен бастап үш айдан кешіктірмей, тікелей бастық арқылы (команда бойынша) жоғары тұрған лауазымды адамдарға бере алады. Бұл ретте әрқайсысының соттың қорғауына құқығы бар.

      Әскери қызметшінің шағымы негізді деп танылған жағдайда қайта аттестаттау жүргізіледі.

      Ескерту. 152-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 31.10.2017 № 574 Жарлығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

30-1. Президенттік резерв

      Ескерту. Қағидалар 30-1-тараумен толықтырылды - ҚР Президентінің 05.10.2019 № 182 Жарлығымен (жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      152-1. Президенттік резервте тұрған кандидаттар лауазымдар тізбесінде көзделген лауазымдарға тағайындалады.

      Осы Қағидалар Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрінің лауазымына қолданылмайды.

      Ескерту. 152-1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Президентінің 19.08.2023 № 626 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.

      152-2. Президенттік резервті бекітуді осы Қағидаларға сәйкес Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі Хатшысымен келісілген Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Әскери қауіпсіздік және қорғаныс бөлімінің (бұдан әрі – Әскери қауіпсіздік және қорғаныс бөлімі) ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы жүзеге асырады.

      Ескерту. 152-2-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Президентінің 03.01.2024 № 429 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.

      152-3. Президенттік резервті қалыптастыру әскери қызметшілерді іріктеудің, материалдарды дайындаудың, оған қабылдау мен шығарудың ерекше тәртібін айқындайды. Президенттік резервті қалыптастыру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру Әскери қауіпсіздік және қорғаныс бөліміне жүктеледі.

      152-4. Президенттік резервті қалыптастыру тоқсан сайын, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің және Ұлттық ұланының басшы лауазымдарына орналасу үшін кандидаттарға ағымдағы және перспективадағы қажеттіліктің болжамы ескеріле отырып жүзеге асырылады.

      Президенттік резерв:

      1) болжанатын лауазымға орналастыру үшін көзделген, қызмет өтіліне, білім және кәсіби даярлық деңгейіне байланысты талаптарды қамтитын біліктілік талаптарына сәйкес келетін;

      2) аттестаттау комиссиясының шешімі бойынша атқаратын лауазымына сәйкес келетін, оның ішінде жоғары тұрған лауазымға жоғарылатуға немесе кадр резервіне енгізуге ұсынылған;

      3) материалдарды жолдаған кезде тәртіптік жазалары болмаған әскери қызметшілердің қатарынан қалыптастырылады.

      Мемлекеттік органның бірінші басшысы мемлекеттік органдарға және халықаралық ұйымдарға іссапармен барған әскери қызметшілерді біліктілік талаптарына сәйкес келген кезде Президенттік резервке ұсынуы мүмкін.

      Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Аппаратына іссапармен барған, қойылатын талаптарға сәйкес келетін әскери қызметшілер Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі Аппаратының құрылымдық бөлімшесі басшысының, Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы орынбасарының әскери қызметшіні іссапарға жіберген мемлекеттік органның бірінші басшысымен келісілген ұсынымы бойынша Президенттік резервке алынуы мүмкін.

      Ескерту. 152-4-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Президентінің 11.04.2023 № 194 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 03.01.2024 № 429 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн қолданысқа енгізіледі) Жарлықтарымен.

      152-5. Президенттік резервке енгізу үшін кандидаттарды іріктеу әскери қызметшілердің жеке және іскерлік қасиеттерін, олардың қызметтік іс-әрекетінің нәтижелерін зерделеу мен бағалау және аттестаттау комиссиясының шешімі негізінде, сондай-ақ мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті орган бекіткен өлшемшарттар мен тәртіп негізінде ақпараттық кадр жүйесі арқылы қалыптастырылып жиналған балл (бұдан әрі – балл) ескеріліп жүргізіледі.

      Ескерту. 152-5-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Президентінің 29.07.2024 № 608 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.

      152-6. Тоқсан сайын, ағымдағы тоқсанның бірінші айының 10-күніне дейін Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің және Ұлттық ұланының кадр бөлімшелері Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігіне мынадай материалдарды қоса бере отырып, Президенттік резервке алу үшін ұсынылған әскери қызметшілердің тізімдерін жібереді:

      1) мемлекеттік органның бірінші басшысының:

      әскери қызметшінің іскерлік және жеке қасиеттері;

      болжанатын лауазымға орналасу үшін көзделген біліктілік талаптарына сәйкес келетіні;

      аттестаттау комиссиясының шешімі;

      Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің есептері бойынша тексеру нәтижелері;

      жиналған баллдары көрсетілген ұсынымы;

      2) белгіленген нысандағы фотосуреті бар, әскери қызмет өткергені туралы мәліметтер (қызметтік тізім).

      Мемлекеттік органның бірінші басшысы іссапармен барған әскери қызметшілерге қатысты сипаттаушы материалдарды тиісті әскери қызметші қызметін өткеріп жатқан органның (ұйымның) басшысынан сұратуға құқылы.

      Ұсынылған материалдардың толық еместігі немесе оларда қандай да бір нақты емес мәліметтер көрсетілгені анықталған жағдайда Президенттік резервке алу ұсынылған әскери қызметшілерге қатысты материалдар Әскери қауіпсіздік және қорғаныс бөлімінен кері қайтарылмай, мемлекеттік органдардың кадр бөлімшелерінің жоғарыда аталған кемшіліктерді жоюына болады.

      Кандидаттарды Президенттік резервке алуға қатысты материалдарды және лауазымға тағайындауды келісуге арналған ұсынуды бір мезгілде жіберуге жол берілмейді.

      Ескерту. 152-6-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Президентінің 11.04.2023 № 194 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР Президентінің 29.07.2024 № 608 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлықтарымен.

      152-7. Әскери қауіпсіздік және қорғаныс бөлімі тоқсан сайын:

      1) ұсынылған материалдардың анықтығын, толық болуын және Президенттік резервке ұсынылған әскери қызметшілердің осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келуін тексеруді ағымдағы тоқсанның екінші айының 20-күніне дейін жүзеге асырады, қажет болған кезде кандидатураларды алдын ала зерделейді және оларға қосымша тексеру жүргізеді;

      2) материалдарды қарау нәтижелері бойынша Президенттік резервке ұсынылған әскери қызметшілердің тізімін ағымдағы тоқсанның соңғы айының 20-күніне дейін қалыптастырады;

      3) Президенттік резерв бекітілгеннен кейін он күн ішінде мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына хабарлайды.

      Ескерту. 152-7-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Президентінің 11.04.2023 № 194 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.

      152-8. Әскери қауіпсіздік және қорғаныс бөлімі Президенттік резервке кандидаттардың тізімін қалыптастырғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысымен келіседі, содан кейін Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің Басшысына бекітуге енгізеді.

      Президенттік резервке алуға берілген ұсынуларды қарау нәтижесі бойынша Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:

      1) Президенттік резервке алынсын;

      2) Президенттік резервке алудан бас тартылсын.

      Ескерту. 152-8-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Президентінің 11.04.2023 № 194 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР Президентінің 03.01.2024 № 429 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн қолданысқа енгізіледі) Жарлықтарымен.

      152-9. Мемлекеттік органдардың кадр бөлімшелері Президенттік резервтің бекітілген тізімінен үзіндіні алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде әскери қызметшілерге Президенттік резервке енгізілгені туралы хабарлайды.

      152-10. Әскери қызметшінің Президенттік резервте болу мерзімі үш жылдан аспауы тиіс. Президенттік резервке енгізілген, бірақ онда болу кезеңінде жоғары тұрған басшы лауазымдарға тағайындалмаған адамдар жалпы негізде жаңадан енгізілуі мүмкін.

      Егер Мемлекет басшысы немесе оның Әкімшілігінің Басшысы өзгедей шешім қабылдамаса, жоғары тұрған басшы лауазымдарға тағайындау үшін Президенттік резервте болудың ең аз мерзімі кемінде үш ай болуға тиіс.

      Ескерту. 152-10-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Президентінің 11.04.2023 № 194 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.

      152-11. Әскери қызметші:

      1) қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін қылмыстық жауаптылыққа тартылған;

      2) қасақана құқық бұзушылық жасағаны үшін сот тәртібімен әкімшілік жауаптылыққа тартылған;

      3) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін тәртіптік жауаптылыққа тартылған;

      4) оған қызметіне толық сәйкес келмейтіні туралы ескерту, лауазымын бір сатыға төмендету, әскери атағын бір сатыға төмендету түрінде тәртіптік жаза қолданылған;

      5) Президенттік резервтен шығару туралы баянат берген;

      6) әскери қызметтен шығарылған;

      7) осы Қағидалардың 152-10-тармағында көзделген мерзім өткен;

      8) арнаулы мемлекеттік органдарға және құқық қорғау органдарына, азаматтық қорғау органдарына, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарға ауыстырылған;

      9) аттестаттаудың нәтижелері бойынша лауазымы төмендетілген не төмен тұрған әскери лауазымға ауыстырылған жағдайларда оны Президенттік резервтен шығару жүргізіледі.

      Ескерту. 152-11-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Президентінің 11.04.2023 № 194 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.

      152-12. Осы Қағидалардың 152-11-тармағында көзделген негіздер болғанда мемлекеттік органдардың кадр бөлімшелері Әскери қауіпсіздік және қорғаныс бөліміне ұсынған материалдарға сәйкес Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы әскери қызметшіні Президенттік резервтен шығару туралы шешім қабылдайды.

      Ескерту. 152-12-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Президентінің 11.04.2023 № 194 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.

      152-13. Осы Қағидалардың 152-11-тармағының 4) тармақшасына сәйкес Президенттік резервтен шығарылған әскери қызметшілер осы Қағидаларға сәйкес оны шығарудың негізі болған мән-жайлар жойылғаннан кейін бір жылдан ерте Президенттік резервке енгізілмеуі мүмкін.

      152-14. Президенттік резервте тұрған және одан әрі қызмет өткеру үшін Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне немесе Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланына ауыстырылған құқық қорғау органдарының қызметкерлері, арнаулы мемлекеттік органдардың және азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері мен әскери қызметшілері біліктілік талаптарына сәйкес келген кезде мемлекеттік органның бірінші басшысының өтінішхаты бойынша Президенттік резервке алынуы мүмкін.

      Ескерту. 152-14-тармақпен толықтырылды – ҚР Президентінің 11.04.2023 № 194 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.

31. Сыныптық біліктілік

      153. Әрбір әскери қызметшінің кәсіби шеберлігін дамытуды ынталандыру мақсатында уәкілетті органның бірінші басшысы белгілейтін тәртіппен сыныптық біліктілікті айқындау рәсімі жүргізіледі.

32. Әскери қызметшілерді әскери қызметтен шығару тәртібi

      154. Әскери қызметшілерді әскери қызметтен шығару Заңның 26-бабында айқындалған негіздер бойынша жүргізіледі. Бұл ретте запасқа немесе отставкаға шығару уәкілетті органның лауазымды адамдар тізбесіне сәйкес осыған құқығы бар лауазымды адамының бұйрығымен жүргізіледі.

      Әскери қызметшіні әскери бөлімнің (мекеменің) тізімдерінен шығару істер мен лауазым тапсырылғаннан кейін жүргізіледі.

      Қажет болған жағдайларда, істер мен лауазымды тапсыру Ішкі қызмет жарғысында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде жүргізіледі, әскери бөлімнің (мекеменің) командирі (бастығы) жеке құрам бойынша бұйрықтан үзінді келіп түскен кезден бастап оның басталғанын белгілейді.

      Әскери қызметші істер мен лауазымды тапсырудан жалтарған немесе бас тартқан кезде, әскери бөлімнің (мекеменің) тізімдерінен шығару комиссия мүшелері қол қойған және әскери бөлімнің (мекеменің) командирі (бастығы) үш жұмыс күні ішінде бекіткен актінің негізінде белгіленген мерзімнен кешіктірілмей жүргізіледі.

      Әскери қызметші істер мен лауазымды тапсырмаған өзге жағдайларда әскери бөлімнің (мекеменің) тізімдерінен шығару белгіленген мерзім өткенге дейін, әскери қызметшінің есебінде тұрған материалдық құралдар көрсетілген оның тікелей командирінің (бастығының) баянаты негізінде жүргізіледі.

      Әскери қызметші демалыста, емделуде немесе қызметтік іссапарда болған жағдайда, әскери бөлімнің (мекеменің) тізімдерінен шығару жүргізілмейді.

      Ескерту. 154-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 18.08.2022 № 986 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.

      155. Заңның 26-бабының 5, 6-тармақтарына сәйкес әскерге шақыру бойынша әскери қызмет өткеретін әскери қызметшілерді мерзімінен бұрын әскери қызметтен шығару әскери-дәрігерлік комиссияның қорытындысы, отбасылық-мүліктік жағдайын зерттеп-қарау актісі және әскери қызметтен шығару мән-жайларын растайтын басқа да құжаттар негізінде жүргізіледі.

      Ескерту. 155-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 18.08.2022 № 986 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.

      156. Әскери бөлімнің (мекеменің) командирі (бастығы) немесе уәкілетті лауазымды адам әскери қызметшіні әскери қызметте болудың шекті жасына толуы, келісімшарт мерзімінің аяқталуы немесе әскери бөлімнің (мекеменің) штаттарын қысқартуға байланысты алдағы уақытта әскери қызметтен шығарылуы туралы алдын ала (кемінде бір ай бұрын) жазбаша хабардар етеді.

      Әскери қызметшіні әскери қызметтен шығару туралы жеке құрам бойынша бұйрықтан үзінді оның назарына қолтаңбасын қойғызып жеткізіледі. Әскери қызметші демалыста, емделуде немесе қызметтік іссапарда болған жағдайда бұйрықтан үзінді оның назарына қайтып оралғаннан кейін жеткізіледі.

      Ескерту. 156-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Президентінің 31.10.2017 № 574 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 18.08.2022 № 986 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлықтарымен.

      157. Келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеретін әскери қызметшіде әскери қызметтен шығару үшін бірнеше негіз болған кезде ол Заңның 26-бабы 1-тармағының 7), 8), 9), 11) тармақшаларында көзделген жағдайларды қоспағанда, өзі таңдаған негіз бойынша қызметтен шығарылады.

      Ескерту. 157-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 18.08.2022 № 986 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.

      158. Әскерге шақыру бойынша әскери қызметшілер әскери қызметтен қызмет мерзімі аяқталғаннан кейін шығарылады, бұл ретте:

      1) офицерлер құрамы лауазымды адамдар тізбесіне сәйкес уәкілетті лауазымды адамның бұйрығымен шығарылады;

      2) мерзімді қызмет әскери қызметшілері Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы негізінде уәкілетті орган бірінші басшысының бұйрығымен шығарылады.

      159. Әскери қызметшілерді денсаулық жағдайы бойынша әскери қызметтен шығару Әскери-дәрігерлік сараптама жүргізу қағидаларына сәйкес әскери-дәрігерлік комиссияның қорытындысы негізінде жүргізіледі.

      Әскери бөлім (мекеме) әскери-дәрігерлік комиссияның қорытындысын алғаннан кейін әскери қызметтен шығаруға ұсынуды (мерзімді әскери қызметтің әскери қызметшілері үшін – баянатты) ресімдеу жүргізіледі.

      Ескерту. 159-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 18.08.2022 № 986 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.

      160. Әскери бөлімнің (мекеменің) штаттарын қысқартуға байланысты әскери қызметтен шығару басқа әскери лауазымдарға тағайындау мүмкіндігі болмаған және әскери қызметші төменгі лауазымға тағайындаудан бас тартқан жағдайларда жүргізіледі.

      Ескерту. 160-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 18.08.2022 № 986 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.

      161. Қазақстан Республикасының құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдарына ауысуды қоспағанда, мемлекеттік қызметке немесе мемлекеттік мекемелерге ауысуына байланысты әскери қызметтен шығару мемлекеттік органның немесе мемлекеттік мекеменің бірінші басшысынан әскери қызметшінің мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға арналған конкурстан табысты өткені және оны мемлекеттік қызметке қабылдауға дайын екені туралы хабарлама келіп түскен кезде, әскери қызметшінің баянаты бойынша жүргізіледі.

      Ескерту. 161-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 18.08.2022 № 986 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.

      162. Келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеретін әскери қызметшіні оған қатысты келісімшарт талаптарының елеулі және (немесе) жүйелі түрде бұзылуына байланысты әскери қызметтен шығару әскери қызметшінің баянаты және өзге де растайтын құжаттар негізінде жүргізіледі. Әскери қызметшіні осы негіз бойынша әскери қызметтен шығарудан бас тартылған жағдайда, әскери бөлімнің (мекеменің) командирі (бастығы) келісімшарт талаптарының сақталу фактісін құжатпен растауға тиіс.

      Ескерту. 162-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 18.08.2022 № 986 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.

      163. Әскери қызметшіні отбасы жағдайлары бойынша шығару әскери-дәрігерлік комиссияның қорытындысы, отбасы-мүліктік тексеру актісі және шығару жағдайларын растайтын басқа да құжаттар негізінде жүргізіледі.

      164. Әскери қызметші Қазақстан Республикасының өкілді органдарына сайланған немесе тағайындалған жағдайда, ол тиісті бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған сайлау қорытындылары негізінде қызметтен шығарылуға тиіс.

      Ескерту. 164-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 31.10.2017 № 574 Жарлығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      165. Әскери қызметші судья лауазымына сайланған немесе тағайындалған жағдайда оны тағайындау туралы тиісті актінің немесе оның тағайындалғаны туралы уәкілетті органның хабарламасы негізінде қызметтен шығарылуға тиіс.

      Ескерту. 165-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 31.10.2017 № 574 Жарлығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      166. Әскери қызметшілерді Қазақстан Республикасы азаматтығының тоқтатылуына байланысты қызметтен шығару Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығару туралы тиісті Жарлығы күшіне енген күннен бастап немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен уәкілетті мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалтуды тіркеген күнінен бастап уәкілетті басшының шешімімен жүргізіледі.

      Ескерту. 166-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 31.10.2017 № 574 Жарлығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      167. Егер арнаулы тексерудің нәтижесінде әскери қызметшіге мемлекеттік құпияларға рұқсатты ресімдеуге кедергі келтіретін мән-жайлар анықталған жағдайда, оны мемлекеттік құпияларға рұқсат ресімдеу талап етілмейтін әскери лауазымға тағайындау мүмкін болмаған кезде, уәкілетті мемлекеттік органның арнаулы тексеруінің нәтижелері бойынша одан әрі әскери қызмет өткерудің мүмкін болмауына байланысты әскери қызметтен шығару жүргізіледі.

      Ескерту. 167-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 18.08.2022 № 986 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.

      167-1. Техникалық және кәсіптік білім беру бағдарламаларын іске асыратын әскери оқу орындарының түлектерін, сондай-ақ әскери интерндерді, магистранттарды, докторанттар мен адъюнкттерді оқудан шығару жағдайларын қоспағанда, әскери қызметшілерді әскери, арнаулы оқу орнынан шығарылуына байланысты әскери қызметтен шығару осы оқу орындары бастықтарының (басшыларының) оқудан шығару туралы бұйрығы негізінде жүргізіледі.

      Ескерту. Қағидалар 167-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Президентінің 31.10.2017 № 574 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен; жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 18.08.2022 № 986 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.

      168. Әскери қызметшілерді теріс себептер бойынша әскери қызметтен шығару:

      1) қылмыс жасағаны үшін соттың айыптау үкімінің заңды күшіне енуіне байланысты – соттың әскери бөлімге (мекемеге) келіп түскен, заңды күшіне енген айыптау үкімінің негізінде;

      2) қылмыс жасағаны үшін қылмыстық жауаптылықтан Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабы бірінші бөлігінің 3), 4), 9), 10) және 12) тармақтары немесе 36-бабы негізінде босатылуына байланысты – соттың әскери бөлімге (мекемеге) келіп түскен, заңды күшіне енген айыптау үкімінің немесе прокурор бекіткен қылмыстық қудалау органы қаулысының негізінде;

      3) әскери қызмет міндеттерін атқару кезінде медициналық ұйымда жүргізілген медициналық куәландыру нәтижелерімен расталған психикаға белсенді әсер ететін затты тұтыну немесе масаң күйде болу, сондай-ақ одан өтуден бас тарту немесе жалтару фактісінің анықталуына байланысты – қызметтік тергеп-тексеру қорытындысы негізінде;

      4) медициналық ұйымда жүргізілген медициналық куәландыру нәтижелерімен расталған, қызметтен тыс уақытта есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді медициналық емес мақсатта тұтыну фактісінің анықталуына байланысты – қызметтік тергеп-тексеру қорытындысы негізінде;

      5) келісімшарт талаптарын жүйелі түрде (екі және одан көп рет) бұзған жағдайда – қызметтік тергеп-тексеру қорытындысы негізінде және осы Қағидаларға сәйкес әскери бөлімнің (мекеменің) аттестаттау комиссиясы аталған фактілерді қарағаннан кейін;

      6) жасалған күніне қарамастан, Заңның 38-бабының 2-тармағында көрсетілген мәліметтер ұсынылмаған немесе бұрмаланған жағдайларда – өз нәтижесінде әскери қызметке кіру кезінде әскери қызметке қабылдаудан бас тартуға негіз бола алатын көрінеу жалған құжаттарды немесе мәліметтерді ұсыну фактісі анықталатын қызметтік тергеп-тексеру қорытындысы негізінде;

      7) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен әскери атағынан айыруға байланысты – соттың әскери бөлімге (мекемеге) келіп түскен, заңды күшіне енген айыптау үкімінің негізінде, ал жоғары офицерлер құрамының адамдары үшін – Қазақстан Республикасы Президентінің әскери атағынан айыру туралы Жарлығы келіп түскен кезде;

      8) Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органы немесе ішкі істер органы әскери қызметшісінің қатарынан үш және одан көп сағат бойы дәлелді себепсіз қызметте болмауына байланысты – қызметтік тергеп-тексеру қорытындысы негізінде;

      9) мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді, олардың жеткізгіштерін жария етуге немесе жоғалтуға әкеп соқтырған, құпиялылық режимін қамтамасыз ету жөніндегі белгіленген талаптарды бұзуға байланысты – соттың әскери бөлімге (мекемеге) келіп түскен, заңды күшіне енген айыптау үкімінің негізінде;

      10) Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында және "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңында айқындалған жағдайларда – қызметтік тергеп-тексеру қорытындысы негізінде;

      11) әскери қызметке кір келтіретін теріс қылық жасауға байланысты – қызметтік тергеп-тексеру қорытындысы негізінде жүргізіледі.

      Ескерту. 168-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 18.08.2022 № 986 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.

      169. Аттестаттау қорытындылары бойынша қызметі бойынша сәйкес еместігі анықталған әскери қызметшілерді шығару тиісті командир (бастық) бекіткен аттестаттау комиссиясының шешімі негізінде жүргізіледі.

      170. Белгіленген мерзiмдi өткерген адамдарды әскери қызметтен шығару төтенше немесе соғыс жағдайы енгiзілген жағдайда ол қолданылған кезеңге тоқтатыла тұрады.

      Бұл ретте олармен жасалған келісімшарт төтенше жағдай немесе соғыс жағдайы кезеңінің ішінде қолданылады.

      Ескерту. 170-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Президентінің 18.08.2022 № 986 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.
      171. Алып тасталды - ҚР Президентінің 31.10.2017 № 574 Жарлығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      172. Әскери қызметтен шығарылған адамдар қызметтен шығару туралы шешімге жоғары тұрған қолбасшылық алдында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен сотта шағым жасауға құқылы.

      Ескерту. 172-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 18.08.2022 № 986 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.
      173. Алып тасталды - ҚР Президентінің 31.10.2017 № 574 Жарлығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады