Мүгедектер құқықтары туралы декларация

Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының он үшінші сессиясының 1975 жылғы 9 желтоқсандағы 3447(XXX) қарары

      Бас Ассамблея,
      мүше мемлекеттердің Біріккен Ұлттар Ұйымының Жарғысына сәйкес өмір сүру деңгейін көтеруге, толықтай жұмыспен қамтуға және экономикалық, әлеуметтік салалардың ілгерілеуі мен дамуы үшін жағдай жасауға көмек көрсету мақсатында Ұйыммен ынтымақтастық орнатуда бірігіп, сонымен қатар жекеше түрде әрекет ету міндеттемелерін ұғына отырып,
      Жарғыда жарияланған адам құқықтары мен негізгі бостандықтарына, сондай-ақ әлемдік қағидаларға, адамның жеке басы мен әлеуметтік әділдіктің артықшылықтары мен құндылықтарына сенімін қайта растай отырып,
      адам құқықтарының Жалпыға ортақ декларациясының, адам құқықтары туралы Халықаралық пактілердің *(2), бала құқықтары туралы Декларацияның және ақыл-есі кем тұлғалардың құқықтары туралы Декларацияның *(4) қағидалары туралы, сонымен қатар Халықаралық еңбек ұйымының, Біріккен Ұлттар Ұйымының білім, ғылым және мәдениет жөніндегі мәселелері бойынша, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының, Біріккен Ұлттар Ұйымының Балалар қорының және тағы басқа да мүдделі ұйымдардың құрылтайшылық актілерінде, конвенцияларында, ұсыныстары мен қарарларында жарияланған әлеуметтік ілгерілеу нормалары туралы ескерте отырып,
      сондай-ақ, Экономикалық және Әлеуметтік Кеңестің 1975 жылдың 6 мамырында қабылдаған еңбекке жарамдылық қабілетінен айырылудың алдын алу және мүгедектердің еңбекке қабілетін қайта қалпына келтіру туралы 1921 (LVIII) Қарарына жүгіне отырып,
      Әлеуметтік ілгерілеу мен даму Декларациясында *(5) физикалық кемтар және ақыл-есі кем адамдардың құқықтарын қорғау, әл-ауқатын қамтамасыз ету және еңбекке жарамдылық қабілетін қалпына келтіру қажеттіліктері жарияланатынына ерекше назар аудара отырып,
      физикалық және ақыл-ой кемтарлығынан туындаған мүгедектіліктің алдын алу, түрлі қызмет салаларында мүгедектерге өз қабілеттерін дамытуда жәрдем көрсету қажеттіліктерін, сонымен қатар барлық мүмкін болатын шаралар пайдалана отырып оларды қалыпты қоғам өміріне араластыруға қолғабыс ету қажеттілігін ескере отырып,
      кейбір елдердің дамудың мұндай кезеңінде аталмыш мақсаттарға тек шектеулі ғана күш жұмсайтынын мойындай отырып,
      осы мүгедектер құқықтары туралы Декларацияны жариялай отырып, Декларацияны келесідей құқықтарды қорғауда ұстанатын нұсқаулық негізінде және сол құқықтардың жалпы негізі қызметін атқаратын деңгейге жеткізу мақсатында ұлттық және халықаралық жоспар бойынша шаралар қолдануды сұрайды:
      1. «Мүгедек» ұғымы туа біткеннен немесе басқалай пайда болған тұлғаның физикалық немесе ақыл-ой кемтарлығының себебінен өздігінен толықтай немесе жартылай қалыпты жеке және/немесе әлеуметтік өмір қажеттіліктерін қамтамасыз ете алмайтын кез-келген тұлға мағынасын білдіреді.
      2. Мүгедектер осы Декларацияда мазмұндалған барлық құқықтарды пайдалануға міндетті. Бұл құқықтар қандай да болмасын ерекшеліктерсіз, нәсілдік белгілері, терісінің түсі, жынысы, тілі, діни сенімі, саяси немесе басқа да көзқарастары, ұлттық немесе әлеуметтік болмысы, материалдық жағдайы, туылуы немесе басқа да кез-келген факторлар бойынша қандай да бір айырмашылықтар мен дискриминациясыз сол мүгедекке немесе оның отбасына қатысы бар ма жоқ па одан тәуелсіз барлық мүгедектерге қатысты болуы тиіс.
      3. Мүгедектердің өздерінің адамзатқа тән абыройын құрметтелуі болып табылатын тартып алынбайтын құқыққа ие. Мүгедектер, болмысы, зағиптылығы немесе кемтарлығының сипаты мен қиыншылығы қандай да болмасын сол жастағы басқа да азаматтар секілді дәл сондай негізгі құқықтарға ие, бұл бірінші кезекте неғұрлым қалыпты және толыққанды болатын қанағаттанарлықтай өмірге құқығына ие дегенді білдіреді.
      4. Мүгедектер басқа датұлғалар секілді азаматтық және саяси құқықтарға ие; ақыл-ойы кемтар тұлғалардың құқықтары туралы Декларацияның 7 тармағы ақыл-ойы кем тұлғаларға қатысты аталмыш құқықтарды кез-келген мүмкін болатын шектеулер немесе қысым жасауға қатысты қолданылады.
      5. Мүгедектер өздеріне неғұрлым дербес болу мүмкіндігін беруге бағытталған шараларға құқылы.
      6. Мүгедектер медициналық, психикалық немесе функционалдық емделуге, оның ішінде протездік және ортопедиялық аппараттарға, денсаулығын және қоғамдағы жағдайын қалпына келтіруге, білім алуға, кәсіптік қолөнер дайындығына және еңбекке жарамдылығын қалпына келтіруге, көмек алуға, кеңес алуға, жұмысқа орналастыру қызметтерін алуға және тағы басқа да оларға өз қабілеттері мен мүмкіндіктерін максималды түрде көрсетуге мүмкіндік беретін, олардың әлеуметтік интеграциясы немесе реинтеграциясын тездететін қызмет көрсету түрлеріне құқылы.
      7. Мүгедектер экономикалық және әлеуметтік қамтамасыздандырылуға және қанағаттанарлықтай өмір деңгейіне құқылы. Олар өз мүмкіндіктеріне сәйкес жұмыс орындарын алуға және сақтап қалуға немесе пайдалы, өнімді және табысты қызметпен айналасуға, кәсіподақ ұйымдардың мүшелері болуға құқылы.
      8. Мүгедектер экономикалық және әлеуметтік жоспарлаудың барлық кезеңінде өздерінің ерекше қажеттіліктерінің назарға алынуына құқылы.
      9. Мүгедектер өз отбасыларының ортасында немесе оны алмастыратын ортада өмір сүруге және шығармашылықпен немесе бос уақытын өткізуге байланысты қоғамдық қызметтің барлық түрлеріне қатысуға құқылы. Ал тұрғылықты жеріне келер болсақ, ешбір мүгедек денсаулық жағдайының себебінен немесе денсаулығының жақсаруына әкеліп соғу себебінен ерекше күтімді қажет етпейтін жағдайға ұшырамауы тиіс. Егер де мүгедектің арнайы мекемеде болуы қажет болса, онда сол мекемедегі орта мен өмір сүру жағдайлары соғұрлым сол жастағы басқа да азаматтардың қалыпты ортасы мен өмір сүру жағдайларына сәйкес болуы тиіс.
      10. Мүгедектер қандай да болмасын эксплуатациядан, кез-келген регламентация түрінен және дискриминациялық, ар-намысынына тию немесе абыройын төмендету сипатындағы іс-әрекеттерден қорғалуы тиіс.
      11. Мүгедектер жеке бастарын және мүліктерін қорғау үшін қажет болған жағдайда білікті заңгерлік көмек алу мүмкіндігіне ие болуы тиіс, егер де олар соттық қудалау нысанына айналса, олар өздерінің физикалық немесе ақыл-ес жағдайының толықтай ескерілуімен әдеттегі іс-шараларды қолдануы тиіс.
      12. Мүгедектер ұйымдарымен мүгедектер құқықтарына қатысты барлық мәселелер бойынша пайдалы кеңес беру шаралары жүргізіледі.
      13. Мүгедектер, олардың отбасылары мен қоғамдастықтары осы Декларацияда берілген құқықтар туралы барлық мүмкін болатын құралдар арқылы толықтай ақпараттандырылуы тиіс.
_______________________________________
      *(1) 217 A (III) Қарар.
      *(2) 2200 A (XXI) Қарар, қосымша.
      *(3) 1386 (XIV) Қарар.
      *(4) 2856 (XXVI) Қарар.
      *(5) 2542 (XXIV) Қарар.

Declaration on the Rights of Disabled Persons

Proclaimed by General Assembly resolution 3447 (XXX) of 9 December 1975

      The General Assembly,
      Mindful of the pledge made by Member States, under the Charter of the United Nations to take joint and separate action in co-operation with the Organization to promote higher standards of living, full employment and conditions of economic and social progress and development,
      Reaffirming its faith in human rights and fundamental freedoms and in the principles of peace, of the dignity and worth of the human person and of social justice proclaimed in the Charter,
      Recalling the principles of the Universal Declaration of Human Rights, the International Covenants on Human Rights, the Declaration of the Rights of the Child and the Declaration on the Rights of Mentally Retarded Persons, as well as the standards already set for social progress in the constitutions, conventions, recommendations and resolutions of the International Labour Organisation, the United Nations Educational, Scientific and Cultural Organization, the World Health Organization, the United Nations Children's Fund and other organizations concerned,
      Recalling also Economic and Social Council resolution 1921 (LVIII) of 6 May 1975 on the prevention of disability and the rehabilitation of disabled persons,
      Emphasizing that the Declaration on Social Progress and Development has proclaimed the necessity of protecting the rights and assuring the welfare and rehabilitation of the physically and mentally disadvantaged,
      Bearing in mind the necessity of preventing physical and mental disabilities and of assisting disabled persons to develop their abilities in the most varied fields of activities and of promoting their integration as far as possible in normal life,
      Aware that certain countries, at their present stage of development, can devote only limited efforts to this end,
      Proclaims this Declaration on the Rights of Disabled Persons and calls for national and international action to ensure that it will be used as a common basis and frame of reference for the protection of these rights:
      1. The term "disabled person" means any person unable to ensure by himself or herself, wholly or partly, the necessities of a normal individual and/or social life, as a result of deficiency, either congenital or not, in his or her physical or mental capabilities.
      2. Disabled persons shall enjoy all the rights set forth in this Declaration. These rights shall be granted to all disabled persons without any exception whatsoever and without distinction or discrimination on the basis of race, colour, sex, language, religion, political or other opinions, national or social origin, state of wealth, birth or any other situation applying either to the disabled person himself or herself or to his or her family.
      3. Disabled persons have the inherent right to respect for their human dignity. Disabled persons, whatever the origin, nature and seriousness of their handicaps and disabilities, have the same fundamental rights as their fellow-citizens of the same age, which implies first and foremost the right to enjoy a decent life, as normal and full as possible.
      4. Disabled persons have the same civil and political rights as other human beings; paragraph 7 of the Declaration on the Rights of Mentally Retarded Persons applies to any possible limitation or suppression of those rights for mentally disabled persons.
      5. Disabled persons are entitled to the measures designed to enable them to become as self-reliant as possible.
      6. Disabled persons have the right to medical, psychological and functional treatment, including prosthetic and orthetic appliances, to medical and social rehabilitation, education, vocational training and rehabilitation, aid, counselling, placement services and other services which will enable them to develop their capabilities and skills to the maximum and will hasten the processes of their social integration or reintegration.
      7. Disabled persons have the right to economic and social security and to a decent level of living. They have the right, according to their capabilities, to secure and retain employment or to engage in a useful, productive and remunerative occupation and to join trade unions.
      8. Disabled persons are entitled to have their special needs taken into consideration at all stages of economic and social planning.
      9. Disabled persons have the right to live with their families or with foster parents and to participate in all social, creative or recreational activities. No disabled person shall be subjected, as far as his or her residence is concerned, to differential treatment other than that required by his or her condition or by the improvement which he or she may derive therefrom. If the stay of a disabled person in a specialized establishment is indispensable, the environment and living conditions therein shall be as close as possible to those of the normal life of a person of his or her age.
      10. Disabled persons shall be protected against all exploitation, all regulations and all treatment of a discriminatory, abusive or degrading nature.
      11. Disabled persons shall be able to avail themselves of qualified legal aid when such aid proves indispensable for the protection of their persons and property. If judicial proceedings are instituted against them, the legal procedure applied shall take their physical and mental condition fully into account.
      12. Organizations of disabled persons may be usefully consulted in all matters regarding the rights of disabled persons.
      13. Disabled persons, their families and communities shall be fully informed, by all appropriate means, of the rights contained in this Declaration.