* Қол қойылған күнінен бастап күшіне енді - Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары бюллетені, 2003 ж., N 10, 63-құжат.
Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Yндiстан Республикасының Yкiметi, бұдан былай "Екi Жақ" деп аталады,
тарихи және дәстүрлi достық сезiмiн басшылыққа алып,
мәдениет, өнер, бiлiм беру, ғылым, туризм, спорт пен бұқаралық хабарлама құралдары саласында екi Жақтың және халықтарының арасындағы мызғымас достық пен ынтымақтастықты дамыту мен нығайтуды қалайтынын жариялай отырып,
төмендегiлер туралы келiстi:
1-бап
Екi Жақ өзiнiң мәдениет, өнер, бiлiм беру, ғылым, туризм, спорт және бұқаралық хабарлама құралдары саласындағы ынтымақтастығын қолдап, нығайта берудi қалайтынын бiлдiредi.
2-бап
Екi Жақ өзара мәдени алмасуға көмектесiп, ынтымақтастықты ынталандыруды, екi елдiң (жалпы) бiлiм беретiн, ғылыми, мәдени, спорт және зерттеу мекемелерi арасындағы қарым-қатынастардың дамуына қолдау жасауды қалайтынын бiлдiредi.
3-бап
Екi Жақ өзiнiң мүмкiндiгi мен қажеттiгiне қарай, екiншi Жақ оның (жалпы) бiлiм беретiн мәдени, ғылыми және техникалық мекемелерiнде оқу мен даярлауға және мамандануға жiберетiн азаматтарды қабылдайтын болады.
4-бап
Екi Жақ осы Келiсiмнiң шарттарын орындауға арналған ықтимал барлық құралдарды қамтамасыз ету үшiн қажеттi шаралардың бәрiн қолдануды мiндетiне алады.
5-бап
Осы Келiсiмнiң шарттарын орындау мақсатында Екi Жақ әр Жақтың теңбе-тең өкiлдерiнен тұратын Топ құруға келiстi. Топ өзiнiң алдына:
а) егжей-тегжейлi алмасу бағдарламасын тұжырымдау;
б) осы Келiсiмнiң орындалу барысын ұдайы бақылауда ұстау мақсатын қояды.
Топ қажет болуына қарай жиналатын болады.
6-бап
Осы Келiсiм оған қол қойылған күннен бастап күшiне енуге тиiс және бес жыл бойы қолданылатын болады. Егер екi Жақтың бipeуi Келiсiмнiң қолданылуын тоқтатқысы келетiнi туралы екiншi Жақты Келiсiмнiң қолданылу мерзiмi аяқталардан 6 ай бұрын хабарламаған жағдайда бұл мерзiм тағы да бiр 5 жылдық кезеңге өздiгiнен ұзартылуға тиiс.
Нью Делиде 1992 жылғы 22 ақпанда екi дана етiп әрқайсысы қазақ, орыс, хинди және ағылшын тiлдерiнде жасалған, әрi барлық текстiң де нұсқалылығы бiрдей.
(Қолдары)