Жоғары мемлекеттік органдардың пайдалануға қосылған объектілерін тиімді пайдалану мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасы (келісім бойынша) белгіленген тәртіппен:
1) Астана қаласында Бейбітшілік көшесі, 11 мекен-жайы бойынша орналасқан Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі мен Премьер-Министрі Кеңсесінің ғимаратының Қазақстан Республикасының Президенті Іс Басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы "Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі мен Үкіметінің әкімшілік ғимараттарының дирекциясы" республикалық мемлекеттік кәсіпорнының балансына;
2) Қазақстан Республикасы Парламентінің Астана қаласында Абай
даңғылы, 57 мекен-жайы бойынша орналасқан 400 орынды мәжіліс залы бар
ғимаратының шаруашылық жүргізу құқығындағы "Қазақстан Республикасы
Парламентінің өндірістік-пайдалану кәсіпорны" республикалық мемлекеттік
кәсіпорнының балансына қабылдануын қамтамасыз етсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Оқығандар:
Қобдалиева Н.М.
Орынбекова Д.К.