Қазақстан Республикасы жоғары мемлекеттік органдарының Астана қаласында орналасқан, жаңадан пайдалануға қосылған объектілерін беру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 2000 жылғы 3 қаңтар N 8

      Жоғары мемлекеттік органдардың пайдалануға қосылған объектілерін тиімді пайдалану мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасы (келісім бойынша) белгіленген тәртіппен:
      1) Астана қаласында Бейбітшілік көшесі, 11 мекен-жайы бойынша орналасқан Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі мен Премьер-Министрі Кеңсесінің ғимаратының Қазақстан Республикасының Президенті Іс Басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы "Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі мен Үкіметінің әкімшілік ғимараттарының дирекциясы" республикалық мемлекеттік кәсіпорнының балансына;
      2) Қазақстан Республикасы Парламентінің Астана қаласында Абай

 

даңғылы, 57 мекен-жайы бойынша орналасқан 400 орынды мәжіліс залы бар

ғимаратының шаруашылық жүргізу құқығындағы "Қазақстан Республикасы

Парламентінің өндірістік-пайдалану кәсіпорны" республикалық мемлекеттік

кәсіпорнының балансына қабылдануын қамтамасыз етсін.

     2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

      Премьер-Министрі



   Оқығандар:

  Қобдалиева Н.М.

  Орынбекова Д.К.     





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады