Түсті және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын жинаумен (дайындаумен), сақтаумен, өңдеумен және сатумен айналысатын шаруашылық субъектілерінің қызметін бақылауды күшейту жөніндегі шаралар туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 2000 жылғы 6 қаңтар N 23

      Түсті және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын жинаумен (дайындаумен), сақтаумен, өңдеумен және сатумен айналысатын шаруашылық субъектілерінің қызметін мемлекеттік бақылауды күшейту мақсатында:
      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
 
      1. Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігі:
      "Қайталама қара және түстi металдар рыногы туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 13 наурыздағы N 383 қаулысымен белгіленген біліктілік талаптарына сәйкес келмейтін заңды тұлғаларды анықтау жөнінде іс-шаралар жүргізсін және ашылған кемшіліктерді жою жөнінде іс-шаралар жүргізсін;
      облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдерімен келісу бойынша түсті және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын жинаумен (дайындаумен), сақтаумен, өңдеумен және сатумен айналысатын мамандандырылған ұйымдар желісін жетілдіру жөнінде ұсыныстар дайындасын.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2001.08.27. N 1105 , 2005.04.14. N 353 қаулыларымен.
 
      2. Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі Қазақстан Республикасының Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмысқа қарсы күрес жөнiндегi агенттігiмен (қаржы полициясы) және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Кедендiк бақылау комитетімен бірлесіп, рұқсаттық құжаттары жоқ түсті және қара металл сынықтары мен қалдықтарын қабылдау пункттері қызметінің жолын кесу жөніндегі іс-шараларды жүзеге асырсын және олардың іске асырылу барысы туралы Қазақстан Республикасының Үкіметіне тоқсан сайын ақпарат беріп отырсын. <*>
      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2003.02.06. N 135 , өзгерту енгізілді - 2004.09.06. N 936 , 2005.04.14.  N 353 қаулыларымен.
 
      3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгінiң Кедендiк бақылау комитетi Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Сыртқы экономикалық қызметі тауар номенклатурасының* (бұдан әрi - ЕурАзЭҚ СЭҚ TH) 7204** кодтары бойынша қара және түсті металдардың сынықтары мен қалдықтарын, сондай-ақ ЕурАзЭҚ СЭҚ ТН 7302, 8607** кодтары бойынша қолданыста болған рельстердi, темiр жол төсенiші мен жылжымалы құрамның элементтерiн Қазақстан Республикасының кедендiк аумағынан контрабандалық әкетудiң жолын кесу мақсатында тек қана темiр жол және теңiз көлігімен экспорттауға рұқсат берсiн.
      * Тауар номенклатурасы тауардың ЕурАзЭҚ СЭҚ TH кодымен де, атауымен де белгiленедi.
      ** Көлiк түрлерi бойынша экспортты шектеу көрсетiлген тауарлар нақты жағдайда баратын елi болып табылатын Еуропалық Одаққа мүше елдердiң аумағына экспортталған жағдайда қолданылмайды.
      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2005.04.14. N 353 , өзгерту енгізілді - 2007.11.16. N 1090 қаулыларымен.
 
       3-1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Кедендік бақылау комитетi қара және түстi металдардың сынықтары мен қалдықтарының, сондай-ақ бұрын қолданыста болған рельстердiң, темiр жол төсенiшi мен жылжымалы құрам элементтерiнiң транзитi кезiнде iлеспе құжаттарда көрсетiлген жүктiң нақты болуына бақылауды күшейтсiн.
     Ескерту. 3-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2005.04.14. N 353 қаулысымен.
 
     4. <*>
     Ескерту. 4-тармақ алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2000.03.13. N 383 қаулысымен .
 
    5. Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлігі 2000 жылдың 1 наурызына дейін мерзімде осы қаулының қабылдануына байланысты қолданылып жүрген заңдарды жетілдіру
жөнінде ұсыныстар дайындасын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің қарауына енгізсін.
 
     6. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері Энергетика, индустрия және сауда министрлігіне осы қаулыны іске асыруда жәрдем көрсетсін.
 
     7. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
 
     Қазақстан Республикасының
     Премьер-Министрі
 

О мерах по усилению контроля за деятельностью хозяйствующих субъектов, занятых сбором (заготовкой), хранением, переработкой и реализацией лома и отходов цветных и черных металлов

Постановление Правительства Республики Казахстан от 6 января 2000 года N 23

      В целях усиления государственного контроля за деятельностью субъектов, занятых сбором (заготовкой), хранением, переработкой и реализацией лома и отходов цветных и черных металлов Правительство Республики Казахстан постановляет: 

      1. Министерству индустрии и торговли Республики Казахстан: 
      провести мероприятия по выявлению юридических лиц, не соответствующих квалификационным требованиям, установленным постановлением Правительства Республики Казахстан от 13 марта 2000 года  N 383  "О рынке вторичных черных и цветных металлов", и принять меры по устранению выявленных недостатков; 
      по согласованию с акимами областей, городов Астаны и Алматы подготовить предложения по усовершенствованию сети специализированных организаций, занятых сбором (заготовкой), хранением, переработкой и реализацией лома и отходов цветных и черных металлов.  <*>
       Сноска. В пункт 1 внесены изменения - постановлением Правительства РК от 27 августа 2001 г. N 1105  P011105_   ; от 14 апреля 2005 г.  N 353  .

      2. Министерству внутренних дел Республики Казахстан совместно с Агентством Республики Казахстан по борьбе с экономической и коррупционной преступностью (финансовая полиция) и Комитетом таможенного контроля Министерства финансов Республики Казахстан осуществлять мероприятия по пресечению деятельности пунктов приема лома и отходов цветных и черных металлов, не имеющих разрешительных документов, и ежеквартально представлять информацию в Правительство Республики Казахстан о ходе их реализации.  <*>

      Сноска. Пункт 2 - в редакции постановления Правительства РК от 6 февраля 2003 г.  N 135  . Внесены изменения - постановлением Правительства РК от 6 сентября 2004 г.  N 936  ; от 14 апреля 2005 г.  N 353  .
 

      3. Комитету таможенного контроля Министерства финансов Республики Казахстан в целях пресечения контрабандного вывоза лома и отходов черных и цветных металлов по кодам Товарной номенклатуры внешнеэкономической деятельности Евразийского экономического сообщества* (далее - ТН ВЭД ЕврАзЭС) 7204**, а также рельсов, элементов железнодорожного полотна и подвижного состава, бывших в употреблении по кодам ТН ВЭД ЕврАзЭС 7302, 8607**, с таможенной территории Республики Казахстан разрешить экспорт только железнодорожным и морским транспортом.
     * Номенклатура определяется как кодом ТН ВЭД ЕврАзЭС, так и наименованием товара.
     ** Ограничение экспорта по видам транспорта не применяется в случае экспорта указанных товаров на территорию стран-членов Европейского Союза, являющихся в данном случае странами назначения.  <*>
       Сноска. Пункт 3 - в редакции постановления Правительства РК от 14 апреля 2005 г.  N 353 . Пункт с изменениями, внесенными постановлением Правительства РК от 16 ноября 2007 г. N  1090 .

         3-1. Комитету таможенного контроля Министерства финансов Республики Казахстан при транзите лома и отходов черных и цветных металлов, а также рельсов, элементов железнодорожного полотна и подвижного состава, бывших в употреблении, усилить контроль за фактическим наличием груза, указанным в сопроводительных документах.  <*>
      Сноска. Дополнено пунктом 3-1 - постановлением Правительства РК от 14 апреля 2005 г.  N 353  .

      4.  (Пункт 4 исключен - постановлением Правительства РК от 13 марта 2000 г. N 383   P000383_   )  

      5. Министерству энергетики, индустрии и торговли Республики Казахстан в срок до 1 марта 2000 года разработать и внести на рассмотрение в Правительство Республики Казахстан предложения по совершенствованию действующего законодательства, в связи с принятием настоящего постановления. 

      6. Акимам областей, городов Астаны и Алматы оказать содействие Министерству энергетики, индустрии и торговли Республики Казахстан в реализации настоящего постановления. 

      7. Настоящее постановление вступает в силу со дня подписания. 

      Премьер-Министр
  Республики Казахстан