Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. 1999 жылғы 4 қарашада Астана қаласында жасалған Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі мен Беларусь Республикасының Мәдениет министрлігі арасындағы мәдениет және өнер саласындағы ынтымақтастық туралы келісім бекітілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келiсiм министрлiгi мен Беларусь Республикасының Мәдениет министрлiгi арасындағы мәдениет және өнер саласындағы ынтымақтастық туралы
Келісім
Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келiсiм министрлiгi және Беларусь Республикасының Мәдениет министрлiгi (одан әрi Тараптар),
1996 жылғы 17 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Yкiметi мен Беларусь Республикасы Үкiметiнiң арасындағы мәдениет, ғылым және бiлiм саласындағы ынтымақтастық туралы келiсiмiнiң ережелерiн басшылыққа ала отырып, теңқұқықты ынтымақтастықты кеңейтуге және тереңдетуге, өзара түсiнiстiктi нығайтуға ұмтылу негiзiнде, мәдениет саласындағы ынтымақтастықтың халықтар арасындағы достықты және өзара түсiнiстiктi дамытуға бейiмдi екенiне сенiп, Беларусь Республикасында тұратын қазақтардың және Қазақстан Республикасында тұратын беларустардың мүдделерiн ескере отырып төмендегiдей келiсiмге келдi:
Тараптар мәдениет және өнер саласында шығармашылық ынтымақтастық үшiн қолайлы жағдайлар жасауға мiндеттендi.
Тараптар Қазақстан Республикасының Мәдениет күндерiн Беларусь Республикасында және Беларусь Республикасының Мәдениет күндерiн Қазақстан Республикасында өткiзедi. Мәдениет күндерiн өткiзу даталары Тараптардың келiсiмдерi бойынша белгiленедi.
Тараптар өз құзырының шегiнде мәдени байланысты дамытуға, мәдени алмасуды және музыка, театр, бейнелеу эстрада және цирк өнерi, кинематография, кiтапхана iсi, тарихи-мәдени мұраларды қорғау көркемөнерпаз халық шығармашылығы, халықтық кәсiпшілік және басқа да мәдени қызмет түрлерi саласында ынтымақтастықта болуға қолайлы жағдайлар жасауға мiндеттемелер алады.
Тараптар екi жақты келiсiм-шарттар негiзiнде, театр, музыкалы-орындаушылық ұжымдардың гастрольдерi мен концерттерін ұйымдастыруға, көркемдiк көрмелермен және мұражай экспонаттарымен алмасуға, кәсiби өнер және халық шығармашылығы саласында фестивальдар, конкурстар, конференциялар, семинарлар және басқа да iс-шаралар өткiзуге көмек көрсете алады.
Тараптар театрлар, концерттiк ұйымдар, тарихи-мәдени мұралар объектiлерiн қорғау мекемелерi, кiтапханалар, клубтар, ғылыми-әдiстемелiк орталықтар, оқу орындары, мәдениет және өнер кәсiпорындары мен мекемелерi арасындағы тiкелей келiсiм-шарттар негiзiнде өзiндiк ынтымақтастықты көтермелеп отырады.
Тараптар шығармашылық одақтар мен басқа да қоғамдық ұйымдар, мәдениет және өнер қайраткерлерi арасындағы өзара байланысты дамытуға ықпал жасап отырады.
Тараптар көркемдiк бiлiм саласында ынтымақтастықта болады, мәдениет және өнер саласындағы қызметкерлер мен мамандардың бiлiктiлiгiн көтеруге, ғылыми-әдiстемелiк ақпараттармен алмасуға, оқытушылар мен студенттердiң стажировкаларына ықпал жасап отырады.
Тараптар мәдени құндылықтарды өз мемлекетiнiң аумақтарынан үшiншi мемлекеттiң аумағына заңсыз әкелу және апару жөнiнде ескерту шараларын қабылдауға келiстi және осы салада шұғыл және құқық ақпаратымен алмасуды қоса отырып, "Заңсыз әкелуге, апаруға тыйым салып ескертуге және мәдени құндылыққа меншiк құқығын беруге бағытталған шаралары туралы" 1970 жылғы 14 қарашадағы Конвенцияны жүзеге асыру шеңберiнде жан-жақты ынтымақтастықты орындауға келiстi.
Тараптар Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келiсiм министрлiгінiң, Беларусь Республикасы Мәдениет министрлiгiнiң қарауындағы мұражайлық және кiтапханалық қорларды құратын коллекциялар жиынтығына және басқа да мәдени құндылықтарға кiруге кепiлдiк бередi.
Тараптар өздерiнiң мәдени өмiрiн, халықтардың тарихи байланыстарын, мәдениет және өнер саласындағы ынтымақтастықтың нәтижелерiн кеңiнен жариялау мақсатында теледидар, радио, баспасөз үшiн тұрақты түрде ақпараттар алмасып отырады.
Тараптар мәдениет және өнер саласындағы ғылыми зерттеулер жөнiнде ақпараттар алмасып отырады, ғылыми алмасу мен ынтымақтастықтың әртүрлi нысанын белсене пайдаланады.
Тараптар Беларусь Республикасының аумағында тұратын қазақтардың және Қазақстан Республикасы аумағында тұратын беларустардың ұлттық өзiндiк ерекшелiктерiн, мәдениетiн сақтау және дамыту үшiн қолайлы жағдайлар туғызатын болады.
Тараптар үлестiк қатысу принципiнде бiрлескен бағдарламаларды, iскерлiк жобаларды және мәдени акцияларды өзара екi жаққа бiрдей етiп әзiрлеуге және жүзеге асыруға келiстi.
Тараптар өздерiнiң арасындағы мәдени алмасуды мына жағдайда жүзеге асыруға келiстi:
а) шығармашылық ұжымдармен, делегациялармен және жеке өкiлдермен алмасқанда;
- жiберушi Тарап ұжымдардың, делегациялардың, жеке өкiлдердiң жол жүру және екi жақтың өндiрiстiк жүгiн тасымалдау шығындарын төлейдi;
- қабылдаушы Тарап әр елде бекiтiлген нормаларға сәйкес орналасу тамақ қабылдаушы Тарап аумағындағы келу бағдарламасына сай көлiк шығынын төлейдi, қажет болған жағдайда медициналық көмек көрсетедi;
б) мұражай қорларымен және қазiргi заман өнерi көрмелерiмен алмасқанда оның шарттары, мерзiмi, экспонат сипаты мен оны көрсетудiң орындары жөнiнде Тараптар жұмыс тәртiбi бойынша қосымша түсiнiстiкке келедi.
Осы Келiсiмде қамтылған қызметтiң барлық түрлерi Тарап мемлекеттердiң қолданыстағы заңдарына және өзге де нормативтiк актiлерiне сәйкес келiп, жүзеге асырылуы тиiс.
Осы Келiсiм Тараптардың басқа халықаралық келiсiмдерден туындайтын құқықтары мен мiндеттерiн қозғамайды.
Тараптар арасындағы даулар мен келiспеушiлiк екi жақты келiссөздер және кеңесулер арқылы шешiлетiн болады.
Осы Келiсiм мемлекетішілiк рәсiмдердi Тараптардың орындағаны туралы жазбаша хабарлардың соңғысы алынған кезден бастап күшiне енедi, бес жылға дейiн iс-әрекетте болады, егер Тараптардың бiреуi кезектi iс-әрекеттiң бiтуiне алты ай қалғаннан кешiктiрмей ресми жазба түрде осы Келiсiмнiң iс-әрекетiн тоқтату туралы өтiнiш бермесе, тағы бес жылға ұзартылады.
Осы Келiсiмнiң баптары мен ережелерiн өзгерту немесе толықтыру тек қана Тараптардың өзара келiсiмi бойынша болатыны жөнiнде Тараптар келiсiмге келдi.
Келiсiм Астана қаласында 1999 жылғы "4" қарашада екi данада, әрқайсысы қазақ, беларусь және орыс тiлдерiнде жасалады, барлық мәтіннің күштері бірдей. Осы Келісімнің ережелерін талқылауда үйлеспеушілік туа қалған жағдайда Тараптар орыс тіліндегі мәтінді басшылыққа алатын болады.
Қазақстан Республикасының Беларусь Республикасының
Мәдениет, ақпарат және Мәдениет министрлігі үшін
қоғамдық келісім
министрлігі үшін