Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
1. Маңғыстау облысы әкiмiнiң Мұнай өнеркәсiбi мемлекеттiк ғылыми-зерттеу және жобалау институтын (бұдан әрi - Институт) Маңғыстау облысының коммуналдық меншiгiне беру туралы ұсынысы қабылдансын.
2. Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда
министрлiгi Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру
комитетiмен бiрлесiп Институтты заңдардың талаптарына сәйкес республикалық
меншiктен Маңғыстау облысының коммуналдық меншiгiне берудi қамтамасыз
етсiн.
3. Маңғыстау облысының әкiмi осы қаулыны iске асыру жөнiнде шаралар
қолдансын.
4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
бірінші орынбасары
Оқығандар:
Орынбекова Д.К.
Қасымбеков Б.А.