Мұнай өнеркәсiбi мемлекеттiк ғылыми-зерттеу және жобалау институтын Маңғыстау облысының коммуналдық меншігіне беру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2000 жылғы 28 қаңтар N 138

      Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
      1. Маңғыстау облысы әкiмiнiң Мұнай өнеркәсiбi мемлекеттiк ғылыми-зерттеу және жобалау институтын (бұдан әрi - Институт) Маңғыстау облысының коммуналдық меншiгiне беру туралы ұсынысы қабылдансын.
      2. Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда

 

министрлiгi Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру

комитетiмен бiрлесiп Институтты заңдардың талаптарына сәйкес республикалық

меншiктен Маңғыстау облысының коммуналдық меншiгiне берудi қамтамасыз     

етсiн.

     3. Маңғыстау облысының әкiмi осы қаулыны iске асыру жөнiнде шаралар

қолдансын.

     4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.


     Қазақстан Республикасы

     Премьер-Министрінің

     бірінші орынбасары


     Оқығандар:

     Орынбекова Д.К.

     Қасымбеков Б.А.






Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады