Ескерту. Күші жойылды - ҚР Жоғарғы Сотының 10.04.2015 № 2 нормативтік қаулысымен (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Пленумының "Соттардың азаматтық iс жүргiзу заңының кейбiр нормаларын қолдануы туралы" 2000 жылғы 30 маусымдағы N 9 қаулысындағы P00009S_ жекелеген ережелердi анықтау мақсатында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Пленумы қаулы етедi:
1. 1-тармақтың 1 абзацындағы "ҚР АIЖК-нiң 6-бабында" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Азаматтық iс жүргiзу кодексiнiң K990411_ (әрi қарай АIЖК-нiң) 6-бабында" деген сөздермен ауыстырылсын;
2. 2-тармақ мына редакцияда жазылсын:
"Азаматтық iстер бойынша заңды және негiзделген сот актiлерiн шығарудың маңызды шарты соттардың оларды қарау кезiнде азаматтық сот iсiн жүргiзудiң заңмен белгiленген принциптерi - заңдылықты, бәсекелестiктi, тараптардың теңдiгiн, жариялылықты, сот iсiн жүргiзу тiлiн және басқаларды дәл әрi мүлтiксiз сақтауы болып табылады.
Азаматтық сот iсiн жүргiзу принциптерiнiң бұзылуы оның сипаты мен мәндiлiгiне қарай АIЖК-нiң K990411_ 23-бабына сәйкес шығарылған сот актiлерiн бұзуға әкеп соғады";
3. 3-тармақтың 2-абзацында "Конституциясының IV, V, VIII тарауларына" деген сөздер "Конституциясына K951000_ " деген сөздермен ауыстырылсын;
4. 5-тармақ мына редакцияда жазылсын:
"Заңды тұлғалардың, заңды тұлғаны құрмай кәсiпкерлiк қызметпен айналысатын азаматтардың арасында пайда болатын мүлiктiк даулар бойынша дауды сотқа дейiн реттеу туралы талаптарды сақтау қажет.
Прокурордың мемлекеттің мүддесi немесе мемлекеттiң мүддесiн қозғайтын осы тармақтың 1-абзацында көрсетiлген тұлғалардың мүддесi үшiн келтiрiлген талап арыздарына АIЖК-нiң 136-бабының мүлiктiк дауларды сотқа дейiн (тiлек қойып) реттеу туралы талаптары қолданылмайды";
5. 6-тармақтың 3-абзацындағы "бағалауға жатпайтын өзге де мүлiктiк сипаттағы талап арыздардан" деген сөздер "өзге де мүлiктiк емес сипаттағы немесе бағалауға жатпайтын талап арыздардан" деген сөздермен ауыстырылсын;
6. 7-тармақтың 4-абзацында "ҚР АIЖК-нiң 104 және 105-баптарындағы" деген сөздер "АIЖК-нiң 108-бабының 8-бөлiмiнiң, 114, 116-баптарының мағынасына сай осы Кодекстiң 104 және 105-баптарындағы" деген сөздермен ауыстырылсын;
7. 8-тармақ мына редакцияда жазылсын:
"Азаматтық iс қозғау және сот iсiн жүргiзу тiлi туралы мәселелер өзара тығыз байланысты болғандықтан, оларды судья бiр мезгiлде бiр ғана сот актiсi - ұйғарыммен шешуге құқылы;
АIЖК-нiң K990411_ 168-бабына сәйкес судья iстi сот талқылауына дайындау туралы өз алдына бөлек ұйғарым шығарып, онда iстi сот талқылауына дайындау үшiн қажеттi iс-әрекеттердi көрсетуге тиiстi";
8. 12-тармақтың 3-абзацында "iске қатысушылардың арыздарын" деген сөздер "тараптардың жеке шағымдарын" деген сөздермен ауыстырылсын;
9. 15-тармақтың 2-абзацы алынып тасталсын;
10. 16-тармақтың 3-абзацы мына редакцияда жазылсын:
"Соттар дәлелдемелердi бағалау және дәлелдеуден босату туралы мәселенi шешу кезiнде АIЖК-нiң 66-бабының 10-бөлiмiнде, 78-бабының 3-бөлiмiнде және 91-бабының 8-бөлiмiнде белгiленген нормаларды ескерулерi қажет";
11. 25-тармақ мына редакцияда жазылсын:
"Сот мәжiлiсiнен тыс жасалған әрбiр жеке процессуалдық iс-әрекеттер жөнiнде хаттама жасау туралы АIЖК-нiң 255-бабының талаптарына сәйкес, соттар мұндай хаттаманың iстi сот талқылауына дайындау туралы ұйғарымның негiзiнде дәлелдемелердi сот мәжiлiсiнен тыс бекiту қажеттiгi пайда болған жағдайда әзiрленуге тиiс екенiн назарда ұстаулары қажет (АIЖК-нiң 170-бабының 1), 2), 9), 11) және 13)-тармақшалары)";
12. 30-тармақтың 2 және 3-абзацтары мына редакцияда жазылсын:
"Кассациялық сатыдағы сот бiрiншi сатыдағы соттың ерекше талап қою өндiрiсiндегi iстер бойынша шешiмiн толық көлемде заңдылығы мен негiздiлiгiн тексеруге мiндеттi. Бұл ретте бiрiншi сатыдағы соттың сайлауларға, референдумдарға қатысатын азаматтар мен қоғамдық бiрлестiктердiң сайлау құқықтарын қорғау туралы арыздары бойынша шешiмдерi түпкiлiктi және кассациялық тәртiппен шағымдауға (наразылық келтiруге) жатпайтынын, тек қадағалау тәртiбiмен қайта қаралуы мүмкiн екенiн есте ұстау қажет";
13. 32-тармақ мына редакцияда жазылсын:
"Бұрын iс бойынша шығарылған сот қаулыларын бұзып, iстi бiрiншi сатыдағы сотқа жаңадан сот қарауына жiберу жөнiндегi сот актiсiне қадағалау шағым беру процессуалдық iс-әрекет болып табылатындығы соттарға түсiндiрiлсiн. Жоғары тұрған сот қадағалау шағымындағы дәлелдердi тексеру үшiн осындай iстi алдыртқан жағдайда, бiрiншi сатыдағы сот жоғары тұрған сот қадағалау шағым бойынша шешiм қабылдағанға дейiн iстi АIЖК-нiң 189-бабына сәйкес қарауды кейiнге қалдыра тұрады";
14. 34-тармақтың 1-абзацында "немесе апелляциялық сатыдағы" деген сөздер алынып тасталсын;
15. Қаулының мәтiнiндегi "тармағы, тармағының" деген сөздер "бөлiгi, бөлiгiнiң" деген сөздермен ауыстырылсын.
Жоғарғы Соттың Төрағасы
Пленум хатшысы,
Жоғарғы Соттың судьясы