Соттардың азаматтық iс жүргiзу заңының кейбiр нормаларын қолдануы туралы

Күшін жойған

Қаулы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Пленумы 2000 жылғы 30 маусым N 9. Күші жойылды - ҚР Жоғарғы Соты Пленумының 2003.03.20. N 2 қаулысымен.

      Сот тәжiрибесiнде азаматтық iс жүргiзу заңының нормаларын қолдану барысында туындайтын мәселелерге байланысты Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Пленумы қаулы етедi:

      1. Қазақстан Республикасының Азаматтық iс жүргiзу кодексiнiң (әрi қарай АIЖК-нiң) 6-бабында бекiтiлген принциптерге сәйкес сот iстердi азаматтық сот өндiрiсi тәртiбiмен шешкен кезде Қазақстан Республикасы Конституциясының, ҚР АIЖК-нiң, басқа да нормативтiк құқықтық актiлердiң талаптарын бұлжытпай орындауға мiндеттi.

      ҚР Конституциясының 78 бабы және АIЖК-нiң 6 бабының 2 бөлігін сот iс өндiрiсiн тоқтата тұрып, заңды немесе басқа да нормативтiк құқықтық актiнi конституциялық емес деп тану туралы Конституциялық Кеңеске ұсыныс жасауға мiндеттi деген ережесi, тек егер заң немесе өзге де нормативтiк құқықтық акт азаматтардың Конституцияда баянды етiлген құқықтары мен бостандықтарына қысым жасалған жағдайларға тарайды. Басқа жағдайларда сот жоғары деңгейдегi актi нормаларын қолдануға мiндеттi.

      Соттың Конституциялық Кеңеске ұсыныс жасау туралы және iстi өндiрiстен тоқтата тұру туралы соттың ұйғарымы сот ұсынысына қол қоятын лауазымды адамдар үшiн мiндеттi болып табылады (ҚР АIЖК 21 б. 2т.).

      Ескерту. 1-тармақ өзгерді - ҚР Жоғарғы Соты Пленумының 2000.10.30. N 15 қаулысымен .

      2. Азаматтық iстер бойынша заңды және негiзделген сот актiлерiн шығарудың маңызды шарты соттардың оларды қарау кезiнде азаматтық сот iсiн жүргiзудiң заңмен белгiленген принциптерi - заңдылықты, бәсекелестiктi, тараптардың теңдiгiн, жариялылықты, сот iсiн жүргiзу тiлiн және басқаларды дәл әрi мүлтiксiз сақтауы болып табылады.

      Азаматтық сот iсiн жүргiзу принциптерiнiң бұзылуы оның сипаты мен мәндiлiгiне қарай АIЖК-нiң 23-бабына сәйкес шығарылған сот актiлерiн бұзуға әкеп соғады.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Жоғарғы Соты Пленумының 2000.10.30. N 15 қаулысымен .

      3. ҚР АК-нiң 111 және 112 баптарына сәйкес мемлекеттiк билiк органдары Қазақстан Республикасы атынан, ал жергілiктi өкiлеттi және атқарушы органдар, осы органдардың мәртебесiн белгiлейтiн заңды актiлерде, ережелерде және өзге актiлерде көрсетiлген құзыры шеңберiнде әкiмшiлiк-аймақтық бiрлiктер атынан сотта өкiлдiк ете алады.

      Қазақстан Республикасы Конституциясына , ҚР "Қазақстан Республикасының Үкiметi туралы" конституциялық Заңына , "ҚР жергiлiктi өкiлеттi және атқарушы органдары туралы" Заңына сәйкес республикалық (орталық) және жергілiктi өкiлеттi және атқарушы органдар, атқарушы өкiмет органдары мен атқарушы өкiмет органдарына жатпайтын мемлекеттiк органдарды ажырату осы органдардың заңдары, ережелерi, жарғылары, облыс, аудан, қаланы басқарудың тиiстi Мәслихатпен бекiтiлген схемалар, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң құрылымы туралы және Үкiмет құрамына кiрмейтiн орталық атқарушы органдар құру туралы Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлықтары негізiнде жүзеге асырылады.

      Орталық атқарушы органдардың заңды тұлға құқықтары берiлген аумақтық бөлiмшелерi, өздерiнiң юрисдикциясы тарайтын аумақтың атқарушы органы болып танылады (облыстық әдiлет басқармасы облыстың атқарушы органы болып табылады, аудандық iшкi iстер бөлiмi ауданның атқарушы органы болып табылады).

      Ескерту. 3-тармақ өзгерді - ҚР Жоғарғы Соты Пленумының 2000.10.30. N 15 қаулысымен .

      4. Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде шетелдiк мемлекеттердiң заңдарына сәйкес құрылған заңды тұлғаларды (компанияларды, фирмаларды, кәсiпорындарды және т.б.) шетелдiк ұйымдар деп түсiнген жөн.

      БҰҰ Жарғысы немесе халықаралық шарттар негiзiнде құрылған ұйымдар халықаралық ұйымдарға жатады.

      Халықаралық ұйымдар тiзiмi (Бiрiккен Ұлттар Ұйымы, Халықаралық Еңбек Ұйымы, Бүкiләлемдiк Денсаулық қорғау Ұйымы және т.б.) Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 1 тамыздағы N 1055 қаулысының қосымшасында көрсетiлген.

      5. Заңды тұлғалардың, заңды тұлғаны құрмай кәсiпкерлiк қызметпен айналысатын азаматтардың арасында пайда болатын мүлiктiк даулар бойынша дауды сотқа дейiн реттеу туралы талаптарды сақтау қажет.

      Прокурордың мемлекеттің мүддесi немесе мемлекеттiң мүддесiн қозғайтын осы тармақтың 1-абзацында көрсетiлген тұлғалардың мүддесi үшiн келтiрiлген талап арыздарына АIЖК-нiң 136-бабының мүлiктiк дауларды сотқа дейiн (тiлек қойып) реттеу туралы талаптары қолданылмайды.

      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Жоғарғы Соты Пленумының 2000.10.30. N 15 қаулысымен .

      6. Жеке және заңды тұлғалардың бұзылған немесе даулы мүлiктiк құқықтарын қорғау туралы талап арыздары мүлiктiк сипаттағы талап арыздарға жатады.

      Қазақстан Республикасының "Мемлекеттiк баж туралы" Заңының 4-бап 1-бөлігінің "а" және "б" тармақшаларында көрсетiлген жалпы ереже бойынша жеке және заңды тұлғалардың мүлiктiк сипаттағы талап арыздарынан мемлекеттiк баж талап сомасына байланысты проценттер бойынша өндiрiледi.

      Тұрғын жайларды жалдау, мүлiктi қамаудан босату туралы шарттарды өзгерту немесе бұзу туралы өтiнiштерден және бағалауға жатпайтын өзге де мүлiктiк емес сипаттағы немесе бағалауға жатпайтын талап арыздардан (мысалы, негаторлық талап арыздар, мүлiктi қайтару туралы талаппен байланысты емес шарттарды заңсыз деп тану туралы арыздар) мемлекеттiк баж айлық есептiк көрсеткiштiң 50% мөлшерiнде төленедi.

      Ескерту. 6-тармақ өзгерді - ҚР Жоғарғы Соты Пленумының 2000.10.30. N 15 қаулысымен .

      7. ҚР АIЖК -нiң 104, 105, 151-б. 7-т., 153 және 155-баптары бойынша сот арызданушының өтiнiшi бойынша мемлекеттiк баж төлеудi кейiнге қалдыру, бөлiп-бөлiп төлеу немесе оның мөлшерiн азайту, талапкердi азаматтық iстi қозғау сатысында баж төлеуден босату туралы мәселелердi, бұл туралы азаматтық iс қозғау туралы ұйғаруда немесе талапкердiң өтiнiшiн қанағаттандыру туралы жеке ұйғаруда көрсетiп, шешуге құқылы.

      Бұндай өтiнiштi қанағаттандырмаған жағдайда судья арызды қозғалусыз қалдыру туралы ұйғару шығарып, бұл туралы талап арыз берген адамды хабардар етедi және оған кемшiлiктердi түзету үшiн жеткiлiктi мерзiм бередi.

      Соттың мемлекеттiк бажды төлеудi кейiнге қалдыру, мөлшерiн азайту немесе одан босату туралы шешiм шығарған кезде ескерген тараптардың мүлiктiк жағдайы деп - олардың объективтi себептер бойынша ақшалай табыстарының болмауын немесе жеткiлiксiздiгiн түсiну керек (еңбек ақының төленбеуi, жұмыссыздық, ауыр сырқат, контрагенттердiң шартты орындамаушылығы, банктегi шоттардан ақшаларды алып тастау жөнiндегi мемлекеттiк органдардың заңсыз әрекеттерi және т.б.).

      АIЖК-нiң 108-бабының 8-бөлiмiнiң, 114, 116-баптарының мағынасына сай осы Кодекстiң 104 және 105-баптарындағы мемлекеттiк бажды төлеудi кейiнге қалдыру, бөлiп-бөлiп төлеу, мөлшерiн азайту немесе одан босату туралы ережелер сот шығындарына да тарайды.

      Егер сот бастамасымен сот сараптамасы тағайындалып, iстi қарауға қатысуға мамандар тартылса, онда шығындар, сот талқылауының нәтижелерiне байланысты, тиiстi тараптан өндiрiледi.

      Ескерту. 7-тармақ өзгерді - ҚР Жоғарғы Соты Пленумының 2000.10.30. N 15 қаулысымен .

      8.Азаматтық iс қозғау және сот iсiн жүргiзу тiлi туралы мәселелер өзара тығыз байланысты болғандықтан, оларды судья бiр мезгiлде бiр ғана сот актiсi - ұйғарыммен шешуге құқылы;

      АIЖК-нiң 168-бабына сәйкес судья iстi сот талқылауына дайындау туралы өз алдына бөлек ұйғарым шығарып, онда iстi сот талқылауына дайындау үшiн қажеттi iс-әрекеттердi көрсетуге тиiстi.

      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Жоғарғы Соты Пленумының 2000.10.30. N 15 қаулысымен .

      9. Талапкер сот талқылауы барысында талап арыздың затын немесе негiздерiн өзгерту, тиiстi емес жауапкердi ауыстыру туралы, заңды немесе кәсiпкерлiк қызметпен айналысатын тұлғаны iске қоса жауапкер ретiнде тарту туралы өтiнiш берген жағдайда, соттар бұндай арыздарды мүлiктiк дауды сотқа дейiнгi реттеу тәртiбi сақталмады деген себеппен қабылдамауға құқы жоқ.

      Мұндайда сот, егер дауды сотқа дейiнгi тәртiппен реттеу мүмкiн болған жағдайда, ҚР АIЖК-нiң 249-баптың 1-бөлігіне сәйкес ұйғару шығарып, арызды қараусыз қалдыруға құқылы.

      10. Егер арызда бiр-бiрімен байланысты талаптар қойылып, олардың бiрi аудандық (қалалық) сотқа, бiрi жоғары тұрған сотқа қарасты болса, егер басқа iске қатысушылар бұған қарсы болмаған жағдайда, барлық талаптар жоғары тұрған соттың қарауына жатады.

      11. Соттың талап арыз тиiстi емес жауапкерге берiлдi деген себеппен азаматтық iстi қозғаудан бас тартуға құқы жоқ.

      Бұл орайда соттар талап арызды қабылдаудан бас тартудың, немесе талап арызды арызданушыға қайтарудың немесе қараусыз қалдырудың, сондай-ақ iс жөнiндегi өндiрiстi тоқтата тұрудың немесе қысқартудың негіздерінің заңда көрсетiлген тiзiмi (АIЖК-нiң 153, 154, 242, 243, 247, 249 б.б.) түпкiлiктi болып табылатынын және кеңейтiлiп түсiндiруге жатпайтынын ескеруi тиiс.

      12. ҚР АIЖК-нiң 36-бап 2-бөлігінің 1 және 3 тармақшаларында көрсетiлген жағдайларда iстi басқа соттың қарауына тапсыру - сол iстi жүргiзген соттың ұйғаруы негiзiнде жүзеге асырылады.

      Iстi АIЖК-нiң 36-бап 2-бөлігінің 2 және 4 тармақшаларында көрсетiлген негiздер бойынша басқа соттың өндiрiсiне тапсыру - төмен тұрған сот төрағасының немесе судьясының ұсынысы бойынша жоғары тұрған сот судьясының ұйғаруымен жүзеге асырылады.

      Басқа соттың iстi тапсыру туралы ұйғаруымен келiспеген тараптардың жеке шағымдарын және сот төрағасының немесе судьяның ұсынысын, сондай-ақ iске қатысушылардың iстiң сотқа қарастылығы туралы тараптың өтiнiшiн қанағаттандырусыз қалдыру туралы сот ұйғаруына арыздары жоғары тұрған соттың алқалы құрамы қарайды және шешедi (АIЖК-нiң 37-бап 2-бөлігі).

      Ескерту. 12-тармақ өзгерді - ҚР Жоғарғы Соты Пленумының 2000.10.30. N 15 қаулысымен .

      13. Сот бұйрығы өндiрiп алушының даусыз талаптар бойынша АIЖК-нiң 141-бабындағы талаптарға жауап беретiн өтiнiшi бойынша ғана шығарылатынын соттардың ескергенi жөн. Даусыз талаптардың түпкiлiктi тiзiмi АIЖК-нiң 140-бабында көрсетiлген.

      Егер талап "Тұтынушылар құқықтарын қорғау туралы" Заңының 20-бабының ережелерiне негiзделген болса және борышкер оны мойындаса, сомасы елу айлық орта көрсеткiшке дейiнгi мөлшердегi тұтынушылар құқықтарын қорғау туралы талап, сот бұйрығын шығару тәртiбiмен қаралуға жатады. Тауардың (жұмыстардың, қызметтердiң) тиiстi емес сапасымен келтiрiлген шығындарды өтеу туралы талаптар ғана емес, өзге де өтеу туралы талаптар мәлiмделген кезде (моральдық зиянның орнын ақшалай толтыру, айыппұл, iс жүргiзу жөнiндегi шығындарды өтеу және т.б.), өтiнiш талап арыз өндiрiсiнiң тәртiбiмен қаралуға жатады.

      14. Сот бұйрығы АIЖК-нiң 146-бабындағы талаптарға сәйкес шығарылуы тиiс және ол шыққан күнi бұйрық көшiрмесi борышкерге, оған табыстау туралы қағазбен, жолданады және оған бұйрық көшiрмесiн алған күннен бастап он күн мерзiм iшiнде қарсылықтарын сотқа жолдау құқығы бар екенi түсiндiрiледi.

      Егер борышкердiң мәлiмделген талапқа келiспеген қарсылықтары белгiленген мерзiм iшiнде келiп түссе, судья сот бұйрығын бұзу туралы ұйғару шығаруға және өндiрiп алушыға талап арыз өндiрiсi тәртiбiмен талап арыз беруге құқын түсiндiруге мiндеттi. Судьяның сот бұйрығын бұзу туралы ұйғаруы шағымдануға немесе наразылық келтiруге жатпайды.

      15. ҚР АIЖК-нiң 27-тарауындағы нормалармен азаматтардың мемлекеттiк билiк, жергілiктi өзiн-өзi басқару органдарының, қоғамдық бiрлестiктердiң, ұйымдардың, лауазымды адамдардың және мемлекеттiк қызметкерлердiң, олардың iшiнде сот орындаушылардың, шешiмдерi мен әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне) даулары туралы iстер бойынша ерекше талап арыз өндiрiсi регламенттелген.

      Бұндайда, АIЖК-да белгiленген талап арызды қабылдаудан бас тарту туралы, талап арызды қараусыз қайтару туралы немесе оны қозғаусыз қалдыру туралы ережелер (АIЖК-нiң 153, 154, 155 б.б.) ерекше талап арыз өндiрiсiнiң және ерекше өндiрiстiң iстерi бойынша арыздарға қолданылатынын соттардың ескергенi жөн.

      Ескерту. 15-тармақ өзгерді - ҚР Жоғарғы Соты Пленумының 2000.10.30. N 15 қаулысымен .

      16. АIЖК-нiң 15, 66, 150, 151, 152, 166 және 176-баптарына сәйкес сот, тараптардың және iске қатысушы басқа да адамдардың талаптары мен қарсылықтары негіздерiн басшылыққа алып, қолданылатын материалдық және процессуалдық құқық нормаларын ескере отырып, дәлелдеу затын, яғни iстiң дұрыс шешiлуiне ықпал ететiн мән-жайларды айқындауға мiндеттi.

      Сот дәлелдеу затын айқындауды iстi сот талқылауына дайындау барысында да, оны маңызы бойынша қарау кезiнде де жүзеге асыруға мiндеттi.

      Соттар дәлелдемелердi бағалау және дәлелдеуден босату туралы мәселенi шешу кезiнде АIЖК-нiң 66-бабының 10-бөлiмiнде, 78-бабының 3-бөлiмiнде және 91-бабының 8-бөлiмiнде белгiленген нормаларды ескерулерi қажет.

      Ескерту. 16-тармақ өзгерді - ҚР Жоғарғы Соты Пленумының 2000.10.30. N 15 қаулысымен . .

      17. АIЖК-нiң 67-69-баптарында көрсетiлген дәлелдемелердiң қатыстылығы және жол берiлуi туралы ережелердi қолданған кезде, сот мәжiлiсiнде қолда бар барлық дәлелдемелер емес, тек iстiң мән-жайларын анық белгілеу үшiн қажет дәлелдемелер ғана сұратылып, зерттелуi керек екенiн соттардың ескергендерi жөн.

      Заң бойынша белгiлi бiр дәлелдемелермен расталуы тиiс iстiң мән-жайлары, ешқандай өзге дәлелдемелермен расталуы мүмкiн емес.

      18. Iстiң қаралуы АIЖК-нiң 189-бап 1-бөлігінде көрсетiлген негiздер бойынша кейiнге қалдырылған жағдайда, iстiң жаңа сот мәжiлiсiнде қаралуы, АIЖК-нiң 180, 181 және басқа баптарында көрсетiлген рәсiмдердi сақтай отырып, жүзеге асырылатыны, мұндайда алғашқы сот мәжiлiсiнде алынған дәлелдемелер заңды күшiнде болатыны және АIЖК-нiң 201-бабы бойынша даудың маңызы бойынша шешiм шығарып жатқан сот мәжiлiсiнде мәлiмделуi тиiс екенi соттарға түсiндiрiлсiн.

      Сот iстiң қаралуын кейiнге қалдыру туралы ұйғару шығарады, онда iстiң қаралуын кейiнге қалдырудың себептерiн көрсетедi және жаңа сот мәжiлiсiнiң датасын тағайындайды.

      Iстiң апелляциялық, кассациялық немесе қадағалау тәртiбiнде қаралуы кейiнге қалдырылған жағдайда, сот АIЖК-нiң 189-бабында көрсетiлген талаптарды сақтай отырып, iстiң қаралуын кейiнге қалдыру туралы ұйғару шығаруға құқылы.

      19. АIЖК-нiң 174-бабында және басқа заң актiлерiнде көрсетiлген азаматтық iстердi қарау мерзiмдерiнiң сақталуы сот әдiлдiгiн жүзеге асырудың, iске қатысушы адамдардың заңды құқықтары мен мүдделерiн дер кезiнде қорғаудың қажеттi шарты болып табылады.

      Азаматты хабар-ошарсыз кеткен деп тану немесе азаматты қайтыс болған деп мәлiмдеу туралы iстердiң ерекшелiктерiн ескере отырып, өтiнiш сотқа түскен және осы санаттағы iстi қозғау туралы хабарландыру жасалған аралықтағы уақытты iстi қарау мерзiмiне есептеп, iстiң қаралуы мерзiмiн тиiстi хабарландыру жарияланғаннан кейiн үш ай мерзiм аяқталған күннен бастап есептеген жөн.

      Сот iстiң мәнiсi бойынша шешiм немесе iс өндiрiсiн қысқарту не талап арызды қараусыз қалдыру туралы ұйғару шығарған күн - iстiң қаралған мерзiмiнiң соңғы күнi болып табылады.

      20. ҚР АIЖК-нiң 21-бап 1-бөлігіне сәйкес сот азаматтық iстер жөнiндегi сот актiлерiн шешiм, ұйғару, қаулы және бұйрық нысанында қабылдайды.

      Сот бұйрығы азаматтық iс бойынша шығарылатын болғандықтан, оны шығарардан бұрын судьяның ұйғаруымен iс қозғалуы тиiс.

      21. Жауапкер талап арызды мойындап, ол сотта қабылданған жағдайда, сот дәлелдемелердi зерттеудi тоқтатып, сот жарыссөздерiне көшуге құқылы (АIЖК-нiң 193-б. 4-т., 211-б.).

      22. ҚР АIЖК-нiң 220-бап 1-бөлігінің маңызы бойынша қысқаша (қысқартылған) шешiмнiң дәлелдеу бөлiгiнде сот қорытындылары негiзделген дәлелдемелер (олардың мазмұнын көрсетпей) және соттың басшылыққа алған заңдары көрсетiлуi тиiс.

      23. Аудандық және оларға теңестiрiлген, сондай-ақ ҚР Жоғарғы Сотының заңды күшiне енген шешiмдерi негiзiнде атқару құжаты жасалады, ал облыстық және оларға теңестiрiлген соттардың заңды күшiне енген шешiмдерi негізiнде атқару құжатының күшi бар бұйрықтар жасалады.

      Дереу орындалуға жататын сот шешiмдерi бойынша, ол шешiмдi қай соттың шығарғанына қарамастан, атқару құжаттары шығарылады.

      Бiрiншi сатыдағы сот шешiмi бұзылып, жоғары сатыдағы сот жаңа шешiм шығарған жағдайда, атқару құжаттарын жасауды жаңа шешiм қабылдаған сот жүзеге асырады.

      24. Алимент алып беру туралы; қызметкерге жалақы, бiрақ үш айдан аспайтын уақытқа, алып беру туралы; жұмысқа қайта орналастыру туралы; мертiгуден немесе денсаулықты өзгедей зақымдаудан, асыраушысынан айырылуынан келтiрiлген зиянды, бiрақ үш айдан аспайтын уақытқа өтеу туралы шешiмдер (АIЖК-нiң 237-бабы) дереу орындалуға жатады. Осыған байланысты, бұндай шешiмдердiң орындалуын тоқтатуға, кейiнге қалдыруға немесе бөлiп орындауға болмайды.

      25. Сот мәжiлiсiнен тыс жасалған әрбiр жеке процессуалдық iс-әрекеттер жөнiнде хаттама жасау туралы АIЖК-нiң 255-бабының талаптарына сәйкес, соттар мұндай хаттаманың iстi сот талқылауына дайындау туралы ұйғарымның негiзiнде дәлелдемелердi сот мәжiлiсiнен тыс бекiту қажеттiгi пайда болған жағдайда әзiрленуге тиiс екенiн назарда ұстаулары қажет (АIЖК-нiң 170-бабының 1), 2), 9), 11) және 13)-тармақшалары).

      Ескерту. 25-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Жоғарғы Соты Пленумының 2000.10.30. N 15 қаулысымен .

      26. Іс АIЖК-нiң 260-бап 1-бөлігінде көрсетiлген негiздемелер жиынтығы болған жағдайда ғана:

      жауапкер iстiң қаралуы орны мен уақыты туралы тиiстi түрде хабардар етiлсе;

      жауапкер сот мәжiлiсiне дәлелдi себептермен келмей қалса немесе келмей қалуының дәлелдi себептерi туралы хабарламаса;

      жауапкердiң iстi өзi жоқта қарау туралы өтiнiшi болмаса;

      талапкердiң iстi жауапкер жақта қарауға келiсiмi болса;

      талапкердiң iстi жауапкер жоқта қарауға келiсiмiне қарамастан, жауапкер сот мәжiлiсiне дәлелдi себепсiз екiншi рет келмей қалса, сырттай iс жүргiзу тәртiбi бойынша қаралуы мүмкiн екенiне соттардың назары аударылсын.

      Осы тармақтың жоғарғы абзацында көрсетiлген негiздердiң кез келген бiреуiнiң болмауы, iстi сырттай өндiрiс тәртiбiнде қараудың мүмкiндiгiн жояды.

      Сот iстi сырттай өндiрiс тәртiбiмен қарау туралы ұйғару шығарады, бұл ұйғаруға кассациялық тәртiппен шағымдануға немесе наразылық келтiруге болмайды.

      27. Жауапкердiң сырттай шешiмдi бұзу туралы өтiнiшi АIЖК-нiң 265-бабында көрсетiлген талаптарға сәйкес келуi керек және оны, ол сотқа келiп түскен күннен бастап 10 күн мерзiм iшiнде, сот мәжiлiсiнiң орны мен уақыты туралы iске қатысатын адамдарды хабардар ете отырып, сырттай шешiм шығарған сот қарайды.

      Сырттай шешiм АIЖК-нiң 269-бабында көрсетiлген мән-жағдайлар болған жағдайда ғана бұзылуы мүмкiн, ал iс мәнiсi бойынша қарауға жатады. Бұл орайда, егер жауапкер сот мәжiлiсiнiң орны мен уақыты туралы тиiстi түрде хабардар етiлген болса, бiрақ сотқа дәлелдi себептерсiз келмей қалса, сот iстi жауапкерсiз қарауға құқылы. Бұндай сот мәжiлiсiнде қабылданған шешiм сырттай шешiм болып табылмайды, ал жауапкер оған тек кассациялық тәртiпте шағымдана алады.

      28. Сот сырттай шешiм шығарып, одан кейiн жауапкердiң сырттай шешiмдi бұзу туралы өтiнiшiн қанағаттандырудан бас тарту туралы ұйғару шығарған жағдайда, жауапкер соттың шешiмi мен ұйғаруына шағымдануға құқылы.

      Iске қатысушылар сырттай шешiмдi бұзу туралы ұйғаруға шағымдануға құқылы емес, себебi ол iстiң әрi қарай жылжуына кедергi жасамайды және бұндай ұйғаруға шағымдану құқығы заңда көрсетiлмеген (ҚР АIЖК-нiң 264, 268 және 344-баптары).

      29. АIЖК-нiң 336 және 337-баптарына аналогия бойынша АIЖК-нiң 238-бабы негiзiнде бiрiншi сатыдағы сотпен дереу орындалуға жiберiлген шешiмнiң орындалуын тоқтата тұру туралы кассациялық сатыдағы судьяның шешiмi қаулы ретiнде шығарылуы тиiс.

      30. АIЖК-нiң 345-бап 1-бөлігінде көрсетiлген жалпы ереже бойынша кассациялық сатыдағы сот бiрiншi сатыдағы сот шешiмдерiнiң заңдылығы мен негiздiлiгiн кассациялық шағым немесе наразылық шеңберiнде тексередi.

      Кассациялық сатыдағы сот бiрiншi сатыдағы соттың ерекше талап қою өндiрiсiндегi iстер бойынша шешiмiн толық көлемде заңдылығы мен негiздiлiгiн тексеруге мiндеттi. Бұл ретте бiрiншi сатыдағы соттың сайлауларға, референдумдарға қатысатын азаматтар мен қоғамдық бiрлестiктердiң сайлау құқықтарын қорғау туралы арыздары бойынша шешiмдерi түпкiлiктi және кассациялық тәртiппен шағымдауға (наразылық келтiруге) жатпайтынын, тек қадағалау тәртiбiмен қайта қаралуы мүмкiн екенiн есте ұстау қажет.

      Ескерту. 30-тармақ өзгерді - ҚР Жоғарғы Соты Пленумының 2000.10.30. N 15 қаулысымен .

      31. ҚР АIЖК-нiң 385-бап 1-бөлігіне және 391-бап 3-бөлігіне сәйкес апелляциялық, кассациялық шағым беруге құқы бар тараптар және iске қатысушы басқа адамдар iстердi қадағалау тәртiбiмен қарауға өкiлетті сотқа тiкелей заңды күшiне енген сот қаулыларына, ұйғаруларына, қаулыларына шағым жасауы мүмкiн.

      Iске қатысуға тартылмаған адамдар, егер аталған сот қаулылары олардың мүлiктiк және мүлiктiк емес құқықтарын тiкелей немесе жанама түрде бұзған жағдайда ғана (тұлға жеке меншiк құқығынан, мүлiктi иелену және қолдану құқынан айырылса, оған зиянда өтеу мiндетi жүктелсе және т.б.), заңды күшiне енген сот қаулыларына, ұйғаруларына, қаулыларына шағым жасауға құқылы.

      32. Бұрын iс бойынша шығарылған сот қаулыларын бұзып, iстi бiрiншi сатыдағы сотқа жаңадан сот қарауына жiберу жөнiндегi сот актiсiне қадағалау шағым беру процессуалдық iс-әрекет болып табылатындығы соттарға түсiндiрiлсiн. Жоғары тұрған сот қадағалау шағымындағы дәлелдердi тексеру үшiн осындай iстi алдыртқан жағдайда, бiрiншi сатыдағы сот жоғары тұрған сот қадағалау шағым бойынша шешiм қабылдағанға дейiн iстi АIЖК-нiң 189-бабына сәйкес қарауды кейiнге қалдыра тұрады.

      Ескерту. 32-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Жоғарғы Соты Пленумының 2000.10.30. N 15 қаулысымен .

      33. АIЖК-нiң 335-бап 3-бөлігіндегі аппеляциялық шағым, наразылық беретiн (келтiретiн) тұлғаның бiрiншi сатыдағы сотқа табыс етiлмеген жаңа айғақтарға сiлтеме жасауына тек шағымында олардың бiрiншi сатыдағы сотқа оларды табыс етуге мүмкiндiгі болмауы негiзделген жағдайда ғана жол берiлетiнi туралы ереже кассациялық және қадағалау шағымдар мен наразылықтарға тарайды.

      Сондықтан, егер бiрiншi сатыдағы сот iстi дұрыс шешу үшiн заңда көрсетiлген шараларды қолданса, тараптардың iс жүргiзу әрекеттерiнiң салдарына байланысты айғақтардың толық зерттелмеуi - сот актiлерiн кассациялық және наразылық тәртiппен қайта қарауға әкелiп соқтыратын бұзушылық болып саналуы мүмкiн емес.

      34. Бiрiншi сот шешiмi бұзылып, мәлiмделген талаптарының бiрi бойынша жаңа шешiм шығарылған жағдайда, кассациялық сатыдағы сот екi сот актiсiн - ұйғару және кассациялық шешiм, ал кассациялық шағымды немесе наразылықты қанағаттандырусыз қалдырған жағдайда кассациялық ұйғару шығаруға мiндеттi.

      Кассациялық шешiм өзiнiң нысаны және мазмұны бойынша АIЖК-нiң 220- және 221-баптарындағы талаптарға жауап беруi тиiс.

      Кассациялық сатыдағы сот бiрiншi сатыдағы соттың шешiмiн немесе ұйғаруын өзгерiссiз қалдырған кезде қысқаша кассациялық ұйғару шығарады (қорытынды бөлiп), ол өзiнiң құрылымы бойынша қысқаша (қысқартылған) шешiмге тектес.

      Кассациялық сатыдағы сот ұйғару шығармай тұрып, тараптар дәлелдi кассациялық ұйғару шығару туралы жазбаша түрде өтiнiш мәлiмдеуi мүмкiн.

      Кассациялық сатыдағы сот ұйғаруларында шешiмдi өзгерiссiз қалдыру, шешiмдi өзгерту, шешiмдi бұзып, iстi жаңадан қарауға жолдау немесе кассациялық шешiм шығару туралы себептер мен тұжырымдар көрсетiлуi тиiс.

      Ескерту. 34-тармақ өзгерді - ҚР Жоғарғы Соты Пленумының 2000.10.30. N 15 қаулысымен .

      35. АIЖК-нiң 387-бап 3-бөлігіне сәйкес соттың материалдық және iс жүргізу құқық нормаларын едәуiр бұзуы ғана, заңды күшiне енген сот шешiмiн, ұйғаруды, қаулыны және сот бұйрығын қайта қарауға негiз бола алатынына соттардың назары аударылсын.

      Бұндай бұзушылықтарға заңсыз сот актiсiн шығаруға, сондай-ақ iс жүргiзу құқық нормаларын бұзушылыққа әкелiп соқтырған, АIЖК-нiң 365-бабында көрсетiлген: материалдық құқық нормасын дұрыс қолданбау; iстi бұл iстi қарауға құқы жоқ судьяның қарауы; сот өндiрiсiнiң тiлi туралы АIЖК нормаларын сақтамау; соттың iске қатысуға тартылмаған адамдардың құқықтары мен мiндеттерi туралы мәселелердi шешуi; сот актiсiнде судьяның қолы болмауы немесе сот актiсiнде көрсетiлгеннен басқа судьяның қол қоюы; iсте сот мәжiлiсi хаттамасының болмауы.

      Өзге процессуалдық бұзушылықтар орын алған жағдайда, мәнiсi бойынша дұрыс шешiлген шешiм, ұйғару, қаулы немесе сот бұйрығы формальды ғана себептермен қайта қаралмайды.

      36. Егер облыстық немесе оған теңестiрiлген сот президиумы мүшелерiнiң аудандық немесе оған теңестiрiлген соттың заңды күшiне енген сот актiсiн қайта қарау үшiн негiздердiң жоқтығы туралы қорытындысы болып, ал қайта қадағалау шағымын Жоғарғы Сотта қараудың нәтижелерi бойынша сот алқасының судьясы немесе президиум мүшелерi осы сот актiлерiн қайта қарау туралы қорытынды жасаған жағдайда, АIЖК-нiң 386-бап 1-бөлігіне сәйкес ол арызбен және iспен бiрге облыстық немесе оған теңестiрiлген сот президиумының қарауына жолданады.

      37. ҚР АIЖК-нiң 393-395-баптарының мағынасы бойынша, егер президиумның үш мүшесi алдын ала қорытындының дәлелдерiмен және тұжырымдарымен келiскен жағдайда, олар заңды күшiне енген сот актiлерiн қайта қарау үшiн iстi қадағалау сатысына тапсыру туралы немесе шағым жасалған сот актiсiн, мұндай шешiмнiң себептерiн көрсетпей-ақ, қайта қарау үшiн негiздердiң жоқ екенi туралы алдын ала қорытындыны бекiту туралы түпкiлiктi қорытынды жасайды.

      Егер президиумның үш мүшесi президиум мүшесiнiң қорытындысымен келiспесе, онда олар дәлелдi қорытынды жасайды.

      Басқа екi президиум мүшесiнiң түпкiлiктi қорытындысымен келiспеген президиум мүшесi, қорытындыға қол қойып, оның жанына қорытынды тұжырымдарымен келіспейтіні туралы көрсетедi.

      ҚР АIЖК-нiң 395-бап 1-бөлігіне сәйкес заңды күшiне енген сот актiсiн қайта қарау туралы судьяның, президиум мүшелерiнiң қорытындысы, iстi және шағымды қарауына қабылдау бөлiгiнде, қадағалау сатыдағы соттың мiндеттi түрде қарауына жатады және оны жасаған судьялармен, сот төрағасымен немесе сот алқасы төрағасымен керi қайтарылуы мүмкiн емес.

      38. АIЖК-нiң 375-бабына сәйкес қадағалау арызын берген адам қадағалау сатысындағы сот мәжiлiсiне келмеген жағдайда, iстi қарау төрағалық етушінiң немесе судьялардың бiрiнiң баяндамасынан басталуы тиiс.

      39. ҚР АIЖК-нiң 389-бабына сәйкес заңды күшiне енген сот актiлерiне наразылық келтiрген прокурор наразылық көшiрмелерiн iске қатысушы адамдарға жолдайды.

      40. Заңды тұлғалар арасындағы тараптар бойынша азаматтық iстердi жүргiзу азаматтық iс жүргiзу заңына сәйкес жүзеге асырылатынын ескере отырып, егер АIЖК күшiне енгенше бұрын күшiнде болған iс жүргiзу заңында белгiленген бiр жылдық мерзiм өтiп кетпеген жағдайда, АIЖК-нiң қадағалау арызын беру мерзiмдерi туралы 388-бабының ережелерi қолданылады.

      41. Сот актiлерiн жаңадан анықталған мән-жайлар бойынша қайта қарау туралы мәселелердi шешкен кезде, бұндай қайта қарау үшiн АIЖК-нiң 404-бабында көрсетiлген негіздер тiзiмi түпкiлiктi болып табылатынын соттардың басшылыққа алғаны жөн.

      Бұл орайда, арыз берушiге белгілi болмаған және белгілi бола алмаған мән-жайлардың iшiндегi, сот актiсiн қабылдау кездегi соттың тұжырымдарына ықпал ете алатындары iс үшiн елеулi болып табылатынын ескерген жөн.

      Сот актiсi қабылданғаннан кейiн туындаған жаңа мән-жайлар, оны жаңадан анықталған мән-жайлар бойынша қайта қарау үшiн емес, жаңа талап арыз беруге негiз бола алады.

      42. АIЖК-нiң 405-бабының 1-бөлігіне сәйкес сот актiсiн жаңадан анықталған мән-жайлар бойынша қайта қарауды сол актiнi қабылдаған сот жүргiзедi.

      Атап айтқанда, егер апелляциялық, кассациялық немесе қадағалау сатысындағы сот бiрiншi сатыдағы сот актiсiн өзгертпесе, немесе жаңа акт қабылдамаса, оны қайта қарауға тек сол сот құқылы. Егер бiрiншi сатыдағы сот актiсi өзгертiлген немесе бұзылған болса, АIЖК-нiң 405-бап 2-бөлігіне сәйкес апелляциялық, кассациялық немесе қадағалау сатысындағы соттың қаулысын, ұйғаруын, шешiмiн жаңадан анықталған мән-жайлар бойынша қайта қарауды сот актiсiн өзгерткен немесе бұзған сот сатысы жүргiзедi.

      Шешiм, қаулы, ұйғару жаңадан анықталған мән-жайлар бойынша бұзылған жағдайда, iстi ҚР АIЖК-нiң осы саты үшiн белгіленген ережелерi бойынша, бiрiншi сатыдағы сот қарайды.

      43. АIЖК-нiң 409-бабына сәйкес сот актiсiн жаңадан анықталған мән-жайлар бойынша қайта қарау туралы өтiнiштi қарағаннан кейiн, сот өтiнiштi қанағаттандырып сот актісiн бұзады немесе қайта қараудан бас тартады.

      Сот актiсiн жаңадан анықталған мән-жайлар бойынша қайта қарау туралы өтiнiштi қанағаттандыру туралы сот актiсi шағымдануға немесе наразылық келтiруге жатпайды және дереу заңды күшiнен енедi.

      Сот актiсiн жаңадан анықталған мән-жайлар бойынша қайта қарау туралы өтiнiшті қанағаттандырудан бас тарту туралы ұйғаруға жоғары тұрған сот сатысына шағымдануға немесе наразылық келтiруге болады.

      44. "Мемлекеттік баж туралы" Заңына сәйкес сот актiсiн жаңадан анықталған мән-жайлар бойынша қайта қарау туралы өтiнiштер, сондай-ақ өтiнiштердi қанағаттандырудан бас тарту туралы судьялардың ұйғаруына арыздар мемлекеттік бажды төлеуге жатпайды.

      45. Мыналардың күшi жойылды деп танылсын:

      - Қазақ КСР Жоғарғы Соты Пленумының 1965 жылғы 22 маусымдағы "Соттардың Қазақ КСР-нiң Азаматтық iс жүргiзу кодексінің кейбiр нормаларын қолдануы тәжiрибесi туралы" N 5 қаулысы, 1978 жылғы 23 наурыздағы N 3, 1983 жылғы 29 наурыздағы N 5, 1990 жылғы 6 шiлдедегi N 4 қаулыларымен енгiзiлген өзгерiстермен бiрге;

      - Қазақ КСР Жоғарғы Соты Пленумының 1967 жылғы 26 желтоқсандағы "Республика соттарының КСРО Жоғарғы Соты Пленумының 1967 жылғы 25 ақпандағы "Сот процестерiн ұйымдастыруды жақсарту, оларды өткiзудiң деңгейiн арттыру және сот қызметiнiң тәрбиелiк әсерiн күшейту туралы" N 1 қаулысын орындауы туралы" N 12 қаулысы;

      Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Пленумының 1999 жылғы 20 желтоқсандағы "Соттардың Қазақстан Республикасы АIЖК-нiң 386-б. 1-т. және 387-б. 3 т. қолдануы туралы" N 21 қаулысы.

      КСРО Жоғарғы Соты Пленумының төмендегi қаулылары Қазақстан Республикасында қолданылмайды деп танылсын:

      - 1973 жылғы 8 қазандағы "Соттардың азаматтық iстердi кассациялық тәртiпте қарау тәжiрибесi туралы" N 14 қаулысы, 1979 жылғы 6 қыркүйектегi N 5 қаулысымен енгiзiлген өзгертулермен бiрге;

      - 1974 жылғы 13 желтоқсандағы "Азаматтық iстердi сот қадағалау тәртiбiмен қараудың тәжiрибесi туралы" N 10 қаулысы, 1980 жылғы 29 тамыздағы N 5 қаулысымен енгiзiлген өзгерiстермен бiрге;

      - 1983 жылғы 1 желтоқсандағы "Бiрiншi сатыдағы сотта азаматтық iстердi қараған кездегi процессуалдық заңды қолдану туралы" N 10 қаулысы, 1987 жылғы 3 сәуiрдегi N 3 қаулысымен енгiзiлген өзгерiстермен бiрге.

Қазақстан Республикасы


Жоғарғы Сотының Төрағасы


Пленум хатшысы,


Қазақстан Республикасы


Жоғарғы Сотының судьясы


Көшiрмесi дұрыс,


Пленум хатшысы



Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады