Батыс Қазақстан облысын энергиямен жабдықтаудың жай-күйін жақсарту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Батыс Қазақстан облысы әкімінің, "Жайықжылуэнергия" ашық акционерлік қоғамының (Орал қаласы) және VEAG компаниясының (Германия) шетелдік инвестицияларды тарта отырып, қуаттылығы 56 МВт дейінгі газ турбиналы қондырғылардың құрылысын салу жолымен Орал ЖЭО-ын кеңейту үшін бірлескен кәсіпорын құру туралы ұсынысы мақұлдансын.
2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 9 сәуірдегі N 384 P990384_ қаулысымен бекітілген Электр энергетикасын 2030 жылға дейін дамыту бағдарламасына сәйкес Орал ЖЭО-ның жанындағы газ турбиналы қондырғылардың құрылысын салу Қазақстан Республикасының тікелей
инвестициялар бойынша жүзеге асырылатын басымдықты жобаларының бірі болып
есептелсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының
Энергетика, индустрия және сауда министрлігіне жүктелсін.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Оқығандар:
Омарбекова А.Т.
Орынбекова Д.Қ.