Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. "Шетелдік инвесторлардың өтініштерін қарау жөніндегі ведомствоаралық комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 1 қарашадағы N 1633 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
1-тармақта:
"Зверьков - Қазақстан Республикасы
Вадим Павлович Сыртқы істер министрлігінің
Халықаралық ынтымақтастық
департаментінің директоры"
деген жолдағы, "хатшы" деген сөз алынып тасталсын;
шетелдік инвесторлардың өтініштерін қарау жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамына Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің Сыртқы байланыстар бөлімі меңгерушісінің орынбасары Нұрсейітов Азамат Айтқалиұлы хатшы болып енгізілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі