1. 1997 жылғы 27 наурызда Мәскеу қаласында жасалған Тәуелсiз
Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердiң азаматтарына медициналық көмек көрсету туралы келiсiм мен Медициналық қызметтер ұсынудың тәртiбi бөлiгiнде Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердiң азаматтарына медициналық көмек көрсету туралы келiсiмдi iске асырудың тетiгi жөнiндегі хаттама бекiтiлсiн. 2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Неофициальный перевод Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына Қатысушы мемлекеттердiң азаматтарына медициналық көмек көрсету туралы КЕЛIСIМ Осы Келiсiмге қатысушы Мемлекеттер Yкiмет тұрғысында, бұдан әрi - Тараптар,
Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердiң олардың азаматтарының денсаулығын қорғау саласындағы ынтымақтастығының маңыздылығына сүйенiп,
Тұрғындарға медициналық көмек көрсету саласындағы өзара iс-қимылдардың одан әрi дамуы мен тереңдеуiне ықпал етудi қалай отырып,
төмендегiлер туралы келiстi:
1-бап
Осы Келiсiмнiң мақсаттары үшiн төменде келтiрген терминдердiң мағынасы:
"Достастықтың мемлекетi" - Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына кiретiн, осы Келiсiмнiң қатысушысы болып табылатын мемлекет;
"Тұрақты тұратын мемлекет" - пациент азаматы болып табылатын және онда ол тұрғылықты тұратын мемлекет;
"Уақытша келген мемлекет" - бұл мемлекеттiң оның азаматы болып табылмайтын пациентке медициналық қызмет көрсетушi мемлекет;
"жолдаушы ел" - өз азаматтарының бiрiн медициналық көмек алу үшiн Достастықтың басқа мемлекетiне жолдаушы денсаулық сақтау министрлiгi тұрғысындағы Достастықтың мемлекетi;
"Қабылдаушы ел" - Достастықтың басқа мемлекеттерi азаматтарына медициналық қызмет көрсетудi қамтамасыз етуші Достастықтың мемлекетi;
"жедел және шұғыл медициналық көмек" пациент денсаулығының оның өмiрiне немесе маңайындағылардың денсаулығына қауіп төндiретiн физиологиялық немесе психикалық қатты бұзылуы кезiнде көрсетiлетiн медициналық қызметтер кешенi;
"жоспарлы медициналық көмек" - пациент денсаулығының оның өмiрiне немесе маңайындағылардың денсаулығына тiкелей қауiп төндiрмейтiн физиологиялық немесе психикалық бұзылуы кезiнде көрсетiлетiн медициналық қызметтер кешенi.
2-бап
Жедел және шұғыл медициналық көмек науқастың өмiрiне немесе маңайындағылардың денсаулығына қауiп төндiретiн кенеттен болған қатты жай-күй мен ауру кезiнде, қайғылы оқиғалар, улану, жарақат алу, босану мен жүктiлiк кезiндегi шұғыл жай-күй кезiнде уақытша келген мемлекет аумағында ұйымдастырушылық-құқықтық түрiне, ведомстволық тиiстiлiгi мен меншiк түрiне қарамастан емдеу алдын алу мекемелерiмен (бұдан әрi - ЕАМ) азаматтарға тоқтаусыз тегiн және толық көлемде көрсетiледi.
Науқастың өмiрiне немесе маңайындағылардың денсаулығына төнген қауiп жойылып, көлiкпен алып жүру мүмкiн болған сәттен бастап, одан әрi көрсетiлетiн медициналық көмек ақылы негiзде жүзеге асырылады.
Науқасты көлiкпен қауiпсiз алып жүру мүмкiндiгiн медициналық көмек көрсететiн, көлiкпен алып жүру туралы қорытындының дұрыстығы үшiн заңды жауапкершiлiктi мойнына алатын ЕАМ-нiң клиникалық-сараптама комиссиясы анықтайды.
3-бап
Уақытша келген мемлекет аумағында азаматтарға жоспарлы медициналық қызмет көрсету келiсiмдi бағалар немесе қолданылып жүрген прейскуранттар бойынша өзара есеп жүргiзу арқылы ақылы негiзде жүзеге асырылады.
Жоспарлы медициналық көмектiң қандай да бiр түрiн көрсетудiң негiзi - тиiстi медициналық құжаттардың болуы мен жолдаушы елдiң медициналық көмектiң нақты құнын төлейтiндiгi туралы кепiлдi мiндеттемесi.
Көрсетiлген құжаттар болмаған жағдайда жоспарлы медициналық көмек емдеудiң шамамен алғандағы құнынан кем емес мөлшерде алдын ала ақы төлегеннен кейiн, әрi қарай ЕАМ мен пациенттiң немесе оның өкiлi болып табылатын заңды (жеке) тұлғаның арасында нақты шығындар бойынша өзара есеп айырысу жүргiзiле отырып көрсетiледi.
Жекелеген жағдайларда ауыр сырқаттардан зардап шеккендерге жоспарлы консультативтiк және емдеу-диагностикалық медициналық көмек Тараптардың келiсiмi бойынша басқаша жағдайларда да көрсетiлуi мүмкiн.
4-бап
Ресми түрде босқын ретiнде танылған тұлғаларға уақытша келген мемлекет территориясында жоспарлы медициналық көмек осы мемлекеттiң заңдарымен белгiленген тәртiпте және жағдайларда көрсетiледi.
5-бап
Уақытша келген мемлекетте тұрып қайту рұқсаты негiзiнде тұрақты тұратын және Достастықтың басқа мемлекетiнiң азаматтары болып табылатын тұлғаларға медициналық көмек осы келiсiмнiң 2, 3, 4 және 8-баптарына сәйкес көрсетiледi.
6-бап
Бейбiтшiлiк орнықтырушы күштердiң шектi контингенттерiнiң құрамына кiретiн қарулы күштердiң әскери қызметкерлерiне сондай-ақ олардың отбасы мүшелерiне қажеттi медициналық көмек уақытша келген мемлекеттің ЕАМ-iнде осы санаттағы азаматтарға медициналық-әлеуметтiк кепiлдiктер туралы қолданылып жүрген халықаралық келiсiмдерге сәйкес көрсетiледi.
7-бап
Уақытша келген мемлекетте шарт (еңбек келiсiмi) бойынша жұмыс iстеп жүрген азаматтарға жоспарлы медициналық көмек шартта көрсетiлген тәртiп пен көлемде жұмыс берушiнiң қаржысы есебiнен, немесе азаматтардың өз қаржысы есебiнен жүзеге асырылады.
Азаматтардың уақытша келген мемлекеттегi еңбек қызметiмен байланысты болған кәсiптiк аурулар мен өндiрiстiк жарақаттарды емдеудi төлеу жұмыс берушiнің қаржысы есебiнен осы мемлекеттiң заңдарында қаралған тәртiпте және жағдайларда жүзеге асырылады.
Осы ережелер шекара төңірегiнде тұратын және шектес Тараптардың территорияларында жұмыс iстейтiн азаматтарға да қолданылады.
8-бап
Ауру және жарақат алу кезiнде еңбек қабілетiн жоғалтуды сараптау уақытша келген мемлекет аумағында осы мемлекеттiң заңдары белгiлеген тәртiпте жүзеге асырылады.
Уақытша келген мемлекеттiң ЕАМ-i берген және ауру мен жарақат алу кезiнде азаматтардың еңбекке уақытша қабiлетсiздiгiн куәландыратын құжат - барлық Тараптармен танылған әрi қарай тұрақты тұратын мемлекеттiң ЕАМ-i осы мемлекетте қабылданған үлгiдегi уақытша еңбекке қабілетсiздiгiн куәландыратын құжатқа (параққа) ауыстырылатын еңбекке қабілетсiздiгi парағы болып табылады.
Еңбек қабiлетiн мүлде жоғалтқан жағдайда уақытша келген мемлекеттiң ЕАМ-i пациенттiң тұрақты, немесе уақытша тұратын мемлекеттiң еңбек қабілетiн сараптау органдарына барлық Тараптар таныған құжатты (хабаршы парақ) ресiмдейдi.
9-бап
Бұрынғы КСРО үкiметi белгiлеген және Достастық мемлекеттері таныған азаматтарды медициналық және дәрi-дәрмектiк қамтамасыз ету жөнiндегi жеңiлдiктердi тұрақты тұратын мемлекеттiң ұлттық заңдары белгiлеген тәртiпте және жағдайларда қамтамасыз етiледi.
10-бап
Тараптар Достастыққа қатысушы мемлекеттердiң мүдделi министрлiктерi
және ведомстволарымен келiсе отырып, Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығы денсаулық сақтау саласындағы ынтымақтастық жөнiндегi Кеңеске осы Келiсiмдi iске асыру механизмi жөнiндегi нақты ұсыныстарды дайындап, оларды белгiлеген тәртiпте Тәуелсiз мемлекеттер Достастығы Yкiметтерi басшылары Кеңесiнiң отырысына енгiзудi тапсырады. 11-бап Достастықтың басқа мемлекеттерiне жолданатын медициналық құжаттамаларды толтыруға арналған ресми тiл, орыс тiлi болып табылады. 12-бап Осы Келiсiм оған қол қойылған күнiнен бастап, ал оның күшiне енуi үшiн заңдары қажеттi мемлекетішілiк процедураларды орындауды талап ететiн мемлекеттер үшін тиiстi хабарламаны депозитарийға тапсырған күннен бастап күшiне енедi. 13-бап Осы Келiсiмге өзгерiстер мен толықтырулар Тараптардың жалпы келiсiмiмен енгiзiлуi мүмкiн. 14-бап Осы Келiсiм оның күшiне енген күнiнен бастап 5 жыл бойы қолданыста болады. Бұл мерзiм өткеннен кейiн, егер Тараптар басқадай шешiм қабылдамаса, Келiсiм әр жолы өз өзiнен бес жылдық кезеңге ұзартылып отырады. 15-бап Әр Тарап Келiсiм қолданыста болған уақытта туындаған мiндеттемелердi тәртiптеген соң шығардан кем дегенде, 6 ай бұрын бұл туралы жазбаша хабарлама жолдағаннан кейiн осы келiсiмнен шыға алады. 16-бап Осы Келiсiм оның мақсаттары мен принциптерiн бөлiсетiн басқа мемлекеттерге қосылу жөнiндегi құжатын депозитарийға беру жолымен қосылу үшiн ашық. Мәскеу қаласында 1997 жылдың 27 наурызында бiр түпнұсқалық данада орыс тiлiнде жасалған. Түпнұсқалық дана осы Келiсiмге қол қойған әр мемлекетке оның куәландырылған көшiрмесiн жолдайтын Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығының Атқарушы Секретариатында сақтаулы. Әзiрбайжан Республикасының Молдова Республикасының Үкiметi үшiн Үкiметi үшiн Армения Республикасының Ресей Федерациясы Yкiметi үшiн Үкiметi үшiн Беларусь Республикасының Тәжiкстан Республикасының Yкiметi үшiн Үкiметi үшiн Грузия Түркменстан Yкiметi үшiн Үкiметi үшiн Қазақстан Республикасы Өзбекстан Республикасы Үкiметi үшiн Yкiметi үшiн Қырғыз Республикасы Украина Yкiметi үшiн Yкiметi үшiн Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына Қатысушы мемлекеттердiң азаматтарына медициналық көмек көрсету туралы Келiсiмдi медициналық қызмет көрсету тәртiбi бөлiгiнде жүзеге асыру механизмi туралы ХАТТАМА Осы Хаттамаға қатысушы Үкiмет тұрғысындағы мемлекеттер - бұдан әрi Тараптар, Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердiң азаматтарына медициналық көмек көрсету туралы Келiсiмдi медициналық қызмет көрсету тәртiбi және өзара қаржылық есеп жүргiзу бөлiгiнде жүзеге асырудың тиiмдi механизмiн жасау мақсатында, төмендегiлер туралы келiстi: 1. Жалпы ережелер
Осы Хаттамада пайдаланылған терминдер Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердiң азаматтарына медициналық көмек көрсету туралы Келiсiмдегi терминдермен бiрдей мағынаға ие.
Достастық мемлекеттерiнiң азаматтарына медициналық көмек осы мемлекеттердiң барлық емдеу-алдын алу мекемелерiмен (бұдан әрi- ЕАМ) ұйымдастырушылық-құқықтық түрiне, ведомстволық тиiстiлiгi мен меншiк түрiне қарамастан мынадай тәртiпте жүзеге асырылады:
1.1. Пациенттер үшiн тоқтаусыз және тегiн - жедел және шұғыл медициналық көмек.
1.2. Жолдаушы ел немесе Достастық мемлекеттерi азаматтарының жеке қаржысы есебiнен, сондай-ақ қайырымдылық жарналары мен оның iшiнде халықаралық және басқа да бюджеттен тыс көздер бар, кәсiпорындар мен ұйымдардың жәрдемдерi есебiнен ақылы негiзге - медициналық-әлеуметтiктi қоса алғандағы жоспарлы медициналық көмек.
1.3. Достастық мемлекетiнiң аумағында оның азаматтары болып табылмайтын Тараптардың халықаралық келiсiмдерiне сәйкес жұмыс iстейтiн (оқитын, әскери қызмет атқаратын және басқа) азаматтардың жекелеген сипаттары үшiн - тегiн, және олардың отбасыларына, сондай-ақ мүдделi министрлiктер мен ведомстволар (қорғаныс, бiлiм министрлiгi, шекара, кеден қызметтерi т.б.) үшiн - ерiктi медициналық сақтандыру келiсiмдерi, немесе медициналық көмек көрсету бөлiгiнде халықаралық келiсiмдер анықтаған медициналық қызмет түрлерi - қабылдаушы елдiң қаржысы есебiнен.
1.4. Емдеу аяқталғаннан кейiн жолдаушы елге немесе пациентке, сондай-ақ оның мүддесiн бiлдiрушi заңды (жеке) тұлғаға ұсынылатын құжаттар мыналар болып табылады:
медициналық қызмет көрсеткен ЕАМ-нiң мекен жайы, банктік реквизиттерi көрсетiлген жоспарлы медициналық көмектiң есебi (жүргiзiлген диагностикалық және емдеу шараларының 1 төсек-күннiң құны және олардың санын қоса алғандағы төлеуге жататын жалпы сомасы);
медициналық қызметтерге арналған тарифтердi бекiтетiн құжаттардың көшiрмесi;
пациенттi ауруханаға жатқызу тәртiбi (жоспарлы немесе шұғыл), стационарда болған мерзiмдерi, аурудың толық диагнозы, жүргiзiлген диагностикалық және емдеу шаралары, науқастың стационарда жалпы қабылданған мерзiмнен тыс ұсталу себептерi және басқа қажеттi мәлiметтер көрсетiлген ауру тарихынан толық көшiрме.
1.5. Достастық мемлекеттерi азаматтары еңбек қабілетiн уақытша келген мемлекетте болған кезең iшiнде жоғалтқан жағдайда қабылдаушы елдiң нормативтiк-құқықтың актiлерiмен белгiленген тәртiпте мыналар ресiмделедi:
уақытша келген мемлекетте қабылданған үлгiдегi кейiннен тұрақты тұратын мемлекет белгiлеген үлгідегi құжатқа ауыстырылуға жататын, ауру, жарақат алу т. б. зардабынан болған еңбек қабiлетiн уақытша жоғалту дерегiн куәландыратын еңбекке қабілетсiздiгi парағы;
еңбек қабілетiн мүлде жоғалтқандыққа сараптау жүргiзуге арналған уақытша келген мемлекетте қабылданған үлгiдегi хабаршы парақ.
II. Жедел және шұғыл медициналық көмек көрсету тәртiбi
2.1. Уақытша келген мемлекеттiң азаматтары болып табылмайтын Достастық мемлекеттерiнiң азаматтарына жедел және шұғыл медициналық көмек науқастың өмiрiне немесе маңайындағылардың денсаулығына қауiп төндiретiн кенеттен болған қатты жай-күй мен ауру кезiнде, қайғылы оқиғалар, улану, жарақат алу, босану мен жүктiлiк кезеңiндегi шұғыл жай-күй кезiнде тоқтаусыз және қажеттi көлемде барлық ЕАМ-де (медициналық сақтандыру полисiнiң бар-жоғына қарамастан) көрсетiледi.
2.2. Достастық мемлекеттерiнiң азаматтарына 2.1. тармақпен белгiленген жағдайларда ЕАМ-нiң шұғыл көрсеткiш бойынша медициналық көмек көрсету шығындарын өтеу уақытша келген мемлекеттiң бюджетiнiң есебiнен ондағы қолданылып жүрген денсаулық сақтауды қаржыландыру жүйесiне сәйкес жүзеге асырылады.
2.3. Науқастың өмiрiне немесе маңайындағылардың денсаулығына төнген қауiп жойылып, оны көлiкпен алып жүру мүмкiн болған сәттен бастап одан әрi көрсетiлетiн медициналық көмекке уақытша келген мемлекеттiң қолданылып жүрген заңдарына сәйкес көрсетiлген медициналық қызметтер үшiн өзара есеп жүргiзу арқылы жоспарлы сияқты (ерiктi медициналық сақтандыру немесе ақылы қызмет шеңберiнде) ақы алынады.
2.4. Науқасты көлiкпен қауiпсiз алып жүру мүмкiндiгiн медициналық көмек көрсететiн, көлiкпен алып жүру туралы қорытындының дұрыстығы үшiн заңды жауапкершiлiктi мойнына алатын ЕАМ-нiң клиникалық-сараптама комиссиясы анықтайды.
Көлiкпен алып жүруге келiсiм науқаспен және оған ерiп жүрген тұлғалармен, белгiленген тәртiпте ЕАМ-де қалатын және пациенттiң қолына берiлетiн құжаттарда расталады.
Пациенттi көлiкпен алып жүруге келiсiмдi алу және ресiмдеу процедурасы Тараптар заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.
2.5. Науқасты тұрақты тұратын мемлекетке көлiкпен алып жүру қажет болған жағдайда оның жай-күйi туралы ақпарат пациент азаматы болып табылатын мемлекеттiң елшiлiгi мен денсаулық сақтау министрлiгiне хабарланады.
2.6 Науқас азаматы болып табылатын Достастық мемлекетiнiң өкiлеттi өкiлдерiмен науқасты санитарлық авиация көлiгiмен алып жүру қажеттiгi мәселесi оң шешiлген жағдайда осы қызметтi төлеу тұрақты тұратын мемлекет есебiнен немесе пациенттiң жеке қаржысы есебiнен жүзеге асырылады.
Бұл жағдайларда науқасты көлiкпен алып жүру шығынының есебi тиiстi мемлекеттiң денсаулық сақтау министрлiгiне пациент шыққаннан кейiн 10 күннен артық емес уақытта жолданады.
2.7. Азаматтардың өмiрiне немесе маңайындағылардың денсаулығына тiкелей төнген қауiптi жойғаннан кейiн уақытша келген мемлекеттiң ЕАМ-де оларды емдеу жалғасқан жағдайларда көрсетiлген медициналық қызметтердің нақты құнын төлеудi осы Хаттаманың 2.3. тармағына сәйкес тiкелей пациент немесе оның мүдделерiн бiлдiрушi заңды (жеке) тұлға осы мемлекеттiң атқарушы билiгiмен бекiтiлген тарифтер немесе келiсiмдi бағалар бойынша жүзеге асырады.
Науқастың одан арғы емiн төлеу мүмкiн болмаған жағдайда, сондай-ақ оның қабiлетсiздiгi және оны алып жүрушiлердiң болмауы жағдайында науқастың жай-күйi туралы ақпарат пациенттiң тұрақты тұратын мемлекет елшiлiгiне хабарланады.
Пациент азаматы болып табылатын мемлекеттiң өкiлеттi өкiлдерi уақытша келген мемлекетте оны емдеудi жалғастырудың мақсатқа сәйкестiгi мәселесiн оң шешкен жағдайда көрсетiлген медициналық қызметтер үшiн төлемнiң есебi тұрақты тұратын мемлекеттiң денсаулық сақтау министрлiгiне жолданады.
III. Жоспарлы медициналық көмек көрсету тәртiбi
3.1. Достастықтың кез келген мемлекетiнiң аумағында азаматтарға жоспарлы медициналық қызмет көрсету уақытша келген мемлекеттiң атқарушы билiгi келiсiмдi бағалар немесе қолданыстағы прейскуранттар бойынша, онда қолданылып жүрген нормативтiк-құқықтық актiлерге сәйкес өзара есеп жүргiзу арқылы ақылы негiзде жүзеге асырылады.
Жоспарлы медициналық көмектiң қандай да бiр түрiн көрсетудiң негiзi - тиiстi медициналық құжаттардың болуы мен жолдаушы елдiң немесе пациенттiң мүдделерiн бiлдiрушi заңды (жеке) тұлғалардың медициналық көмектiң нақты құнын төлейтiндiгi туралы кепiлдi мiндеттемесi болып табылады.
Көрсетiлген медициналық қызметтер үшiн есеп айырысуды төлемге кепiлдiк берген пациенттiң мүдделерiн білдiрушi заңды (жеке) тұлға жүзеге асырады.
Көрсетiлген құжаттар болмаған жағдайда жоспарлы медициналық көмек емдеудiк шамамен алғандағы құнынан кем емес мөлшерде алдын ала ақы төлегеннен кейiн, әрi қарай ЕАМ мен пациенттiң немесе оның өкiлi болып табылатын заңды (жеке) тұлғаның арасындағы нақты шығындар бойынша өз ара есеп айырысу жүргiзiлу арқылы көрсетiлуi мүмкiн.
3.2. Уақытша келген мемлекеттiң мекемелерiнде, кәсiпорындарында, ұйымдарында келiсiм-шарт бойынша (еңбек шарты) жұмыс iстейтiн Достастық мемлекеттерiнiң азаматтарына жоспарлы медициналық көмек мыналардың есебiнен жүзеге асырылады:
келiсiм-шартта қаралған тәртiпте және шарттарда, ерiктi медициналық сақтандыру келiсiм-шарттарына немесе тексеру мен, емдеудiң шамамен алғандағы құнынан кем емес мөлшерде алдын ала төлеу жолымен жұмыс берушiнiң көрсетiлген медициналық қызметтердің нақты құнын төлеу жөнiндегi кепiлдi мiндеттемелерiне сәйкес жұмыс берушiнiң қаржысы есебiнен. Көрсетiлген медициналық қызмет үшiн төлем есебi тиiстi медициналық сақтандыру компаниясына немесе пациенттiң жұмыс орынына жолданады;
әрi қарай нақты шығындар бойынша өзара есеп ашуды жүргiзетiн болып, тексеру мен емделудiң шамамен алғандағы құнынан кем емес мөлшерде алдын ала төлеу арқылы азаматтардың жеке қаржысы есебiнен.
Азаматтардың уақытша келген мемлекеттегi еңбек қызметiмен байланысты болған кәсiптiк аурулар мен өндiрiстiк жарақаттарды емдеудi төлеу жұмыс берушiнің қаржысы есебiнен осы мемлекеттiң азаматтық кодексi мен азаматтардың еңбегiн қорғау және денсаулығын қорғау туралы заңдарында қаралған тәртiпте және жағдайларда жүзеге асырылады.
Осы ережелер, егер шекара төңiрегi ынтымақтастығы туралы халықаралық келiсiмдерде басқаша қаралмаған болса шекара төңiрегi аудандарында тұратын және Достастықтың шектес мемлекетiнiң аумағында (мекемелерде, кәсiпорындарда, ұйымдарда) жұмыс iстейтiн азаматтарға да қолданылады.
3.3. Халықаралық келiсiмдерге сәйкес бұл тұлғалар азаматы болып табылмайтын мемлекет аумағында әскери қызметiн өтiп жүрген Достастық мемлекетiнiң азаматтарына (қарулы күштердiң жұмысшылары мен қызметшiлерiне) сондай-ақ олардың отбасы мүшелерiне медициналық қызметтер тиiстi келiсiмдердiң (келiсiмдерге хаттамалардың) медициналық көмек көрсету бөлiгiнде қаралған тәртiпте және көлемде мыналардың есебiнен жүзеге асырылады:
қабылдаушы елдiң тиiстi бюджеттерi есебiнен;
көрсетiлген медициналық қызметтердiң нақты құнын төлеу және тексеру мен емдеудiң шамамен алғандағы құнынан кем емес мөлшерде алдын ала төлеу туралы ерiктi медициналық сақтандыру келiсiмiндегi немесе тұрақты тұратын мемлекеттің тиiстi министрлiктерi мен ведомстволарының (қорғаныс министрлiгi, кеден, шекара қызметi т. б.) кепiлдi мiндеттемелерi негiзiнде. Көрсетiлген медициналық көмектің есебi тиiстi медициналық сақтандыру компаниясына немесе пациенттiң немесе ол оның отбасы мүшесi болып табылатын тұлғаның жұмыс (қызмет) орнына жолданады;
әрi қарай нақты шығындар бойынша өзара есеп ашуды жүргiзетiн болып, тексеру мен емдеудiң шамамен алғандағы құнынан кем емес мөлшерде алдын ала төлеу арқылы азаматтардың жеке қаржысы есебiнен.
3.4. Уақытша келген мемлекеттiң орта, жоғары, вуздан кейiнгi және қосымша кәсiптiк бiлiм беру оқу орындарында оқитын Достастық мемлекеттердiң азаматтарына медициналық көмек:
шетел азаматтарын орта, жоғары, вуздан кейiнгi және қосымша кәсiптiк бiлiм берудiң мемлекеттiк мекемелерiнде медициналық көмек көрсету бөлiгiнде тиiстi бюджеттерi есебiнен қабылдаушы елдiң оқыту туралы Тараптардың халықаралық келiсiмдерiнде;
ерiктi медициналық сақтандыру келiсiм-шарттарына немесе көрсетiлген медициналық қызметтiң нақты құнын төлеу, және тексеру мен емдеудiң шамамен алғандағы құнынан кем емес мөлшерде алдын ала төлейтiндiгi туралы кепiлдi мiндеттемеге сәйкес оқу орыны мен онда оқып жүрген азамат немесе оның мүдделерiн бiлдiрушi заңды (жеке) тұлға арасындағы шарттарда. Көрсетiлген медициналық көмек есебi тиiстi медициналық сақтандыру компаниясына немесе пациенттiң оқу орнына жолданады;
әрi қарай нақты шығындар өзара есеп ашуды жүргiзетiн болып, тексеру мен емдеудiң шамамен алғандағы құнынан кем емес мөлшерде алдын ала төлеу арқылы азаматтардың жеке қаржысы есебiнен қаралған тәртiпте және көлемде жүзеге асырылады.
IV. Тараптардың жауапкершiлiгi
4.1. Достастық мемлекеттерiнiң азаматтарына көрсетiлген медициналық көмек үшiн ЕАМ-нiң есептерiн төлеудi жолдаушы ел оларды алған күннен бастап 20 күннен кем емес мерзiмде жүзеге асырады.
Уақытша төленбеген есептер үшiн әрбiр мерзiмi өткен күнге төленбеген соманың 0,25 пайызы мөлшерiнде өсiм төленедi.
4.2. Көрсетiлген медициналық көмектiң сапасы мен көлемi, қаржылық есебi, сондай-ақ жасалған медициналық қызметтер есебiнiң уақытында төленбеуiне байланысты шығым талаптар халықаралық құқық нормалары мен уақытша келген мемлекеттiң заңдарына сәйкес қаралады.
Тараптардың кеңес және келiссөздер жолымен келiсiмге қол жеткiзiлмеген осы Хаттаманың орындалуы бойынша даулы мәселелер Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығының Экономикалық Сотымен жүргiзiлген тәуелсiз сараптама негiзiнде шешiледi.
V. Хаттаманы жүзеге асыру тәртiбi
5.1. Осы Хаттама Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердiң азаматтарына медициналық көмек көрсету туралы Келiсiмге қол қойған, оның мақсаттары мен принциптерiн бөлiсетiн Достастықтың басқа да мемлекеттерiне депозитарийға құжаттарын беру жолымен қосылу үшiн ашық.
5.2. Хаттама 5 жыл мерзiмге жасалады және егер Тараптар басқадай шешiм қабылдамаса келесi 5 жылға өз өзiнен ұзаратын болады. Әрбiр Тарап осы Хаттамадан шығу туралы ниетiн бұл туралы шығардан 6 айдан кем емес уақыт бұрын депозитарийға жазбаша хабарлау жолымен мәлiмдей алады.
5.3. Осы Хаттама оған қол қойылған күнiнен бастап, ал оның күшiне
енуi үшiн заңдары қажеттi мемлекетішілiк процедуралары орындауды талап ететiн мемлекеттер үшiн тиісті хабарламаны депозитарийға тапсырған күннен бастап күшiне енедi. Москва қаласында 1997 жылдың 27 наурызында бір түпнұсқалық данада орыс тiлiнде жасалған. Түпнұсқалық дана осы Хаттамаға қол қойған әр мемлекетке оның куәландырылған көшiрмесiн жолдайтын Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығының Атқарушы Секретариатында сақтаулы. Әзiрбайжан Республикасының Молдова Республикасының Үкiметi үшiн Үкiметi үшiн Армения Республикасының Ресей Федерациясы Yкiметi үшiн Үкiметi үшiн Беларусь Республикасының Тәжiкстан Республикасының Yкiметi үшiн Үкiметi үшiн Грузия Түркменстан Yкiметi үшiн Үкiметi үшiн Қазақстан Республикасы Өзбекстан Республикасы Үкiметi үшiн Yкiметi үшiн Қырғыз Республикасы Украина Yкiметi үшiн Yкiметi үшiн Оқығандар: Қобдалиева Н.М. Орынбекова Д.К.