Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 28.12.2016 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) № 887 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. "Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына көлік қызметін көрсету үшін жеңіл автомобильдерді пайдалануды ретке келтіру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы N 663 P990663_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., N 23-24, 228-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
1-тармақтағы "және көлік құралдарын пайдалануға жұмсалатын шығыстар нормаларының" деген сөздер алынып тасталсын;
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының мемлекеттік
органдарына көлік қызметін көрсету үшін қызметтік жеңіл автомобильдердің
тиістілік және көлік құралдарын пайдалануға жұмсалатын шығыстар
нормаларының нормативінде:
атауындағы "және көлік құралдарын пайдалануға жұмсалатын шығыстар
нормаларының" деген сөздер алынып тасталсын;
6-баған "1 айға 1 бірл. арн. шығыстар норм. (теңге)" алынып тасталсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Оқығандар:
Қобдалиева Н.М.
Орынбекова Д.К.