Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдарына көлiк қызметiн көрсету үшiн қызметтiк автомобильдердi пайдалануды ретке келтiру туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы N 663 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 28 желтоқсандағы № 887 қаулысымен.

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 28.12.2016 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) № 887 қаулысымен.
      Ескерту. Тақырыбына және кіріспеге өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2008.07.31. N 725 Қаулысымен.

      Мемлекеттiк қаражаттарды үнемдеу режимiн күшейту және қызметтік автомобильдердi пайдалануды ретке келтiру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына көлiк қызметін көрсету үшін қызметтік автомобильдердiң тиiстiлiк және көлiк құралдарын пайдалануға жұмсалатын шығыстар нормаларының нормативi (бұдан әрi Норматив) бекiтiлсiн.

      2. Мыналарға:

      1) Қазақстан Республикасы Президентiнiң Iс Басқармасына "Қазақстан Республикасы Президентi Iс Басқармасының Автошаруашылығы республикалық мемлекеттік кәсiпорнының балансындағы мемлекеттік органдарға бекiтiлген қызметтiк автомобильдердi олардың балансына беру;

      2) Қазақстан Республикасы Президентiне тiкелей бағынысты және есеп беретiн мемлекеттiк органдарға, сондай-ақ орталық атқарушы органдар болып табылмайтын өзге мемлекеттiк органдарға:

      "Қазақстан Республикасы Президентi Iс Басқармасының Автошаруашылығы" республикалық мемлекеттік кәсiпорнының балансындағы оларға бекiтiлген қызметтiк автомобильдердi балансқа қабылдау;

      2010 жылға дейiн қызметтік жеңіл автомобильдер паркiн жаңартпау.

      Ескерту. 2-тармақтың 2) тармақшасының үшінші абзацын қоспағанда, мәтінге өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2008.07.31. N 725 , 2009.03.24. N 388 Қаулыларыымен.

      3. Министрлiктер, агенттiктер және комитеттер:

      1) "Қазақстан Республикасы Президенті Iс Басқармасының Автошаруашылығы" республикалық мемлекеттік кәсіпорнының балансындағы оларға бекiтілген қызметтiк автомобильдердi балансқа қабылдасын;

      2) 2010 жылға дейiн қызметтiк жеңiл автомобильдер паркiн жаңартпасын;

      3) (Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2009.03.24. N 388 Қаулысымен).
      Ескерту. 3-тармақтың 2) тармақшасын қоспағанда, мәтінге өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2008.07.31. N 725 , 2009.03.24. N 388 Қаулыларымен.

      4. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi мемлекеттiк органдарды қаржыландыруды қызметтік автомобильдердi пайдалануға арналған шығыстар лимитiнiң шегiнде көлiк қызметiн көрсету шарттарымен қатаң сәйкестендiрiп жүзеге асырсын.

      5. Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына көлік қызметін көрсету үшін қызметтік автомобильдердің бекітілген тиістілік нормасын іске асыру тиісті кезеңге арналған республикалық және жергілікті бюджетте көзделген қаражат шегінде жүзеге асырылсын.

      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2011.03.31 № 335 Қаулысымен.

      6. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiмен бiрлесiп, заңдарда белгіленген тәртiппен Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң бұрын қабылданған шешiмдерiн осы қаулыға сәйкес келтiру туралы ұсыныс енгiзсiн.

      7. Осы қаулы 1999 жылғы 1 шiлдеден бастап күшiне енедi.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі



  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
1999 жылғы 27 мамырдағы
N 663 қаулысымен бекітілген

Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына көлік
қызметін көрсету үшін қызметтік автомобильдердің
тиістілік нормативі

      Ескерту. Тиістілік нормативі жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің
      06.08.2009 N 1189 Қаулысымен; өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 31.03.2011 № 335; 07.10.2011 N 1148; 04.06.2012 N 739; 02.11.2012 N 1396; 19.11.2012 N 1458; 22.02.2013 N 165; 03.09.2013 N 915; 18.07.2014 № 795; 09.10.2014 № 1081; 16.10.2014 N 1098 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.04.2015 № 173 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

Р/с
N

Мемлекеттік органның атауы

Лауазымның атауы

Автомобильдер саны

Қозғалтқыштың көлемі, текше см. (автобустардан басқа)

1 автомобильдің бір айдағы жүруі (км)

қызметтік (1 бірлік)

кезекші (оның ішінде автобустар)

1

2

3

4

5

6

7



Премьер-Министр

1



3100

Мемлекеттік хатшы

1



3100

2

Президент Әкімшілігі

Президент Әкімшілігінің Басшысы

1



3100

Президенттің көмекшісі - Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы

1



3100

Президенттің көмекшісі

1



3100

Жоғарғы Сот Кеңесінің Төрағасы

1



2500

Президент Әкімшілігі Басшысының орынбасары

1



2500

Президент Кеңсесінің бастығы

1



3100

Президенттің Баспасөз хатшысы

1



3100

Президенттің Протокол бастығы

1



3100

Президенттің Парламенттегі өкілдігінің басшысы

1



2500

Астана қаласында көлiктiк қызмет көрсету

16*********

1*********
 


2600

Алматы қаласында

1*********

6*********


2600

Қонақтарға арналған

25


***

3

Президенттің Іс басқармасы

Президенттің Іс басқарушысы

1



3100

Президенттің Іс басқарушысының орынбасары

1



2600

Аппарат, ведомство басшысы

1



2600

4

Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 22.02.2013 N 165 қаулысымен.

5

Парламент Аппараты

Парламент Палатасының аппарат басшысы

1



2000

Парламенттің аппарат басшысының орынбасары

1



2000

Қонақтарға арналған

4


***

6

Премьер-Министрдің Кеңсесі

Премьер-Министрдің орынбасары

1



3100

Премьер-Министр Кеңсесінің Басшысы

1********



3100

Премьер-Министрдің Кеңсесі Басшысының орынбасары

1********



2000

Алматы қаласында көліктік қызмет көрсету

12

1


2600

Қонақтарға арналған


14


***

7

Конституциялық Кеңес

Төраға

1



3100

Конституциялық Кеңес мүшелері

1

1


2000

Конституциялық Кеңестің аппарат басшысы

1



2000

8

Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар (оның ішінде Орталық сайлау комиссиясы)

Төраға

1



2600**********

Төрағаның орынбасары

1



2600

Есеп комитетінің мүшелері

1



2000

Орталық сайлау комиссиясының хатшысы мен мүшелері


5-не 2 бірлік


2600

Есеп комитетінің аппарат басшысы

1



2000

9

Жоғарғы Сот

Жоғарғы Соттың Төрағасы

1



2600

Жоғарғы Сот алқасының төрағасы

1



2000

Жоғарғы Соттың судьялары



3-ге 1 бірлік

2600

Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппаратының) басшысы

1



2000

Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының аппараты) басшысының орынбасары

1



2000

10

Облыстық (республикалық маңызы бар қаланың және астананың) және оларға теңестірілген соттар

Сот төрағасы

1



2600

Сот алқасының төрағасы

1



2600

11

Аудандық және оларға теңестірілген соттар

Сот төрағасы

1



2600

12

Бас прокуратура

Бас прокурор, Бас әскери прокурор

1



2600**********

Бас прокурордың (Бас әскери прокурордың) орынбасары, Бас прокурордың аппаратының басшысы

1



2600

Бас прокуратура жанындағы Комитет төрағасы

1



2000

Бас прокуратура жанындағы Комитет төрағасының орынбасары

1



2000

13

Облыстық (республикалық маңызы бар қаланың және астананың) және оларға теңестірілген прокуратуралар

Прокурор

1



2600

Прокурордың орынбасары

1



2600

14

Аудандық және оларға теңестірілген прокуратуралар

Прокурор

1



2600

15

Министрліктер мен агенттіктер

Министр

1



2600**********

Агенттік төрағасы

1



2600

Министрдің орынбасары

1



2600

Агенттік төрағасының орынбасары

1



2600

Жауапты хатшы

1



2600

16

Облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың әкімдіктері

Облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) әкімі

1



****

Облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) әкімінің бірінші орынбасары, орынбасары

1



****

Облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) әкімінің аппарат басшысы

1



****

17

Аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімдіктері

Аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімі

1



****

Аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімінің орынбасары

1



****

Қаладағы ауданның, аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың (селоның), ауылдық (селолық) округ әкімі

1



****

17-1

Жергілікті өкілді органдар

 
 
Облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) мәслихат хатшысы

 
 
1



 
 
 
2600

Аудандық (облыстық маңызы бар қала) мәслихат хатшысы

1



2000

17-2

Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың тексеру комиссиялары

Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың тексеру комиссиясының төрағасы

1



*******

Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың тексеру комиссиясының мүшелері


2-не 1 бірлік


*******

18

Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасын, сондай-ақ арнайы көлігі барларын қоспағанда, мемлекеттік органдардың орталық аппаратын көліктік қамтамасыз ету қызметкерлерінің саны:



 
 
 


 
 
 

100-ге дейін



1 *****
*********

3000-нан көп емес

***

100-ден 200-ге дейін



2******

3000-нан көп емес

***

200-ден 300-ге дейін



3

3000-нан көп емес

***

300-ден 500-ге дейін



4*

3000-нан көп емес

***

500-ден 900-ге дейін



5

3000-нан көп емес

***

900-ден 1300-ге дейін



7

3000-нан көп емес

***

1300-ден жоғары



9

3000-нан көп емес

***

19

Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты мен Бас прокуратурасын, сондай-ақ арнайы көлігі барларын қоспағанда, қызметкерлерінің саны:



 
 
 

100-ге дейін



1***********

3000-нан көп емес

***

100-ден 200-ге дейін орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелеріне және олардың облыстардағы, Астана және Алматы қалаларындағы** ведомстволарына көлік қызметін көрсету



2

3000-нан көп емес

***

20

Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты мен Бас прокуратурасын, сондай-ақ, арнайы көлігі барларын қоспағанда, орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелеріне және олардың аудандардағы (облыстық маңызы бар қалалардағы) ведомстволарына көлік қызметін көрсету



1***********

3000-нан көп емес

***

21

Жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын жергілікті атқарушы органдарға көлік қызметін көрсету *****






Ақмола облысы



306

3000-нан көп емес

*****

Ақтөбе облысы



216

3000-нан көп емес

*****

Алматы облысы



306

3000-нан көп емес

*****

Атырау облысы



141

3000-нан көп емес

*****

Шығыс Қазақстан облысы



306

3000-нан көп емес

*****

Жамбыл облысы



186

3000-нан көп емес

*****

Батыс Қазақстан облысы



216

3000-нан көп емес

*****

Қарағанды облысы



291

3000-нан көп емес

*****

Қостанай облысы



321

3000-нан көп емес

*****

Қызылорда облысы



141

3000-нан көп емес

*****

Маңғыстау облысы



126

3000-нан көп емес

*****

Павлодар облысы



216

3000-нан көп емес

*****

Солтүстік Қазақстан облысы



231

3000-нан көп емес

*****

Оңтүстік Қазақстан облысы



246

3000-нан көп емес

*****

Астана қаласы



40

3000-нан көп емес

*****

Алматы қаласы



35

3000-нан көп емес

*****

21-1

Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың тексеру комиссияларына көліктік қызмет көрсету



1

2600-ден көп емес

*******

22

Облыстық бюджеттен, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттерінен қаржыландырылатын жергілікті өкілді органдарға көлік қызметін көрсету



1

3000-нан көп емес

***


      Ескертпе:

      * Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі үшін сыртқы саяси органның ерекшелігін ескере отырып, саны 5 бірлік, Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі үшін 7 бірлік қызметтік автомобильдердің тиістілік нормативі белгіленсін

      ** бұл норматив мемлекеттік органдардың облыстардағы филиалдарына, Байқоңыр қаласындағы мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелеріне де қолданылады

      *** мемлекеттік органдар көлік қызметін көрсететін автомобильдер үшін жүру лимиттерін дербес, бірақ бір айда көліктің 1 бірлігіне 2600 км-ден асырмай белгілейді

      **** жергілікті атқарушы органдар үшін жүру лимиті облыс, республикалық маңызы бар қала, астана әкімінің шешімімен айқындалады

      ***** жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын жергілікті атқарушы органдар бөлінісінде автокөлікті бөлу, сондай-ақ олар бойынша жүру лимитін айқындау облыс, республикалық маңызы бар қала, астана әкімінің шешімімен айқындалады

      ****** хаттамалық іс-шараларды дайындауға байланысты қызметтің ерекшелігін ескере отырып, Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы, Қазақстан Республикасының Парламенті палаталарының аппараттары үшін саны 3 бірліктен кезекші автомобильдердің тиістілік нормативі белгіленсін

      ******* облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың тексеру комиссиялары үшін жүру лимиті облыс, республикалық маңызы бар қала, астана әкімінің шешімі бойынша анықталады

      ******** осы норматив Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы "Орталық коммуникациялар қызметі" республикалық мемлекеттік мекемесінің және Қазақстан Республикасының Президентi жанындағы "Қоғамдық келісім" республикалық мемлекеттiк мекемесiнің басшысына да қолданылады

      ********* Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің "Қазақстан Республикасы Президентінің Мұражайы" үшін - 2 бiрлiк, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің "Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің Мұрағаты" мемлекеттік мекемелері үшін - 2 бiрлiк

      ********** Есеп комитетінің төрағасы, Бас прокурор, Қаржы және Ауыл шаруашылығы министрлеріне көлік қызметін көрсететін автомобильдер үшін көліктің 1 бірлігіне айына 3100 км-ден аспайтын жүру лимиттері белгіленсін.

      *********** Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қаржылық бақылау комитетінің Ақтөбе облысы бойынша Қаржылық бақылау инспекциясына және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің Ақтөбе облысы бойынша Қазынашылық департаментінің аудандық қазынашылық басқармаларына көлік қызметін көрсету үшін көзделген автомобильдер Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Ақтөбе мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінің теңгерімінде.

      ************* осы норматив Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы "Орталық коммуникациялар қызметі" республикалық мемлекеттік мекемесі және Қазақстан Республикасының Президентi жанындағы "Қоғамдық келісім" республикалық мемлекеттiк мекемесi басшысының орынбасарларына да қолданылады

      ************** осы норматив Қазақстан Республикасының Президентi жанындағы "Қоғамдық келісім" республикалық мемлекеттiк мекемесiне де қолданылады.

      Осы тиістілік нормалары Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігіне, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетіне, Қазақстан Республикасы "Сырбар" сыртқы барлау қызметіне, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметіне және азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның азаматтық қорғаныс әскери бөлімдеріне қолданылмайды.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады