Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен.
"Кейбiр ұйымдарды Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлiгінің қарамағына беру туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметінің 1999 жылғы 24 қазандағы N 1596 P991596_ қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. "Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың тiзбесi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 25 маусымдағы N 790 P960790_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYАЖ-ы, 1996 ж., N 29, 256-құжат) мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
көрсетiлген қаулымен бекітiлген Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың тiзбесiнде:
реттiк нөмiрi 467а, 468, 470-2, 470-7, 470-46, 470-48, 470-49, 470-50, 470-51, 470-89, 470-90, 470-95 - жолдар алынып тасталсын;
"Энергетика, индустрия және сауда министрлiгi" бөлiмi мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 105-3, 105-4, 105-5, 105-6, 105-7, 105-8, 105-9, 105-10, 105-11, 105-12, 105-13 және 105-14-жолдармен толықтырылсын:
"105-3 "Лазерлiк технология жөнiндегi Алматы қаласы
Алматы инженерлiк орталығы"
республикалық мемлекеттiк кәсiпорны
(шаруашылық жүргiзу құқығында)
105-4 "Алматы биокомбинаты" республикалық Алматы қаласы
мемлекеттiк кәсiпорны
(шаруашылық жүргізу құқығында)
105-5 "Қазақстан Республикасының минералды Алматы қаласы
шикізаты кешенді қайта өңдеу жөніндегі
ұлттық орталығы" республикалық мемлекеттiк
кәсiпорны (шаруашылық жүргiзу құқығында)
105-6 "Қазақстан Республикасының ұлттық Курчатов қаласы
ядролық орталығы" республикалық
мемлекеттiк кәсiпорны (шаруашылық жүргiзу
құқығында)
105-7 "Машина жасауды болжау жөніндегі Қарағанды қаласы
ғылыми-зерттеу орталығы" республикалық
мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны
105-8 "Қазақстан Республикасының Ақмола облысы,
Биотехнология жөніндегі ұлттық Степногор қаласы
орталығы" республикалық мемлекеттiк
қазыналық кәсiпорны
105-9 "Фармацевтикалық биотехнология Ақмола облысы,
институты" республикалық мемлекеттiк Степногор қаласы
қазыналық кәсiпорны
105-10 "Өсiмдiктердiң физиологиясы, генетикасы Алматы қаласы
және биоинженериясы институты"
республикалық мемлекеттiк қазыналық
кәсiпорны
105-11 "Ауыл шаруашылығы ғылыми-зерттеу Жамбыл облысы,
институты" республикалық мемлекеттік Гвардейский
қазыналық кәсiпорны кенті
105-12 "Орталық дәрiлiк қосындыларды Алматы қаласы
биологиялық зерттеу лабораториясы"
республикалық мемлекеттік қазыналық
кәсiпорны
105-13 "Машина жасау" салааралық ғылыми- Алматы қаласы
технологиялық орталық" республикалық
мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны
105-14 "Тәжiрибелiк өндiрiсi бар арнаулы Алматы қаласы
жобалау-конструкторлық және
технологиялық бюро"
республикалық мемлекеттiк
қазыналық кәсiпорны
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі