Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 25 маусымдағы N 790 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 13 наурыздағы N 379 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 5 тамыздағы № 796 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен.

      "Кейбiр ұйымдарды Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлiгінің қарамағына беру туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметінің 1999 жылғы 24 қазандағы N 1596 P991596_ қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. "Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың тiзбесi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 25 маусымдағы N 790 P960790_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYАЖ-ы, 1996 ж., N 29, 256-құжат) мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
      көрсетiлген қаулымен бекітiлген Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың тiзбесiнде:
      реттiк нөмiрi 467а, 468, 470-2, 470-7, 470-46, 470-48, 470-49, 470-50, 470-51, 470-89, 470-90, 470-95 - жолдар алынып тасталсын;
      "Энергетика, индустрия және сауда министрлiгi" бөлiмi мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 105-3, 105-4, 105-5, 105-6, 105-7, 105-8, 105-9, 105-10, 105-11, 105-12, 105-13 және 105-14-жолдармен толықтырылсын:

     "105-3 "Лазерлiк технология жөнiндегi              Алматы қаласы
            Алматы инженерлiк орталығы"
            республикалық мемлекеттiк кәсiпорны
            (шаруашылық жүргiзу құқығында)

      105-4 "Алматы биокомбинаты" республикалық         Алматы қаласы
            мемлекеттiк кәсiпорны
            (шаруашылық жүргізу құқығында)

      105-5 "Қазақстан Республикасының минералды        Алматы қаласы
            шикізаты кешенді қайта өңдеу жөніндегі
            ұлттық орталығы" республикалық мемлекеттiк
            кәсiпорны (шаруашылық жүргiзу құқығында)

      105-6 "Қазақстан Республикасының ұлттық         Курчатов қаласы
            ядролық орталығы" республикалық
            мемлекеттiк кәсiпорны (шаруашылық жүргiзу
            құқығында)

      105-7 "Машина жасауды болжау жөніндегі         Қарағанды қаласы
            ғылыми-зерттеу орталығы" республикалық
            мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны

      105-8 "Қазақстан Республикасының                 Ақмола облысы,
            Биотехнология жөніндегі ұлттық           Степногор қаласы
            орталығы" республикалық мемлекеттiк
            қазыналық кәсiпорны

      105-9 "Фармацевтикалық биотехнология             Ақмола облысы,
            институты" республикалық мемлекеттiк     Степногор қаласы
            қазыналық кәсiпорны

     105-10 "Өсiмдiктердiң физиологиясы, генетикасы     Алматы қаласы
            және биоинженериясы институты"
            республикалық мемлекеттiк қазыналық
            кәсiпорны

     105-11 "Ауыл шаруашылығы ғылыми-зерттеу          Жамбыл облысы,
            институты" республикалық мемлекеттік        Гвардейский
            қазыналық кәсiпорны                         кенті

     105-12 "Орталық дәрiлiк қосындыларды             Алматы қаласы
            биологиялық зерттеу лабораториясы"
            республикалық мемлекеттік қазыналық
            кәсiпорны

     105-13 "Машина жасау" салааралық ғылыми-           Алматы қаласы
            технологиялық орталық" республикалық
            мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны

     105-14 "Тәжiрибелiк өндiрiсi бар арнаулы           Алматы қаласы
            жобалау-конструкторлық және
            технологиялық бюро"
            республикалық мемлекеттiк
            қазыналық кәсiпорны

     2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.

     Қазақстан Республикасының
     Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады