Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын жасасу, орындау және күшiн жою тәртiбi туралы" 1995 жылғы 12 желтоқсандағы N 2679 U952679_ заң күші бар Жарлығының 16-бабы 1-тармағының 2)-тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 4 маусымда Минск қаласында жасасқан Мерзімді баспасөз, кiтап шығару, кiтап тарату және полиграфия саласындағы ынтымақтастық туралы мемлекетаралық кеңес құру жөнiндегі келiсiм бекiтiлсiн.
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Неофициальный перевод
Мерзiмдi баспасөз, кiтап шығару, кiтап тарату және полиграфия саласында ынтымақтастық жөнiндегi Мемлекетаралық кеңес құру
туралы КЕЛIСIМ
Ресми бекітілген
мәтін
Мерзiмдi баспасөз, кiтап шығару, кiтап тарату және полиграфия саласында ынтымақтастық жөнiндегi Мемлекетаралық кеңес құру туралы КЕЛІСІМ
Осы Келiсiмге қатысушы мемлекеттер үкiметтерi атынан (бұдан әрi - Тараптар),
Тараптар аумақтарында өндiрiлетiн баспа өнiмдерiн кең әрi еркiн алмасу және тарату үшiн жағдайлар туғызу қажеттiгiн ескере отырып,
Ақпарат саласындағы ынтымақтастық туралы 1992 жылғы 9 қазандағы Келiсiмдi және кiтап шығару, кiтап тарату және полиграфия саласындағы 2004 жылғы 16 сәуірдегі Келiсiмдi негізге ала отырып,
ТМД үкiметтерi басшылары кеңесiнiң 1996 жылғы 18 қазандағы Шешiмiмен бекiтiлген Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығының ақпараттық кеңiстiгiн қалыптастыру тұжырымдамасын қаперге ала отырып,
төмендегiдей келiсiмге келдi:
Ескерту. Кіріспеге өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 28.05.2013 № 519 қаулысымен.
1-бап
Тараптар мерзiмдi баспасөз, кiтап шығару, кiтап тарату және полиграфия саласында ынтымақтастық жөнiндегi Мемлекетаралық кеңес (бұдан әрi - Кеңес) құрады.
2-бап
Кеңес өз қызметiн осы Келiсiмнiң ажырамас бөлiгi болып табылатын Ереже негiзiнде жүзеге асырады.
2.1-бап
Осы Келісім Келісімге қатысушы мемлекеттер қатысатын басқа халықаралық шарттардан туындайтын олардың әрқайсысының құқықтары мен міндеттерін қозғамайды.
Ескерту. Келісім 2.1-баппен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 28.05.2013 № 519 қаулысымен.
3-бап
Осы Келiсiм оның мақсаттары мен қағидаларын жақтайтын басқа мемлекеттердiң қосылуы үшiн ашық және бұл барлық тараптардың өзара келiсiмiмен осындай қосылу туралы құжаттарды депозитарийге беру жолымен жүзеге асырылады. Депозитарийдiң осындай қосылуға келiсiм туралы соңғы хабарды алған күнiнен бастап аталмыш қосылу өз күшiне енген болып есептеледi.
4-бап
Келiсiм қол қойылған күннен бастап, ал заңдары оның күшiне енуi үшiн iшкi мемлекеттiк iс- жосықты орындауды қажет ететiн мемлекеттер үшiн қажеттi құжаттарды депозитарийге тапсырған күннен бастап күшiне енедi.
5-бап
Осы Келiсiм ол күшiне енген күннен бастап 5 жыл бойы жұмыс iстейдi. Бұл мерзiм өткеннен кейiн осы келiсiм, егер Тараптар басқа шешiм қабылдамаса, әр кезде өзiнен-өзi тағы да осы мерзiмге ұзартылады.
Ескерту. 5-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 28.05.2013 № 519 қаулысымен.
6-бап
Осы Келiсiмге Тараптардың ортақ келiсiмiмен хаттамамен рәсiмделетiн өзгертулер мен толықтырулар енгiзiлуi мүмкiн.
7-бап
Тараптардың әрқайсысы осы Келiсiмнен шыққысы келсе, бұл туралы депозитарийге шығатын уақыттан кемiнде 6 ай бұрын жазбаша хабарлама жiбере отырып шыға алады.
1999 жылғы 4 маусымда түпнұсқалық бiр данада орыс тiлiнде жасалды.
Түпнұсқалық дана Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығының Атқару комитетiнде сақталады, ал ол осы Келiсiмге қол қойған әрбiр мемлекетке оның бекiтiлген көшiрмесiн жiбередi.
Әзiрбайжан Республикасы Молдова Республикасы
Yкiметi үшiн Үкіметі үшін
Армения Республикасы Ресей Федерациясы
Үкiметi үшiн Үкіметі үшін
Беларусь Республикасы Тәжікстан Республикасы
Yкiметi үшiн Үкіметі үшін
Грузия Үкiметi үшiн Түркменстан Үкіметі үшін
Қазақстан Республикасы Өзбекстан Республикасы
Үкiметi үшiн Үкіметі үшін
Қырғыз Республикасы Украина Үкіметі үшін
Үкiметi үшiн
Минск - 04.06.99.
Мерзiмдi баспасөз, кiтап шығару,
кiтап тарату және полиграфия
саласында ынтымақтастық
жөнiндегi Мемлекетаралық кеңес
құру туралы келiсiмге
қосымша
Мерзiмдi баспасөз, кiтап шығару, кiтап тарату, және полиграфия
саласында ынтымақтастық жөнiндегi Мемлекетаралық кеңес туралы
ЕРЕЖЕ
І. Жалпы ережелер
1. Мерзiмдi баспасөз, кiтап шығару, кiтап тарату және полиграфия саласында ынтымақтастық жөнiндегi Мемлекетаралық кеңес (әрi қарай - Кеңес) Мерзiмдi баспасөз, кiтап шығару, кiтап тарату және полиграфия саласында ынтымақтастық жөнiндегi Мемлекетаралық кеңес құру туралы келiсiмге (бұдан әрi - Келiсiм) қатысушы мемлекеттердiң ынтымақтастығын одан әрi дамыту және тереңдету мақсатында құрылады.
2. Кеңес өз қызметінде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының жарғысын, ТМД шеңберінде қабылданған шарттар мен шешімдерді және осы Ережені басшылыққа алады.
Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 28.05.2013 № 519 қаулысымен.
3. Кеңес Үкіметтер басшыларының кеңесіне, Сыртқы істер министрлерінің кеңесіне, ТМД Экономикалық кеңесіне, сондай-ақ Достастыққа қатысушы мемлекеттердің Тұрақты өкілетті өкілдерінің кеңесіне және ТМД Экономикалық кеңесі жанындағы Экономикалық мәселелер жөніндегі комиссияға есеп береді.
Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 28.05.2013 № 519 қаулысымен.
II. Кеңес қызметiнiң негiзгi бағыттары және оның міндеттері
1. Кеңес қызметiнiң негiзгi бағыттары:
мерзiмдi баспасөз, кiтап шығару, кiтап тарату және полиграфия саласында өзара тиiмдi ынтымақтастықты дамыту;
мерзiмдi баспасөз, кiтап шығару, кiтап тарату және полиграфия саласында қабылданған мемлекетаралық және үкiметаралық шешiмдердiң iске асырылуына қолдау көрсету.
2. Кеңестiң негiзгi мiндеттерi:
Кеңеске қатысушы мемлекеттердiң мерзiмдi баспасөз, кiтап шығару, кiтап тарату және полиграфия мәселелерi туралы мемлекетаралық ақпарат алмасуларын жүзеге асыру, өзара мүдделердi көздейтiн проблемалар туралы ақпараттық база құру;
мерзiмдi баспасөз, кiтап шығару, кiтап тарату және полиграфия саласында жүзеге асырылатын Кеңеске қатысушы мемлекеттер арасындағы өзара қарым-қатынастарды нормативтiк-құқықтық реттеу жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу және оларды белгiленген тәртiпте Мемлекеттер басшылары кеңесiнiң және Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығы елдерi үкiмет басшылары кеңесiнiң қарауына ұсыну;
Кеңеске қатысушы мемлекеттердiң мерзiмдi баспасөз, кiтап шығару, кiтап тарату және полиграфия саласындағы ұлттық заңдарын жақындастыру жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу;
мерзiмдi баспасөз, кiтап шығару, кiтап тарату және полиграфия мәселелерiнде Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығы органдарымен, Кеңеске қатысушы мемлекеттердiң мемлекеттiк органдарымен және ұйымдарымен, шаруашылық субъектiлерiмен бiрлескен iс-қимыл жүргiзу;
мерзiмдi баспасөз, кiтап шығару, кiтап тарату және полиграфия саласында жүзеге асырылатын Кеңеске қатысушы мемлекеттер ынтымақтастығын дамыту жөнiндегi бiрлескен бағдарламалар мен шараларды әзiрлеу және iске асыру.
IІІ. Кеңестiң құқықтары
Кеңес өз мiндеттерiн орындау үшiн:
белгiленген тәртiп бойынша Кеңеске қатысушы мемлекеттердiң министрлiктерi мен ведомстволарынан Кеңеске жүктелген мiндеттердi орындауға қажеттi ақпараттар, сондай-ақ Кеңес шешімдерiнің орындалуы туралы ақпараттар сұрауға;
белгiленген тәртiп бойынша мемлекетаралық жобалар мен бағдарламаларды қаржыландыру көлемдерi мен көздерi бойынша ұсыныстарды қоса алғанда Кеңес әзiрлеген құжаттар жобаларын Достастық елдерi органдарының қарауына ұсынуға;
Кеңес алдында тұрған міндеттерді орындау үшін белгіленген тәртіппен жұмыс топтарын құруға;
Кеңеске қатысушы мемлекеттердің мүдделi өкілдерiнiң қатысуымен орындалуы екi және одан да көп мемлекеттердiң мүддесiне қатысты мерзiмдi баспасөз, кiтап шығару, кiтап тарату және полиграфия саласында жүзеге асырылатын Кеңеске қатысушы мемлекеттер ынтымақтастығын дамыту бағдарламаларын сараптауды ұйымдастыруға;
өзiнiң құзырына кiретiн басқа да мәселелердi шешуге құқылы.
Ескерту. III-бөлімге өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 28.05.2013 № 519 қаулысымен.
IV. Кеңестiң жұмысын ұйымдастыру
1. Кеңес Келісімге қол қойған ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің баспасөз, кітап шығару, кітап тарату және полиграфия жөніндегі мемлекеттік органдары басшыларының қатарынан құрылады. Әрбір мемлекет Кеңесте бір дауысқа ие. Кеңестің барлық мүшелерінің келісімімен оның жұмысына ТМД-ға қатысушы болып табылмайтын мемлекеттердің өкілдері бақылаушы ретінде қатыса алады.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 28.05.2013 № 519 қаулысымен.
2. Кеңестің құрамына кеңес беруші дауыс құқығымен Кеңес хатшылығының басшысы және ТМД Атқарушы комитетінің өкілі кіреді.
Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 28.05.2013 № 519 қаулысымен.
3. Кеңесте төрағалық етуді осы Келісімге қатысушы мемлекеттер атауларының орыс әліпбиіндегі тәртібімен Тараптардың әрқайсысының атынан олардың өкілдері кезек-кезек, әдетте, бір жыл бойы жүзеге асырады. Кеңестің бұрынғы және келесі төрағалары оның тең төрағалары болып табылады.
Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 28.05.2013 № 519 қаулысымен.
4. Кеңес төрағасы:
Кеңестiң жұмысын ұйымдастырады;
Кеңестiң мәжiлiстерiн өткiзедi және ол қабылдаған құжаттарға қол қояды, оны Достастық органдарында және басқа да халықаралық ұйымдарда таныстырады.
5. Кеңестiң мәжiлiстерi жылына кемінде бір рет өткiзiледi. Кеңестiң кезектен тыс мәжiлiсiн, егер Кеңес мүшелерiнiң кемiнде үшеуi оны өткiзу жөнiнде бастама көтерген және бұл туралы кезектен тыс мәжiлiстi өткiзу көзделген күннен бiр ай бұрын Кеңес төрағасына жазбаша хабарлаған жағдайда, Кеңес төрағасы шақырады.
Ескерту. 5-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 28.05.2013 № 519 қаулысымен.
6. Кеңес мәжiлiстерi, егер оларда Кеңес мүшелерiнiң жартысынан артық бөлiгi немесе олардың өкiлеттi өкiлдерi қатысса, заңды болып табылады.
Ескерту. 6-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 28.05.2013 № 519 қаулысымен.
7. Шешiмдер Кеңес мүшелерiнiң немесе олардың өкiлеттi өкiлдерiнiң консенсусы негiзiнде қабылданады.
Iс-жосықтық мәселелер туралы шешiмдер Кеңес мүшелерiнiң көпшiлiк даусымен қабылданады.
Кеңестiң кез келген мүшесi өзiнiң белгiлi бiр немесе басқа мәселеге мүдделi еместiгi жайында мәлiмдей алады, бiрақ бұл шешiмдi қабылдау жолындағы бөгет деп қаралмауы тиiс. Шешiммен келiспеген Кеңес мүшелерi Кеңес мәжiлiсi хаттамасына енгiзiлетiн ерекше пiкiр бiлдiре алады.
8. Кеңес шешiмдерi ұсыныстық сипатта болады.
9. Кеңестің кезектi мәжiлiсiнiң өтетiн күнi, орны және күн тәртiбi оның алдындағы мәжiлiсте бекiтiледi.
10. Кеңестiң жұмыс тәртiбiн оның өзi бекiтедi.
11. Кезектi мәжiлiстiң материалдары Кеңес мүшелерiне ол өткiзiлетiн күннен кемiнде 30 күн бұрын жiберiледi.
12. Кеңес мәжiлiсiнiң қорытындылары хаттамалармен рәсiмделедi, оларға Кеңес төрағасы қол қояды және олар Кеңес мүшелерiне, ал қажет болған жағдайда - Достастық органдарына жiберiледi.
13. Кеңес хатшылығының функциялары ТМД Атқарушы комитетінің тиісті құрылымдық бөлімшесімен бірге Кеңеске төрағалық ететін осы Келісімге қатысушы мемлекеттің баспасөз, кітап шығару, кітап тарату және полиграфия жөніндегі мемлекеттік органына жүктеледі.
Кеңес хатшылығының функциялары жүктелген органның өкілі Кеңес хатшылығының басшысы болып, ал ТМД Атқарушы комитетінің өкілі хатшылық басшысының орынбасары болып табылады.
Тараптар Кеңеске және оның хатшылығына олардың функцияларын атқаруда қажетті жәрдем көрсетеді.
Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 28.05.2013 № 519 қаулысымен.
14. Кеңес ТМД Атқару комитетiмен оның екiлеттiктерi шеңберiнде бiрлескен iс-қимыл жүргізедi.
V. Қаржыландыру
Кеңес отырыстарын өткізуді қаржыландыруға байланысты тиісті шығыстар қабылдайтын Келісімге қатысушы мемлекеттің мемлекеттік билік органдарының есебінен жүзеге асырылады. Кеңес мүшелері мен отырысқа қатысушылардың іссапар шығыстарын Келісімге қатысушы мемлекеттердің мемлекеттік билігінің тиісті жіберуші органдары жүзеге асырады.
Ескерту. V-бөлім жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 28.05.2013 № 519 қаулысымен.
VI. Қорытынды ережелер
1. Кеңестiң жұмыс тiлi орыс тiлi болып табылады.
2. Кеңестi тарату туралы шешiмдi Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығы үкiметтерi басшыларының кеңесi қабылдайды.
Минск - 04.06.99