Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) "Қазақстан Республикасында тікелей инвестицияларды тартудың 1999-2000 жылдар кезеңіне арналған бағдарламасы және Қазақстан Республикасында тікелей инвестицияларды тартудың 1999-2000 жылдар кезеңіне арналған бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 1 шілдедегі N 911 P990911_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., N 32-33, 291-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасында тікелей инвестицияларды тартудың 1999-2000 жылдар кезеңіне арналған бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарында:
реттік нөмірі 31-жол алынып тасталсын;
2) "Қазақстан Республикасының 1999-2000 жылдарға арналған Бағалы қағаздар рыногын дамыту бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралардың жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 30 шілдедегі N 1084 P991084_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж.,
N 39, 340-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының 1999-2000
жылдарға арналған Бағалы қағаздар рыногын дамыту бағдарламасын іске асыру
жөніндегі іс-шаралардың жоспарында:
реттік нөмірі 2.1.9, 2.1.10, 2.1.11-жолдар алынып тасталсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Оқығандар:
Қобдалиева Н.М.
Орынбекова Д.К.