Мемлекеттiк ресурстардың астығын пайдалануды тәртіпке келтiру мақсатында және Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1999 жылғы 30 қыркүйектегi N 1506 P991506_ қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгінің мемлекеттiк ресурстардың бұрынырақта берiлген астығынан 35 500 (отыз бес мың бес жүз) тонна астықты мемлекеттiк экспорттық ресурстарға жатқызу туралы ұсынысына келiсiм берiлсiн.
2. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігi белгiленген
тәртiппен мемлекеттiк ресурстардан бұрынырақта берiлген қарыздар бойынша
қайтарылатын астықтың мемлекеттiк экспорттық ресурстарға жатқызылуын
қамтамасыз етсiн.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ауыл
шаруашылығы министрлiгiне жүктелсін.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Оқығандар:
Қобдалиева Н.М.
Орынбекова Д.К.