Мемлекеттік ресурстар мен резервтің астығын пайдаланудың тәртібін бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 30 қыркүйек N 1506.

      Астықтың мемлекеттік экспорттық ресурстарының, тұқымдық астықтың мемлекеттік ресурстарын және азық-түліктік астықтың мемлекеттік резервін мемлекеттік басқаруды реттеу мақсатында Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулы етеді:

      1. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2001.03.28. N 394 қаулысымен.

      2. Азық-түліктің, астықтың мемлекеттік резерві "Қазақстан Республикасының 1997 жылға арналған Республикалық бюджет туралы" Заңын іске асыру туралы", Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 31 желтоқсандағы N 1737 қаулысымен айқындалған қаражаттың есебінен, ал тұқымдық астықтың мемлекеттік ресурстары мен астықтың мемлекеттік экспорттық ресурстары Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Тұқымдық астықтың мемлекеттік резерві туралы" 1999 жылғы 14 қыркүйектегі N 1390 және "1999 жылдың астығын мемлекеттік сатып алудың, оның есебін жүргізудің, сақтаудың және сатудың кейбір мәселелері туралы" 1999 жылғы 2 қыркүйектегі N 1303 қаулыларына сәйкес "Астық сатып алу және ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін қолдау жөніндегі кейбір шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 5 қазандағы N 998 қаулысында көрсетілген қаражаттың есебінен құрылғаны ескерілсін.

      Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң "Астық сатып алу және ауыл шаруашылығы тауар өндiрушiлерiн қолдау жөнiндегi кейбiр шаралар туралы" 1998 жылғы 5 қазандағы N 998, "Тұқымдық астықтың мемлекеттiк ресурстары туралы" 1999 жылғы 14 қыркүйектегi N 1390 және "1999 жылғы егiннiң астығын мемлекеттiк сатып алудың, оның есебiн жүргiзудiң, сақтаудың және сатудың кейбiр мәселелерi туралы" 1999 жылғы 2 қыркүйектегi N 1303 қаулыларына сәйкес бөлiнген несиелiк ресурстар есебiнен сатып алынған астықты сатудан түскен қаражат астықтың мемлекеттiк экспорттық ресурстарын қалыптастыру үшiн Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң "Азық-түлiк келiсiм-шарт корпорациясы" жабық акционерлiк қоғамының Астана қаласы бойынша қазынашылық басқармасында ашылған және бақылауындағы валюталық және теңгелiк арнаулы шотына қайтарымды негiзде жiберiлсiн.

      Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 1999.12.23 N 1964; 2000.09.27. N 1455 қаулыларымен.
      3. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2001.03.28. N 394 қаулысымен.

      4. "Тұқымдық астықтың мемлекеттік резерві туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 14 қыркүйектегі N 1390 P991390_ қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      1) тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Тұқымдық астықтың мемлекеттік ресурстары туралы";

      2) кіріспедегі және 3-ші тармақтың 1) тармақшасындағы "мемлекеттік резервін" деген сөздер "мемлекеттік ресурстарын" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3) 3-ші тармақтың 2) тармақшасы алынып тасталсын.

      5. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:

      1) "Қазақстан Республикасы астығының мемлекеттік ресурстары туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 13 маусымдағы N 815 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., N 21, 237-құжат);

      2) "Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 13 маусымдағы N 815 қаулысына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1995 жылғы 19 қазандағы N 1352 (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж ., N 33, 418-құжат).

      6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының

      Премьер-Министрі

  Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
1999 жылғы 30 қыркүйектегі
N 1506 қаулысымен
бекiтiлген

Қазақстан Республикасының азық-түлiктiк астығының
мемлекеттiк резервiн пайдаланудың
Тәртібі

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2001.03.28. N 394 қаулысымен.


  Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
1999 жылғы 30 қыркүйектегі
N 1506 қаулысымен
бекiтiлген

Қазақстан Республикасының тұқымдық астығының
мемлекеттік ресурстарын пайдаланудың
Тәртібі

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2001.03.28. N 394 қаулысымен.

  Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
1999 жылғы 30 қыркүйектегі
N 1506 қаулысымен
бекiтiлген

Қазақстан Республикасы астығының мемлекеттiк
экспорттық ресурстарын пайдаланудың
Тәртібі

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2001.03.28. N 394 қаулысымен.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады