Министрліктер мен ведомстволардың ядролық сынақтардың нәтижесінде зардап шеккен Семей аймағын оңалту жөніндегі қызметтерін үйлестірудің қажеттігін ескере отырып Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қосымшаға сәйкес Семей аймағының проблемалары жөніндегі ведомствоаралық комиссияның (бұдан әрі - Комиссия) өкілеттігі ұзартылсын.
2. Комиссия министрліктер мен ведомстволардың Семей аймағының халқы мен экологиясын оңалту, сондай-ақ экономикалық дамыту мақсатында донорлық көмектерді тарту және пайдалану жөніндегі қызметтерін үйлестіруді жүзеге асырсын.
3. Комиссия Қазақстандағы Семей аймағының халқы мен экологиясын оңалту және экономикалық дамыту мақсатындағы халықаралық ынтымақтастық және қызметтерді үйлестіру туралы мәселені Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының 55-сессиясында қарауға материалдар дайындасын.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2000 жылғы 11 сәуірдегі N 550
қаулысымен бекітілген
Семей аймағының проблемалары жөніндегі
ведомствоаралық комиссияның
құрамы
Әбусейітов - Қазақстан Республикасының Сыртқы
Қайрат Қуатұлы істер вице-министрі, төраға
Ақанов - Қазақстан Республикасының Экономика
Серік Ахметжанұлы бірінші вице-министрі
Мұсатаев - Қазақстан Республикасының Табиғи
Мұрат Қабдылжаппарұлы ресурстар және қоршаған ортаны
қорғау вице-министрі
Коржова - Қазақстан Республикасының Қаржы
Наталья Артемовна вице-министрі
Байжанов - Қазақстан Республикасының
Ұлан Сапарұлы Мемлекеттік кіріс вице-министрі
Ахметов - Қазақстан Республикасының Білім
Әшімжан Сүлейменұлы және ғылым вице-министрі
Бектұрғанов - Қазақстан Республикасының
Нұралы Сұлтанұлы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық
келісім вице-министрі
Жақсыәлиев - Қазақстан Республикасының
Бақытжан Стратегиялық жоспарлау жөніндегі
Мұхамбетқазыұлы агенттігі Стратегиялық жоспарлау
және бақылау департаментінің
директоры (келісім бойынша)
Әміржанова - Қазақстан Республикасының Еңбек
Айтжан Мұхаметдиқызы және халықты әлеуметтік қорғау
министрлігі Әлеуметтік қамтамасыз
ету департаментінің директоры
Оқапов - Қазақстан Республикасының Қорғаныс
Найман Қабыкенұлы министрлігі Медициналық қамтамасыз
ету департаментінің бастығы,
медицина қызметінің полковнигі
Жантыкин - Қазақстан Республикасының
Тимур Мифтахұлы Энергетика, индустрия және сауда
министрлігі Атом энергетикасы
жөніндегі комитетінің төрағасы
Черепнин - Қазақстан Республикасы Ұлттық
Юрий Семенович ядролық орталығының бас директоры
Ахметов - Қазақстан Республикасы Энергетика,
Тілеукен Зейнекенұлы индустрия және сауда министрлігінің
Нормативтік-құқықтық қамтамасыз ету
және халықаралық ынтымақтастық
департаменті директорының
орынбасары
Ыбыраев - Қазақстан Республикасының Денсаулық
Серік Ескендірұлы сақтау ісі жөніндегі агенттігі
төрағасының бірінші орынбасары
Сизов - Қазақстан Республикасының Жер
Александр Павлович ресурстарын басқару жөніндегі
агенттігі төрағасының бірінші
орынбасары
Омаров - Қазақстан Республикасының Шығыс
Нұрлан Срайылұлы Қазақстан облысы Семей қаласының
әкімі
Құрманбаев - "Невада-Семей" халықаралық ядроға
Ербол Асылханұлы қарсы қозғалысының Алматы ұйымы
продюсерлік орталығының директоры
Бозтаев - "Полигон - 29 тамыз" халықаралық
Нұрлан Кешірімұлы қайырымдылық қорының төрағасы