Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 29 наурыздағы N 368 Жарлығын іске асыру туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 2000 жылғы 17 сәуір N 592

      Қазақстан Республикасы Президентінің "Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2000 жылдың сәуір-маусымында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы" 2000 жылғы 29 наурыздағы N 368 U000368_ Жарлығын іске асыру мақсатында және "Жалпыға бірдей әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" 1993 жылғы 19 қаңтардан Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Облыстардың, Астана мен Алматы қалаларының әкімдері шақыру комиссияларының жұмысын ұйымдастырсын және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2000 жылдың сәуір-маусымында мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізуді қамтамасыз етсін.
      2. Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі шақырушыларды жинау және әскерлерге жөнелту орындарында ішкі істер органдары қызметкерлерінің күшейтілген кезекшілігін ұйымдастырсын.
      3. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау ісі жөніндегі агенттігі белгіленген тәртіппен шақыру пункттерінде медициналық қызмет көрсетуді ұйымдастырсын.
      4. Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігі Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің өтінімі бойынша мерзімді әскери қызметтің запасқа шығарылған әскери қызметшілері мен Қарулы Күштерге, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарға әскери қызметке шақырылған азаматтарды тасымалдауды қамтамасыз етсін.
      5. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі бюджетте бекітілген қаражаттың шегінде азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру, оларды облыстық шақыру пункттерінен Қарулы Күштерге, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарға жөнелту және әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткерген мерзімді қызметтің әскери қызметшілерін босату үшін Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігін, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігін, Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігін, Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетін және Қазақстан Республикасының Республикалық ұланын қаржымен қамтамасыз етуді жүргізсін.
      6. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі, Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігі мерзімді әскери қызметке шақырылған азаматтарды, сондай-ақ мерзімді әскери қызметтің запасқа босатылған әскери қызметшілерін тасымалдауға жұмсалатын шығыстарды өтеуді, бекітілген бюджетте тиісті бюджеттік жылға осы мақсатқа көздеген қаржы шегінде тасымалдауды жүзеге асыратын ұйымдарға тікелей олар ұсынған шоттар бойынша жүргізсін.
      7. Некеде тұратын және бір баласы бар шақырылушыларды шақырудың шекті

 

жасына дейін мерзімді әскери қызметке шақыру кейінге қалдырылсын.

     8. Қазақстан Республикасының орталық және жергілікті атқарушы

органдары әскерге шақырылатын жастар арасында "Жалпыға бірдей әскери

міндеттілік және әскери қызмет туралы" 1993 жылғы 19 қаңтардағы Қазақстан

Республикасының Заңын 


Z939000_


  орындауға бағытталған профилактикалық

жұмысты жандандырсын.

     9. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

        Премьер-Министрі



      Оқығандар:

     Қобдалиева Н.М.

     Орынбекова Д.К.     






О реализации Указа Президента Республики Казахстан от 29 марта 2000 года N 368

Постановление Правительства Республики Казахстан от 17 апреля 2000 года N 592

      В целях реализации Указа Президента Республики Казахстан от 29 марта 2000 года N 368 U000368_ "Об увольнении в запас военнослужащих срочной службы, выслуживших установленный срок военной службы, и об очередном призыве граждан Республики Казахстан на срочную военную службу в апреле-июне 2000 года" и в соответствии с Законом Республики Казахстан от 19 января 1993 года Z939000_ "О всеобщей воинской обязанности и военной службе" Правительство Республики Казахстан постановляет:
      1. Акимам областей, городов Астаны и Алматы организовать работу призывных комиссий и обеспечить проведение призыва граждан Республики Казахстан на срочную военную службу в апреле-июне 2000 года.
      2. Министерству внутренних дел Республики Казахстан организовать усиленное дежурство сотрудников органов внутренних дел в местах сбора и отправки в войска призывников.
      3. Агентству Республики Казахстан по делам здравоохранения в установленном порядке организовать медицинское обеспечение призывных пунктов.
      4. Министерству транспорта и коммуникаций Республики Казахстан обеспечить перевозку уволенных в запас военнослужащих срочной военной службы и граждан, призванных на военную службу в Вооруженные Силы, другие войска и воинские формирования по заявкам Министерства обороны Республики Казахстан.
      5. Министерству финансов Республики Казахстан в пределах ассигнований, утвержденных бюджетом, произвести финансовое обеспечение Министерства обороны Республики Казахстан, Министерства внутренних дел Республики Казахстан, Агентства Республики Казахстан по чрезвычайным ситуациям, Комитета национальной безопасности Республики Казахстан и Республиканской гвардии Республики Казахстан для проведения призыва граждан на срочную военную службу, их отправки из областных сборных пунктов в Вооруженные Силы, другие войска и воинские формирования и увольнения военнослужащих срочной службы, выслуживших установленные сроки военной службы.
      6. Министерству обороны Республики Казахстан, Министерству внутренних дел Республики Казахстан, Агентству Республики Казахстан по чрезвычайным ситуациям возмещение расходов на перевозку граждан, призванных на срочную военную службу, а также уволенных в запас военнослужащих срочной военной службы производить непосредственно организациям, осуществляющим перевозку по предъявленным ими счетам в пределах ассигнований, предусмотренных на эти цели в утвержденном бюджете на соответствующий бюджетный год.
      7. Предоставить отсрочку от призыва на срочную военную службу призывникам, состоящим в браке и имеющим одного ребенка до предельного призывного возраста.
      8. Центральным и местным исполнительным органам Республики Казахстан активизировать профилактическую работу среди призывной молодежи, направленную на соблюдение Закона Республики Казахстан от 19 января 1993 года Z939000_ "О всеобщей воинской обязанности и военной службе".
      9. Настоящее постановление вступает в силу со дня подписания.
 

     Премьер-Министр

  Республики Казахстан



     (Специалисты: Мартина Н.А.

                  Каберник О.И.)