Қазақстан Республикасы Президентінің "Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2000 жылдың сәуір-маусымында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы" 2000 жылғы 29 наурыздағы N 368 U000368_ Жарлығын іске асыру мақсатында және "Жалпыға бірдей әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" 1993 жылғы 19 қаңтардан Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Облыстардың, Астана мен Алматы қалаларының әкімдері шақыру комиссияларының жұмысын ұйымдастырсын және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2000 жылдың сәуір-маусымында мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізуді қамтамасыз етсін.
2. Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі шақырушыларды жинау және әскерлерге жөнелту орындарында ішкі істер органдары қызметкерлерінің күшейтілген кезекшілігін ұйымдастырсын.
3. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау ісі жөніндегі агенттігі белгіленген тәртіппен шақыру пункттерінде медициналық қызмет көрсетуді ұйымдастырсын.
4. Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігі Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің өтінімі бойынша мерзімді әскери қызметтің запасқа шығарылған әскери қызметшілері мен Қарулы Күштерге, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарға әскери қызметке шақырылған азаматтарды тасымалдауды қамтамасыз етсін.
5. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі бюджетте бекітілген қаражаттың шегінде азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру, оларды облыстық шақыру пункттерінен Қарулы Күштерге, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарға жөнелту және әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткерген мерзімді қызметтің әскери қызметшілерін босату үшін Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігін, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігін, Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігін, Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетін және Қазақстан Республикасының Республикалық ұланын қаржымен қамтамасыз етуді жүргізсін.
6. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі, Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігі мерзімді әскери қызметке шақырылған азаматтарды, сондай-ақ мерзімді әскери қызметтің запасқа босатылған әскери қызметшілерін тасымалдауға жұмсалатын шығыстарды өтеуді, бекітілген бюджетте тиісті бюджеттік жылға осы мақсатқа көздеген қаржы шегінде тасымалдауды жүзеге асыратын ұйымдарға тікелей олар ұсынған шоттар бойынша жүргізсін.
7. Некеде тұратын және бір баласы бар шақырылушыларды шақырудың шекті
жасына дейін мерзімді әскери қызметке шақыру кейінге қалдырылсын.
8. Қазақстан Республикасының орталық және жергілікті атқарушы
органдары әскерге шақырылатын жастар арасында "Жалпыға бірдей әскери
міндеттілік және әскери қызмет туралы" 1993 жылғы 19 қаңтардағы Қазақстан
Республикасының Заңын
орындауға бағытталған профилактикалық
жұмысты жандандырсын.
9. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Оқығандар:
Қобдалиева Н.М.
Орынбекова Д.К.