"Аксесс Индастриз, Инк." компаниясының Қазақстан Республикасының Үкіметіне Павлодар облысының мүдделерін ескеретін бұдан әріқарайғы ынтымақтастықты сақтау және тереңдету және республикадан өзіне тиесілі, облыстық бюджеттен қаржыландырылатын, әлеуметтік бағдарламаларға зиян келтіретін өтемақылардан бас тарту туралы өтініміне байланысты Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасынан "Аксесс Индастриз, Инк." компаниясының кейбір мәселелері туралы" Үкіметтің 2000 жылғы 12 қаңтардағы N 53 P000053_ қаулысының 2-тармағын іске асыруға байланысты өтемақылардан бас тарту туралы "Аксесс Индастриз, Инк." компаниясының шешімі назарға алынсын.
2. "Аксесс Индастриз, Инк." компаниясының кейбір мәселелері туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 12 қаңтардағы N 53 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) 1-тармақтың 1) тармақшасы "Аксесс Индастриз Инк." компаниясының мүліктік кешені (құрылыстары, ғимараттары, үйлері) орналасқан және N 04/047-97 "Богатырь және Степной разрездерінің активтерін сатып алу-сату шартына" сәйкес оның қалыпты жұмыс істеуі үшін қажетті жерлерге арналған" деген сөздермен және жер заңнамасымен толықтырылсын;
2) мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
"1-1. Қазақстан Республикасының Инвестициялар жөніндегі агенттігі:
1) Қаржы министрлігімен және басқа да мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп "ЕЭС России" РАҚ-мен және "Аксесс Индастриз, Инк." компаниясымен аумақтар (9 және 10 көмірлі алқаптар) бойынша даулы мәселелерді реттеу жөнінде шаралар қабылдасын;
2) үстіміздегі жылдың бірінші жарты жылдығында "Аксесс Индастриз, Инк." компаниясымен Богатырь және Степной көмір разрездерінде жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізуге келісім-шарт жасасуды қамтамасыз етсін";
3) 2-тармақ алынып тасталсын.
3. Павлодар облысының әкімі "Аксесс Индастриз, Инк." компаниясының
кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 12
қаңтардағы N 53 қаулысының 1-тармағын орындауды қамтамасыз етсін және
орындалуы туралы Үкіметке хабарласын.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Оқығандар:
Қобдалиева Н.М.
Орынбекова Д.К.