"Аксесс Индастриз, Инк" компаниясының кейбір мәселелері туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 2000 жылғы 12 қаңтар N 53

      "Шетелдік инвестициялар туралы" Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Заңының 6-бабына сәйкес заңдардың өзгеруінен кепілдіктерді қамтамасыз ету жөніндегі "Аксесс Индастриз, Инк" компаниясының заңды құқықтарын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Павлодар облысының әкімі заңдарда белгіленген тәртіппен "Аксесс Индастриз, Инк" компаниясының құқықтық мұрагері "Богатырь Аксесс Көмір" компаниясына:
      1) жерді тұрақты пайдалану құқығын құжаттық ресімдеуді "Аксесс Индастриз Инк." компаниясының мүліктік кешені (құрылыстары, ғимараттары, үйлері) орналасқан және N 04/047-97 "Богатырь және Степной разрездерінің активтерін сатып алу-сату шартына" сәйкес оның қалыпты жұмыс істеуі үшін қажетті жерлерге арналған және жер заңнамасымен;
      2) жерді пайдаланғаны үшін "Степной" кеніші активтерінің үлесімен бірге "Богатырь" кенішінің активтері сатылған сәтте қолданылған жер салығының ставкалары бойынша жалға алу төлемдерін өндіріп алуды;
      3) Павлодар облысы әкімінің 1995 жылғы 20 қарашадағы N 36 шешіміне сәйкес қолданылған ставка бойынша қоршаған ортаны ластағаны үшін төлемді өндіріп алуды қамтамасыз етсін.
      ЕСКЕРТУ. 1-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2000.04.17. N 595
               қаулысымен. P000595_
 
      1-1. Қазақстан Республикасының Инвестициялар жөніндегі агенттігі:
      1) Қаржы министрлігімен және басқа да мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп "ЕЭС России" РАҚ-мен және "Аксесс Индастриз, Инк." компаниясымен аумақтар (9 және 10 көмірлі алқаптар) бойынша даулы мәселелерді реттеу жөнінде шаралар қабылдасын;
      2) үстіміздегі жылдың бірінші жарты жылдығында "Аксесс Индастриз, Инк." компаниясымен Богатырь және Степной көмір разрездерінде жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізуге келісім-шарт жасасуды қамтамасыз етсін.

 

     ЕСКЕРТУ. Жаңа 1-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2000.04.17.

              N 595 қаулысымен. 


P000595_



     2.



     ЕСКЕРТУ. 2-тармақ алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2000.04.17.

              N 595 қаулысымен. 


P000595_




     3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының

Инвестициялар жөніндегі агенттігіне жүктелсін.

     4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

       Премьер-Министрі



    Оқығандар:

  Қобдалиева Н.М.

  Орынбекова Д.К.      





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады