Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігіне 2000 жылға арналған республикалық бюджетте "Өкілдік шығыстар" бағдарламасы бойынша көзделген қаражат есебінен, Дүниежүзілік Экономикалық Форумның қамқорлығымен "Еуразия 2000" халықаралық экономикалық саммитін өткізуге, "Дүниежүзілік Экономикалық Форумның қамқорлығымен "Еуразия 2000" халықаралық экономикалық саммитін
өткізуге арналған шығыстар сметасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2000 жылғы 7 сәуіріндегі N 526 қаулысымен бекітілген шығыстар
сметасына сәйкес сомада қаражат бөлсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Оқығандар:
Қобдалиева Н.М.
Орынбекова Д.К.