Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті ұсынған Қазақстан Республикасының Үкіметі, "Трактебель С.А." компаниясы және "Алматы Пауэр Консолидейтед" компаниясы арасындағы шарт мақұлдансын.
2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және
жекешелендіру комитетінің төрағасы Мақсұтбек Смағұлұлы Рахановтың жоғарыда
көрсетілген шартқа Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан қол қою
өкілеттігі расталсын.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Оқығандар:
Қобдалиева Н.М.
Орынбекова Д.К.