Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. 1997 жылғы 27 наурызда Мәскеу қаласында жасалған Минералдық-шикізат ресурстарын зерделеу, барлау және пайдалану саласындағы ынтымақтастық туралы келісім бекітілсін. 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Минералдық-шикізат ресурстарын зерделеу, барлау және пайдалану саласындағы ынтымақтастық туралы Келісім Мемлекеттер - осы Келісімге үкіметтер атындағы қатысушылар, бұдан әрі - тараптар,
1993 жылғы 24 қыркүйектегі экономикалық одақ құру туралы Шарттың және 1993 жылғы 23 желтоқсандағы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы қатысушылар-мемлекеттердің кәсіпорындары мен салаларының өндірістік кооперациясын дамытуды қолдаудың жалпы шарттарымен механизмі туралы Келісімнің ережелерін басшылыққа ала отырып,
экономикалық және ғылыми-техникалық салалардағы өзара әрекеттестікті дамыту, ғылыми, өндірістік және экономикалық байланыстар механизмін жетілдіру мақсатын көздей отырып,
минералдық-шикізат ресурстарын зерделеу, барлау және ұтымды пайдалану, геоэкология және қоршаған ортаны қорғау проблемаларын тиімді шешуге зор маңыз бере отырып,
төмендегілер жөнінде келісті:
1-бап
Тараптар келесі мәселелерді шешуге жағдай туғызады:
минералдық-шикізат ресурстарын зерделеу, барлау және пайдалану саласындағы ынтымақтастықты үйлестіру және дамыту;
халық шаруашылығы мен Тараптардың өткізу жарығын минералды шикізатпен, сондай-ақ оның өңделуінің өнімдерімен қамтамасыз ету;
тау-кен өндіру және тау-кен өңдеу өндірістерін тұрақтандыру және одан әрі қарай дамыту. Тараптардың кәсіпорындары арасындағы қалыптасқан өндірістік-технологиялық байланыстарды ескере отырып минералды шикізатты ұтымды пайдалануды қамтамасыз ету.
2-бап
Тараптар өздерінің ұлттық заңдарына сәйкес минералды шикізаттың тапшы және стратегиялық түрлерін және оларды өңдеу қуаттылықтарын (минералды шикізаттың және оның өңделу өнімдерінің экспорттық әлеуетін өсіру) пайдалану, импорттық тәуелділікті азайту бағдарламаларын іске асыру, пайдалы қазбаларды тапшы және стратегиялық түрлерімен Тараптар экономикасының минералдық-шикізатпен қамсыздандыру жүйесін қолдау, іргелі және қолданбалы проблемалар бойынша кешенді инвестициялық бағдарламаларды
жүзеге асыру жөнінде күш жұмсайды. 3-бап Тараптар геологиялық барлау, өндіру және өңдеу салаларын дамыту, оларға инвестициялау, халықаралық тұрғыда мойындалған талаптар базасындағы өңдеу өнімдері бар минералды шикізатты стандарттау және сертификаттау келісімді саясатын қалыптастыру жағдайларын жасау жөніндегі шараларды жүзеге асырады. 4-бап
Тараптар геологиялық барлау және тау-кен өндіру кәсіпорындарын кешенді жабдықтармен және техникамен қамсыздандыру үшін оларды әзірлеу және жасау шараларын жүзеге асырады.
5-бап
Тараптар ғылыми-техникалық және ақпараттық қамсыздандыру, геологиялық ортаның мониторингі жүйесі саласында, геодинамикалық және геологиялық апаттық процестердің болжауларын әзірлеу, геоақпараттық талдау жүйелерін қалыптастыру жөніндегі жұмыстарды үйлестіру және ғылыми, инженер және жұмысшы кадрларды даярлау және біліктілігін көтеру үшін жағдай жасау жөнінде өзара әрекеттестікті жүзеге асырады.
6-бап
Тараптар минералдық-шикізат ресурстарын барлаумен, өндірумен және пайдаланумен байланысты аймақтарды экологиялық жағдайын жақсарту, ресурстар үнемдейтін технологиялармен техниканы жасау және енгізу, сондай-ақ шекаралары жапсарлас аумақтардың бірлесіп жүргізілетін зерттеулерді қоса, геологиялық ортаны, экологиялық мониторингі жүйесін мемлекетаралық деңгейде дамыту проблемаларын шешу үшін шаралар қабылдайды.
7-бап
Тараптар минералдық-шикізат кешенін дамыту аясындағы ынтымақтастықты үйлестіру үшін осы Келісімнің ажыратылмас бөлігі болып табылатын Ережеге сәйкес қызмет істеп тұрған жер қойнауын барлау, пайдалану және қорғау жөніндегі Мемлекетаралық кеңесін құрады.
8-бап
Осы Келісімді жүзеге асыру тиесілі органдармен, ұйымдармен, кәсіпорындармен және Тараптардың басқа да шаруашылық жүргізуші субъектілерімен, өзгеше келісілген нысандарда жасалатын екіжақтылық және көпжақтылық келісімдер, шарттар (контрактілер) негізінде жүргізіледі.
Ынтымақтастықтың нақты бағыттарын қолдаудың нысандарын таңдап айқындағанда Тараптар өзаралық мүдделерді басшылықта ұстайды. 9-бап Минералдық-шикізатты барлау және пайдалану кезінде қолданылатын терминдерді бір жүйеге келтіру туралы Тараптар халықаралық талаптар негізінде келісе алады. 10-бап Талаптар жер зерделеу, пайдалану және қорғау саласындағы заң актілерімен және нормативтік-құқықтық құжаттарымен жасасады және оларды бір-біріне жақындастыру шараларын қабылдайды. 11-бап Бұл Келісім Тараптардың басқа халықаралық келісімдердегі, егер олар ол Келісімдерге қатысушы болып табылса, құқықтары мен міндеттемелеріне әсерін тигізбейді. 12-бап Мемлекеттік құпияға жататын мәліметтері бар мәселелерді шешкенде Тараптар өздерінің ұлттық заңдарын және өздері қатысушысы болып табылатын халықаралық келісімдерді басшылыққа алады. 13-бап Осы Келісімді қолданумен немесе пайымдаумен байланысты талас сұрақтар мүдделі тараптар арасында кеңес және келіссөздер жолымен шешіледі немесе халықаралық құқық нормаларына қайшы келмейтін өзге де рәсімдер арқылы шешіледі. 14-бап Тараптардың жалпы келісімімен осы Келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізуге болады. 15-бап
Осы Келісім Тараптар, оның күшіне енуіне қажет мемлекетішілік тиісті
рәсімдерінің орындалғаны туралы депозитарийге үшінші мәлімдемені сақтауға бергеннен кейін күшіне енеді. Мемлекет ішіндегі жөн-жосықты кешірек орындаған Тараптар үшін ол күшіне депозитарийге тиесілі мәлімдеме тапсырылған күннен бастап енеді. 16-бап Осы Келісім күшіне енгеннен кейін 2 ай өткен соң Тараптар оны жүзеге асыру жөніндегі бірінші кезекті шараларды белгілеу үшін тиесілі ұлттық органдардың мәжілісін өткізеді. 17-бап Осы Келісім белгіленбеген мерзімге жасалады. 18-бап
Әрбір Тараптың осы Келісімнен 12 айдан кешіктірмей депозитариді бұл
туралы жазбаша түрде хабардар етіп шығуына болады. 19-бап Осы Келісім, оған қосыламын деген, оның мақсаттарымен қағидаларын қабылдайтын, осындай қосылу туралы құжаттарын депозитарийге беру жолымен барлық Тараптардың мақұлдауын алған басқа мемлекеттер үшін ашық. Мәскеу қаласында 1997 жылдың 27 наурызында түпнұсқасы бір данада орыс тілінде жасалады. Түпнұсқаулық дана Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Атқарушы Хатшылығында сақталуда, ол оның расталған көшірмесін осы Келісімге қол қойған әрбір мемлекетке жібереді. Әзербайжан Республикасының Молдова Республикасының Үкіметі үшін Үкіметі үшін Армения Республикасының Тәжікстан Республикасының Үкіметі үшін Үкіметі үшін Беларусь Республикасының Түрікменстан Республикасының Үкіметі үшін Үкіметі үшін Грузия Республикасының Өзбекстан Республикасының Үкіметі үшін Үкіметі үшін Қазақстан Республикасының Украина Республикасының Үкіметі үшін Үкіметі үшін Қырғыз Республикасының Үкіметі үшін Оқығандар: Қобдалиева Н.М. Орынбекова Д.К.