"Бюджет жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 сәуірдегі Заңының Z990357_ 2-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2001-2003 жылдарға арналған индикативтік жоспарының өлшемдері (бұдан әрі - индикативтік жоспардың өлшемдері) мақұлдансын.
2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі заңда белгіленген тәртіппен тиісті қаржы жылына арналған Қазақстан Республикасы бюджетінің және алдағы үш жылдық кезеңге арналған мемлекеттік бюджетінің болжамды көрсеткіштерінің жобасын қалыптастыру кезінде индикативтік жоспардың өлшемдерін басшылыққа алсын.
3. Қазақстан Республикасының Экономика министрлігі өзге орталық атқарушы органдармен бірлесіп:
1) индикативтік жоспар өлшемдерінің мониторингін жүзеге асыруды қамтамасыз етсін, оның нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметін тоқсан сайын хабардар етсін және қажет болған жағдайда белгіленген тәртіппен нақтылау енгізсін.
2) Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының индикативтік жоспарларының ағымдағы жобаларын, сондай-ақ тиісті бағдарламаларын әзірлеу кезінде индикативтік жоспардың өлшемдерін басшылыққа алсын.
4. Осы қаулының орындатуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Е.Ә. Өтембаевқа жүктелсін.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2000 жылғы 15 мамырдағы
N 722 қаулысына қосымша
ЕСКЕРТУ. Қосымша жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2000 жылғы 19 қыркүйектегі N 1410 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық
дамуының 2001-2003 жылдарға арналған индикативтік жоспарының
өлшемдері
_________________________________________________________________________
! 2000 ж. ! Болжам
!бағалау !____________________________
! ! 2001 ж. ! 2002 ж. ! 2003 ж.
__________________________________!_________!_________!_________!________
ЖҮӨ, млрд. теңге 2289 2535 2848 3070
Алдындағы жылға, % 105 104 107 103
_________________________________________________________________________
Тұтыну бағалары индексі, %
есебімен
жыл аяғына 8,5 5,5 4,9 4,6
бір жылға орташа 13 6,9 5,2 4,7
_________________________________________________________________________
Теңгенің АҚШ долларына бағамы
жыл аяғына 148,0 156,1 163,8 171,5
бір жылға орташа 143,3 152,7 160,0 167,7
_________________________________________________________________________
Өнеркәсіп өнімі көлемі,
алдындағы жылға, % 108 108 110 103
_________________________________________________________________________
Ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің
көлемі, алдындағы жылға, % 93,1 100,6 100,6 102,2
_________________________________________________________________________
Негізгі капиталға инвестиция,
алдындағы жылға, % 115 122 120 118
_________________________________________________________________________
Мембюджетке түсімдер, ЖІӨ-ге % 22,1 23,1 22,4 21,5
есебімен
_________________________________________________________________________
Кірістер, ЖІӨ-ге % есебімен 21,9 22,9 22,2 21,4
_________________________________________________________________________
Салық түсімдері, ЖІӨ-ге % 18,9 19,2 19,3 19,4
есебімен
_________________________________________________________________________
Салықтық емес түсімдер, 1,6 1,9 1,6 1,5
ЖІӨ-ге % есебімен
_________________________________________________________________________
Капиталмен операциялардан
кірістер, ЖІӨ-ге % есебімен 1,4 1,8 1,3 0,5
_________________________________________________________________________
Шығыстар және несиелендіру, 24,9 25,3 23,6 23,0
ЖІӨ-ге % есебімен
_________________________________________________________________________
Мембюджет тапшылығы, ЖІӨ-ге 2,8 2,2 1,2 1,5
% есебімен
_________________________________________________________________________
Экспорт, млн. АҚШ доллары 8781 8631 9020 9718
Импорт, млн. АҚШ доллары 6820 7258 7808 8487
_________________________________________________________________________
Оқығандар:
Қобдалиева Н.М.
Орынбекова Д.К.