Бюджет жүйесі туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасының Заңы 1999 жылғы 1 сәуір N 357-І. 2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күші жойылды - Қазақстан Республикасының 2004.04.24. N 548 Заңымен.(Z040548)

       ЕСКЕРТУ. Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 04 қарашадағы N 472  Заңымен  енгізілген өзгерістер 2000 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
       Осы Заң әртүрлі деңгейдегі бюджеттерді қалыптастыру процесінде қалыптасатын қаржы қатынастарын реттейді, республикалық және жергілікті бюджеттердің әзірлену, қаралу, бекітілу, атқарылу және бақылану тәртібін белгілейді.

  1-тарау. Жалпы ережелер

       1-бап. Негізгі ұғымдар

      Осы Заңда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
      жергілікті бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі - жергілікті бюджеттік бағдарламаларды қаржылық жағынан негіздеуге және іске асыруға жауапты жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік органдар;
      республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі - республикалық бюджеттік бағдарламаларды қаржылық жағынан негіздеуге және іске асыруға жауапты орталық атқарушы органдар мен өзге де орталық мемлекеттік органдар;
      бюджет - мемлекеттің заңмен немесе жергілікті өкілді органдардың шешімдерімен бекітілетін, мемлекеттің өз міндеттерін қамтамасыз етуіне арналған және салықтар, алымдар, басқа да міндетті төлемдер, капиталмен жүргізілетін операциялардан алынатын кірістер, салыққа жатпайтын және заң актілерінде көзделген өзге де түсімдер есебінен құрылатын орталықтандырылған ақша қоры (қалыптастыру көздерiн Қазақстан Республикасының Президентi айқындап, Қазақстан Республикасының Президенті құратын қорлардан басқа, бұл қорлар қызметінің нәтижелері туралы Қазақстан Республикасының Парламентіне хабарланады);
      бюджеттік заңдар - Қазақстан Республикасы Конституциясының нормаларынан, осы Заңнан, тиісті жылға арналған Республикалық бюджет туралы Заңнан, тиісті жылға арналған жергілікті бюджет туралы маслихаттардың шешімдерінен және бюджеттік рәсімдер мәселелері бойынша өзге де нормативтік құқықтық актілерден тұрады;
      бюджеттік өтінім - бюджеттi жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi орган белгілеген құрамда және нысандар бойынша бюджетті әзірлеу кезінде бюджеттік бағдарламаны негіздеу және оны қаржыландыру сомасын айқындау үшін бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі ұсынатын құжаттардың жиынтығы; <*>
      бюджеттік алу - заң актісімен белгіленген сомалар шегінде облыстық бюджеттер мен Астана және Алматы қалаларының бюджеттерінен республикалық бюджетке берілетін ресми трансферттер немесе мәслихаттардың шешімдерімен белгіленген сомалар шегінде аудандар мен қалалардың бюджеттерінен облыстық бюджетке берілетін ресми трансферттер;
      бюджеттік сыныптама - функционалдық, ведомстволық және экономикалық сипаттамалар бойынша бюджетке түсетін түсімдер мен бюджеттен жұмсалатын шығыстарды топтастыру;
      облыс бюджеті - облыстық, қалалық және аудандық бюджеттердің олардың арасындағы өзара өтеу операциялары есептелмеген жиынтығы;
      бюджеттік бағдарлама және кіші бағдарлама - мемлекеттік басқару функцияларын және мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі бюджеттен қаржыландырылатын іс-шаралар кешені; 
      бюджеттік рәсім - мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардың бюджеттің әзірленуі, қаралуы, бекітілуі, атқарылуы, оның атқарылуын бақылау және бюджеттің атқарылуы туралы есепті бекіту жөніндегі заңдармен регламенттелген қызметі;
      кредиттерді қайтару - бұрын бюджеттен берілген кредиттер бойынша негізгі борышты қайтару сомасы;
      уақытша бос бюджеттік ақшалар - ағымды жылғы бюджеттің атқарылуы барысында бюджеттердің ағымдағы шоттарында қалған қаражат қалдықтары;
      мемлекеттік бюджет - республикалық және жергілікті бюджеттердің олардың арасындағы өзара өтеу операциялары есептелмеген жиынтығы; 
      бюджет тапшылығы - шығыстар көлемінің бюджетке түсетін түсімдердің жалпы сомасынан асып түсуі. Бекітілетін республикалық бюджет тапшылығының мөлшері ұлттық валютамен және ішкі жалпы өнімге қатысты процентпен, ал облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің тапшылығы ұлттық валютамен көрсетіледі; 
      жергiлiктi атқарушы органның борышы - жергiлiктi атқарушы органның алынған және өтелмеген заемдарының, сондай-ақ жергiлiктi өкiлдi органның шешiмдерiмен жергiлiктi атқарушы органның борышына жатқызылған белгiлi бiр күнге борыш мiндеттемелерiнiң сомасы; 
      бюджет кірістері - салықтардан, алымдар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерден алынатын түсімдердің, салыққа жатпайтын және өзге де түсімдердің, сондай-ақ бюджетке қайтарылмайтын негізде келіп түсетін капиталмен жасалатын операциялардан түсетін кірістердің көлемі; 
      бiрыңғай қазынашылық шот - аударым операцияларын орталықтандырылған түрде жүзеге асыру және олардың күнделiктi есебiн жүргiзу үшiн Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiнде ашылатын шот; 
      жергілікті атқарушы органдардың қарыз алуы - жергілікті атқарушы органдардың заем туралы шарт (келісім) немесе мемлекеттік бағалы қағаздар эмиссиясы нысанындағы заемдарды тарту, алу, орналастыру, оларға қызмет ету және оларды өтеу процесі; 
      жергілікті атқарушы органның заемы - жергілікті атқарушы органдардың заем алушы болып әрекет ететін заем; 
      бюджет шығындары - бюджеттен қайтарымсыз негізде бөлінетін қаражат; 
      инвестициялық жоба - белгіленген тәртіппен ресімделген құжаттарға сәйкес белгілі бір мерзімде жүзеге асырылатын және материалдық объектілерді жасау немесе жетілдіру жолымен мемлекеттің активтерін көбейтуге бағытталған іс-шаралар кешені; 
      бюджеттің атқарылуы - бюджетке түсетін түсімдерді қамтамасыз ету, бюджеттік бағдарламаларды іске асыру, сондай-ақ бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) жөніндегі іс-шаралар кешенін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес орындау; 
      бюджет профицитін пайдалану - бюджет қаражатының қалдықтарын, бюджет шығыстарынан түсімдердің артығын, мемлекеттік мүлікті жекешелендіруден, борышты басқару мақсатында негізгі борышты өтеуге, ұйымдастырылған бағалы қағаздар рыногында мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздарды сатып алуға және бюджет қаражатының бос қалдықтарын қалыптастыруға арнап, ұйымдастырылған бағалы қағаздарды қарызға алудан және сатудан тартылған ақшаны жұмсау процесі. Бюджет профицитін пайдалану көлемі негізгі борышты өтеу және ұйымдастырылған бағалы қағаздар рыногында мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздарды сатып алу көлемінің тартылған ақшамен бюджет қаражаты қалдықтарының көлемінен асып түсуімен өлшенеді; 
      кассалық алшақтық - қаржы жылының iшiнде шығыстар, негiзгi борыш сомасын өтеу көлемiнiң қаржы жылының бас кезiнде бюджетке түсiмдер, заемдар, бюджет қаражатының қалдықтары көлемiнен асып кетуi; 
      кредиттер - белгіленген тәртіппен бюджеттен заңды және жеке тұлғаларға, төменгі бюджеттерге қайтарымды және ақылы негізде бөлінетін қаражаттар. Төменгі бюджеттерді кредиттеу, республикалық бюджет туралы заңмен немесе облыстық мәслихаттың тиісті қаржы жылына арналған облыстық бюджет туралы шешімімен көзделген жағдайларда, нөлдік ставка бойынша жүзеге асырылуы мүмкін; 
      мемлекеттік мекеменің кредиторлық берешегі - қабылданған міндеттемелердің белгіленген мерзімде төленбеген сомасы; 
      жергілікті бюджеттер (әкімшілік-аумақтық бірліктердің бюджеттері) - облыстық бюджеттер, қалалардың (аудандық маңызы бар қалалардан басқа), қалалардағы аудандарды қоспағандағы, аудандардың бюджеттері; 
      жергiлiктi бюджеттiк бағдарлама - тиiстi қаржы жылына арналған жергiлiктi бюджеттiң құрамында жергiлiктi өкiлдi орган бекiтетiн жергілікті мемлекеттік басқару міндеттерін орындауға және жергілікті деңгейде мемлекеттік саясатты iске асыруға бағытталған бюджеттiк бағдарлама; 
      жергілікті уәкілетті орган - жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын, тиісті әкімшілік-аумақтық бөліністің қаржыларын басқаруға әкім уәкілеттік берген атқарушы орган; 
      бюджет қаражатының қалдықтары - қаржы жылының басындағы бос қалдықтардың және бюджет қаражатының ағымдағы жылдың 15 наурызындағы жағдай бойынша есепті кезеңнің ішінде пайда болған қалдықтарының сомасы; 
      кірістерді бөлу нормативі - әртүрлі деңгейдегі бюджеттер арасында кірістерді бөлудің проценттік арақатынасы; 
      ресми трансферттер - гранттарды қоспағанда, бюджетке түсетін өтеусіз және қайтарымсыз түсімдер немесе бюджет шығындары; 
      шикiзат секторының ұйымдары - тiзбесiн Қазақстан Республикасының Yкiметi белгiлейтiн заңды тұлғалар, олардан бюджетке төленетiн төлемдердiң бiр бөлiгi осы Заңда айқындалатын тәртiппен Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына аударылады; 
      бюджеттік бағдарламаның паспорты - Қазақстан Республикасының Үкіметі немесе жергілікті атқарушы орган бекітетін, бюджеттік бағдарламаның мақсаттарын, күтіліп отырған нәтижелерін, жауапты атқарушыларын, орындалу мерзімдерін, ұлттық валютадағы құнын, қаржыландыру көздерін және басқа да сипаттамаларын айқындайтын құжат; 
      бюджеттік бағдарламаны (кіші бағдарламаны) қаржыландыру жоспары - мемлекеттік мекеменің міндеттемелерін қабылдаудың, экономикалық сыныптама бөлігінде оларды орындау үшін төлемдерді жүзеге асырудың айлар бойынша кестесі; 
      өтеу - үкіметтік борышты және жергілікті атқарушы органдардың борышын қайтару сомасы; 
      бюджетке түсетін түсімдер - бюджет кірістерінің, ресми трансферттердің (бюджет шығындарынан басқа) және кредиттерді қайтарудың жиынтығы; 
      үкiметтiк борыш - алынған және өтелмеген үкiмет заемдарының, сондай-ақ заң актiлерiмен үкiмет борышына жатқызылған белгiлi бiр күнге борыш мiндеттемелерiнiң сомасы; 
      үкіметтік заем - Қазақстан Республикасының Үкіметі арқылы Қазақстан Республикасы заем алушы болып әрекет ететін заем; 
      қабылданған міндеттеме - мемлекеттік мекеменің төлемдер бойынша бюджеттiң атқарылуы жөнiндегi уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшелерiнде тіркелген міндеттемесі; <*>
      бюджет профициті - бюджет түсімдері жалпы сомасының шығыстар көлемінен асып түсуі. Республикалық бюджеттің бекітілетін профицитінің мөлшері - ұлттық валютамен және жалпы ішкі өнімге шаққанда процент есебімен; ал облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің профициті ұлттық валютамен көрсетіледі; 
      рұқсат - бюджет қаражатының көлемін айқындайтын құжат, мемлекеттік мекемелер соның шегінде төлемдер бойынша міндеттемелер қабылдайды; 
      бюджет шығыстары - бюджеттің шығындары мен кредиттерінің жиынтығы; 
      республикалық бюджет - Қазақстан Республикасының заңымен бекітілетін, түсімдер мен бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитті пайдалану) есебінен қалыптастырылатын және өзіне Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заң актілері жүктеген міндеттерді жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін республикалық бюджет бағдарламаларын қаржыландыруға арналған орталықтандырылған ақша қоры; 
      республикалық бюджеттiк бағдарлама - тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджеттiң құрамында Қазақстан Республикасының Парламентi бекiтетiн мемлекеттік басқару міндеттерін орындауға және республикалық деңгейде мемлекеттік саясатты iске асыруға бағытталған бюджеттiк бағдарлама; 
      қаржы жылының басындағы бюджет қаражатының бос қалдықтары - есепті кезеңде инвестициялық жобаларды қаржыландыруға қажетті соманы шегере отырып ағымдағы қаржы жылының 1 қаңтарындағы жағдай бойынша өткен қаржы жылында бюджетке түскен ақшаны пайдаланбаудың салдарынан пайда болған өткен қаржы жылының қорытындылары бойынша бюджеттер қаражатының қалдықтары; 
      қаржыландырудың жиынтық жоспары - бюджет бөліктерінің кезеңдер бойынша теңдестірілген қаржылық жоспары; 
      секвестр - бюджеттің атқарылуы кезінде бюджет тапшылығының белгіленген деңгейінен артып кететін не кіріс көздерінен түсетін түсімдер қысқартылатын, соның салдарынан бюджетте көзделген бюджеттік бағдарламаларды толық көлемінде қаржыландыру мүмкін болмайтын жағдайларда енгізілетін қаражаттың белгіленген шекте жұмсалуына тыйым салуын көздейтін арнаулы механизм; 
      субвенциялар" - жоғары тұрған бюджеттердің төменгі бюджеттерге заң актілерімен немесе мәслихаттардың шешімдерімен бекітілген сомалар шегінде беретін ресми трансферттері; 
      субсидиялар - заң актілерімен белгіленген мақсаттар үшін коммерциялық ұйымдарға бюджеттен бөлінетін тегін және қайтарымсыз төлемдер; 
      есепті кезең - жаңа қаржы жылына енбейтін кезең, бұл кезең ішінде өткен қаржы жылында бекітілген қаржыландырумен қамтамасыз етілмеген инвестициялық жобаларға арналған бюджет шығыстары бойынша, сондай-ақ ресми трансферттерді бюджеттерге есептеу бойынша қорытынды операциялар жүргізіледі. Алдағы жылдың бюджеті үшін есепті кезең ағымдағы жылдың 15 наурызында аяқталды; 
      бекітілген бюджет - Қазақстан Республикасының Парламенті немесе тиісті жергілікті өкілді органдар бекіткен, тиісті қаржы жылына арналған бюджет; 
      нақтыланған бюджет - Қазақстан Республикасының Парламенті немесе тиісті жергілікті өкілді органдар бюджеттің атқарылуы барысында енгізілген өзгерістерді ескере отырып бекіткен, ағымдағы қаржы жылына арналған бюджет; 
      бюджет тапшылығын қаржыландыру - борышты басқару мақсатында негізгі борышты өтеу, ұйымдастырылған бағалы қағаздар рыногында мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздарды сатып алу, бюджет тапшылығын жабу және бюджет қаражатының бос қалдықтарын қалыптастыру үшін осы ақшаны, сондай-ақ бюджет қаражатының қалдықтарын пайдалану мақсатымен мемлекеттік мүлікті жекешелендіру, ұйымдастырылған бағалы қағаздар рыногында мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздарды қарызға алу және сату жолымен ақша тарту процесі. Бюджет тапшылығын қаржыландыру көлемі тартылған ақша көлемінің және бюджет қаражаты қалдықтарының негізгі борышты өтеуден және ұйымдастырылған бағалы қағаздар рыногында мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздарды сатып алудан асып түсуімен өлшенеді; 
      қаржы жылы - күнтізбелік жылдың 1 қаңтарында басталып, 31 желтоқсанында аяқталатын тұрақты бюджеттік-есепке алу кезеңі. Қаржы жылы есепті кезеңді қамтымайды; 
      функционалдық топ - белгілі бір функционалдық міндеттерді орындау мақсатына бағытталған бюджеттен жұмсалатын төлемдер тобы; 
      мақсатты инвестициялық трансферттер - инвестициялық жобаларды іске асыру үшін заң актілерімен немесе мәслихаттардың шешімдерімен бекітілген сомалар шегінде жоғары тұрған бюджеттер төмендегілеріне беретін ресми трансферттер; 
      Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан алынатын нысаналы трансферттер - Қазақстан Республикасының Президентi айқындайтын мақсаттарға Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан тиiстi бюджетке түсетiн ақша түсiмдерi, олардың көлемдерi тиiстi бюджеттерде бекiтiледi.
       ЕСКЕРТУ. 1-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 1999.07.26. N 463  Заңымен
       ЕСКЕРТУ. 1-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 2001.01.15. N 140  Заңымен
       ЕСКЕРТУ. 1-бап толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2001.05.03. N 182  Заңымен
       ЕСКЕРТУ. 1-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 2001.12.06. N 261  Заңымен .
       ЕСКЕРТУ. 1-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 2002.10.31. N 351  Заңымен.

       2-бап. Бюджеттi әзiрлеудiң негiзi

      Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтетiн Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық дамуының индикативтiк жоспары және жергiлiктi өкiлдi органдар Қазақстан Республикасы Президентiнiң Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауына сәйкес бекiтетiн тиiстi кезеңге арналған аумақтарды дамытудың экономикалық және әлеуметтiк бағдарламалары алдағы қаржы жылына арналған бюджеттердiң жобаларын әзiрлеу және мемлекеттiк бюджеттiң болжамды көрсеткiштерiн ұзақ мерзiмдi жоспарлау үшiн негiз болып табылады.
      ЕСКЕРТУ. 2-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2001.01.15. N 140  Заңымен .

  2-тарау. Бюджет жүйесі

       3-бап. Бюджет жүйесі

      1. Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі экономикалық қатынастарға және тиісті құқықтық нормаларға негізделген әртүрлі деңгейдегі бюджеттерді қамтиды. 
      2. Қазақстан Республикасында жиынтығында мемлекеттік бюджетті құрайтын республикалық бюджет пен жергілікті бюджеттер дербес жұмыс істейді. 
      Бюджет жүйесінің жұмыс істеуі бюджеттердің әртүрлі деңгейлерінің өзара байланысына негізделген және оларды әзірлеу, қарау, бекіту, атқару, бақылау тәртібімен, сондай-ақ республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылуы туралы есеппен қамтамасыз етіледі. 
      3. Қаржы жылына арналған республикалық бюджет Қазақстан Республикасының заңымен, жергілікті бюджеттер - мәслихаттардың шешімдерімен бекітіледі. 
      4. Барлық деңгейдегі бюджеттерді әзірлеу, бекіту және олардың атқарылуын есепке алу ұлттық валютамен жүзеге асырылады.
       ЕСКЕРТУ. 3-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 2001.01.15. N 140  Заңымен

       4-бап. Бюджет жүйесінің принциптері

      1. Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі барлық бюджеттердің бірлігі, толықтығы, нақтылығы, жариялылығы және дербестігі принциптеріне негізделеді. 
      2. Бюджеттердің бірлігі бірыңғай құқықтық негізбен,  бюджеттi жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi орган бекітетін бірыңғай бюджеттік сыныптаманы пайдаланумен, бюджеттің бір деңгейінен басқа деңгейіне беріліп отыратын мемлекеттік қаржы статистикасы нысанының бірлігімен, бюджет рәсімінің принцтерімен, ақша жүйесінің бірлігімен қамтамасыз етіледі. Ол бюджеттердің түсімдерін қайта бөлу арқылы өзара іс-қимыл жасауға негізделген. <*>
      3. Бюджеттердің толымдылығы Қазақстан Республикасының салық және бюджет заңдарында белгіленетін барлық түсімдердің, соның ішінде мемлекеттiк акциялар пакетi бар акционерлiк қоғамдардан және республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардан алынатын түсiмдердiң толық тiзбесiнiң және шығыстардың бюджеттерде міндетті және толық көрсетілуімен қамтамасыз етіледі. 
      4. Бюджеттердің нақтылығына Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауына сәйкес оларды Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуы индикативтік жоспарының, аумақтарды дамытудың экономикалық және әлеуметтiк бағдарламаларының өлшемдеріне сәйкес келтіру, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының тұрақтандырушылық функциясын iске асыру арқылы қол жеткізіледі. 
      5. Бюджеттердің жариялылығы бекiтiлген бюджеттер мен олардың атқарылуы туралы есептердің жариялануы арқылы қамтамасыз етіледі. 
      6. Бюджеттердің дербестігі әртүрлі деңгейдегі бюджеттердің арасында кірістерді бөлудің тұрақты нормативтерін орнықтыру және бюджет қаражатының жұмсалу бағыттарын белгілеу құқығы арқылы қамтамасыз етіледі.
       ЕСКЕРТУ. 4-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 2001.01.15. N 140  Заңымен
       ЕСКЕРТУ. 4-бап толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2001.05.03. N 182  Заңымен .
      ЕСКЕРТУ. 4-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 2002.10.31. N 351  Заңымен.  

       5-бап. Бюджеттік жоспарлау бірлігі

      Бюджеттік жоспарлау бірлігі: 
      1) республикалық және жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын бюджеттік бағдарламалардың тізбесін қалыптастыруға; 
      1-1) осы Заңмен және басқа да заң актілерiмен кiрiстердi республикалық және жергілiктi бюджеттер арасында бөлу нормативтерiн, облыстық өкiлдi органдардың шешiмдерiмен кiрiстердi облыстық бюджет пен аудандар (қалалар) бюджеттерiнiң арасында бөлудің тұрақты нормативтерiн белгілеуге; 
      2) Қазақстан Республикасының заң актiлерiмен республикалық бюджеттен облыстық бюджеттерге берiлетiн субвенциялардың және облыстық бюджеттерден, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiнен республикалық бюджетке берiлетiн бюджеттiк алулардың ұзақ мерзiмдi мөлшерлерiн, облыстық өкiлдi органдардың шешiмдерiмен - облыстық бюджеттен аудандардың (қалалардың) бюджеттерiне берiлетiн субвенциялардың және аудандардың (қалалардың) бюджеттерiнен облыстық бюджетке берiлетiн бюджеттiк алулардың ұзақ мерзiмдi мөлшерлерiн белгiлеуге; 
      3) бюджеттi жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi органмен келісе отырып, облыстар мен Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне түсетін түсімдер сомасын анықтауға; <*>
      4) <*>
      5) <*>
      6) Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін тәртіппен жергілікті атқарушы органдар тартатын заемдар жөніндегі сыйақының (мүдденің) шекті мөлшерін белгілеуге негізделеді.
       ЕСКЕРТУ. 5-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 1999.07.26. N 463  Заңымен
       ЕСКЕРТУ. 5-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 1999.11.04. N 472  Заңымен
       ЕСКЕРТУ. 5-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 2001.01.15. N 140  Заңымен
       ЕСКЕРТУ. 5-баптың 5) тармақшасы алып тасталды - Қазақстан Республикасының 2001.12.06. N 261  Заңымен
      ЕСКЕРТУ. 5-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 2002.10.31. N 351  Заңымен.

       6-бап. Бюджеттің құрылымы

      Бюджеттің құрылымы мыналардан тұрады:
      1) түсімдер:
      кірістер,
      алынған ресми трансферттер,
      кредиттерді қайтару;
      2) шығыстар:
      шығындар,
      кредиттер;
      3) бюджет тапшылығы (профициті);
      4) бюджет тапшылығын (профицитін пайдалану) қаржыландыру.
       Ескерту. 6-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 2001.12.06. N 261  Заңымен

       6-1-бап. Бiрыңғай бюджеттiк сыныптама

      Бiрыңғай бюджеттiк сыныптама функционалдық, ведомстволық және экономикалық сипаттамалар бойынша бюджетке түсетiн түсiмдердiң және бюджеттен жұмсалатын шығыстардың топтастырылуын белгілейтiн нормативтiк құқықтық акт болып табылады.
      Бiрыңғай бюджеттiк сыныптама:
      кiрiстер сыныптамасынан;
      шығыстардың функционалдық сыныптамасынан;
      шығыстардың экономикалық сыныптамасынан тұрады.
      Бiрыңғай бюджеттiк сыныптаманы бюджеттi жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi орган бекiтедi. <*>
       ЕСКЕРТУ. 6-1-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2001.01.15. N 140  Заңымен .
       ЕСКЕРТУ. 6-1-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 2002.10.31. N 351  Заңымен.

       6-2-бап. Бюджеттік бағдарламалар

      1. Бюджеттік бағдарламалар:
      1) ағымдағы бюджеттік бағдарламалар;
      2) бюджеттік даму бағдарламалары болып бөлінеді.
      2. Ағымдағы бюджеттік бағдарламалар заң актілеріне сәйкес мемлекеттік басқару міндеттерін орындауға бағытталған, тұрақты сипаты бар немесе бір жолғы іс-шараларды өткізуді көздейтін бюджеттік бағдарламалар болып табылады. 
      Бюджеттік даму бағдарламалары адам ресурстарын дамытуды қоса алғанда, Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық және институционалдық дамуына бағытталған бюджеттік бағдарламалар болып табылады. 
       Ескерту. 6-2-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2001.12.06. N 261  Заңымен

       6-3-бап. Инвестициялық жобалар

      1. Республикалық маңызы бар және орталық мемлекеттік органдар, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдар іске асыратын инвестициялық жобалар республикалық инвестициялық жобалар болып табылады. Республикалық инвестициялық жобалар шығынды және қайтарымды негіздерде республикалық бюджеттен қаржыландырылады. 
      Облыстық, қалалық немесе аудандық маңызы бар және жергілікті атқарушы органдар іске асыратын инвестициялық жобалар жергілікті инвестициялық жобалар болып табылады. Жергілікті инвестициялық жобалар шығынды және қайтарымды негіздерде жергілікті бюджеттен қаржыландырылады. 
      2. Республикалық бюджет комиссиясының қарауына ұсынылатын республикалық инвестициялық жобалар мынадай талаптарға сай келуге тиіс: 
      Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының индикативтік жоспарында көрсетілген республиканың әлеуметтік-экономикалық дамуының басымдықтарына сәйкес келуі; 
      жобаның техникалық-экономикалық көрсеткіштерімен бірге жоба бойынша белгіленген тәртіппен ресімделген жобалық-сметалық құжаттаманың болуы; 
      салалық уәкілетті органның оң қорытындысының болуы; 
      экономикалық жоспарлау жөніндегі уәкiлеттi органның оң қорытындысының болуы. <*>
      3. Жергілікті бюджет комиссиясының қарауына ұсынылатын жергілікті инвестициялық жобалар мынадай талаптарға сай келуге тиіс: 
      облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әлеуметтік-экономикалық дамуының индикативтік жоспарында көрсетілген аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуының басымдықтарына сәйкес келуі; 
      жобаның техникалық-экономикалық көрсеткіштерімен бірге жоба бойынша белгіленген тәртіппен ресімделген жобалық-сметалық құжаттаманың болуы; 
      жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органның экономикалық жоспарлау жөніндегі оң қорытындысының болуы; 
      инвестициялық жобаны қайтарымды негізде қаржыландыру кезінде оның өтемділігі туралы сараптамалық қорытындының болуы. 
      4. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдары республикалық инвестициялық жобаларды іске асыру үшін облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне республикалық бюджеттен мақсатты инвестициялық трансферттер бөлінеді. 
      Аудандардың (қалалардың) жергілікті атқарушы органдары облыстың инвестициялық жобаларын іске асыру үшін аудандардың (қалалардың) бюджеттеріне облыстық бюджеттен мақсатты инвестициялық трансферттер бөлінеді. 
      5. Инвестициялық жобаларды қарау ережесін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды. 
       Ескерту. 6-3-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2001.12.06. N 261  Заңымен
       ЕСКЕРТУ. 6-3-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 2002.10.31. N 351  Заңымен.

       6-4-бап. Бюджет комиссиясы

      1. Қазақстан Республикасының Президенті, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының, аудандардың (қалалардың) жергілікті атқарушы органдары тиісінше республикалық бюджет комиссиясын және облыстардың, Астана және Алматы қалаларының, аудандардың (қалалардың) бюджет комиссияларын құрады, олардың міндеттері мен жұмыс тәртібін белгілейді. 
      2. Республикалық және жергілікті бюджеттер комиссиялары өз қызметін тұрақты негізде жүзеге асырады. Бюджет комиссиясы қызметінің құқықтық негізін осы Заң және өзге де нормативтік құқықтық актілер құрайды. 
      3. Республикалық және жергілікті бюджеттерді әзірлеу мен нақтылау мақсатында республикалық бюджет комиссиясы мен облыстардың, Астана және Алматы қалаларының, аудандардың (қалалардың) бюджет комиссиялары: 
      мемлекеттік, республикалық және жергілікті бюджеттердің үш жылдық кезеңге арналған негізгі болжамды көрсеткіштерін лимиттерін айқындайды; 
      алдағы үш жылдық кезеңге арналған шығыстар лимиттерін айқындайды; 
      мыналар: 
      Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағдарламалары және аумақтарды дамытудың салалық (секторлық) бағдарламалары, экономикалық және әлеуметтік бағдарламалары; 
     бюджетті нақтылау; 
     бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын нақтылау және бюджеттік бағдарламаларды іске асырудың нәтижелері туралы ақпараттар негізінде бюджеттік бағдарламаларды одан әрі іске асыру жөніндегі ұсыныстарды қарайды және дайындайды; 
      Қазақстан Республикасының Президенті немесе облыстардың, Астана және Алматы қалаларының, аудандардың (қалалардың) жергілікті атқарушы органдары белгілейтін басқа да міндеттерді шешеді. 
       Ескерту. 6-4-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2001.12.06. N 261  Заңымен

       7-бап. Республикалық бюджетке түсетін түсімдер

      Республикалық бюджетке түсетін түсімдер мыналарды қамтиды: 
      1) республикалық бюджеттің кірістері, олар мыналардан тұрады: 
      а) салықтардан, алымдардан және басқа да міндетті төлемдерден алынатын түсімдер: 
      заңды тұлғалардан алынатын корпоративтік табыс салығы;
      <*>
      Астана қаласының аумағында салық төлеушiлер ретiнде тiркелген тұлғалар өндiрген тауарларға, орындалған жұмыстарға және көрсеткен қызметтерге салынатын қосылған құн салығынан басқа, Қазақстан Республикасының аумағында өндiрiлген тауарларға, орындалған жұмыстарға және көрсетiлген қызметтерге салынатын қосылған құн салығы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағына импортталатын тауарларға салынатын қосылған құн салығы;
      Астана қаласының аумағында салық төлеушiлер ретiнде тiркелген тұлғалар өндiрген тауарларға, орындалған жұмыстарға және көрсеткен қызметтерге салынатын қосылған құн салығы - 50%;
      акциздер:
      импортталатын тауарларға;
      газ конденсатын қоса алғанда, өңделмеген мұнайға;
      үстеме пайдаға салынатын салық;
      әкелiнетiн тауарларға салынатын кеден бажы;
      әкетiлетiн тауарларға кеден бажы;
      отандық тауар өндірушілерді қорғау шаралары ретінде алынатын баж;
      роялти;
      жасалған келісім-шарттарға орай республикалық бюджетке түсетін бөлігінде өнім бөлу бойынша Қазақстан Республикасының үлесі;
      жергілiктi маңызы бар ақылы мемлекеттiк автомобиль жолдары бойынша жүрiп өткенi үшiн алымнан басқа,Қазақстан Республикасының аумағы бойынша автокөлік құралдарының жүріп өткені үшін алым;
      бонустар;
      елтаңбалық алым;
      кедендік бақылауды және кедендік рәсімдерді жүзеге асырудан түсетін түсімдер;
      радиожиілік спектрін пайдаланғаны үшін төлем;
      жануарлар дүниесін пайдаланғаны үшін төлемдер;
      кеме жүретін су жолдарын пайдаланғаны үшін төлемдер;
      азаматтық әуе кемелерін мемлекеттік тіркеу үшін алынатын алым;
      радиоэлектрондық құралдарды және жоғары жиілікті құрылғыларды мемлекеттік тіркеу үшін алынатын алым;
      теңіз, өзен кемелері мен шағын көлемді кемелерді мемлекеттік тіркеу үшін алынатын алым;
      теледидар және радиохабар тарату ұйымдарына радиожиілік спектрін пайдалануға арналған рұқсатты бергені үшін алым;
      дәрі-дәрмек құралдарын мемлекеттік тіркеу үшін алынатын алым;
      республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғаны үшін төлем;
      республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде сыртқы (көрнекі) жарнама орналастырғаны үшін төлем;
      консульдық алым;
      апостиль берілгені үшін мемлекеттік баж;
      б) салықтық емес түсімдер:
      республикалық мемлекеттік кәсіпорындар пайдасының үлесі;
      Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің кірісінен алынатын түсім;
      Қазақстан Республикасы Үкіметінің депозиттері бойынша алынған сыйақылар (мүдделер);
      республикалық меншік болып табылатын акциялар пакеттеріне түсетін дивидендтер;
      жергiлiктi өкiлдi органдардың шешiмдерi бойынша өткiзiлетiн лотереялардан алынатын кiрiстердi қоспағанда, мемлекеттiк лотереялардан алынатын кiрiстер; 
      жер қойнауы туралы ақпаратты пайдалануға бергені үшін төлемдер; 
      республикалық бюджеттен кредиттер берілгені үшін алынған сыйақылар (мүдделер); 
      республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердің көрсеткен қызметтерін сатудан алынатын түсімдер; 
      республикалық меншіктегі мүлікті жалға беруден алынатын түсімдер; 
      республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер заңға сәйкес ұйымдастыратын мемлекеттік сатып алуды жүргізуден түсетін ақша; 
      ауыл шаруашылығы мен орман шаруашылығы жерлерiн ауыл және орман шаруашылығын жүргiзуге байланысты емес мақсаттарда пайдалану үшiн алып қойған кезде ауыл шаруашылығы мен орман шаруашылығы өндiрiсiнiң шығындарын өтеуден түсетiн түсiмдер; 
      консулдық алымдардан түсетін түсімдер; 
      екінші деңгейдегі банктерге қолданылатын санкциялар сомаларының түсімі; 
      Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген өзге де салыққа жатпайтын және басқа түсімдер; 
      тәркiленген мүлiктi, белгіленген тәртiппен республикалық меншiкке өтеусiз өткен мүлiктi сатудан алынатын түсiмдер, оның iшiнде мемлекеттiң пайдасына бас тартудың кеден режимiнде ресiмделген тауарлар мен көлiк құралдары; 
      заңсыз алынған мүлiктi өз еркiмен тапсырудан немесе өндiрiп алудан немесе мемлекеттiк қызметтердi орындауға уәкiлеттi тұлғаларға немесе оларға теңестiрiлген тұлғаларға заңсыз көрсетiлген қызметтердiң құнын өндiрiп алудан алынатын сомалардың түсiмдерi; 
      өнiмдердi лицензиясыз әкеткенi үшiн төленетiн айыппұл сомаларының түсiмдерi; 
      республикалық бюджет шығындарының өтемi түрiнде Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан түсетiн түсiмдер; <*>
      лицензиялық тәртiп белгiленген казино, тотализаторлар мен ойын бизнесi қызметтерiнен алынған кiрiстердi қоспағанда, өзiне лицензиялық тәртiп белгiленген лицензиясыз қызметтен алынған кiрiстерден түсетiн түсiмдер; 
      атқарушылық санкция. 
      в) капиталмен жүргізілетін операциялардан алынатын кірістер: 
      республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерге бекітіліп берілген мүлікті сатудан түсетін түсімдер; 
      мемлекеттік резервтерден алынған тауарлар үшін берешекті өтеуден және мемлекеттік қордан астық сатудан алынатын түсімдер; 
      2) алынған ресми трансферттер: 
      Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан алынатын нысаналы трансферттер; 
      3) бұрын берілген кредиттер, республикалық бюджеттен мемлекеттік кепілдіктер мен міндеттемелер бойынша міндеттемелерді орындауға бағытталған қаражаттар бойынша республикалық бюджетке берешекті өтеу есебіне өндіріп алынған және алынған мүлікті сатудан (жалға, лизингіге беруден) түсетін түсімдерді қоса алғанда, республикалық бюджеттен берілген кредиттерді қайтару.
       ЕСКЕРТУ. 7-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 1999.07.16. N 440  Заңымен
       ЕСКЕРТУ. 7-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 1999.07.26. N 463  Заңымен
       ЕСКЕРТУ. 7-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 1999.11.04. N 472  Заңымен
       ЕСКЕРТУ. 7-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 1999.11.22. N 485  Заңымен . (бұл өзгерістер 2002 жылғы 31 желтоқсанға дейін қолданылады) 
       Ескерту. 7-бап толықтырылды - Қазақстан Республикасы Президентінің 2000.12.15. N 123  Заңымен
       ЕСКЕРТУ. 7-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 2001.01.15. N 140  Заңымен
       ЕСКЕРТУ. 7-бап толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2001.05.03. N 182  Заңымен
       Ескерту. 7-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 2001.12.06. N 261  Заңымен
      ЕСКЕРТУ. 7-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 2002.10.31. N 351  Заңымен.

       7-1-бап. Республикалық бюджетке шикiзат секторының
               ұйымдарынан түсетiн түсiмдердiң көлемiн
               анықтау тәртiбi

      1. Республикалық бюджетке шикiзат секторы ұйымдарынан түсетiн түсiмдердiң жылдық мөлшерi тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңмен бекiтiледi. <*> 
      2. Шикiзат секторының ұйымдарынан түсетiн, олардың түсiмдерiнiң бекiтiлген көлемiнен асатын бөлiгi осы Заңның 24-1-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына аударылады. <*>
      3. Республикалық бюджет шикiзат секторы ұйымдарынан түсетiн түсiмдер бойынша және тұтастай алғанда түсiмдер бойынша атқарылмаған жағдайда республикалық бюджетке шикiзат секторы ұйымдарынан түсетiн түсiмдердiң бекiтiлген және нақты көлемдерiнiң арасындағы айырма ретiнде айқындалатын республикалық бюджет шығындарының өтемi Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан жүргiзiледi.
      Өтем мөлшерi республикалық бюджеттiң түсiмдер бойынша жете атқарылмауының жалпы сомасынан аспайды. <*>
       ЕСКЕРТУ. 7-1-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2001.05.03. N 182  Заңымен
       Ескерту. 7-1-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 2001.12.06. N 261  Заңымен
      ЕСКЕРТУ. 7-1-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 2002.10.31. N 351  Заңымен.

       8-бап. Бюджеттік алу

      1. Жыл ішінде облыстар бюджеттерi мен Астана және Алматы қалалары бюджеттерінен республикалық бюджетке бюджеттік алудың тәртібі мен кезеңділігін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді. (РҚАО-ның ескертуі: қараңыз.  P020832_  ) 
      Облыстар мен Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің кіріс бөлігі орындалмаған жағдайда республикалық бюджетке алу бюджеттi жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi органмен келісілген облыстар мен Астана және Алматы қалалары бюджеттері кіріс бөлігінің атқарылу процентіне теңбе-тең ай сайын жүргізіледі. <*>
      2. <*>
      2-1. Аудандардың (қалалардың) бюджеттерінен облыстық бюджеттерге берілетін бюджеттік алулардың тәртібі мен кезеңділігін және облыстық бюджеттерден аудандардың (қалалардың) бюджеттеріне субвенциялар бөлудің шарттарын облыстардың әкімдері белгілейді және аудандық (қалалық) мәслихаттармен келісе отырып облыстық мәслихаттар бекітеді.
       ЕСКЕРТУ. 8-бап өзгерді және толықтырылды - Қазақстан Республикасының 1999.07.26. N 463  Заңымен
       ЕСКЕРТУ. 8-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 2001.01.15. N 140  Заңымен
      ЕСКЕРТУ. 8-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 2002.10.31. N 351  Заңымен.

       9-бап. Республикалық бюджет қаражатының жұмсалуы

      1. Республикалық бюджеттің қаражаты:
      Қазақстан Республикасы Президентінің, Парламентінің, Конституциялық Кеңестің, Есеп комитетінің, Орталық сайлау комиссиясының, жалпы мемлекеттік басқару міндеттерін атқаратын атқарушы және басқа да органдардың;
      сот жүйесінің қызметін;
      сыртқы саяси қызметті;
      қаржы және салық қызметін;
      іргелі және қолданбалы ғылыми қызметті;
      қорғаныс қабiлетiн қамтамасыз ету;
      қауiпсiздiктi қамтамасыз ету;
      республикалық деңгейдегі төтенше оқиғалар жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыруды;
      республикалық деңгейдегі құқық қорғау қызметін;
      әділет саласындағы қызметті;
      жоғары білімді;
      республикалық деңгейдегi жалпы орта, орта кәсiптiк және қосымша бiлiмдi;
      республикалық деңгейдегі білім беру саласындағы арнаулы бағдарламаларды;
      республикалық деңгейдегі денсаулық сақтау саласындағы арнаулы бағдарламаларды;
      орталық мемлекеттік органдардың мамандандырылған ауруханаларын;
      республикалық деңгейде азаматтарға тегiн медициналық көмектiң кепiлдiк берiлген көлемiн;
      заң актілерінде белгіленген зейнетақы төлемдерін, мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды, заң актiлерiне сәйкес республикалық бюджеттен арнаулы мемлекеттiк жәрдемақыларды алатын азаматтардың санаттарына осы жәрдемақыларды, арнаулы мемлекеттiк жәрдемақыларды, зейнеткерлердi, Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiн, мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақы алушыларды жерлеуге берiлетiн жәрдемақыларды; 
      республикалық деңгейдегi әлеуметтiк қамсыздандыру және әлеуметтiк көмек саласындағы қызмет;
      республикалық деңгейдегі мәдениет, спорт және ақпарат саласындағы қызметтерді;
      көші-қон саласындағы қызметті;
      ауыл, орман, су және балық шаруашылығының басым бағдарламаларын;
      жер қатынастарын жүзеге асыруды қамтамасыз ету жөнiндегi республикалық деңгейдегi iс-шараларды; <*>
      қоршаған табиғи ортаны қорғау жөнінде республикалық деңгейде жүргізілетін шараларды;
      республикалық деңгейдегі өнеркәсіп, көлік пен құрылыс объектілері саласындағы арнаулы бағдарламаларды;
      жер қойнауын пайдалануды;
      фельдъегерлік байланысты;
      республикалық деңгейдегі жобалау-іздестіру жұмыстарын;
      республикалық маңызы бар жол жүйесін пайдалануды, салуды және жаңғыртуды;
      гидрометеорологиялық мониторингті;
      үкіметтік борышқа қызмет көрсету жөніндегі шығындарды;
      бұрын берілген кредиттер, республикалық бюджеттен мемлекеттік кепілдіктер бойынша міндеттемелерді орындауға бағытталған қаражаттар бойынша республикалық бюджетке берешекті өтеу есебіне өндіріп алынған және алынған мүлікті сақтауға, есепке алуға, бағалауға және сатуға арналған шығындарды; 
      мемлекеттік кепілдіктер бойынша міндеттемелерді орындауды; 
      жергілікті бюджеттерге республикалық бюджеттен берілетін ресми трансферттерді; 
      республикалық бюджеттен Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына берiлетiн ресми трансферттердi; 
      Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан нысаналы трансферттердiң есебiнен iске асырылатын өзге де бюджеттiк бағдарламаларды қаржыландыруға жұмсалады. 
      2. Сондай-ақ осы баптың 1-тармағында аталған қызмет түрлерін жүзеге асыратын республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілерін, олардың аумақтық бөлімшелерін және мемлекеттік бағыныстағы мекемелерді ұстауға арналған шығындар да республикалық бюджеттен қаржыландырылады. 
      Республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілерін ұстауға арналған шығындар Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілерімен бекітілген штат саны лимиті мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерімен бекітілген мемлекеттік органдардың топтары бойынша бір қызметкерге жұмсалатын ағымдағы шығындардың нормативтері негізге алына отырып белгіленеді. 
      Орталық мемлекеттік органдарды және олардың аумақтық бөлімшелерін республикалық бюджеттен басқа, өзге де қаржыландыру көздерi есебiнен ұстауға жол берiлмейдi. 
      2-1. Республикалық бюджеттен шығыстардың жекелеген бағыттары бойынша немесе жекелеген республикалық бюджеттiк бағдарламалар бойынша тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңдағыдан басқа, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерде шығыстар мен кредиттеудiң ең аз, шектi немесе тiркелген мөлшерлерiн белгілеуге жол берiлмейдi. 
      3. Республикалық бюджеттің сыртқы экономикалық қызметпен байланысты және ұлттық валютаның айырбас бағамының жоспарланған өзгерісіне сәйкес белгіленген қаражаты валюталар бөлінген кездегі олардың айырбасының Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен айқындалған нарықтық бағамы бойынша жұмсалады.<*>
       ЕСКЕРТУ. 9-бап өзгерді және толықтырылды - Қазақстан Республикасының 1999.07.26. N 463  Заңымен
       ЕСКЕРТУ. 9-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 2001.01.15. N 140  Заңымен
       ЕСКЕРТУ. 9-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 2001.05.03. N 182  Заңымен
       Ескерту. 9-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 2001.12.06. N 261  Заңымен
      Ескерту. 9-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 2003.06.20. N 441  Заңымен .
      Ескерту. 9-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2003.12.29. N 512  Заңымен .

       10-бап. Жергілікті бюджеттер

      1. Жергілікті бюджеттер түсімдер мен бюджет тапшылығын (профицитін пайдалану) қаржыландыру есебінен қалыптасатын, Конституциямен, заңдармен және Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерімен жүктелген міндеттерді жүзеге асыру үшін жергілікті атқарушы органдар белгілейтін жергілікті бюджеттік бағдарламаларды қаржыландыруға арналған тиісті мәслихаттың шешімімен бекітілетін әкімшілік-аумақтық бөліністердің ақша қорлары болып табылады. 
      2. Жергілікті атқарушы органдар тиісті әкімшілік-аумақтық бөліністердің бюджетін бірыңғай бюджеттік жоспарлау негізінде әзірлеп, дербес атқарады. Жергілікті атқарушы органдар тиісті қаржы жылына арналған бюджетті және өткен қаржы жылында тиісті жергілікті бюджеттің атқарылуы туралы есепті қарап, бекітеді. 
      3. Облыстық өкілді органдар облыстық бюджет пен аудандардың (қалалардың) бюджеттері арасындағы кірістерді бөлудің тұрақты нормативтерін және облыстық бюджеттерден аудандардың (қалалардың) бюджеттеріне берілетін субвенциялар мен аудандардың (қалалардың) бюджеттерінен облыстық бюджеттерге берілетін бюджеттік алынымдардың мерзімді мөлшерлерін бекітеді. 
      4. Тиісті облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің, аудандық (қалалық) бюджеттердің әзірлену және атқарылу процесіне, осы Заңда көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, орталық мемлекеттік органдар мен облыстардың жергілікті атқарушы органдарының араласуына жол берілмейді. 
      5. Жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің тізбесін жергілікті өкілді органдар бекітетін әкімшілік-аумақтық бөліністі басқару схемасына сәйкес жергілікті атқарушы органдар айқындайды.
       ЕСКЕРТУ. 10-бап өзгерді және толықтырылды - Қазақстан Республикасының 1999.07.26. N 463  Заңымен
       ЕСКЕРТУ. 10-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 2001.01.15. N 140  Заңымен
       Ескерту. 10-бап толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2001.12.06. N 261  Заңымен

       11-бап. Жергілікті бюджеттерге түсетін түсімдер

      1. Жергілікті бюджеттерге түсетін түсімдер мыналарды қамтиды:
      1) жергілікті бюджеттердің кірістері олар мыналардан тұрады:
      а) салықтардың, алымдардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсімдері:
      Астана қаласының аумағында салық төлеушiлер ретiнде тiркелген тұлғалар өндiрген тауарларға, орындаған жұмыстарға және көрсеткен қызметтерге салынатын қосылған құн салығы - 50%;
      акциздер:
      спирттің барлық түрлері;
      алкоголь өнімдері;
      темекі бұйымдары;
      құрамында темекі бар басқа да бұйымдар;
      бекіре және албырт балық уылдырықтары;
      алтыннан, платинадан немесе күмістен жасалған зергерлік бұйымдар;
      бензин (авиациялық бензинді қоспағанда) және дизель отыны;
      атыс және газ қаруы (мемлекеттік өкімет органдарының мұқтажы үшін сатып алынғаннан басқа);
      жеңіл автомобильдер (арнайы мүгедектерге арналған, қолмен басқарылатын автомобильдерден басқа);
      ойын бизнесі;
      лотереялар ұйымдастыру және өткiзу;
      жеке табыс салығы;
      әлеуметтiк салық;
      заңды тұлға құрмай, патент негiзiнде кәсiпкерлiк қызметпен айналысатын жеке адамдар, шаруа (фермер) қожалықтары, Ақыл-есi мен дене бiтiмiнің кемiстiгi бар балалар мен жасөспiрiмдердi әлеуметтiк бейiмдеу және оларды еңбекпен оңалту орталығы, Зейнеткерлердiң республикалық "Ардагер" кәсiпорындар бiрлестiгi, сондай-ақ осы бiрлестiктiң меншiгi болып табылатын және соның қаражаты есебiнен құрылған, зейнеткерлер ғана жұмыс iстейтiн өндiрiстiк, оқу-өндiрiстiк ұйымдары, "SOS - Қазақстанның балалар қалашықтары" балалар қайырымдылық қоры, Қызыл Жарты Ай және Қызыл Крест қоғамы, Ауғанстандағы соғыс ардагерлерi Қазақ республикалық ұйымы кәсiпорындарының республикалық бiрлестiгi (өндiрiс ұйымдарынсыз), Ауғанстандағы соғыс мүгедектерiнiң ерiктi қоғамы (өндiрiс ұйымдарынсыз), Қазақстан Республикасы мүгедектерiнiң ерiктi қоғамы, Қазақ саңыраулар қоғамы, Қазақ зағиптар қоғамы, сондай-ақ осы қоғамдардың меншiгi болып табылатын және солардың қаражаты есебiнен құрылған, жұмыс iстейтiндердiң жалпы санының кемiнде 50 процентiн мүгедектер құрайтын өндiрiстiк, оқу-өндiрiстiк ұйымдары, асырауында балалары бар мүгедек аналардың "Бибi-Ана" республикалық қоғамы, психикасы мен дене бiтiмi дамуында ауытқулары бар мүгедектер мен балаларға қамқорлық жөнiндегi "Ақ бота" қоғамдық бiрлестiктер Лигасы төлеген әлеуметтiк салықты, сондай-ақ еңбек қызметiне рұқсат бойынша Қазақстан Республикасына уақытша келген шетелдiк азаматтар мен азаматтығы жоқ адамдардың еңбегiне ақы төлеу бөлiгiнде төленген әлеуметтiк салықты қоспағанда, әлеуметтiк салық - 80,8 %;
      заңды және жеке тұлғалардың мүлкіне салынатын салық;
      жер салығы;
      бiрыңғай жер салығы;
      көлік құралдарына салынатын салық;
      жасалған келісім-шарттарға орай жергілікті бюджетке түсетін бөлігінде өнім бөлу бойынша Қазақстан Республикасының үлесі;
      жеке кәсіпкерлерді мемлекеттік тіркеу үшін алынатын алым;
      жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін алынатын лицензиялық алым;
      заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу үшін алынатын алым;
      аукциондардан алынатын алым;
      жергiлiктi маңызы бар ақылы мемлекеттiк автомобиль жолдарымен жүрiп өткенi үшiн алым;
      жер үсті көздерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлем;
      консульдық алымнан және апостиль берілгені үшін мемлекеттік баждан басқа, мемлекеттік баж;
      жылжымайтын мүлікке құқықтарды және олармен жасалған мәмілелерді мемлекеттік тіркеу үшін алынатын алым;
      механикалық көлік құралдары мен тіркемелерді мемлекеттік тіркеу үшін алынатын алым;
      жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғаны үшін төлем;
      жергілікті маңызы бар және елді мекендерде жалпыға ортақ пайдаланатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде сыртқы (көрнекі) жарнама орналастырғаны үшін төлем; 
      жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлем; 
      қоршаған ортаны ластағаны үшін төлем. 
      б) салықтық емес түсімдер: 
      мемлекеттiк коммуналдық кәсiпорындар пайдасының үлесi; 
      коммуналдық меншік болып табылатын акциялардың пакеттерінен алынатын дивидендтердің түсімі; 
      жергiлiктi өкілдi органдардың шешiмдерi бойынша өткiзiлетiн мемлекеттiк лотереялардан алынатын кірістердің түсімі; 
      жергілікті бюджеттен кредиттер бергені үшін алынған сыйақылар (мүдделер); 
      жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер көрсететін қызметтерді сатудан түсетін түсімдер; 
      коммуналдық меншік мүлкін жалға беруден түсетін түсімдер; 
      жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер заңға сәйкес ұйымдастыратын мемлекеттік сатып алуды жүргізуден түсетін ақша түсімі;
      жер учаскелерiн жалдау құқығын сату төлемақысының түсімі; <*> 
      табиғатты пайдаланушылардан келтірілген зиянның орнын толтыру туралы талаптар бойынша алынған қаражат, қоршаған ортаны қорғау туралы заңдарды бұзғаны үшін алынған айыппұлдар, аңшылықтың және балық аулаудың тәркіленген құралдарын, заңсыз олжаланған өнімдерді сатудан түскен қаражат; 
      жергiлiктi мемлекеттiк органдар алатын, Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген әкімшілік айыппұлдар мен санкциялар; 
      әкiмшiлiк қамауға алынған тұлғалар орындаған жұмыстар мен қызмет көрсетулер үшiн ұйымдардан түсетiн түсiмдер; 
      медициналық айықтырғыштарға орналастырылған адамдардың төлемдерiнен түсетiн түсiмдер; 
      түзеу жұмыстарына сотталғандардың жалақысынан ұсталатын түсiмдер; 
      лицензиялық тәртiп белгiленген казино, тотализаторлар мен ойын бизнесiнiң лицензиясыз қызметтерiнен түсетiн кiрiстерден алынған түсiмдер; 
      иесiз мүлiктi, белгiленген тәртiппен коммуналдық меншiкке өтемсiз өткен мүлiктi, қадағалаусыз жануарларды, олжаларды, сондай-ақ мұрагерлiк құқығы бойынша мемлекетке өткен мүлiктi сатудан алынатын түсiмдер; 
      жергiлiктi бюджеттерге шикiзат секторының ұйымдарынан түсетiн түсiмдердiң бекiтiлген және iс жүзiндегi көлемдерiнiң арасындағы терiс айырма ретiнде айқындалатын жергiлiктi бюджеттер шығындарының өтемi түрiнде Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан түсетiн түсiмдер;
      Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген өзге де салыққа жатпайтын және басқа да түсімдер;
      в) капиталмен жүргізілетін операциялардан түсетін кірістер:
      жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерге бекітіліп берілген мүлікті сатудан түсетін түсімдер;
      жер учаскелерiн сатудан түсетiн түсiмдер. <*>
      2) жоғары тұрған бюджеттерден алынғын ресми трансферттер;
      Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан алынған нысаналы трансферттер.
      3) жергілікті бюджеттерден берілген кредиттерді қайтару.
       ЕСКЕРТУ. 11-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 1999.07.16. N 440  Заңымен
       ЕСКЕРТУ. 11-бап өзгерді және толықтырылды - Қазақстан Республикасының 1999.07.26. N 463  Заңымен
       ЕСКЕРТУ. 11-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 1999.11.04. N 472  Заңымен
       ЕСКЕРТУ. 11-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 1999.11.22. N 485  Заңымен . (бұл өзгерістер 2002 жылғы 31 желтоқсанға дейін қолданылады) 
       ЕСКЕРТУ. 11-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 2001.01.15. N 140  Заңымен
       ЕСКЕРТУ. 11-бап толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2001.05.03. N 182  Заңымен
       Ескерту. 11-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 2001.12.06. N 261  Заңымен .
      Ескерту. 11-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 2003.06.20. N 441  Заңымен
      Ескерту. 11-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2003.12.29. N 512  Заңымен .  

       11-1-бап. Жергiлiктi бюджеттерге шикiзат секторының
                ұйымдарынан түсетiн түсiмдердiң көлемiн
                анықтау тәртiбi

      1. Жергiлiктi бюджеттерге шикiзат секторының ұйымдарынан түсетiн түсiмдердiң жылдық көлемдерi облыстар, Астана және Алматы қалалары бойынша тиiстi қаржы жылына арналған Республикалық бюджет туралы заңмен бекiтiледi. Аталған түсiмдердiң тоқсандық көлемдерiн облыстар, Астана және Алматы қалалары бойынша Республикалық бюджет туралы заңда белгiленген жылдық сомалар шегiнде Қазақстан Республикасының Yкiметi бекiтедi.
      2. Шикiзат секторының ұйымдарынан түсетiн, олардың түсiмдерiнiң бекiтiлген тоқсандық көлемдерiнен асатын бөлiгi осы Заңның 25-бабына сәйкес жергiлiктi бюджеттерден Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына аударылады.
       ЕСКЕРТУ. 11-1-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2001.05.03. N 182  Заңымен .  

       12-бап. Жергілікті бюджеттерден қаражаттың жұмсалуы

      1. Жергілікті бюджеттердің қаражаты:
      жергiлiктi деңгейде мектепке дейiнгi, жалпы бастауыш, жалпы негiзгi бiлiм берудi, сондай-ақ жалпы орта және орта кәсiптiк және қосымша бiлiм берудi;
      жергiлiктi деңгейде арнаулы бiлiм беру бағдарламаларын;
      әскери қызметке тіркеу және шақыру жөніндегі шараларды;
      жергілікті деңгейдегі төтенше жағдайлар бойынша жұмыстарды;
      жергілікті деңгейдегі құқық қорғау қызметін;
      жергiлiктi деңгейде азаматтарға тегiн медициналық көмектiң кепiлдiк берiлген көлемiн;
      жергiлiктi деңгейде денсаулық сақтау саласындағы бағдарламаларды;
      мәслихаттардың шешімдеріне сәйкес әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы әлеуметтік бәсірелі көмек көрсетуді;
      осы жәрдемақыларды заң актiлерiне сәйкес жергiлiктi бюджеттен алатын азаматтар санаттарына берiлетiн арнаулы мемлекеттiк жәрдемақыларды;
      жергiлiктi деңгейде әлеуметтiк қамсыздандыру жөнiндегi iс-шараларды және атаулы әлеуметтiк көмектi;
      тұрғын үй көмегін көрсетуді; <*>
      мемлекеттік тұрғын үй қорын сақтауды ұйымдастыруды; <*>
      Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес азаматтардың жекелеген санаттарын тұрғын үймен қамтамасыз етуді; <*>
      жер қатынастарын жүзеге асыруды қамтамасыз ету жөнiндегi жергiлiктi деңгейдегi iс-шараларды; <*>
      Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес мемлекеттік қажеттіліктер үшін тұрғын үйлерді және жер учаскелерін алып қоюды;<*>
      Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес авариялық және ескі тұрғын үйлерді бұзуды; <*>
      Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес, республиканың сейсмикалық қауіпті аймақтарында орналасқан тұрғын үйлердің сейсмикалық беріктігін қолдауға бағытталған іс-шараларды;<*>
      жергiлiктi деңгейде мәдениет, спорт және ақпарат саласындағы қызметтi;
      жергілікті деңгейдегі өнеркәсіп, көлік және объектілер құрылысын;
      қоршаған ортаны қорғау жөнінде жергілікті атқарушы органдар жүргізетін іс-шараларды;
      жергілікті деңгейдегі жобалау-іздестіру жұмыстарын жүргізуді;
      елдi мекендердi абаттандыруды, елдi мекендердiң жолдары мен көшелерiн пайдалану мен салуды;
      жергілікті маңызы бар жолдарды пайдалану, салу мен қайта құруды;
      халықты ауыз сумен қамтамасыз ету және ағын суларды тазалау жөнiндегi iс-шараларды;
      Қазақстан Республикасында шағын кәсіпкерлікті дамыту мен қолдау бағдарламаларын;
      төмен тұрған бюджеттерден жоғары тұрған бюджеттерге және жоғары тұрған бюджеттерден төмен тұрған бюджеттерге берілетін ресми трансферттерді.
      жергiлiктi бюджеттерден Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына берiлетiн ресми трансферттердi; 
      Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан нысаналы трансферттердiң есебiнен iске асырылатын өзге де бюджеттiк бағдарламаларды қаржыландыруға жұмсалады. 
      2. Осы баптың 1-тармағында аталған қызмет түрлерін жүзеге асыратын жергілікті бағдарламалардың әкімшілері мен оларға бағынысты мемлекеттік мекемелерді ұстауға арналған шығындар да жергілікті бюджеттерден қаржыландырылады. 
      Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдарды ұстауға арналған шығыстар жергiлiктi атқарушы органдар бекiткен штат санының лимиті мен бір қызметкерге арналған ағымдағы шығындардың нормативтері негізге алына отырып белгіленеді. 
      Жергiлiктi бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерiн, егер заң актiлерiнде өзгеше көзделмесе, тиiстi жергiлiктi бюджеттен басқа, өзге де қаржыландыру көздерiнiң есебiнен ұстауға жол берiлмейдi. 
      2-1. Жергілікті бюджеттен шығыстардың жекелеген бағыттары бойынша немесе жекелеген жергiлiктi бюджеттiк бағдарламалар бойынша тиiстi қаржы жылына арналған жергiлiктi бюджет туралы мәслихаттың шешiмiндегiден басқа, өзге де нормативтiк құқықтық актілерде шығыстар мен кредиттеудiң ең аз, шекті немесе тiркелген мөлшерлерiн белгiлеуге жол берiлмейдi. 
      3. Мәслихаттардың шешімі бойынша жергілікті атқарушы органдар заңдарға қайшы келмей және республикалық бюджеттік бағдарламаларды қозғамай, қызметтің басқа бағыттары бойынша бюджеттік бағдарламалар енгізуге құқылы. 
      4. Жергілікті бюджеттердің сыртқы экономикалық қызметпен байланысты және ұлттық валютаның айырбас бағамының жоспарланған өзгерісіне сәйкес белгіленген қаражаты валюталар бөлінген кездегі олардың айырбасының Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен айқындалған нарықтық бағамы бойынша жұмсалады.<*>
       ЕСКЕРТУ. 12-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 1999.11.04. N 472  Заңымен
       ЕСКЕРТУ. 12-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 2001.01.15. N 140  Заңымен
       ЕСКЕРТУ. 12-бап толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2001.05.03. N 182  Заңымен
       Ескерту. 12-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 2001.12.06. N 261  Заңымен .
      Ескерту. 12-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 2003.06.20. N 441  Заңымен .
      Ескерту. 12-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2003.12.29. N 512  Заңымен .

          13-бап. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен
                жергілікті атқарушы органдардың резервтері

      1. Қазақстан Республикасының Үкiметi мен жергiлiктi атқарушы органдардың резервтерi республикалық және жергілікті бюджеттерді әзірлеу кезінде жоспарланбаған және ағымдағы қаржы жылына шұғыл қаржыландыруды талап ететін шығыстарды қаржыландыру үшiн республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң құрамында құрылады. Қазақстан Республикасының Үкiметi мен жергiлiктi атқарушы органдар резервтерiнiң құрамында: 
      табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға және Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе жергілікті атқарушы органдардың шешімдерімен айқындалатын өзге де күтілмеген шығыстарға арналған қаражат; 
      сот шешiмдерi бойынша тиiсiнше Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң, орталық мемлекеттiк органдардың және олардың аумақтық бөлiмшелерiнiң және жергiлiктi атқарушы органдардың мiндеттемелерiн өтеуге арналған қаражат; 
      кассалық алшақтықты жабуға арналған төмен тұрған бюджеттердi кредиттеу үшiн арнаулы резерв көзделедi. 
      Сот шешiмдерi бойынша тиiсiнше Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң, орталық мемлекеттiк органдар мен олардың аумақтық бөлiмшелерiнiң және жергiлiктi атқарушы органдардың мiндеттемелерiн өтеу үшiн Қазақстан Республикасының Үкiметi немесе жергiлiктi атқарушы органдар резервтерiнiң құрамында көзделген қаражат толық көлемiнде пайдаланылған жағдайда, соттың мұндай шешiмдерi бойынша өтелмеген мiндеттемелерi болған кезде Қазақстан Республикасының Үкiметi немесе жергiлiктi атқарушы орган республикалық бюджет туралы заңға немесе жергiлiктi бюджет туралы мәслихаттардың тиiстi шешiмдерiне өзгерiстер енгiзу арқылы Қазақстан Республикасы Yкiметi немесе жергiлiктi атқарушы орган резервiнiң мөлшерлерiн ұлғайту туралы Қазақстан Республикасының Парламентiне немесе тиiстi жергiлiктi өкiлдi органға ұсыныс енгiзедi. 
      Қазақстан Республикасының Үкіметі мен жергілікті атқарушы органдардың резервтерінен қаражатты тиісті жылға арналған бюджет шығыстарының құрамында бекітілген мөлшер шегінде бөлу және қаржыландыруды ашу Қазақстан Республикасының Үкіметі мен жергілікті атқарушы органдардың ағымдағы қаржы жылының аяғында күшін жоятын шешімдері бойынша бюджет деңгейіне қарай жүргізіледі. 
      2. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен жергілікті атқарушы органдар резервтерінің қаражатын пайдалану тәртібін тиісінше Қазақстан Республикасының Үкіметі мен жергілікті атқарушы органдар белгілейді.
      3. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен жергілікті атқарушы органдар резервтерінің мөлшері тиісті бюджет түсімдері көлемінің екі процентінен аспауға тиіс.
       ЕСКЕРТУ. 13-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 1999.11.04. N 472  Заңымен
       ЕСКЕРТУ. 13-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 2001.01.15. N 140  Заңымен
       Ескерту. 13-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 2001.12.06. N 261  Заңымен

  3-тарау. Бюджеттің әзірленуі, қаралуы және бекітілуі

       ЕСКЕРТУ. Атауы өзгерді - Қазақстан Республикасының 1999.07.26. N 463  Заңымен

       14-бап. Республикалық бюджеттің жобасын әзірлеу

      1. Алдағы үш жылдық кезеңге арналған мемлекеттік бюджеттің болжамды көрсеткіштерін және тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджеттің жобасын әзірлеу Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының тиісті кезеңге арналған индикативтік жоспары негізінде және Қазақстан Республикасының Үкіметі өткен қаржы жылында бекіткен, үш жылдық кезеңге арналған республикалық бюджеттің болжамды көрсеткіштері ескеріле отырып жүзеге асырылады. 
      2. Республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін тәртіп пен мерзімдерде Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне: 
      1) республикалық бюджет комиссиясы белгілеген республикалық бюджет шығыстары лимиттерінің шегінде алдағы үш жылдық кезеңге арналған бюджеттік өтінімдер; 
      2) алдағы қаржы жылында секвестрлеуге жатпайтын республикалық және жергілікті бюджеттік бағдарламалардың тізбесі жөніндегі ұсыныстар енгізеді. 
      Орталық атқарушы және басқа да мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де ұсыныстар мен деректерді табыс етеді. 
      3. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдары Қазақстан Республикасы Үкіметі белгілейтін тәртіп пен мерзімдерде Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне келісуге мынадай болжамды көрсеткіштерді: 
      облыстардың, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне түсетін түсімдерді; 
      облыстың, Астана және Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органының тиісті қаржы жылының аяғындағы борышының көлемін; 
      облыстың, Астана және Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органының борышын өтеуге және оған қызмет көрсетуге арналған шығындарының көлемін табыс етеді. 
      Жергілікті атқарушы органдар Қазақстан Республикасының қаржы министрлігіне Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де көрсеткіштер мен деректерді де табыс етеді. 
      4. Экономикалық жоспарлау жөніндегі уәкiлеттiорган ағымдағы жылда іске асырылатын жобаларды ескере отырып, инвестициялық жобалар бойынша республикалық бюджет комиссиясы айқындаған шығыстар лимитінің шегінде инвестициялық жобалардың тізбесі мен республикалық бюджеттен қаржыландыру көлемі жөніндегі ұсыныстарды республикалық бюджет комиссиясының қарауына енгізеді. <*>
      5. Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін тәртіп пен мерзімдерде бюджеттi жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi орган: 
      1) облыстардың, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің осы баптың 3-тармағында аталған болжамды көрсеткіштерін келіседі; 
      2) республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілеріне республикалық бюджет шығыстарының лимиттерін, сондай-ақ республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілеріне және облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдарына республикалық бюджет комиссиясы айқындаған алдағы үш жылдық кезеңге арналған инвестициялық жобалардың тізбесін және республикалық бюджеттен қаржыландыру көлемін жеткізеді; 
      3) республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік өтінімдерін қарайды және олар бойынша қорытынды дайындайды; 
      4) республикалық бюджет комиссиясының қарауына: 
      мемлекеттік бюджеттің алдағы үш жылдық кезеңге арналған болжамды көрсеткіштерін; 
      шикізат секторы ұйымдарының тізбесін; 
      республикалық бюджет шығыстарының лимиттерін, соның ішінде ағымдағы жылда іске асырылатын жобаларды ескере отырып, инвестициялық жобалар бойынша шығыстар лимиттерін қоса алғанда, республикалық бюджеттің алдағы үш жылдық кезеңге арналған болжамды көрсеткіштерін; 
      республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерін бюджеттік өтінімдер бойынша қорытындысын; 
      республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердің ағымдағы қаржы жылының басындағы жағдай бойынша қалыптасқан әрбір бюджеттік бағдарлама (кіші бағдарлама) бойынша кредиторлық берешегінің сомасын; 
      алдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджеттің жобасын; 
      осы Заңның 15-бабында белгіленген басқа да көрсеткіштерді енгізеді; 
      5) алдағы қаржы жылына арнап республикалық бюджет комиссиясы айқындаған республикалық бюджет жобасының түпкілікті нұсқасының негізінде Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген нысан бойынша тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңның жобасын және алдағы үш жылдық кезеңге арналған республикалық бюджеттің болжамды көрсеткіштерін жасайды және Қазақстан Республикасының Үкіметіне табыс етеді; 
      6) тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңның жобасын Қазақстан Республикасының Үкіметі мақұлдағаннан кейін облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдарына осы баптың 3-тармағында көрсетілген, келісілген болжамды көрсеткіштерді жібереді; 
      7) республикалық бюджеттің үш жылдық кезеңге арналған болжамды көрсеткіштерін Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге енгізеді. 
      Бюджеттi жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыруға құқылы. <*>
      6. Республикалық бюджет комиссиясы: 
      1) мыналарды: 
      Қазақстан Республикасы мемлекеттік бюджетінің үш жылдық кезеңге арналған болжамды көрсеткіштерін; 
      республикалық бюджет шығыстарының лимиттерін, соның ішінде ағымдағы жылда іске асырылатын жобаларды ескере отырып, инвестициялық жобалар бойынша шығыстар лимиттерін қоса алғанда, республикалық бюджеттің алдағы үш жылдық кезеңге арналған болжамды көрсеткіштерін; 
      ағымдағы жылда іске асырылатын жобаларды, соның ішінде облыстарда, Астана және Алматы қалаларында іске асырылатын жобаларды ескере отырып, алдағы үш жылдық кезеңге арналған инвестициялық жобалардың тізбесі мен республикалық бюджеттен қаржыландыру көлемін; 
      ағымдағы қаржы жылының басындағы жағдай бойынша қалыптасқан республикалық бюджеттік бағдарламалар (кіші бағдарламалар) бойынша республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердің кредиторлық берешегін жоспарланып отырған қаржы жылында өтеу көлемін; 
      алдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджеттің жобасын; осы Заңның 15-бабында белгіленген басқа да көрсеткіштерді қарайды және айқындайды; 
      2) шикізат секторы ұйымдарынан түсетін түсімдердің болжамды көлемдерін айқындау және оны кейіннен Қазақстан Республикасы Үкіметінің бекіту үшін ол ұйымдардың тізбесін қарайды; 
      3) мыналарды: 
      бюджеттi жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi орган мен облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдары арасындағы жергілікті бюджеттердің болжамды көрсеткіштері бойынша келіспеушіліктерді реттеуді; 
      республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік өтінімдерін қарайды және олар бойынша шешім шығарады. 
      Республикалық бюджет комиссиясы Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де өкілдіктерді жүзеге асыруға құқылы. 
      7. Мемлекеттік, салалық (секторлық) бағдарламаларда бағдарламалық іс-шараларды іске асыруға көзделетін шығыстардың жалпы көлемі мемлекеттік және республикалық бюджеттердің үш жылдық кезеңге арналған болжамды көрсеткіштері шеңберінде айқындалуға тиіс. 
      Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағдарламаларының және салалық (секторлық) бағдарламалардың жобалары қаржыландыру көздері мен мерзімдері бөлігінде бағдарламалық іс-шараларды қаржыландыру көлемі жөнінде республикалық бюджет комиссиясының қорытындысы болған жағдайда бекітіледі. Бұрын бекітілген мемлекеттік бағдарламалар, салалық (секторлық) бағдарламалар республикалық бюджет комиссиясының тиісті қорытындысы болған жағдайда өзгертілуге тиіс. 
      8. Республикалық бюджеттің жобасын әзірлеу Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін Республикалық және жергілікті бюджеттердің жобаларын әзірлеу ережелеріне сәйкес жүзеге асырылады.
       ЕСКЕРТУ. 14-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 1999.07.26. N 463  Заңымен
       ЕСКЕРТУ. 14-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 1999.11.04. N 472  Заңымен
       ЕСКЕРТУ. 14-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2001.01.15. N 140  Заңымен
       Ескерту. 14-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2001.12.06. N 261  Заңымен
      ЕСКЕРТУ. 14-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 2002.10.31. N 351  Заңымен.

       15-бап. Республикалық бюджет

      Тиісті қаржы жылына арналған Республикалық бюджет туралы заң мыналарды:
      кірістердің, алынған ресми трансферттердің, республикалық бюджеттен берілген кредиттерді қайтарудың, шығындардың, кредиттердің және бюджет тапшылығының (профицитінің) көлемдерін;
      облыстар, Астана және Алматы қалалары бойынша республикалық және жергiлiктi бюджеттерге шикiзат секторының ұйымдарынан түсетiн түсiмдердiң көлемдерiн;
      мемлекеттiк акциялар пакетi бар акционерлiк қоғамдардан және республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардан алынатын түсiмдердiң толық тiзбесiн;
      айлық жалақының, зейнетақы мен айлық есептік көрсеткіштің ең төмен мөлшерін;
      Қазақстан Республикасы Үкіметі резервтерінің мөлшерін;
      Қазақстан Республикасының мемлекеттiк кепiлдiктерi бойынша мiндеттемелердi орындау сомасын;
      үкіметтік борыштың лимитін;
      (9-абзац) <*>
      Қазақстан Республикасының тиісті қаржы жылына арналған мемлекеттік кепілдіктерін беру лимитін;
      облыстар, Астана және Алматы қалалары бойынша республикалық және жергiлiктi бюджеттерден Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына берiлетiн ресми трансферттердiң сомасын; 
      республикалық бюджеттік бағдарламалардың функционалдық топтары, әкімшілері бойынша және ішкі бағдарламалар бойынша шекті шығыстардың тізбесін; 
      республикалық ағымдағы бюджеттік бағдарламалар мен бюджеттік даму бағдарламаларының тізбелерін; 
      тиiстi қаржы жылына арналған республикалық және жергiлiктi бюджеттердi атқару процесiнде секвестрлеуге жатпайтын республикалық және жергiлiктi бюджеттiк бағдарламалардың тiзбесiн; 
      республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердің ағымдағы қаржы жылының басында қалыптасқан кредиторлық берешегін өтеу сомасын.
       ЕСКЕРТУ. 15-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 1999.07.26. N 463  Заңымен
       ЕСКЕРТУ. 15-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 1999.11.04. N 472  Заңымен
       ЕСКЕРТУ. 15-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 2001.01.15. N 140  Заңымен
       ЕСКЕРТУ. 15-бап толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2001.05.03. N 182  Заңымен
       Ескерту. 15-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 2001.12.06. N 261  Заңымен

       16-бап. Республиканың бюджеттік қарау және бекіту

      1. Тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңның жобасын Қазақстан Республикасының Үкіметі жоспарланып отырған жылдың алдындағы қыркүйектің 15-інен кешіктірмей Қазақстан Республикасының Парламентіне табыс етеді. 
      Қазақстан Республикасының Үкіметі алдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңның жобасымен бір мезгілде республикалық бюджеттің өздері бекіткен алдағы үш жылдық кезеңге арналған болжамды көрсеткіштерін табыс етеді. 
      2. Республикалық бюджетті бекіту және оған өзгерістер мен толықтырулар енгізу олар алдымен Мәжілісте, одан кейін Сенатта қаралған соң Палаталардың бірлескен отырысында жасалады. 
      Талқылау қаралып отырған мәселе бойынша қорытындымен қоса, Үкiмет уәкiлеттiк берген тұлғаның (тұлғалардың) Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық дамуының индикативтiк жоспары және тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет
туралы заң жобасы бойынша, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi Төрағасының ақша-кредит саясаты бойынша, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Палаталары уәкiлеттiк берген тұлғалардың баяндамаларын қамтиды. <*>
      3. Алдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджет Қазақстан Республикасы Парламенті Палаталарының бірлескен отырысында кемінде екі оқылымда және ағымдағы жылдың 15 желтоқсанынан кешіктірмей республикалық бюджеттік бағдарламалар деңгейінде бекітіледі. 
      Қазақстан Республикасының Үкіметі алдағы жылға арналған республикалық бюджеттің жобасын енгізе отырып, Қазақстан Республикасының Парламентіне қаражатты кіші бағдарламалар деңгейінде жұмсау сомаларын ұсынады. 
      Қазақстан Республикасының Парламенті 15 желтоқсанға дейінгі мерзімде кезекті қаржы жылына арналған Республикалық бюджет туралы заңды қабылдамаған жағдайда, Қазақстан Республикасының Президенті, "Алдағы қаржы жылының 1-тоқсанына арналған республикалық қаржылық жоспар туралы" Жарлық шығаруға құқылы, ол республикалық бюджетті Парламент бекіткенге дейін қолданылады. 
      Қаржылық жоспардың атқарылуы осы Заңда белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады. 
       ЕСКЕРТУ. 16-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 1999.07.26. N 463  Заңымен
       Ескерту. 16-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 2001.12.06. N 261  Заңымен
      ЕСКЕРТУ. 16-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 2002.10.31. N 351  Заңымен.

       17-бап. Республикалық бюджетті нақтылау тәртібі

      1. Республикалық бюджетті оны атқару барысында нақтылау Қазақстан Республикасы Үкіметінің ұсыныстары немесе басқа да заң шығарушылық бастамалар негізінде заң актілеріне сәйкес жүзеге асырылады. 
      2. Республикалық бюджетті нақтылау жөніндегі органдарға республикалық бюджет комиссиясы қарайды. 
      3. Республикалық бюджетті нақтылау кезінде мемлекеттік органдарға республикалық бюджетті әзірлеу кезінде қойылатын талаптар сақталады. 
       Ескерту. 17-бап 2, 3-тармақтармен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2001.12.06. N 261  Заңымен

       18-бап. Облыстық бюджеттің жобасын, Астана және Алматы
              қалалары бюджеттерін әзірлеу

      1. Жергілікті бюджеттерді әзірлеу бюджеттi жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi орган бекіткен бюджеттік сыныптамаға сәйкес бюджеттік жоспарлаудың бірлігі негізінде жүзеге асырылады. <*> 
      2. Жергілiктi өкiлдi және атқарушы органдар тапшылық көлемдерiнiң қаржы жылына белгiленетiн тиiстi жергiлiктi бюджеттердiң тапшылығын қаржыландыру көлемдерiне сәйкес келмегенi үшiн жауапты болады. 
      3. Облыстық бюджеттен, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерінен қаржыландырылатын жергілікті бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін тәртіппен мерзімдерде облыстың, Астана және Алматы қалаларының жергілікті уәкілетті органына: 
      1) облыстың, Астана және Алматы қалаларының бюджет комиссиялары белгілеген облыстық бюджеттің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің шығыстары лимиттерінің шегінде алдағы үш жылдық кезеңге арналған бюджеттік өтінімдер; 
      2) алдағы қаржы жылында секвестрлеуге жатпайтын жергілікті бюджеттік бағдарламалар тізбесі бойынша ұсыныстар енгізеді. 
      Облыстық бюджеттен, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерінен қаржыландырылатын атқарушы органдар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де ұсыныстармен деректерді табыс етеді. 
      4. Аудандардың (қалалардың) жергілікті атқарушы органдары Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін тәртіп пен мерзімдерде алдағы үш жылдық кезеңге арналған аудандардың (қалалардың) бюджеттеріне түсетін түсімдердің болжамын облыстың жергілікті уәкілетті органына келісуге табыс етеді. 
      Аудандардың (қалалардың) жергілікті атқарушы органдары облыстың жергілікті уәкілетті органына Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де көрсеткіштер мен деректерді табыс етеді. 
      5. Облыстың, Астана және Алматы қалаларының жергілікті уәкілетті органы Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін тәртіп пен мерзімдерде: 
      1) осы баптың 4-тармағында көрсетілген аудандар (қалалар) бюджеттерінің болжамды көрсеткіштерін келіседі; 
      2) жергілікті бюджеттік бағдарламалардың әкімшілеріне облыстық бюджет, Астана және Алматы қалалары бюджеттері шығыстарының лимиттерін, сондай-ақ жергілікті бюджеттік бағдарламалардың әкімшілеріне және аудандардың (қалалардың) жергілікті атқарушы органдарына облыстың бюджет комиссиясы айқындайтын алдағы үш жылдық кезеңге арналған инвестициялық жобалардың тізбесін және облыстық бюджеттен қаржыландырылу көлемін жеткізеді; 
      3) облыстық бюджеттен, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерінен қаржыландырылатын жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік өтінімдерін қарайды және олар бойынша қорытынды дайындайды; 
      4) облыс, Астана және Алматы қалаларының бюджет комиссиясының қарауына: 
      облыс бюджетінің алдағы үш жылдық кезеңге арналған болжамды көрсеткіштерін; 
      шығыстар лимиттерін, соның ішінде ағымдағы жылда іске асырылатын жобаларды ескере отырып, инвестициялық жобалар бойынша шығыстар лимиттерін қоса алғанда, облыстық бюджеттің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің алдағы үш жылдық кезеңге арналған болжамды көрсеткіштерін; 
      ағымдағы қаржы жылында іске асырылатын жобаларды ескере отырып, облыстың, Астана және Алматы қалаларының бюджет комиссиясы инвестициялық жобалар бойынша шығыстар лимитінің шегінде айқындаған инвестициялық жобалардың тізбесі және жергілікті бюджеттің қаражатынан қаржыландыру көлемдері бойынша ұсыныстарды; 
      облыстық бюджеттен, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерінен қаржыландырылатын жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік өтінімдері бойынша қорытындыны; 
      ағымдағы қаржы жылының басындағы жағдай бойынша қалыптасқан әрбір тиісті жергілікті бюджеттік бағдарлама (кіші бағдарлама) бойынша облыстық бюджеттен, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерінен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердің кредиторлық берешегінің сомасын; 
      алдағы қаржы жылына арналған облыстық бюджеттің жобасын; 
      осы Заңның 18-2-бабында белгіленген басқа да көрсеткіштерді енгізеді; 
      5) алдағы қаржы жылына арнап облыстың, Астана және Алматы қалаларының бюджет комиссиясы айқындаған облыстық бюджет жобасының түпкілікті нұсқасы негізінде облыстық бюджеттің алдағы қаржы жылына арналған жобасын және облыс, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің алдағы үш жылдық кезеңге арналған болжамды көрсеткіштерін жасайды және облыстың, Астана және Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органына табыс етеді; 
       6) облыстық бюджеттің жобасын облыстың жергілікті атқарушы органы мақұлданғаннан кейін осы баптың 4-тармағында аталған, келісілген болжамды көрсеткіштерді аудандардың (қалалардың) жергілікті атқарушы органдарына жібереді; 
      7) облыс, Астана және Алматы қалалары бюджетінің болжамын бюджеттi жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi органға 1 тамызға дейін табыс етеді. <*>
      Облыстың, Астана және Алматы қалаларының жергілікті уәкілетті органы Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыруға құқылы. 
      6. Облыстың, Астана және Алматы қалаларының бюджет комиссиясы: 
      1) мыналарды: 
      облыс бюджетінің алдағы үш жылдық кезеңге арналған болжамды көрсеткіштерін; 
      облыстық бюджеттің, Астана және Алматы қалалары бюджеттері шығыстарының лимиттерін, соның ішінде ағымдағы жылда іске асырылатын жобаларды ескере отырып, инвестициялық жобалар бойынша шығыстар лимиттерін қоса алғанда, облыстық бюджеттің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің алдағы үш жылдық кезеңге арналған болжамды көрсеткіштерін; 
      ағымдағы жылы іске асырылатын жобаларды, соның ішінде ауданда (қалада) іске асырылатын инвестициялық жобаларды ескере отырып, алдағы үш жылдық кезеңге арналған инвестициялық жобалардың тізбесі мен жергілікті бюджеттен қаржыландыру көлемдерін; 
      облыстық бюджеттен, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерінен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердің ағымдағы қаржы жылының басындағы жағдай бойынша қалыптасқан бюджеттік бағдарламалар (кіші бағдарламалар) бойынша кредиторлық берешегін жоспарланып отырған қаржы жылында өтеу көлемін; 
      облыстық бюджеттің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің алдағы қаржы жылына арналған жобасын; 
      осы Заңның 18-2-бабында белгіленген басқа да көрсеткіштерді қарайды және айқындайды; 
      2) мыналар: 
      аудандар (қалалар) бюджеттерінің болжамды көрсеткіштері бойынша облыстың жергілікті уәкілетті органы мен аудандардың (қалалардың) жергілікті атқарушы органдары арасындағы келіспеушіліктерді реттеу; 
      облыстық бюджеттен, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінен қаржыландырылатын жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік өтінімдері бойынша қарайды және шешім шығарады. 
      Облыстың, Астана және Алматы қалаларының бюджет комиссиясы Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыруға құқылы. 
      7. Аумақтардың экономикалық және әлеуметтік даму бағдарламаларында бағдарламалық іс-шараларды іске асыруға арнап көзделетін шығыстардың жалпы көлемі облыс, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің үш жылдық кезеңге арналған болжамдары көрсеткіштері шеңберінде айқындалуға тиіс. 
      Аумақтардың экономикалық және әлеуметтік даму бағдарламаларының жобаларды қаржыландыру көздері мен мерзімдері бөлігінде бағдарламалық іс-шараларды қаржыландыру көлемі бойынша облыс, Астана және Алматы қалалары бюджет комиссиясының қорытындылары болған жағдайда бекітіледі. Аумақтардың бұрын бекітілген экономикалық және әлеуметтік даму бағдарламалары облыс, Астана және Алматы қалалары бюджет комиссиясының тиісті қорытындылары болған жағдайда өзгертілуге тиіс. 
      8. Облыстық бюджеттің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің жобасын әзірлеу Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен Республикалық және жергілікті бюджеттердің жобаларын әзірлеу ережелеріне сәйкес жүзеге асырылады. 
      9. <*>
      9-1. <*>
       ЕСКЕРТУ. 18-бап өзгерді және толықтырылды - Қазақстан Республикасының 1999.07.26. N 463  Заңымен
       ЕСКЕРТУ. 18-бап өзгерді және толықтырылды - Қазақстан Республикасының 1999.11.04. N 472  Заңымен
       ЕСКЕРТУ. 18-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 2001.01.15. N 140  Заңымен
       ЕСКЕРТУ. 18-бап толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2001.05.03. N 182  Заңымен
       Ескерту. 18-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 2001.12.06. N 261  Заңымен
       Ескерту. 18-1 - 18-3-баптармен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2001.12.06. N 261  Заңымен
      ЕСКЕРТУ. 18-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 2002.10.31. N 351  Заңымен.

       18-1-бап. Аудандардың (қалалардың) бюджеттерін әзірлеу

      1. Аудандардың (қалалардың) бюджеттерінен қаржыландырылатын жергілікті бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін тәртіппен мерзімдерде ауданның (қаланың) жергілікті уәкілетті органына: 
      1) ауданның (қаланың) бюджет комиссиясы белгіленген аудан (қала) бюджеті шығыстарының лимиттері шегінде алдағы үш жылдық кезеңге арналған бюджеттік өтінімдер; 
      2) алдағы қаржы жылында секвестрлеуге жатпайтын жергілікті бюджеттік бағдарламалардың тізбесі бойынша ұсыныстар енгізеді. 
      2. Ауданның (қаланың) жергілікті уәкілетті органы Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін тәртіп пен мерзімдерде: 
      1) жергілікті бюджеттік бағдарламалардың әкімшілеріне аудан (қала) бюджетінің шығыстары лимиттерін, сондай-ақ ауданның (қаланың) бюджет комиссиясы айқындаған алдағы үш жылдық кезеңге арналған инвестициялық жобалардың тізбесін және аудан (қала) бюджетінен қаржыландыру көлемдерін жеткізеді; 
      2) аудандардың (қалалардың) бюджеттерінен қаржыландырылатын жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік өтінімдерін қарайды және ол бойынша қорытынды әзірлейді; 
      3) ауданның (қаланың) бюджет комиссиясының қарауына: 
      аудан (қала) бюджеті шығыстарының лимиттерін, соның ішінде ағымдағы жылда іске асырылатын жобаларды ескере отырып, инвестициялық жобалар бойынша шығыстардың лимиттерін қоса алғанда, алдағы үш жылдық кезеңге арналған аудан (қала) бюджетінің болжамды көрсеткіштерін; 
      ағымдағы жылда іске асырылатын жобаларға ескере отырып, жобалар бойынша ауданның (қаланың) бюджет комиссиясы айқындаған шығыстар лимитінің шегіндегі инвестициялық жобалардың тізбесі мен ауданның (қаланың) бюджет қаражатынан қаржыландыру көлемдері жөніндегі ұсыныстар; 
      аудандардың (қалалардың) бюджеттерінен қаржыландырылатын жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік өтінімдері бойынша қорытынды; 
      әрбір бюджеттік бағдарлама (кіші бағдарлама) бойынша аудандық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердің ағымдағы қаржы жылының басындағы жағдай бойынша қалыптасқан кредиторлық берешегі сомасын; 
      ауданның (қаланың) алдағы қаржы жылына арналған бюджет жобасын; 
      осы Заңның 18-2-бабында белгіленген басқа да көрсеткіштерді енгізеді; 
      4) ауданның (қаланың) бюджет комиссиясы айқындаған алдағы қаржы жылына арналған аудан (қала) бюджеті жобасының түпкілікті нұсқасы негізінде аудан (қала) бюджетінің жобасын және аудан (қала) бюджетінің алдағы үш жылдық кезеңге арналған болжамды көрсеткіштерін жасап, ауданның (қаланың) жергілікті атқарушы органынан табыс етеді; 
      5) аудан (қала) бюджетінің жобасын ауданның (қаланың) жергілікті атқарушы органы мақұлдағаннан кейін аудан (қала) бюджетінің болжамын облыстың жергілікті уәкілетті органына табыс етеді. 
      Ауданның (қаланың) жергілікті уәкілетті органы Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыруға құқылы. 
      3. Ауданның (қаланың) бюджет комиссиясы: 
      1) мыналарды: 
      аудан (қала) бюджеті шығыстарының лимиттерін, соның ішінде ағымдағы жылда іске асырылатын жобаларды ескере отырып, инвестициялық жобалар бойынша шығыстардың лимиттерін қоса алғанда, алдағы үш жылдық кезеңге арналған аудан (қала) бюджетінің болжамды көрсеткіштерін; 
      ағымдағы жылда іске асырылатын жобаларды ескере отырып, алдағы үш жылдық кезеңге арналған инвестициялық жобаларды аудан (қала) бюджетінен қаржыландыру тізбесі мен көлемдерін; 
      аудандық (қалалық) бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердің ағымдағы қаржы жылының басындағы жағдай бойынша қалыптасқан бюджеттік бағдарламалар (кіші бағдарламалар) бойынша кредиторлық берешегін жоспарланып отырған қаржы жылында өтеу көлемін; 
      алдағы қаржы жылына арналған аудан (қала) бюджетінің жобасын; 
      осы Заңның 18-2-бабында белгіленген басқа да көрсеткіштерді қарайды және айқындайды; 
      2) ауданның (қаланың) бюджетінен қаржыландырылатын жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік өтінімдерін қарайды және олар бойынша шешім шығарады. 
      Ауданның (қаланың) бюджет комиссиясы Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыруға құқылы. 
      4. Аумақтардың экономикалық және әлеуметтік даму бағдарламаларында бағдарламалық іс-шараларды іске асыруға арнап көзделетін шығыстардың жалпы көлемі аудан (қала) бюджетінің үш жылдық кезеңге арналған болжамды көрсеткіштері шеңберінде айқындалуға тиіс. 
      Аумақтардың экономикалық және әлеуметтік даму бағдарламаларының жобалары қаржыландыру көздері және мерзімдері бөлігінде аудан (қала) бюджет комиссиясының бағдарламалық іс-шараларды қаржыландыру көлемі жөнінде қорытындысы болған жағдайда бекітіледі. Аумақтардың бұрын бекітілген экономикалық және әлеуметтік даму бағдарламалары аудан (қала) бюджет комиссиясының тиісті қорытындысы болған жағдайда өзгертілуге тиіс. 
      5. Аудан (қала) бюджетінің жобасын әзірлеу Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін Республикалық және жергілікті бюджеттердің жобаларын әзірлеу ережелеріне сәйкес жүзеге асырылады. 

       18-2-бап. Мәслихаттың жергілікті бюджет туралы шешімі

      Мәслихаттың тиісті қаржы жылына арналған жергілікті бюджет туралы шешімінде: 
      кірістердің, алынған ресми трансферттердің, жергілікті бюджеттерден берілген кредиттерді қайтарудың, шығындардың, кредиттердің, бюджет тапшылығының (профицитінің) және бюджет тапшылығын қаржыландырудың (профицитін пайдаланудың) көлемдері; 
      жергілікті атқарушы органдар резервтерінің мөлшері; 
      облыстың, Астана және Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органының тиісті қаржы жылының аяғындағы борышының лимиті; 
      облыстың, Астана және Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органының борышын өтеуге және оған қызмет көрсетуге жұмсалатын шығындардың көлемі; 
      тиісті әкімшілік-аумақтық бөлініс үшін тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген сомада Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына жергілікті бюджеттен берілетін ресми трансферттердің сомасы; 
      жергілікті бюджеттік бағдарламалардың функционалдық топтары, әкімшілері бойынша және бағдарламалар бойынша шекті шығыстардың тізбесі; 
      жергілікті ағымдағы бюджеттік бағдарламалардың және бюджеттік даму бағдарламаларының тізбелері; 
      тиісті қаржы жылына арналған, оның ішінде республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржы жылына арнап белгіленген жергілікті бюджетті атқару процесінде секвестрлеуге жатпайтын жергілікті бюджеттік бағдарламалардың тізбесі; 
      жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердің ағымдағы қаржы жылының басында қалыптасқан кредиторлық берешегін өтеу сомасы; 
      жергілікті атқарушы органның тиісті қаржы жылына арналған борышын өтеу көлемі болуға тиіс. 

       18-3-бап. Жергілікті бюджеттерді қарау және бекіту

      1. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдары тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заң күшіне енгеннен кейін екі апта мерзімнен кешіктірмей бюджеттің бұрын жасалған болжамды көлемдерін нақтылайды және облыстық бюджеттің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің жобасын тиісті мәслихатқа бекітуге енгізеді, ол бір айдың ішінде жобаны бекіту жөнінде шешім қабылдайды. 
      2. Республикалық және жергілікті бюджеттердің арасында бөлінетін кірістер бойынша жергілікті бюджеттерге түсетін түсімдердің көлемін бюджеттi жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi органмен келісілген мөлшерлерде жергілікті атқарушы органдардың ұсынысы бойынша жергілікті өкілді органдар бекітеді. <*>
      Жергілікті бюджеттерге шикізат секторының ұйымдарынан түсетін түсімдердің көлемін тиісті әкімшілік-аумақтық бөлініс үшін тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген көлемде жергілікті өкілді органдар бекітеді. 
      3. Аудандардың (қалалардың) жергілікті атқарушы органдары облыстық бекітілгеннен кейін екі апта мерзімде аудан (қала) бюджетінің жобасын тиісті мәслихаттың бекітуіне енгізеді, ол екі апта мерзімнен кешіктірмей бюджетті бекіту туралы шешім қабылдайды. 
      4. Тиісті мәслихаттар тиісті қаржы жылына арналған жергілікті бюджетті бекіткенге дейін 1-тоқсан бюджетінің атқарылуы тиісті қаржы жылына арналған жылдық бюджет жобасының 1/4 бөлігі мөлшерінде жүзеге асырылады. 
      5. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдары аудандық мәслихаттар бюджетті бекіту туралы шешім қабылдағаннан кейін бір апта мерзімде облыстық (қалалық) бюджет және бекітілген жергілікті бюджеттердің негізінде жиынтықталған облыс бюджеті туралы деректерді бюджеттi жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi органға табыс етеді. <*>
       ЕСКЕРТУ. 18-3-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 2002.10.31. N 351  Заңымен.

       18-4-бап. Жергiлiктi бюджеттi нақтылау тәртiбi

      1. Жергiлiктi бюджеттi атқарылуы барысында нақтылау осы Заңға сәйкес және заң актiлерiнде көзделген өзге де жағдайларда тиiстi жергiлiктi атқарушы органның ұсыныстары негiзiнде жүзеге асырылады. 
      1-1. Жергілікті бюджетті нақтылау жөніндегі ұсыныстарды тиісті бюджет комиссиясы қарайды. 
      1-2. Жергілікті бюджетті нақтылау кезінде атқарушы органдарға жергілікті бюджетті әзірлеу кезінде қойылатын талаптар сақталады. 
      2. Жергiлiктi бюджеттердi республикалық және жергiлiктi бюджеттер арасында заң актiлерiне сәйкес бөлiнетiн түсiмдер бойынша нақтылау бюджеттi жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi органның келiсiмi бойынша жүргiзiледi. <*>
      Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiмен келiсу облыстар, Астана және Алматы қалалары әкiмдерiнiң жазбаша өтiнiшi келiп түскен күннен бастап он күн iшiнде жүргiзiледi.
      3. Жергiлiктi атқарушы органдардың жергiлiктi бюджеттi нақтылау кезiнде көзделетiн қосымша бюджеттiк бағдарламаларды қаржыландыруды мәслихаттың тиiстi шешiмi қабылданғанға дейiн жүзеге асыруға құқығы жоқ.
       ЕСКЕРТУ. 18-1-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2001.01.15. N 140  Заңымен
       Ескерту. 18-1-бап 18-4-бап болып есептелді және 1-1, 1-2-тармақтармен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2001.12.06. N 261  Заңымен
      ЕСКЕРТУ. 18-4-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 2002.10.31. N 351  Заңымен.

  4-тарау. Кредит беру және қарыз алу

       19-бап. Республикалық бюджеттен кредиттеу

      1. Бюджеттiң атқарылуы жөнiндегi уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан республикалық бюджетте көзделген сомалар шегінде кредиттер беруге құқылы. <*> 
      Кредиттер берудің тәртібі мен шарттарын Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді. 
      2. Бюджеттiң атқарылуы жөнiндегi уәкiлеттi орган облыстар мен Астана және Алматы қалалары әкімдерінің ұсынымы бойынша республикалық бюджеттен жергілікті бюджеттерге кассалық алшақтықты жабуға төмен тұрған бюджеттердi кредиттеу үшiн тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджетте көзделген арнайы резерв шегiнде Қазақстан Республикасының Yкiметi шешiмiнiң негiзiнде кредиттер бере алады. <*>
      3. Мемлекеттік кепілдіктер бойынша міндеттемелерді орындауға республикалық бюджеттен бағытталып, бұрын берілген кредиттер, қаражаттар бойынша талаптардың тоқтатылуы Қазақстан Республикасының заң актілері негізінде жүзеге асырылады. 
       ЕСКЕРТУ. 19-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 2001.01.15. N 140  Заңымен
       Ескерту. 19-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 2001.12.06. N 261  Заңымен
      ЕСКЕРТУ. 19-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 2002.10.31. N 351  Заңымен.

       20-бап. Үкіметтік қарыз алу

      Қазақстан Республикасының Үкіметі заңды, жеке тұлғалардан және шет мемлекеттерден республикалық бюджет тапшылығын қаржыландыру үшін заңда белгіленген тәртіп бойынша қарыз алуға құқылы. 
      Үкіметтің қаражатты қарыз алуы займ алу немесе мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздар шығару шарттары (келісімдері) нысанында жүзеге асырылады. Займ шарттарын жасасудың және мемлекеттік бағалы қағаздар шығарудың тәртібі мен ережелерін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді. 
       ЕСКЕРТУ. 20-бап өзгерді және толықтырылды - Қазақстан Республикасының 1999.07.26. N 463  Заңымен

       21-бап. Жергiлiктi бюджеттен кредиттеу

      Жергілікті атқарушы органдар жергілікті бюджеттерде көзделген сомалардың шегінде кредиттер беруге құқылы. 
      Жергілікті атқарушы органдардың кредиттер беру тәртібі мен шарттарын Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді. 
      Облыстардың әкiмдерi қалалар (аудандық маңызы бар қалалардан басқа) әкiмдерiнiң және қалалардағы аудандарды қоспағанда, аудандар әкiмдерiнiң ұсынысы бойынша облыстық бюджеттен аудандық, қалалық бюджеттерге тиiстi қаржы жылына арналған облыстық бюджетте көзделген кассалық алшақтықты жабуға төменгi тұрған бюджеттердi кредиттеу үшiн арнайы резерв шегiнде кредиттер бере алады. 
      Жергілікті бюджеттен берілген кредиттер бойынша талаптардың тоқтатылуы Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін тәртіппен жергілікті өкілді органның шешімі негізінде жүзеге асырылады. 
       ЕСКЕРТУ. 21-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 1999.07.26. N 463  Заңымен
       ЕСКЕРТУ. 21-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 2001.01.15. N 140  Заңымен
       Ескерту. 21-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 2001.12.06. N 261  Заңымен

       22-бап. Жергілікті атқарушы органдардың қарыз алуы

      Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергiлiктi атқарушы органдары мемлекеттік қарыз алуды реттейтін заңдарға сәйкес: 
      Қазақстан Республикасының Үкіметімен келісілген жергілікті инвестициялық жобаларды қаржыландыру үшін заңды және жеке тұлғалардан; 
      Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң тиiстi қаржы жылына арналған резервiнiң құрамында көзделген кассалық алшақтықты жабуға төмен тұрған бюджеттердi кредиттеу үшiн арнайы резервтiң есебiнен республикалық бюджеттен; 
      тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда бекітілген сомалар шегінде жергілікті инвестициялық жобаларды қаржыландыруға республикалық бюджеттен; 
      тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда көзделген өзге мақсаттарға арнап республикалық бюджеттен қарыз алуға құқығы бар. 
      Облыстың, Астана және Алматы қалаларының жергiлiктi атқарушы органдарының тиістi қаржы жылының аяғындағы олардың борышының заңдарда белгiленген лимитiнен және осы борышты өтеуге және оған қызмет көрсетуге арналған шығыстардың көлемiнен асып түсуiне әкеп соқтыратындай мөлшерде қарыз алуына жол берiлмейдi. 
      Қалалардың (аудандық маңызы бар қалалардан басқа) және қалалардағы аудандарды қоспағанда, аудандардың жергiлiктi атқарушы органдарының кассалық алшақтықты жабуға тек облыстық бюджеттен ғана қарыз алуға құқығы бар. 
      Кассалық алшақтықты жабуға қарыз алу қаржы жылының шегiнде алты айға дейiнгi мерзiмге жүзеге асырылуы мүмкiн және жергiлiктi бюджеттi нақтылауды қажет етпейдi. 
      Егер республикалық бюджеттен облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiне (облыстық бюджеттерден аудандардың, қалалардың бюджеттерiне) кассалық алшақтықты жабуға берiлген кредиттер белгiленген мерзiмде өтелмеген болса, бюджеттiң атқарылуы жөнiндегi уәкiлеттi орган (облыс әкiмi) Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi белгiлеген тәртiппен өтелмеген борыштың сомасын есептен шығару үшiн тиiстi жергiлiктi бюджеттiң ағымдағы шотындағы барлық шығыс операцияларын тоқтата тұруға құқылы. <*>
      Жергілікті атқарушы органдардың қарыз алуы займ алу немесе жергілікті атқарушы органдардың бағалы қағаздарын шығару шарттары (келісімдері) нысанында жүзеге асырылады.
      Жергілікті атқарушы органдардың заем шарттарын жасасу және мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздар шығару тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.
       ЕСКЕРТУ. 22-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 1999.07.26. N 463  Заңымен
       ЕСКЕРТУ. 22-бап өзгерді және толықтырылды - Қазақстан Республикасының 1999.11.04. N 472  Заңымен
       ЕСКЕРТУ. 22-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 2001.01.15. N 140  Заңымен
       Ескерту. 22-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 2001.12.06. N 261  Заңымен
      ЕСКЕРТУ. 22-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 2002.10.31. N 351  Заңымен.

       23-бап. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен
              жергілікті атқарушы органдардың кредит
              беру және қарыз алу жөніндегі жауапкершілігі

      Қазақстан Республикасының Үкіметі мен жергілікті атқарушы органдар бір-бірінің міндеттемелері бойынша жауап бермейді.     

  5-тарау. Бюджеттің атқарылуы

       24-бап. Бюджеттің атқарылуы

      1. Бюджеттің атқарылуы бірыңғай қазынашылық шот пен мемлекеттік мекемелердің шоты арқылы кассалық негізде жүзеге асырылады. 
      2. Бюджеттің түсімдер бойынша атқарылуы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес уәкілетті мемлекеттік органдардың тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда немесе мәслихаттың жергілікті бюджетті бекіту туралы шешімінде белгіленгеннен төмен емес мөлшерде бюджетке түсетін түсімдерді қамтамасыз ету жөнінде іс-шаралар кешенін жүргізу болып табылады. 
      3. Бюджеттің шығыстар бойынша атқарылуы бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) орындауға бағытталған іс-шараларды тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда және мәслихаттың жергілікті бюджет туралы шешімінде бекітілгеннен аспайтын сома шегінде жүзеге асыру болып табылады. 
      Бюджеттің шығыстар бойынша атқарылуы осы Заңның 24-1, 25-баптарына сәйкес жүзеге асырылады. 
      4. Бюджеттің тапшылықты қаржыландыру бойынша атқарылуы шығыстардың бюджетке түсетін түсімдерден іс жүзінде қалыптасып отырған асып түсуін жабуды қамтамасыз ететін іс-шараларды жүзеге асыру болып табылады. 
       Ескерту. 24-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2001.12.06. N 261  Заңымен

       24-1-бап. Республикалық бюджеттің атқарылуы

      1. Республикалық бюджеттің атқарылуын Қазақстан Республикасының Үкіметі қамтамасыз етеді. 
      1-1. Заң актiлерiнде көзделген жағдайларда республикалық бюджетке тауарлық немесе заттай бөлiктегi түсiмдерге және оларды республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттiк мекемелердiң жұмсауына байланысты операциялар республикалық бюджетте ақшалай нысанда көрсетiледi. <*>
      Шикізат секторы ұйымдарынан республикалық бюджетке түскен түсімдердің олардың бекітілген көлемінен асып түсетін бөлігі мен республикалық меншіктегі және кен өндіруші әрі өңдеуші салаларға жататын мемлекеттік мүлікті жекешелендіруден түскен қаражатты Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін тәртіппен бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган республикалық бюджеттен Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына аударады. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына аударылған сома республикалық бюджеттiң атқарылуы туралы есепте көрсетiледi. <*>
      1-2. Республикалық бюджеттің шығыстар бойынша атқарылуы: 
      Қазақстан Республикасы Үкіметінің ағымдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңды іске асыру және республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекіту туралы актілерді қабылдауы; 
      бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) қаржыландыру жоспарларын және республикалық бюджетті қаржыландырудың жиынтық жоспарын жасау мен бекіту; 
      бюджеттiң атқарылуы жөнiндегі уәкiлеттi органның, республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің рұқсаттар беруі; <*>
      мемлекеттік мекемелердің міндеттемелер қабылдауы; 
      республикалық бюджетті қаржыландырудың жиынтық жоспарына және бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) қаржыландыру жоспарларына өзгерістер енгізу; 
      бюджет ақшасының есебінен төлемдер жүргізу; 
      республикалық бюджеттің атқарылуы жөніндегі операциялардың есебі сатыларынан тұрады. 
      2. Қазақстан Республикасының Үкіметі республикалық бюджет тапшылығын қаржыландыру көздерін айқындайды және бюджеттің атқарылуы барысында ағымдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңмен бекітілген бағдарламалар бойынша сомалардың шегінде мемлекеттік мекемелердің құрылым мен функцияларын жетілдіру жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыруға байланысты бағдарламаларды іске асыратын мемлекеттік органдардың тізбесінде өзгерістер енгізуге құқығы бар. 
      3. Бюджеттiң атқарылуы жөнiндегi уәкiлеттi орган белгіленген тәртіппен: <*>
      тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңды іске асыру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің актісіне және бюджетке түсетін ақша түсімдерінің күтіліп отырған көлемін ескере отырып, бюджеттік бағдарламаны (кіші бағдарламаны) қаржыландыру жоспарларына сәйкес республикалық бюджетті қаржыландырудың жиынтық жоспарын бекітеді және оған өзгерістер енгізеді; 
      бюджетке түсетін нақты түсімдерді республикалық бюджет пен облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің арасында, облыстық бюджетпен аудандар (қалалар) бюджеттерінің арасында кірістерді бөлу нормативтері бойынша бөлуді жүргізеді; 
      бюджеттік бағдарламалардың паспорттарына, бюджетке түсетін ақша түсімдерінің күтіліп отырған көлемін ескере отырып, республикалық бюджетті қаржыландырудың жиынтық жоспарына сәйкес бюджеттік бағдарламалардың әкімшілеріне рұқсаттар береді; 
      республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің рұқсатына және бюджеттік бағдарламаның паспортына сәйкес мемлекеттік мекемелердің міндеттемелерін тіркеуді жүзеге асырады; 
      растайтын құжаттар негізінде мемлекеттік мекемелердің қабылдаған міндеттемелері бойынша төлемдерді жүзеге асырады; 
      республикалық бюджеттің атқарылуы бойынша жүргізілген операциялардың, жеке және заңды тұлғалардың мемлекеттік мекемелер алдында қабылдаған міндеттемелерінің, орындалмаған міндеттемелерінің, республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердің кредиторлық берешегінің, үкіметтік борыштың, жеке және заңды тұлғалардың республикалық бюджет алдындағы борыштық міндеттемелерінің және республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер активтерінің есебін жүргізеді; 
      бюджеттік түсетін ақша түсімдерінің күтіліп отырған көлемі алдағы айларда міндеттемелер қабылдау және төлемдер жүргізу үшін жеткіліксіз болған жағдайда, республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілеріне бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) қаржыландыру жоспарларына өзгерістер енгізу қажеттігі туралы ақпарат береді; 
      ағымдағы қаржы жылының ішінде, бюджетке түсетін ақша түсімдерінің күтіліп отырған жылдық көлемі республикалық бюджетті қаржыландырудың жиынтық жоспарының жылдық сомасына сәйкес келмеген жағдайда, республикалық бюджеттің одан әрі атқарылуы жөнінде шешім қабылдау үшін Қазақстан Республикасының Үкіметін хабардар етеді; 
      уақытша бос бюджет ақшасын Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің салымдарына (депозиттеріне) орналастырады; 
      бюджеттік бағдарламалардың паспорттарына сәйкес республикалық бюджеттік бағдарламалардың іске асырылуын бағалауды жүргізеді; 
      егер республикалық бюджеттік бағдарламалардың іске асырылуын бағалау нәтижелері бойынша бюджеттік бағдарламаның паспортына сәйкес келмеу анықталса, республикалық бюджетті нақтылау туралы ұсыныс әзірлейді; 
      бөлінген қаражаттар рұқсаттарда көзделмеген мақсаттарға пайдаланылған жағдайда, бюджет қаражаттарын кері қайтарып алуды жүргізеді; 
      қаржыландыруды: 
      бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) қаржыландыру жоспарлары республикалық бюджетті қаржыландырудың жиынтық жоспарына; 
      жүргізілген төлемдер қабылданған міндеттемелерге сәйкес келмеген жағдайда тоқтата тұрады. 
      4. Республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі белгіленген тәртіппен: 
      бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) қаржыландыру жоспарларын бекітеді және оларға өзгерістер енгізеді; 
      бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) қаржыландыру жоспарларының республикалық бюджетті қаржыландырудың жиынтық жоспарына сәйкестігін қамтамасыз етеді; 
      бюджеттiң атқарылуы жөнiндегi уәкiлеттi органға бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) қаржыландыру жоспарларын табыс етеді; <*>
      бюджеттiң атқарылуы жөнiндегi уәкiлеттi орган берген рұқсаттар шегінде бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) қаржыландыру жоспарларына, бюджеттік бағдарламалардың паспорттарына сәйкес мемлекеттік мекемелерге рұқсаттар береді; <*>
      бюджеттік бағдарламалардың іске асырылу мониторингін және оларды бағалауды жүргізеді; 
      республикалық бюджеттің атқарылуы бойынша жасалған операциялардың есебін жүргізеді. 
      4-1. Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекеме белгіленген тәртіппен: 
      бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) қаржыландыру жоспарын жасайды және республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшісіне оны өзгерту жөнінде ұсыныс енгізуге құқылы; 
      республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің рұқсаттары шегінде бюджеттік бағдарламаның паспортына сәйкес міндеттемелер қабылдайды; 
      бюджеттік бағдарламаның паспортына сәйкес қабылданған міндеттемелер шегінде шығыстарды жүргізеді; 
      республикалық бюджеттің атқарылуы бойынша жасалған операциялардың есебін жүргізеді; 
      бюджеттiң атқарылуы жөнiндегi уәкiлеттi органға және Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетіне республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есепті дайындауға қажетті ақпаратты табыс етеді. <*>
      4-2. Республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері және республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер бекітілген сомалар шегінде және республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарына сәйкес республикалық бюджеттік бағдарламалардың толық орындалуы үшін жауап береді. 
      4-3. Қаржы жылының басындағы бюджет қаражаттарының қалдықтары, бюджет қаражаттарының бос қалдықтары қаржы жылының ішінде негізгі үкіметтік борышты өтеуге және ұйымдастырылған бағалы қағаздар рыногында мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздарды сатып алуға пайдалануы мүмкін. 
      5. Жергілікті бюджеттердің есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелерді егер заң актiлерiнде өзгеше көзделмесе, республикалық бюджеттен ұстауға жол берілмейді. 
      6. Қазақстан Республикасының Yкiметi республикалық бюджеттiң атқарылуы барысында тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңмен бекiтiлген жекелеген республикалық бюджеттiк бағдарламаларды қаржыландырудың арнаулы тәртiбiн белгiлеуге құқылы.
       ЕСКЕРТУ. 24-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 1999.07.26. N 463  Заңымен
       ЕСКЕРТУ. 24-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 2001.01.15. N 140  Заңымен
       ЕСКЕРТУ. 24-бап толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2001.05.03. N 182  Заңымен
       Ескерту. 24-бап өзгерді және 24-1-бап болып есептелді - Қазақстан Республикасының 2001.12.06. N 261  Заңымен .
      ЕСКЕРТУ. 24-1-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 2002.10.31. N 351  Заңымен.
      Ескерту. 24-1-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 2003.06.20. N 441  Заңымен .

       25-бап. Жергілікті бюджеттердің атқарылуы

      1. Жергілікті атқарушы органдар тиісті әкімшілік-аумақтық бөліністер бюджетінің атқарылуын, бюджеттік қаражаттардың тиімді және нысаналы жұмсалуын қамтамасыз етеді. 
      1-1. Заң актiлерiнде көзделген жағдайларда жергiлiктi бюджетке тауарлық немесе заттай бөлiктегi түсiмдерге және оларды жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттiк мекемелердiң жұмсауына байланысты операциялар жергiлiктi бюджетте ақшалай нысанда көрсетiледi. 
      1-2. Жергілікті бюджеттің шығыстар бойынша атқарылуы: 
      жергілікті атқарушы органның ағымдағы қаржы жылына арналған жергілікті бюджетті бекіту туралы және жергілікті бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекіту туралы мәслихаттың шешімін іске асыру жөнінде акт қабылдауы; 
      бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) қаржыландыру жоспарларын және жергілікті бюджетті қаржыландырудың жиынтық жоспарын жасаумен бекіту; 
      жергілікті уәкілетті органдардың, жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің рұқсаттар беруі; 
      мемлекеттік мекемелердің міндеттемелер қабылдауы; 
      жергілікті бюджетті қаржыландырудың жиынтық жоспарына және бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) қаржыландыру жоспарларына өзгерістер енгізу; 
      бюджет ақшасының есебінен төлемдер жүргізу; 
      жергілікті бюджеттің атқарылуы бойынша операциялардың есебі сатыларынан тұрады. 
      1-3. Жергілікті уәкілетті орган белгіленген тәртіппен: 
      мәслихаттың ағымдағы қаржы жылына арналған жергілікті бюджетті бекіту туралы шешімін іске асыру туралы жергілікті атқарушы органның актісіне, бюджетке түсетін ақша түсімдерінің күтіліп отырған көлемін ескере отырып, бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) қаржыландыру жоспарларына сәйкес жергілікті бюджетті қаржыландырудың жиынтық жоспарын бекітеді және оған өзгерістер енгізеді және оны бюджеттiң атқарылуы жөнiндегi уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшелерiне табыс етеді; <*>
      бюджеттік бағдарламалардың паспорттарына, бюджетке түсетін ақша түсімдерінің күтіліп отырған көлемін ескере отырып, жергілікті бюджетті қаржыландырудың жиынтық жоспарына сәйкес жергілікті бюджеттік бағдарламалардың әкімшілеріне рұқсаттар береді; 
      бюджеттiң атқарылуы жөнiндегi уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшелерiнiң ақпаратты негізінде тиісті жергілікті бюджеттің атқарылуы бойынша жасалған операциялардың, жеке және заңды тұлғалардың тиісті жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер алдында қабылдаған міндеттемелерінің, орындалмаған міндеттемелерінің, тиісті жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердің кредиторлық берешегінің, жергілікті атқарушы орган борышының, жеке және заңды тұлғалардың жергілікті бюджет алдындағы борыштық міндеттемелерінің және тиісті жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер активтерінің есебін жүргізеді; <*>
      бюджетке түсетін ақша түсімдерінің күтіліп отырған көлемі алдағы айларда міндеттемелер қабылдау және төлемдер жүргізу үшін жеткіліксіз болған жағдайда, жергілікті бюджеттік бағдарламалардың әкімшілеріне бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) қаржыландыру жоспарларына өзгерістер енгізу туралы ақпарат береді; 
      ағымдағы қаржы жылының ішінде, бюджетке түсетін ақша түсімдерінің күтіліп отырған жылдық көлемі жергілікті бюджетті қаржыландырудың жиынтық жоспарының жылдық сомасына сәйкес келмеген жағдайда, жергілікті бюджеттің одан әрі атқарылуы жөнінде шешім қабылдау үшін тиісті әкімшілік-аумақтық бөліністің жергілікті атқарушы органына хабарлайды; 
      бюджеттік бағдарламалардың паспорттарына сәйкес жергілікті бюджеттік бағдарламалардың іске асырылуын бағалауды жүргізеді; 
      егер жергілікті бюджеттік бағдарламаның іске асырылуын бағалау нәтижелері бойынша бекітілген бюджеттік бағдарламаның паспортына сәйкес келмеуі анықталса, жергілікті бюджетті нақтылау туралы ұсыныс әзірлейді; 
      бөлінген қаражат рұқсаттарға көзделмеген мақсаттарға пайдаланылған жағдайда, бюджет қаражаттарын кері қайтарып алуды жүргізеді. 
      1-4. Бюджеттiң атқарылуы жөнiндегi уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшелерi белгіленген тәртіппен: <*>
      жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің рұқсатына және бюджеттік бағдарламаның паспортына сәйкес мемлекеттік мекемелердің міндеттемелерін тіркеуді жүзеге асырады; 
      растайтын құжаттар негізінде мемлекеттік мекемелердің қабылданған міндеттемелері бойынша төлемдерді жүзеге асырады; 
      мемлекеттік мекемелердің тиісті шоттары және бірыңғай қазынашылық шот бойынша жүргізілген операциялар туралы ақпарат береді; 
      төлемдерді: 
      бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) қаржыландыру жоспарлары жергілікті бюджетті қаржыландырудың жиынтық жоспарына; 
      жүргізілетін төлемдер қабылданған міндеттемелерге сәйкес келмеген жағдайда тоқтата тұрады. 
      1-5. Жергілікті бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі белгіленген тәртіппен: 
      бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) қаржыландыру жоспарларын бекітеді және оларға өзгерістер енгізеді; 
      бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) қаржыландыру жоспарларының жергілікті бюджетті қаржыландырудың жиынтық жоспарына сәйкес келуін қамтамасыз етеді; 
      Бюджеттiң атқарылуы жөнiндегi уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшелерiне бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) қаржыландыру жоспарларын табыс етеді; <*>
      мемлекеттік мекемелерге жергілікті уәкілетті орган берген рұқсаттар шегінде олардың бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) қаржыландыру жоспарларына, бюджеттік бағдарламалардың паспорттарына сәйкес рұқсаттар береді; 
      жергілікті бюджеттің атқарылуы бойынша жасалған операциялардың есебін жүргізеді; 
      бюджеттік бағдарламалардың іске асырылу мониторингін және оларды бағалауды жүргізеді. 
      1-6. Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекеме белгіленген тәртіппен: 
      бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) қаржыландыру жоспарын жасайды және жергілікті бюджеттік бағдарламалардың әкімшісіне оны өзгерту жөнінде ұсыныс жасауға құқылы; 
      жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің рұқсаттары шегінде бюджеттік бағдарламаның паспортына сәйкес міндеттемелер қабылдайды; 
      бюджеттік бағдарламаның паспортына сәйкес қабылданған міндеттемелер шегінде шығыстарды жүргізеді; 
      жергілікті бюджеттің атқарылуы бойынша жасалған операциялардың есебін жүргізеді; 
      жергілікті уәкілетті органға жергілікті бюджеттің атқарылуы туралы есеп дайындауға қажетті ақпаратты табыс етеді. 
      1-7. Жергілікті бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері және жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер бекітілген сома шегінде және жергілікті бюджеттік бағдарламалардың паспорттарына сәйкес жергілікті бюджеттік бағдарламалардың толық орындалуына жауап береді. 
      2. Жергiлiктi бюджеттерге шикiзат секторы ұйымдарынан түсетiн түсiмдердiң олардың бекiтiлген тоқсандық көлемдерiнен асатын бөлiгiн және мемлекеттiң ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерiн жеке меншiкке сатуынан түсетiн қаражатты бюджеттi атқару жөнiндегi уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасының Yкiметi айқындайтын тәртiппен тиiстi жергiлiктi бюджеттен Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына аударады. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына аударылған сома тиiстi жергiлiктi бюджеттiң атқарылуы туралы есепте көрсетiледi. <*>
      2-1. 
      3. Егер бюджеттi атқару барысында жергiлiктi атқарушы органдар төмен тұрған бюджеттердiң шығысын көбейтетiн не кiрiсiн азайтатын нормативтiк құқықтық актiлер қабылдаса, бұл бюджеттерге қаражат жоғары тұрған бюджеттерден өтеледi. 
      Қазақстан Республикасының Үкiметi мен орталық атқарушы органдарының облыстар, Астана және Алматы қалалары бюджеттерiнiң шығыстарын көбейтетiн нормативтiк құқықтық актiлерi келесi қаржы жылынан ерте күшiне енбейтiндей болып белгiлене отырып қабылданады. 
      3-1. Бюджеттiң атқарылуы жөнiндегi уәкiлеттi органға жергiлiктi атқарушы органдар үшiн кез келген нысанда өзiне мiндеттемелер қабылдауға тыйым салынады. <*>
      Жергiлiктi атқарушы органдарға үшiншi бiр тұлғалар үшiн кез-келген нысанда өзiне мiндеттемелер қабылдауға тыйым салынады. 
      4. Егер заң актiлерiнде өзгеше көзделмесе, республикалық бюджеттiң есебiнен ұсталатын мемлекеттiк мекемелердi жергiлiктi бюджеттерден ұстауға жол берiлмейдi. 
      Мемлекеттiк мекеменi жергiлiктi бюджеттердiң әртүрлi деңгейлерiнен ұстауға жол берiлмейдi. 
      5. Бюджет қаражаттарының қалдықтары, бюджет қаражаттарының бос қалдықтары жоғары тұрған бюджетке алып қойылмауға тиіс. 
      Қаржы жылының басындағы бюджет қаражаттарының қалдықтары, бюджет қаражаттарының бос қалдықтары қаржы жылының ішінде жергілікті атқарушы органдардың негізгі борышын өтеуге пайдаланылуы мүмкін. 
      Ағымдағы қаржы жылында жергілікті атқарушы органдардың борышын өтеу жөніндегі міндеттемелер болмаған жағдайда, бюджет қаражаттарының қалдықтары мәслихаттың жергілікті бюджетті нақтылау туралы шешімі негізінде жергілікті бюджеттік бағдарламаларды қаржыландыруға бағытталуы мүмкін. 
      6. Мәслихаттың әкімшілік-аумақтық бөліністерді басқару схемасын өзгерту туралы шешімі қабылданған жағдайда, жергілікті атқарушы органның бюджеттің атқарылуы барысында мәслихаттың ағымдағы қаржы жылына арналған жергілікті бюджетті бекіту туралы шешімімен бекітілген бюджеттік бағдарламалар бойынша сомалар шегінде жергілікті бюджеттік бағдарламаларды іске асыратын мемлекеттік органдардың тізбесіне өзгерістер енгізуге құқығы бар. 
       ЕСКЕРТУ. 25-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 1999.07.26. N 463  Заңымен
       ЕСКЕРТУ. 25-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 2001.01.15. N 140  Заңымен
       ЕСКЕРТУ. 25-бап толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2001.05.03. N 182  Заңымен
       Ескерту. 25-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 2001.12.06. N 261  Заңымен
      ЕСКЕРТУ. 25-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 2002.10.31. N 351  Заңымен.
      Ескерту. 25-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2003.12.29. N 512  Заңымен .

       26-бап. Бюджет шығыстарын өзгерту тәртібі

      Бюджет тапшылығының белгіленген деңгейінен асып кеткен не оны атқару барысында кірісті көздерден алынатын түсімдер төмендеп кеткен жағдайда, бюджет шығыстарын, бірақ бекітілген соманың 10 процентінен аспайтын, қысқарту туралы шешімді Қазақстан Республикасының Үкіметі мен жергілікті атқарушы органдар қабылдайды, ал 10 проценттен жоғарысы республикалық бюджет туралы заңға және мәслихаттардың тиісті шешімдеріне өзгерістер енгізу жолымен қабылданады. 
      Секвестрлеуге жатпайтын бағдарламалардың тізбесін Қазақстан Республикасының Парламенті мен жергілікті өкілетті органдар тиісті қаржы жылына арналған бюджет туралы заңда және шешімдерде анықтайды. 
       ЕСКЕРТУ. 26-баптың 1 бөлігі жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 1999.11.29. N 487  Заңымен
       Ескерту. 26-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 2001.12.06. N 261  Заңымен

       27-бап. Төтенше мемлекеттік бюджет

      Қазақстан Республикасының аумағында Қазақстан Республикасы Президентінің шешімімен, қажет болған жағдайда, Қазақстан Республикасының мемлекеттің барлық қаржы ресурстарын қамтитын төтенше бюджеті енгізілуі мүмкін. Төтенше бюджет қолданылған уақытта республикалық бюджет туралы заңның және барлық деңгейдегі бюджеттер туралы шешімдердің күші тоқтатылады. 
      Төтенше бюджеттің қабылданғаны туралы Қазақстан Республикасының Парламенті дереу хабардар етіледі. 
      Қазақстан Республикасы Президентінің шешімі бойынша Қазақстан Республикасында төтенше жағдайдың енгізілуі немесе ғаламдық таралу сипаты бар, табиғи және техногендік тұрғыдағы төтенше оқиғалардың нәтижесінде экономикаға келтірілген елеулі экономикалық және қаржылық зиян төтенше бюджеттік енгізуге негіз болып табылады. 

       28-бап. Қаржылық рәсімдер және бюджеттердің
             атқарылуын есепке алу

      1. Мемлекеттік бюджет есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелер үшін бюджеттің атқарылуы және есеп беру (мерзімдік және жылдық) жөніндегі қаржылық рәсімдердің ережелерін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді. 
      2. Қаржы жылы ішінде бюджет қаражатын бөлу, мемлекеттік мекемелердің бюджеттік шоттарын ашу және жабу тәртібін бюджеттiң атқарылуы жөнiндегi уәкiлеттi орган белгілейді. <*>
      2-1. Мемлекеттiк мекемелердiң тек қана бюджеттiк шоттары, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде көзделген жағдайларда басқа да шоттары болуы мүмкiн.
      Мемлекеттiк мекемелер, егер заң актiлерiнде өзгеше көзделмесе, бюджеттiң атқарылуы жөнiндегi уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшелерiнде ғана шот ашады. <*>
      3. Есепті кезең ішінде есептік қаржы жылының бюджетін атқару шегіндегі операциялар аяқталады.
       ЕСКЕРТУ. 28-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 1999.07.26. N 463  Заңымен
       ЕСКЕРТУ. 28-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 2001.01.15. N 140  Заңымен
      ЕСКЕРТУ. 28-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 2002.10.31. N 351  Заңымен.

       29-бап. Бюджеттiң атқарылуы туралы есеп беру

      1. Қазақстан Республикасының Yкiметi есептi жылдан кейiнгi жылдың 15 мамырынан кешiктiрмей түсiндiрме жазбамен және қосымшалармен бiрге берiлген есептi қаржы жылына арналған республикалық бюджеттiң атқарылуы туралы жылдық есептi Қазақстан Республикасының Парламентi мен Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөнiндегi есеп комитетiне табыс етедi. Есептi қаржы жылына арналған Республикалық бюджеттiң атқарылуы туралы жылдық есеп республикалық бюджеттiң есептi жылға арналып бекiтiлген құрылымы бойынша Қазақстан Республикасының Парламентіне Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын қалыптастыру және пайдалану жөніндегі қызмет туралы және мемлекеттік мекемелердің гранттарды алуы мен жұмсауы туралы ақпаратты енгізе отырып табыс етiледi. 
      Бюджеттiң атқарылуы жөнiндегi уәкiлеттi органның Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөнiндегi есеп комитетiне есептi айдан кейiнгi айдың 1-күнгi жағдайы бойынша республикалық бюджеттiң кiшi бағдарламалар деңгейiнде атқарылуы туралы айлық есептi табыс етедi. <*>
      2. Жергiлiктi атқарушы органдар есептi жылдан кейiнгi жылдың 15 мамырынан кешiктiрмей жергілiктi өкiлдi органдарға түсiндiрме жазбамен және қосымшалармен бiрге есептi қаржы жылына арналған тиiстi жергiлiктi бюджеттiң атқарылуы туралы жылдық есеп табыс етедi. Есептi қаржы жылына арналған жергілiктi бюджеттiң атқарылуы туралы жылдық есеп жергiлiктi бюджеттiң есептi жылға арналып бекiтiлген құрылымы бойынша табыс етiледi. 
      Аудандар мен қалалардың жергiлiктi атқарушы органдары облыстың жергiлiктi атқарушы органына есептi айдан кейiнгi айдың 1-күнгi жағдайы бойынша тиiстi бюджеттiң атқарылуы туралы айлық есептi табыс етедi. 
      Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергiлiктi атқарушы органдары бюджеттiң атқарылуы жөнiндегi уәкiлеттi орган есептi айдан кейiнгi айдың 1-күнгi жағдайы бойынша облыстың, Астана және Алматы қалалары бюджетiнiң атқарылуы туралы айлық есептi табыс етедi. <*>
      Жергілікті бюджеттердің (облыстар, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің, облыстық бюджеттердің, қалалар, аудандар бюджеттерінің) атқарылуы туралы айлық және жылдық есептер тиісті жергілікті бюджеттерге шикізат секторының ұйымдарынан түсетін түсімдердің бөлігін Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына аудару көлемдері туралы және мемлекеттік мекемелердің гранттарды алуымен жұмсауы туралы ақпаратты қамтиды. 
      3. Бюджеттiң атқарылуы жөнiндегi уәкiлеттi органның есептi айдан кейiнгi айдың 1-күнгi жағдайы бойынша мемлекеттiк, республикалық бюджеттердің және облыстар, Астана және Алматы қалалары бюджеттерiнiң атқарылуы туралы айлық есептi Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Парламентiне табыс етедi. <*>
      3-1. Бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері бюджеттiң атқарылуы жөнiндегi уәкiлеттi орган немесе тиісті жергілікті уәкілетті органға мынадай есептерді: <*>
      1) ай сайын:
      мемлекеттік мекемелердің гранттарды алуы мен жұмсауы туралы;
      Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі белгілейтін басқа да есептерді;
      2) тоқсан сайын:
      бюджеттік бағдарламалардың паспорттарына сәйкес бюджеттік бағдарламаларды іске асырудың барысы туралы;
      3) жыл сайын, есепті жылдан кейінгі жылдың 1 сәуірінен кешіктірмей:
      бюджеттік бағдарламалардың паспорттарына сәйкес бюджеттік бағдарламаларды іске асыру туралы;
      мемлекеттік мекемелердің гранттарды алуы мен жұмсауы туралы;
      Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі белгілеген басқа да есептерді табыс етеді. 
      3-2. Бюджеттiң атқарылуы жөнiндегi уәкiлеттi органның немесе жергілікті уәкілетті орган белгілеген тәртіппен бюджеттік бағдарламаларды іске асыру нәтижелері туралы ақпаратты тиісті бюджеттік комиссияға табыс етеді. <*>
      4. Жергiлiктi атқарушы органдар, мемлекеттiк мекемелер бюджеттiң атқарылуы жөнiндегi және бюджеттiң атқарылуы жөнiндегi уәкiлеттi органның бюджеттiң атқарылуы туралы есептi жасауы жөнiндегi нормативтiк құқықтық актілерін басшылыққа алуға мiндеттi. <*>
      5. Қазақстан Республикасының Yкiметi, жергiлiктi атқарушы органдар тиiстi бюджеттердiң атқарылуы туралы бұқаралық ақпарат құралдарында тоқсан сайынғы есептердi жариялап отырады.
       ЕСКЕРТУ. 29-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 1999.07.26. N 463  Заңымен
       ЕСКЕРТУ. 29-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2001.01.15. N 140  Заңымен
       ЕСКЕРТУ. 29-бап толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2001.05.03. N 182  Заңымен
       Ескерту. 29-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 2001.12.06. N 261  Заңымен
      ЕСКЕРТУ. 29-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 2002.10.31. N 351  Заңымен.

  6-тарау. Бюджеттердің атқарылуын бақылау

       30-бап. Бюджеттердің атқарылуын бақылау

      1. Республикалық бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) қаржыландыру жоспарларының дұрыс жасалуын және бекітілуін, сондай-ақ бюджет қаражатының рұқсаттарға сәйкес пайдаланылуын бақылауды бюджеттiң атқарылуы жөнiндегi уәкiлеттi орган мен оның аумақтық бөлімшелері жүзеге асырады. <*> 
      2. Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылауды Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті жүзеге асырады. 
      2-1. Жергілікті бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) қаржыландыру жоспарларының дұрыс жасалуы мен бекітілуін, сондай-ақ бюджет қаражатының рұқсаттарға сәйкес пайдаланылуын бақылауды жергілікті атқарушы органдар, бюджеттiң атқарылуы жөнiндегi уәкiлеттi орган мен оның аумақтық бөлiмшелерi жүзеге асырады. <*>
      3. Жергілікті бюджеттердің әзірлену мен атқарылуын бақылауды тиісті деңгейдегі өкілді органдардың тексеру комиссиялары, сондай-ақ бюджеттiң атқарылуы жөнiндегi уәкiлеттi орган және оның аумақтық органдары тиісті жергілікті атқарушы және өкілді органдарға міндеттерді түрде хабарлай отырып жүзеге асырады. <*>
      3-1. Республикалық және жергілікті бюджеттер қаражатының пайдаланылуына ревизия және тексеру жүргізудің тәртібі мен мерзімділігін бюджеттiң атқарылуы жөнiндегi уәкiлеттi орган, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес жергілікті өкілді органдар белгілейді. <*>
       ЕСКЕРТУ. 30-бап өзгерді және толықтырылды - Қазақстан Республикасының 1999.07.26. N 463  Заңымен
       ЕСКЕРТУ. 30-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 2001.01.15. N 140  Заңымен
       Ескерту. 30-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 2001.12.06. N 261  Заңымен
      ЕСКЕРТУ. 30-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 2002.10.31. N 351  Заңымен.

  7-тарау. Бюджет заңының бұзылғаны үшін жауапкершілік

       31-бап. Бюджет заңының бұзылғаны үшін жауапкершілік

      Бюджет заңдарын бұзу Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгіленген жауаптылыққа апарып соқтырады.     

       32-бап.  Осы Заң жарияланған күнінен бастап күшіне енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Президенті 

       

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады