1. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Экономикалық ақпарат орталығы (бұдан әрi - Орталық) құрылсын.
2. Қоса берiлiп отырған:
Орталық туралы ереже;
Орталыққа мiндетті түрде ұсынылатын материалдардың тiзбесi бекітілсін.
3. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Кеңсесi, Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келiсiм министрлігі, Экономика министрлiгі, Мемлекеттiк кiрiс министрлiгi, Қаржы министрлiгі, Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi, Энергетика, индустрия және сауда министрлiгi, Ауыл шаруашылығы министрлiгi, Көлiк және коммуникациялар министрлігі, Қазақстан Республикасының Инвестициялар жөнiндегі агенттiгi, Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестiктi қорғау және шағын бизнестi қолдау жөнiндегi агенттiгi, Қазақстан Республикасының Статистика жөнiндегі агенттiгі, Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау жөнiндегі агенттiгі (келісім бойынша), Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi (келiсiм бойынша) Орталықта жұмыс iстеу үшiн бiр-бiр жауапты қызметкерден бөлсiн. <*>
ЕСКЕРТУ. 3-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2001.10.28. N 1369
қаулысымен. P011369_
4. Қазақстан Республикасының орталық және жергiлiктi атқарушы органдары өзге де мемлекеттiк органдар (келiсiм бойынша) орталыққа тиiстi ақпаратты уақытылы берудi қамтамасыз етсiн.
5. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келiсiм министрлiгiне Орталықтың жарақтандырылуы үшiн қажетті техникалық жабдықтарды сатып алуға көмек көрсетсiн.
6. Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келiсiм
министрлiгiне Орталықты орналастыру үшiн қажеттi үй-жай бөлiнсiн. 7. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi белгiленген тәртiппен Орталықты көп арналы телефонды және электронды байланыспен, "Интернетке" қол жеткiзуiмен қамтамасыз етсiн. 8. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енедi. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2000 жылғы 16 мамырдағы N 729 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Экономикалық ақпарат Орталығы туралы ЕРЕЖЕ 1. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң Экономикалық ақпарат Орталығы (бұдан әрi - Орталық) Қазақстан Республикасының және шет мемлекеттердің, Қазақстанның шет елдердегi елшiлiктерiнiң және өкілдiктерiнiң бұқаралық ақпарат құралдарын жедел ақпараттық-талдаулық қамтамасыз ету қызметi болып табылады.
2. Орталықтың жұмысына жалпы басшылықты Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келiсiм министрi жүзеге асырады.
3. Орталық мынадай орталық атқарушы және өзге де мемлекеттiк органдардан: Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Кеңсесiнен, Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келiсiм министрлiгiнен, Экономика министрлiгінен, Мемлекеттiк кiрiс министрлiгiнен, Қаржы министрлiгiнен, Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнен, Энергетика, индустрия және сауда министрлiгiнен, Ауыл шаруашылығы министрлiгiнен, Көлiк және коммуникациялар министрлiгінен, Қазақстан Республикасының Инвестициялар жөнiндегі агенттiгiнен, Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестiктi қорғау және шағын бизнестi қолдау жөнiндегі агенттiгiнен, Қазақстан Республикасының Статистика жөніндегi агенттiгiнен, Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау жөнiндегi агенттiгiнен (келiсiм бойынша), Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiнен (келiсiм бойынша) бөлiнген жауапты қызметкерлерден тұрады. <*>
ЕСКЕРТУ. 3-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2001.10.28. N 1369
қаулысымен. P011369_
4. Орталықтың жетекшiсiн Қазақстан Республикасының Үкiметiмен Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келiсiм министрi келiсiм бойынша тағайындайды.
ІІ. Орталықтың негiзгі мiндеттерi мен функциялары
5. Орталықтың негiзгi мiндеттерi:
1) отандық және шетелдiк бұқаралық ақпарат құралдарына әлеуметтiк-экономикалық жағдай, елiмiзде жүзеге асырылып жатқан экономикалық реформалардың оң тәжiрибелерi туралы сапалы талдау және жедел ақпараттар беру;
2) Қазақстан Республикасының орталық және жергілiктi атқарушы органдары, өзге де мемлекеттiк органдары, Қазақстанның шетелдердегi елшiлiктерi мен өкiлдiктерi баспасөз-қызметтерiнiң, мемлекеттік органдардың және тұтастай алғанда елiмiздiң оң бейнесiн қалыптастыру жөнiндегi жұмысын ақпараттық-талдаулық және әдiстемелiк қолдау;
3) Қазақстан веб-сайттарының "Интернетте" жұмыс iстеуiн ақпараттық қамтамасыз етуге жәрдемдесу болып табылады.
6. Орталыққа негізгi мiндеттерге сәйкес мынадай функциялар:
1) Қазақстан Республикасының орталық және жергiлiктi атқарушы органдарынан, өзге де мемлекеттiк органдарынан (келiсiм бойынша), сондай-ақ ашық көздерден (ақпараттық агенттiктер, теледидар, баспасөздiк ақпарат құралдары, "Интернет" кең ауқымды жүйесi және т.б.) келiп түсетiн Қазақстанның экономикасы мен әлеуметтiк саласындағы мейлiнше маңызды оқиғалар мен өзгерiстер туралы ақпараттарды жинау, өңдеу және қорыту;
2) бейне ақпараттарды шығару үшiн қажеттi iрiктеу, жазу және редакциялау, графикалық материалдар мен мәтiндердi сканерлеу, Орталықтың ақпараттық-талдау материалдарына пайдалану үшiн келiп түсетiн деректердi визуалдандыру;
3) ашық көздерден жиналатын және Қазақстан Республикасының орталық және жергiлiкті атқарушы органдарынан, өзге де мемлекеттiк органдарынан келiп түсетiн ақпараттарды жүйелеу және оны орталықтың деректер базасында сақтау, бұқаралық ақпарат құралдарына және жоғарыда аталған басқа да деректердiң жұмыс iстеп тұрған базаларынан алушыларға материалдар беру жүктеледi.
III. Орталықтың жұмыс iстеу тәртiбi
7. Орталықтың күнделiктi тобының мiндеттерiне:
1) Қазақстан Республикасының орталық және жергiлiктi атқарушы органдарымен, өзге де мемлекеттiк органдарымен (келiсiм бойынша) жедел байланысты жүзеге асыру;
2) Қазақстан Республикасының орталық және жергiлiктi атқарушы органдарынан, өзге де мемлекеттiк органдарынан (келiсiм бойынша), сондай-ақ ашық көздерден алынатын ақпараттарды жинау, рангілерге бөлу тексеру және талдау;
3) Орталықтың тұрақты ақпараттық-талдау материалдарын әзiрлеу және шығару;
4) ақпараттық-талдау материалдарын ақпараттық агенттiктер, бұқаралық ақпарат құралдары, "Интернет" веб-сайттары, сондай-ақ Қазақстан Республикасының шетелдердегi елшiлiктерi мен өкiлдiктерi арқылы уақытылы тарату кiредi.
8. Орталықтың iшкi жұмыс тәртiбiн, ақпараттық-талдау материалдарының форматы мен әзiрлеу мерзiмiн, Орталықтағы кезекшiліктiң кестесiн Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келiсiм министрi белгiлейдi.
IV. Орталықтың қызметiн қамтамасыз ету
9. Орталықтың қызметiн ұйымдастыруды және материалдық-техникалық қамтамасыз етудi Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келiсiм министрлiгi жүзеге асырады.
10. Орталықтың қызметін ақпараттық қамтамасыз етудi Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдары, өзге де (келiсiм бойынша) мемлекеттiк органдар жүзеге асырады.
11. Орталықтың жұмысын қамтамасыз ететiн Қазақстан Республикасының
орталық және жергiлiктi атқарушы органдарының, өзге де мемлекеттiк органдарының (келiсiм бойынша) бiрiншi басшылары берiлетiн ақпараттардың уақытылы болуына және дұрыстығына жауапкершiлiкте болады, Орталыққа iшкi арналар бойынша келiп түсетiн ақпаратты тұрақты режимде беретiн уәкілеттi адамды тағайындайды. 12. Қазақстан Республикасының орталық және жергiлiктi атқарушы органдарынан, өзге де мемлекеттiк органдарынан (келiсім бойынша) ақпараттарға қойылатын талаптарды Орталық белгiлейдi. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 16 мамырдағы N 729 қаулысымен бекiтiлдi Экономикалық ақпарат Орталығына мiндеттi түрде ұсынылатын материалдардың ТIЗБЕСI <*> ЕСКЕРТУ. Тізбе өзгерді - ҚР Үкіметінің 2001.10.28. N 1369 қаулысымен. P011369_ Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi (келiсiм бойынша) Материалдардың тақырыбы: ақша-несие саясаты; валюталық реттеу; экономиканы несиелендiру мәселелерi; елдiң төлем теңгерiмiнiң жай-күйi; елдегі банк жүйесiн дамыту;капитал рыногын дамытудың проблемалары мен перспективалары; экономиканы қаржыландыруда қаржы құралдары тиiмділігінің проблемалары; аймақтарда қаржы құралдарын пайдалануды тарату.
Қазақстан Республикасының Стратегиялық
жоспарлау жөніндегі агенттігі
(келiсiм бойынша)
Материалдардың тақырыбы: "Қазақстан-2030" ұзақ мерзiмді стратегиялық призмасы арқылы Қазақстанның экономикалық саясатының барлық аспектiлерiн жариялау; Қазақстан Республикасының Мемлекет және Үкiмет басшыларының барлық стратегиялық маңызды бастамалары бойынша түсiнiктемелер; арнайы мәселелердi жариялау - мемлекеттiк өкiметтiң орталыққа тәуелділiгiн жою, мемлекеттiк жоспарлау жүйесiн дамыту және жетiлдiру және т.б.
Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгi
Материалдардың тақырыбы: макроэкономикалық саясат мәселелерi; Үкiметтiң Iс-қимыл бағдарламасы және оны iске асыру; мемлекеттік инвестициялар бағдарламасы; елдегі жағдайға ағымдағы талдау. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Материалдардың тақырыбы: жекешелендiру мәселелерiн жариялау; мемлекеттiк мүлiк және мемлекеттiк активтердi басқару мәселелерiн жариялау; республикалық бюджет және оның орындалуы, шығыс бөлiгi; мемлекеттiк қаржының жай-күйi; қаржылық бақылау; мемлекеттiк борыштың жай-күйi. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кiрiс министрлігі Материалдардың тақырыбы: фискальдық саясат; салықтық реттеу мәселелерi; кеден саясаты; салық мәдениетiн көтеру; салық полициясы және оның рөлi. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгі Материалдардың тақырыбы: транзиттiк әлеует және оны дамыту; авиация, темiржол, көлiк және су көлiгі, көлiк-жолы салаларының проблемалары және оларды шешудiң мүмкіндіктерi; телекоммуникациялық қызмет көрсетулердi, жүйелер мен технологияларды дамыту. Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлігі Материалдардың тақырыбы: индустрияландыру саясатының мәселелерi және өнеркәсiптiк әлеуеттi дамыту; ғылыми, технологиялық және инновациялық даму; елдiң отын-энергетикалық кешенiн дамыту; әлемдiк тауар рыноктарындағы мәселелердi жариялау; демпингке қарсы саясаттың мәселелерi және заңнамасы. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Материалдардың тақырыбы: фермерлiк шаруашылықты дамыту; агроөнеркәсiптiк әлеуеттiң өсуi; селолық аймақтарда халықты жұмыспен қамту. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгі Материалдардың тақырыбы: зейнетақы реформасының экономикалық аспектілерi; зейнетақы реформасының проблемалары мен перспективалары; жұмыс орындарын құрудың мониторингі. Қазақстан Республикасының Инвестициялар жөнiндегі агенттiгі Материалдардың тақырыбы: инвестициялық саясат; инвестициялық заемдарға қызмет көрсету; инвестицияларды пайдаланудың ашықтығы мен тиiмдiлiгiнiң мәселелерi. Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестiктi қорғау және шағын бизнестi қолдау жөнiндегі агенттiгі Материалдардың тақырыбы: табиғи монополистердiң қызметiн жариялау; табиғи монополистердiң қызметiн реттеу саясаты; бәсекелестiктi дамыту; шағын бизнестi дамытуды шешу мәселелерi мен проблемалары. Қазақстан Республикасының Статистика жөнiндегі агенттiгі Материалдардың тақырыбы: әлеуметтiк сала мен экономиканы дамытудың көрсеткiштерi; республика және аймақтар бойынша әлеуметтік-демографиялық дамудың көрсеткiштерi. Оқығандар: Қобдалиева Н.М. Орынбекова Д.К.