Қазақстан-британ сауда-өнеркәсiптiк кеңесiнiң (бұдан әрi - Кеңес) алтыншы отырысына дайындалу және өткiзу мақсатында Қазақстан Республикасының Yкіметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi Кеңестiң
отырысына дайындалу жөнiндегi протоколдық-ұйымдастырушылық iс-шараларын
орындауды қамтамасыз етсiн.
2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Қазақстан
Республикасының Сыртқы iстер министрлiгiне Кеңестiң алтыншы отырысын
өткiзуге 2000 жылға арналған республикалық бюджетте "Өкiлдiк шығыстар"
бағдарламасы бойынша көзделген қаражаттың есебiнен, сметаға сәйкес
(қосымша) қаражат бөлсiн.
3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң
2000 жылдың 18 мамырдағы
N 742 қаулысына
қосымша
Қазақстан-британ сауда-өнеркәсiптiк кеңесiнің (ҚБСӨК) алтыншы
отырысын өткiзуге арналған шығыстардың сметасы
(Астана қаласы, 2000 жылдың 23 мамыры)
---------------------------------------------------------------------------
N ! Іс-шараның атауы ! Сомасы (теңгемен)
р/с! !
---------------------------------------------------------------------------
1. "Окан-Интерконтиненталь-Астана" қонақ үйiнiң 129.600
конференц-залын жалдау
("Стамбул" залы - 400 АҚШ долл.,
"Мәскеу" залы - 250 АҚШ долл.,
"Лондон" залы - 250 АҚШ долл. есебiмен)
2. Буфеттiк қызмет көрсету 66.240
Бiр адамға 5 АҚШ долларына 2 кофе-брейк
есебiмен (46 адам)
3. ҚБСӨК-тiң тең төрағасы - Қазақстан 299.000
Республикасының Премьер-Министрi
Кеңсесiнiң Басшысы Қ.Б. Саудабаевтың
атынан ҚБСӨК-тiң тең төрағасы - "Бритиш Газ
Интернешнл" компаниясының вице-президентi
Ч. Бландтың құрметiне ресми түстiк ас
1 адамға 6500 теңге есебiмен (46 адам)
4. Ескерткiш сыйлықтар 48.000
Жиыны 542.840
---------------------------------------------------------------------------
Оқығандар:
Қобдалиева Н.М.
Орынбекова Д.К.