Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк мұражайының және "Ордабасы" ұлттық тарихи-мәдени қорығының қызметiн ұйымдастырушылық және қаржылық қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. "Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарына ведомстволық бағыныстағы мемлекеттiк мекемелер штат санының лимиттерiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2000 жылғы 12 ақпандағы N 229
қаулысына
мынадай өзгерiс пен толықтыру енгiзiлсiн:
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген республикалық бюджет қаражаты есебiнен қаржыландырылатын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарына ведомстволық бағыныстағы мемлекеттiк мекемелердiң штат саны лимиттерiнде:
6 "Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келiсiм министрлiгi" деген бөлiмде:
1) мынадай мазмұндағы: "Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мұражайы 350" деген жолмен толықтырылсын;
2) "Ордабасы" ұлттық тарихи-мәдени қорығы 40" деген жол алынып тасталсын.