Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2000 жылғы 12 ақпандағы N 229 қаулысына өзгерiс пен толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2000 жылғы 19 мамыр N 753. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2004.06.01. N 604 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк мұражайының және "Ордабасы" ұлттық тарихи-мәдени қорығының қызметiн ұйымдастырушылық және қаржылық қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. "Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарына ведомстволық бағыныстағы мемлекеттiк мекемелер штат санының лимиттерiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2000 жылғы 12 ақпандағы N 229  қаулысына  мынадай өзгерiс пен толықтыру енгiзiлсiн:
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген республикалық бюджет қаражаты есебiнен қаржыландырылатын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарына ведомстволық бағыныстағы мемлекеттiк мекемелердiң штат саны лимиттерiнде:
      6 "Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келiсiм министрлiгi" деген бөлiмде:
      1) мынадай мазмұндағы: "Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мұражайы 350" деген жолмен толықтырылсын;
      2) "Ордабасы" ұлттық тарихи-мәдени қорығы 40" деген жол алынып тасталсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады