Жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия құру туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 2000 жылғы 22 мамыр N 771. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2005 жылғы 9 ақпандағы N 124 қаулысымен

      "Халықтың жұмыспен қамтылуы туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 30 желтоқсандағы Заңын іске асыру мақсатында және "Халықты жұмыспен қамтудың бірінші кезекті шаралары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 28 ақпандағы N 312  қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 
      1. Қосымшаға сәйкес құрамда Жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия құрылсын.
      2. Қоса беріліп отырған Жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі  ведомствоаралық комиссия туралы ереже бекітілсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне жүктелсін.
      4. Осы қаулы жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы Үкіметінің   
2000 жылғы 22 мамырдағы       
N 771 қаулысымен         
бекітілген         

Жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі ведомствоаралық
комиссия туралы
Ереже 1. Жалпы ережелер

      Жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия (бұдан әрі - Комиссия) "Халықтың жұмыспен қамтылуы туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 28 ақпандағы N 312 қаулысына сәйкес құрылды. 
      Комиссия Қазақстан Республикасы Үкіметі жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады. Комиссия қызметінің басты мақсаты экономикалық және әлеуметтік проблемаларды шешуге тепе-теңдестірілген тәсілдерді қамтамасыз ету жөніндегі ұсыныстарды әзірлеуден, еңбек рыногының икемділігін арттырудың есебінен, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998-2000 жылдарға арналған іс-қимыл жоспарында көзделген азаматтарды жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және жұмыссыздықтан қорғау стратегиясын іске асырудан, жұмыс күшінің босауының, оның ішінде кәсіпорындардың банкротқа ұшырауына байланысты, болмай қоймайтын жеделдеуінің әлеуметтік салдарын бәсеңдетуден, жұмыссыз азаматтарды тезірек еңбекке орналастыру үшін жағдай жасаудан, жұмысын жоғалтқан адамдарды тиімді мақсатты қолдауды қамтамасыз етуден тұрады. 
      Комиссия өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, "Халықтың жұмыспен қамтылуы туралы" Қазақстан Республикасының Заңын, өзге де нормативтік-құқықтық кесімдерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады. 

2. Ведомствоаралық комиссияның міндеттері 

      Комиссияның негізгі міндеттері: 
      халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу, еңбек ресурстарын тиімді пайдалану, жұмыссыз азаматтарды әлеуметтік қолдау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөнінде ұсынымдар әзірлеу; 
      еңбек рыногында қалыптасып отырған үрдістерді талдау және болжау, Қазақстан Республикасы Үкіметінің халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу саласындағы қызметінің негізгі бағыттарын жүзеге асыру жөнінде ұсыныстар әзірлеу; 
      жаңа жұмыс орындарын құру және шағын бизнес пен жеке кәсіпкерлікті дамыту, жұмыссыздарды жұмыспен уақытша қамтудың, оның ішінде қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру жолымен, түрлері мен нысандарын кеңейту жөнінде ұсыныстар әзірлеу; 
      ішкі еңбек рыногын қорғау жөнінде ұсыныстар әзірлеу; 
      жұмыспен қамту, әлеуметтік әріптестік, жұмыссыздарды әлеуметтік қорғау, ішкі еңбек рыногын қорғау мәселелері жөніндегі заң жобалары мен басқа да нормативтік кесімдерді сараптамалық бағалау болып табылады. 

3. Ведомствоаралық комиссия қызметін ұйымдастыру 

      Комиссияны Төраға басқарады. 
      Комиссияның жұмысын ұйымдастыруды, тиісті материалдарын, ұсынымдарын әзірлеуді оның мүшелері сайлайтын Комиссияның хатшысы жүзеге асырады. 
      Комиссияның жұмыс органы Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі болып табылады. 
      Комиссияның отырыстары қажеттілігіне қарай, бірақ кемінде тоқсанына бір рет өткізіледі. 
      Отырыстың күн тәртібін, сондай-ақ ол өткізілетін жері мен уақытын, Комиссияның мүшелерімен келісім бойынша, Комиссияның төрағасы белгілейді және нақтылайды. 
      Комиссияның шешімдері оның мүшелерінің көпшілік дауысымен қабылданады, хаттамамен ресімделеді және ұсынымдық сипатта болады.
      Халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі ұсыныстарды Қазақстан Республикасы Үкіметінің қарауына Комиссияның атынан Төраға немесе Комиссия құрамының кемінде жартысының жазбаша не ауызша келісімі бойынша Комиссияның хатшысы ұсынады.
      Комиссияның құзыретіне жататын қажетті материалдарды әзірлеу үшін ұйымдар, жоғары оқу орындары, сондай-ақ ғалымдар мен жоғары білікті мамандар тартылуы мүмкін.

                              Қазақстан Республикасы Үкіметінің
                                    2000 жылғы 22 мамырдағы
                                          N 771 қаулысына
                                                 қосымша

      Жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі ведомствоаралық
                      комиссияның құрамы

Радостовец Николай Владимирович   - Қазақстан Республикасының Еңбек
                                    және халықты әлеуметтік қорғау
                                    министрі, төраға   

Иванов Виктор Михайлович          - Қазақстан Республикасының Еңбек
                                    және халықты әлеуметтік қорғау                                       вице-министрі, төрағаның
                                    орынбасары

                     Комиссияның мүшелері:     

Ахметов Әшімжан Сүлейменұлы       - Қазақстан Республикасының Білім
                                    және ғылым вице-министрі    

Бахмутова Елена Леонидовна        - Қазақстан Республикасының Қаржы                                      министрлігі Бюджет
                                    департаментінің директоры     

Ысқақова Саийда Куанқызы          - "Шағын несие" мемлекеттік емес                                       ұйымының директоры (келісім
                                    бойынша)     

Ішмұхамедов Қадырбек Әбшейітұлы   - Қазақстан Республикасының
                                    Көші-қон және демография
                                    жөніндегі агенттігі   
                                    жұмыстарды ұйымдастыру
                                    жөніндегі басқармасының бастығы

Куанышбаева Роза Сақтағанқызы     - Қазақстан Республикасының Еңбек
                                    және халықты әлеуметтік қорғау                                       вице-министрі

Құттықадамов Жеңіс Арынұлы        - Қазақстан Республикасының      
                                    Кәсіподақтар федерациясы
                                    аппараты Әлеуметтік-
                                    экономикалық қорғау        
                                    департаментінің бас маманы
                                    (келісім бойынша)     

Марзилович Ольга Алексеевна       - Қазақстан Республикасының
                                    Энергетика, индустрия және
                                    сауда министрлігі Өңдеу
                                    өнеркәсібі және импортты       
                                    алмастыру департаментінің
                                    директоры  

Мүсенова Галина Ақайқызы          - Қазақстан Республикасы
                                    Экономика министрлігінің
                                    Аймақтық саясат және
                                    бағдарламалар департаменті
                                    директорының міндетін атқарушы  

Нәубетова Рашида Аронқызы         - Қазақстан Республикасының
                                    Министрі - Қазақстан
                                    Республикасы Президентінің
                                    жанындағы Отбасы және әйелдер
                                    істері жөніндегі ұлттық
                                    комиссия төрайымының кеңесшісі 

Сабанқұлов Асқар Тәбепұлы         - Қазақстан Республикасының Ауыл  
                                    шаруашылығы министрлігі Ішкі   
                                    әкімшілік департаментінің
                                    директоры     

Сағымбаев Талас Жұмабайұлы        - Қазақстан ерікті кәсіподақтар                                        конфедерациясының
                                    вице-президенті     
                                    (келісім бойынша)

О создании Межведомственной комиссии по вопросам занятости

Постановление Правительства Республики Казахстан от 22 мая 2000 года N 771. Утратило силу - постановлением Правительства РК от 9 февраля 2005 г. N 124 (P050124)

      В целях реализации Закона Республики Казахстан от 30 декабря 1998 года Z980341_ "О занятости населения" и в соответствии с постановлением Правительства Республики Казахстан от 28 февраля 2000 года N 312 P000312_ "О первоочередных мерах по обеспечению занятости населения" Правительство Республики Казахстан постановляет:
      1. Образовать Межведомственную комиссию по вопросам занятости в составе согласно приложению.
      2. Утвердить прилагаемое Положение о Межведомственной комиссии по вопросам занятости.
      3. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на Министерство труда и социальной защиты населения Республики Казахстан.
      4. Настоящее постановление вступает в силу со дня опубликования.

     Премьер-Министр
     Республики Казахстан

                                                Утверждено
                                        постановлением Правительства      
                                             Республики Казахстан
                                            22 мая 2000 года N 771

                               Положение
             о Межведомственной комиссии по вопросам занятости

                          1. Общие положения

      Межведомственная комиссия по вопросам занятости (далее - Комиссия) образована в целях реализации Закона Республики Казахстан от 30 декабря 1998 года Z980341_ "О занятости населения" и в соответствии с постановлением Правительства Республики Казахстан от 28 февраля 2000 года N 312 P000312_ .
      Комиссия является консультативно-совещательным органом при Правительстве Республики Казахстан. Главная цель деятельности Комиссии состоит в выработке предложений по обеспечению сбалансированного подхода к решению экономических и социальных проблем, реализации стратегии содействия занятости и защиты граждан от безработицы, предусмотренных Планом действий Правительства Республики Казахстан на 1998-2000 годы, за счет повышения гибкости рынка труда, смягчения социальных последствий неизбежного ускорения высвобождения рабочей силы, в том числе в связи с банкротством предприятий, создания условий для быстрейшего трудоустройства безработных граждан, обеспечения эффективной целевой поддержки лиц, потерявших работу.
      Комиссия в своей деятельности руководствуется K951000_ Конституцией Республики Казахстан, Законом Республики Казахстан Z980341_ "О занятости населения", иными нормативными правовыми актами, а также настоящим Положением.

                 2. Задачи Межведомственной комиссии

      Основными задачами и обязанностями Комиссии являются:
      выработка рекомендаций по реализации государственной политики в области содействия занятости населения, эффективного использования трудовых ресурсов, социальной поддержки безработных граждан;
      анализ и прогнозирование процессов, складывающихся на рынке труда, разработка предложений по осуществлению основных направлений деятельности Правительства Республики Казахстан в области содействия занятости населения;
      подготовка предложений по созданию новых рабочих мест и развитию малого бизнеса и частного предпринимательства, расширению видов и форм временной занятости безработных, в том числе путем организации общественных работ;
      разработка предложений по защите внутреннего рынка труда;
      экспертная оценка проектов законов и других нормативных актов по вопросам занятости, социального партнерства, социальной защиты безработных, защиты внутреннего рынка труда.

          3. Организация деятельности Межведомственной комиссии

      Комиссию возглавляет Председатель.
      Организацию работы, подготовку соответствующих материалов, рекомендаций Комиссии осуществляет секретарь Комиссии, который избирается его членами.
      Рабочим органом Комиссии является Министерство труда и социальной защиты населения Республики Казахстан.
      Заседания Комиссии проводятся по мере необходимости, но не реже одного раза в квартал.
      Повестка дня заседаний, а также место и время их проведения определяются и уточняются Председателем Комиссии по согласованию с членами Комиссии.
      Решения Комиссии принимаются большинством голосов его членов, оформляются протоколом и носят рекомендательный характер.
      Предложения по вопросам занятости выносятся на рассмотрение Правительства Республики Казахстан от имени Комиссии Председателем или секретарем Комиссии по устному или письменному согласованию с не менее чем половиной состава Комиссии.
      Для разработки необходимых материалов, относящихся к компетенции Комиссии, могут привлекаться организации, высшие учебные заведения, а также ученые и высококвалифицированные специалисты.

                                         Приложение к постановлению       
                                      Правительства Республики Казахстан  
                                          от 22 мая 2000 года N 771

                            Состав 

         Межведомственной комиссии по вопросам занятости

Радостовец                  - Министр труда и социальной защиты

Николай Владимирович          населения Республики Казахстан, председатель

Иванов Виктор Михайлович    - вице-Министр труда и социальной защиты      

                              населения Республики Казахстан, заместитель 

                              председателя

                     Члены Комиссии:

Ахметов                     - вице-Министр образования и науки

Ашимжан Сулейменович          Республики Казахстан

Бахмутова Елена Леонидовна  - директор Бюджетного департамента            

                              Министерства финансов Республики

                              Казахстан

     Искакова Саида Куановна     - директор неправительственной организации    

                              "Микрокредит" (по согласованию)

Ишмухамедов Кадырбек        - начальник Управления по организации работы  

Абшеитович                    Агентства Республики Казахстан по миграции и

                              демографии

     Куанышбаева Роза            - вице-Министр труда и социальной защиты

Сактагановна                  населения Республики Казахстан

     Куттыкадамов Женис Аринович - главный специалист Департамента             

                              социально-экономической защиты аппарата     

                              Федерации профсоюзов Республики Казахстан   

                              (по согласованию)

     Марзилович Ольга Алексеевна - директор Департамента обрабатывающей        

                              промышленности и импортозамещения

                              Министерства энергетики, индустрии и        

                              торговли Республики Казахстан

     Мусенова Галина Акаевна     - исполняющая обязанности директора           

                              Департамента региональной политики и        

                              программ Министерства экономики Республики  

                              Казахстан

     Наубетова Рашида Ароновна   - советник Министра Республики Казахстан -

                              председателя Национальной комиссии по делам 

                              семьи и женщин при Президенте Республики    

                              Казахстан

     Сабанкулов Аскар Табепович  - директор Департамента внутренней            

                              администрации Министерства сельского        

                              хозяйства Республики Казахстан

     Сагимбаев Талас Жумабаевич  - вице-Президент Конфедерации свободных       

                              профсоюзов Казахстана (по согласованию)