Халықты жұмыспен қамтудың бiрiншi кезектi шаралары туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2000 жылғы 28 ақпан N 312. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2005 жылғы 9 ақпандағы N 124 қаулысымен

      Халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді: 
      1. Қазақстан Республикасының Статистика жөнiндегі агенттiгi Қазақстан Республикасының Үкiметiне және басқа да мүдделi мемлекеттiк органдарға тоқсан сайын республикадағы жұмыссыздық деңгейiнiң және аймақтар мен салалар бойынша жұмыспен қамтылған адамдар санының сараптық көрсеткiштерiн ұсынады; 2000 жылдың наурызында 1999 жылғы халық санағының жұмыспен қамту және жұмыссыздықтың таралуы бойынша нәтижелерiн ұсынсын және жұмыспен қамту және жұмыссыздық мәселелерi бойынша кейiннен iрiктеп зерттеудi енгізу мақсатында үй шаруашылығының деректер базасын құрсын. 
      2. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi: 
      2000 жылдың 10 наурызына дейiнгі мерзiмде: 
      "Жұмыспен қамту мәселелерi жөнiндегі ведомствоаралық консультациялық кеңес туралы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрi өкiмiнiң жобасын әзiрлесiн; 
      Алматы қаласының әкiмiмен бiрлесiп Алматы қаласында шағын бизнес-инкубаторын құру және онда жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру тәжiрибесiн қорытып, таратсын; 
      облыс әкімдерiнің қатысуымен күйзелiске және экологиялық апатқа ұшыраған селолық аудандардың тiзбесiн әзiрлесiн; 
      халықты жұмыспен қамтудың салалық бағдарламаларының макетiн әзiрлесiн; 
      2000 жылдың 1 сәуiрiне дейiнгі мерзiмде Қазақстан Республикасының Үкiметiне мүдделi мемлекеттiк органдармен, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерiмен келiсе отырып, жұмыс берушiлердiң шетелдiк жұмыс күшiн тартуын квоталау жөнiндегi қаулының жобасын енгiзсiн, онда: 
      аймақтар мен кәсiптер бойынша тартылатын шетелдiк жұмыс күштерiнiң санын; 
      қазақстандық мамандар алмастыруға тиісті кәсіптердің тізбесін; 
      шетелдік мамандарды қазақстандық мамандардың алмастыру мерзімдері мен тәртібін; 
      шетелдік жұмыс күшін тартушы жұмыс берушілердің құратын жұмыс орындарының санын көрсетсін. 
      3. Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлігі, Көлік және коммуникациялар министрлігі, Ауыл шаруашылығы министрлігі Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен бірлесе отырып, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдерінің, тауар өндірушілер ассоциациясының қатысуымен 15 наурызға дейінгі мерзімде 2000 жылға арналған жұмыспен қамтудың салалық бағдарламаларын әзірлеп, бекітсін. 
      4. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі қазақстандық жұмыс күшін шетелдерде пайдалану туралы мәселені сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссиялар мәжілістерінің күн тәртібіне үнемі енгізіп отырсын. 
      5. Қазақстан Республикасының Көші-қон және демография жөніндегі агенттігі облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдерімен, Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен бірлесіп, мигранттардың (оралмандардың) еңбекке қабілеттілігі мен мамандықтары туралы деректерді алдын ала тексеріп-білуді қамтамасыз ете отырып, оларды жұмысқа орналастыру жөнінде келісілген шаралар қабылдасын. 
      6. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері: 
      тауарлар өндіруді, қызметтер көрсетуді ұйымдастыруды тежеп отырған нақты себептерді анықтау мақсатында кәсіпкерлермен кеңестер өткізсін; 
      шағын өндірістік бизнесті ұйымдастыру үшін және жаңа жұмыс орындарын құру үшін нақты қаржы мүмкіндіктері бар кәсіпкерлерге қолдау жасасын, жаңа өндірістерді ұйымдастырудың барысын қадағаласын және оларға преференциялар берсін; 
      жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және шағын кәсіпкерлікті қолдау мақсатында коммуналдық меншіктің бос тұрған үй-жайлары базасында аймақтарда шағын бизнес-инкубаторлар қызметін құру олардың материалдық-техникалық базасын қалыптастыру және қызметін ұйымдастыру жөнінде шаралар қабылдасын; 
      аймақтық бизнес-инкубаторлар аумағында өндірістік қызметпен айналысуға тілек білдірген кәсіпкерлерді конкурстық іріктеп алу шарттарын айқындасын және кәсіпкерлердің өздерін қатыстыра отырып, үміткерлерді таңдау жөнінде комиссиялар құрсын; 
      кәсіпкерлік қызметпен айналысуға жұмыссыздарды ынталандыру және бизнес-инкубаторларда жұмыссыздарды кәсіпкерлік қызметтің негіздеріне оқыту үшін арнайы курстар, жұмыс орындарын құру мен жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру мәселелері бойынша консультациялар ұйымдастыру жөніндегі шараларды айқындасын; 
      аймақтық бизнес-инкубаторлар аумағында қызметпен айналысатын шағын кәсіпкерлік субъектілеріне өндірістік ғимараттар мен олар орналасқан жер учаскелерін жалгерлік ақысынсыз ұзақ мерзімге жалға беруді, жалдау шартын тегін тіркеуді қамтитын жеңілдіктер жүйесін беру мәселелерін қарасын, бұл орайда жергілікті атқарушы органдардың кәсіпкерлермен жалдау шартын бұзған жағдайларда оларға шығынды өтеу жөніндегі жауапкершілігі көзделсін; 
      2000 жылдың 1 наурызына дейін Кедейлікпен және жұмыссыздықпен күрес жөніндегі мемлекеттік бағдарламаға енгізу үшін Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жолдаған бағдарлама құрылымы негізіндегі 2000-2002 жылдарға арналған аймақтық бағдарламаны Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсынсын.
      7. Осы қаулының орындалысын бақылау Қазақстан Республикасы  Премьер-Министрінің орынбасары Е.Ә. Өтембаевқа жүктелсін.
      8. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады