Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Әскери-техникалық комиссияны құру туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2000 жылғы 25 мамыр N 786. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2001.08.07. N 1039 қаулысымен. ~P011039

      "Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің қару-жарақтарын, әскери техникасын және өзге де әскери мүліктерін сату және пайдаға асыру мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 11 тамыздағы N 1140 қаулысын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Қоса беріліп отырған:
      1) Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Әскери-техникалық

 

комиссия туралы ереже;

     2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Әскери-техникалық

комиссияның құрамы бекітілсін.

     2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

         Премьер-МИнистрі


                                     Қазақстан Республикасы Үкіметінің

                                       2000 жылғы 25 мамырдағы N 786

                                           қаулысымен бекітілген


               Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы

                 Әскери-техникалық комиссия туралы ереже


                          1. Жалпы ережелер


     1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Әскери-техникалық

комиссия (бұдан әрі - Комиссия) Қазақстан Республикасы Үкіметінің

жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады.

     2. Комиссия өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясы мен

заңдарын, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің кесімдерін,

өзге де нормативтік құқықтық кесімдерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа

алады.


                      2. Комиссияның міндеттері


     3. Комиссияның міндеттері:


 
       1) қару-жарақты, әскери техниканы, олардың қосалқы және жинақтаушы бұйымдарын және Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, оларды қысқарту барысында босатылатын, өзге де әскери мүлікті (оның ішінде ғимараттар, құрылыстар) (бұдан әрі - Мүлік) сату және қысқарту, сондай-ақ Мүлікті жалға беру және пайдаға асыру мәселелері жөнінде;
      2) қару-жарақ пен әскери техниканы дамытудың бағдарламалары (жоспарлары) жөнінде;
      3) қорғаныстық-өнеркәсіп кешені кәсіпорындарының қызметін ұйымдастыру жөнінде;
      4) пайдаланылмайтын және басы артық Мүлікті анықтау жөніндегі Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарының және басқа да мемлекеттік ұйымдардың іс-әрекетін үйлестіруді қамтамасыз ету жөнінде;
      5) Мүлікті қысқарту, сату, жалға беру және пайдаға асыру саласындағы

 

Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық кесімдерін қабылдау жөнінде;

     6) сатылатын, қысқартылатын, пайдаға асырылатын және жалға берілетін

Мүліктің ең төменгі құнын белгілеу жөнінде;

     7) Мүліктің жалға берілгені үшін ең төменгі бағасын белгілеу жөнінде;

     8) Мүлікті пайдалану мәселелеріне қатысты заңнаманы орталық атқарушы

органдардың, ведомстволардың, өзге де мемлекеттік органдардың және

ұйымдардың орындауын бақылауды ұйымдастыру жөнінде ұсыныстарды әзірлеу

болып табылады.


                         3. Комиссияның құрамы


     4. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кеңсесінің Басшысы

Комиссия төрағасы болып табылады.

     5. Комиссияның жеке құрамын Қазақстан Республикасының Үкіметі

бекітеді.

     6. Жұмыс органының функциялары Қазақстан Республикасының Қорғаныс

министрлігіне жүктеледі.


 
       7. Мәжілістің күн тәртібіндегі әрбір мәселе бойынша Комиссияның шешімдері Комиссия мүшелерінің мәжілісіне қатысушылардың жай көпшілік дауысымен қабылданады.
      Комиссия мүшелері шешім қабылдау кезінде тең дауысқа ие болады.

 

Дауыстар тең бөлінген жағдайда төраға дауыс берген шешім қабылданған болып

саналады.

     8. Комиссияның шешімдеріне Комиссияның төрағасы мен хатшысы қол қояды

және олар ұсынымдық сипатта болады.

     9. Комиссия мүшелерінің ерекше пікір білдіруге құқықтары бар, олар

білдірілген жағдайда жазбаша түрде баяндалуы және Комиссия мәжілісінің

хаттамасына қоса берілуі тиіс.

     10. Комиссияның хатшысы:

     1) Комиссия мәжілісінің күн тәртібі бойынша ұсыныстарды әзірлейді,

Комиссия шешімдерінің орындалуын қамтамасыз етеді және бақылайды;

     2) Комиссия мүшелерінің және оның қызметіне тартылған мамандардың

жұмысын үйлестіреді.


                      4. Комиссияның негізгі құқықтары


     11. Комиссия өз міндеттеріне сәйкес:

     1) орталық атқарушы органдармен және басқа да ұйымдармен өзара

іс-қимыл жасауға;


 
       2) оның міндеттеріне кіретін мәселелер бойынша нормативтік құқықтық кесімдер жобаларын әзірлеу жөнінде ұсыныстар енгізуге;
      3) Комиссияның міндеттеріне кіретін мәселелер бойынша ұсынымдар әзірлеуге;
      4) Комиссияның міндеттерін іске асыру үшін заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік және басқа да ұйымдардан қажетті материалдарды сұратуға және алуға;
      5) Мүлікті пайдалану жөнінде ұсыныстар әзірлеуге;
      6) босатылатын Мүлікті қысқарту, пайдаға асыру және сату процестерін реттеу жөніндегі ұсыныстарды Қазақстан Республикасының Үкіметіне және Премьер-Министріне ұсынуға құқылы.
 
                      5. Комиссияның қызметін ұйымдастыру
 
      12. Комиссия өз қызметін жүзеге асыру үшін:
      1) заңнамада белгіленген тәртіппен Комиссияның жұмысына қатысуға

 

ғалымдар, мемлекеттік және басқа да ұйымдардың өкілдері ішінен сарапшылар

мен консультанттарды тартады;

     2) уақытша және тұрақты жұмыс істейтін сарапшылық және жұмыс топтарын

ұйымдастырады;

     3) белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің

Кеңсесінен, орталық атқарушы органдар мен басқа да ұйымдардан қажетті

ақпараттық, талдамалық, анықтамалық-статистикалық материалдарды алады;

     4) Комиссияның мәжілістеріне Комиссияның міндеттерін іске асыруға

байланысты мәселелер бойынша орталық атқарушы органдардың, ведомстволардың

және басқа да ұйымдардың (келісім бойынша) өкілдерін шақырады және

тыңдайды.


                                       Қазақстан Республикасы Үкіметінің

                                         2000 жылғы 25 мамырдағы N 786

                                             қаулысымен бекітілген


              Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы

                 Әскери-техникалық комиссияның құрамы




   Ескерту. Құрам жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2000.12.21. N 1875      

            қаулысымен.


P001875_
 



   Тілеубердин              - Қазақстан Республикасының Премьер-

   Алтай Абылайұлы            Министрі Кеңсесінің Басшысы, төраға

   Сиқымов                  - Қазақстан Республикасы Қорғаныс

   Манас Қамардинұлы          министрінің орынбасары, төрағаның

                              орынбасары

   Нұрғажин                 - Қазақстан Республикасының Қорғаныс

   Сармантай Қабдошұлы        министрлігі Қару-жарақ департаментінің

                              бастығы, хатшы

                         комиссия мүшелері:


   Ақпомбаев                - Қазақстан Республикасының Қорғаныс          

   Иманжүсіп Латкенұлы        министрлігі Экономика және қаржы

                              департаментінің бастығы

   Байғарин                 - Қазақстан Республикасы Энергетика,

   Бекболат Әбдіғалиұлы       индустрия және сауда министрлігі

                              Қорғаныс өнеркәсібі жөніндегі комитетінің

                              төрағасы

   Жарасов                  - Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік

   Жанат Абдоллаұлы           комитетінің департамент бастығы


   Қазыханов                - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер

   Ержан Қазейұлы             министрлігінің Көпжақты ынтымақтастық

                              департаментінің директоры

   Қощанова                 - Қазақстан Республикасы Әділет

   Жанаркүл Тоғызбайқызы      министрлігінің Заң департаменті директорының

                              орынбасары

   Наурызбаев               - Қазақстан Республикасы Қорғаныс             

   Мақсат Сабырұлы            министрлігінің "Қазарнаулыэкспорт"          

                              республикалық мемлекеттік кәсіпорнының

                              бас директоры

   Орынбеков Мүбәрәк        - Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің

                              Бас штабы Байланыс департаментінің

                              бастығы 

   Повеквечнов              - Қазақстан Республикасы Ішкі істер

   Сергей Иванович            министрлігінің Ішкі әскерлер бас басқармасы

                              бастығының орынбасары - бөлім бастығы

   Раханов                  - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі

   Мақсұтбек Смағұлұлы        Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру

                              жөніндегі комитетінің төрағасы

   Сұлтанов                 - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің

   Бахыт Тұрлыханұлы          Бюджет департаменті директорының орынбасары




   Оқығандар:

  Қобдалиева Н.М.

  Бағарова Ж.А.        




























О создании Военно-технической комиссии при Правительстве Республики Казахстан

Постановление Правительства Республики Казахстан от 25 мая 2000 года N 786. Утратило силу - постановлением Правительства РК от 7 августа 2001 г. N 1039 ~P011039

      В целях реализации постановления Правительства Республики Казахстан от 11 августа 1999 года N 1140 "О вопросах реализации и утилизации вооружения, военной техники и иного военного имущества Вооруженных Сил Республики Казахстан" Правительство Республики Казахстан постановляет:
      1. Утвердить прилагаемые:
      1) Положение о Военно-технической комиссии при Правительстве Республики Казахстан;
      2) состав Военно-технической комиссии при Правительстве Республики Казахстан.
      2. Настоящее постановление вступает в силу со дня подписания.
 

     Премьер-Министр

     Республики Казахстан



                                                 Утверждено



                                        постановлением Правительства

                                            Республики Казахстан

                                        от 25 мая 2000 года N 786



 
 
               Положение о Военно-технической комиссии
              при Правительстве Республики Казахстан
 
                         1. Общие положения
 
      1. Военно-техническая комиссия (далее - Комиссия) является консультативно-совещательным органом при Правительстве Республики Казахстан.
      2. Комиссия в своей деятельности руководствуется Конституцией и законами Республики Казахстан, актами Президента и Правительства Республики Казахстан, иными нормативными правовыми актами, а также настоящим Положением.
 
                            2. Задачи Комиссии
 
      3. Задачами Комиссии являются выработка предложений:
      1) по вопросам реализации и сокращения вооружения, военной техники, запасных и комплектующих изделий к ним и иного военного имущества (в том числе зданий, сооружений), высвобождаемого в ходе их сокращения в Вооруженных Силах Республики Казахстан (далее - Имущество), а также сдачи в аренду и утилизации Имущества;
      2) по программам (планам) развития вооружения и военной техники;
      3) по организации деятельности предприятий оборонно-промышленного комплекса;
      4) по обеспечению координации действий центральных исполнительных органов Республики Казахстан и других государственных организаций по выявлению неиспользуемого и излишествующего Имущества;
      5) по принятию нормативных правовых актов Республики Казахстан в области сокращения, реализации, сдачи в аренду и утилизации Имущества;
      6) по установлению минимальной стоимости реализуемого, сокращаемого, утилизируемого и сдаваемого в аренду Имущества;
      7) по определению минимальной ставки платы за аренду Имущества;
      8) по организации контроля за соблюдением центральными исполнительными органами, иными государственными органами и организациями законодательства, касающегося вопросов использования Имущества.
 
                           3. Состав Комиссии
 
      4. Председателем Комиссии является Руководитель Канцелярии Премьер- Министра Республики Казахстан.
      5. Персональный состав Комиссии утверждается Правительством Республики Казахстан.
      6. Функции рабочего органа возлагаются на Министерство обороны Республики Казахстан.
      7. Решения Комиссии по каждому вопросу повестки дня заседания принимаются простым большинством голосов присутствующих на заседании членов Комиссии.
      Члены Комиссии обладают равными голосами при принятии решения. В случае равенства голосов принятым считается решение, за которое проголосовал председатель.
      8. Решения Комиссии подписываются председателем и секретарем Комиссии и носят рекомендательный характер.
      9. Члены Комиссии имеют право на особое мнение, которое в случае его выражения должно быть изложено в письменном виде и приложено к протоколу заседания Комиссии.
      10. Секретарь Комиссии:
      1) готовит предложения по повестке дня заседания Комиссии,

 

обеспечивает и контролирует выполнение решений Комиссии;

     2) координирует работу членов Комиссии и привлеченных к ее

деятельности специалистов.


                      4. Основные права Комиссии


     11. В соответствии со своими задачами Комиссия имеет право:

     1) взаимодействовать с центральными исполнительными органами и

другими организациями;

     2) вносить предложения по разработке проектов нормативных правовых

актов по вопросам, входящим в ее задачи;

     3) вырабатывать рекомендации по вопросам, входящим в задачи Комиссии;

     4) в установленном законодательством порядке запрашивать и получать

от государственных и других организаций материалы, необходимые для

реализации задач Комиссии;

     5) вырабатывать предложения по использованию Имущества;

     6) представлять Правительству и Премьер-Министру Республики

Казахстан предложения по регулированию процессов сокращения, утилизации и

реализации высвобождаемого Имущества.


                  5. Организация деятельности Комиссии


     12. Для осуществления своей деятельности Комиссия:


 
       1) в установленном законодательством порядке привлекает для участия в работе Комиссии соответствующих экспертов и консультантов из числа ученых, представителей государственных и других организаций;
      2) организует временно и постоянно действующие экспертные и рабочие группы;
      3) получает в установленном порядке от Канцелярии Премьер-Министра Республики Казахстан, центральных исполнительных органов и других организаций необходимые информационные, аналитические, справочно- статистические материалы;
      4) приглашает на заседания Комиссии и заслушивает представителей центральных исполнительных органов, ведомств и других организаций (по согласованию) по вопросам, связанным с реализацией задач Комиссии.
 

                                                       Утвержден         



                                             постановлением Правительства 

                                                  Республики Казахстан

                                               от 25 мая 2000 года N 786



 
 
                     Состав Военно-технической комиссии

 

                 при Правительстве Республики Казахстан




     Сноска. Состав - в новой редакции согласно постановлению

Правительства РК от 21 декабря 2000 года N 1875 


P001875_
 

.


Тлеубердин                            - Руководитель Канцелярии

Алтай Аблаевич                          Премьер-Министра Республики       

                                        Казахстан, председатель


Сихимов Манас Камардинович            - заместитель Министра обороны

                                        Республики Казахстан, заместитель

                                        председателя


Нургажин                              - начальник Департамента вооружения

Сармантай Кабдошевич                    Министерства обороны Республики

                                        Казахстан, секретарь


                           члены комиссии:


Акпомбаев Иманжусуп Латкенович        - начальник Департамента экономики

                                        и финансов Министерства обороны

                                        Республики Казахстан


Байгарин Бекбулат Абдыгалиевич        - Председатель Комитета по оборонной

                                        промышленности Министерства

                                        энергетики, индустрии и торговли

                                        Республики Казахстан


Джарасов Жанат Абдуллаевич            - начальник департамента Комитета

                                        национальной безопасности

                                        Республики Казахстан


Казыханов Ержан Хазеевич              - директор Департамента             

                                        многостороннего сотрудничества    

                                        Министерства иностранных дел      

                                        Республики Казахстан


Кощанова Жанаркуль Тогузбаевна        - заместитель директора             

                                        Департамента законодательства     

                                        Министерства юстиции

                                        Республики Казахстан


Наурузбаев Максат Сабырович           - генеральный директор              

                                        Республиканского государственного

                                        предприятия "Казспецэкспорт"

                                        Министерства обороны Республики

                                        Казахстан


Орынбеков Мубарек                     - начальник Департамента связи

                                        Генерального штаба Вооруженных

                                        Сил Республики Казахстан


Повеквечнов Сергей Иванович           - заместитель начальника управления -

                                        начальник отдела Главного

                                        управления внутренних войск

                                        Министерства внутренних дел

                                        Республики Казахстан



Раханов Максутбек Смагулович          - Председатель Комитета

                                        государственного имущества и

                                        приватизации Министерства финансов

                                        Республики Казахстан


Султанов Бахыт Турлыханович           - заместитель директората Бюджетного

                                        департамента Министерства

                                        финансов Республики Казахстан




(Специалисты:

Цай Л.Г.

Мартина Н.А.)