"Қазақстан Республикасында тауарлардың (жұмыстардың, қызмет көрсетулердің) экспорты мен импортын лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 30 маусымдағы N 1037 P971037_ қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. "Ортаазиялық мұнай сервистік компаниясы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне (Ақтөбе облысы, Қазақстан Республикасы) Техника және әзірлеу жөніндегі қытай мұнай корпорациясының бөлігі болып табылатын Қытай ұлттық каротаждық корпорациясымен жасалған 2000 жылғы 15 қаңтардағы N CPTDCOOEX80031 шартқа сәйкес Қазақстан Республикасына Қытай Халық Республикасынан қосымшада көрсетілген жалпы құны 51000 АҚШ доллары болатын иондаушы сәулеленудің 9 ампулалық көзін (СЭҚ ТН коды 2844) әкелуге рұқсат етілсін.
2. Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлігі "Ортаазиялық мұнай сервис компаниясы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне осы қаулыға қосымшада көрсетілген иондаушы сәулеленудің ампулалық көздерін импорттауға лицензия берсін.
3. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігінің Кеден
комитеті Қазақстан Республикасының кедендік заңнамасында белгіленген
тәртіппен, әкелінетін өнімді кедендік бақылауды және кедендік ресімдеуді
қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Энергетика,
индустрия және сауда министрлігінің Атом энергетикасы жөніндегі комитетіне
жүктелсін.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2000 жылғы 13 маусымдағы
N 883 қаулысына қосымша
Иондаушы сәулелену көздерінің
Тізбесі
_________________________________________________________________________
Р/с! Көздің атауы ! Өлшем ! Бірліктің ! Бірліктердің ! Сомасы (АҚШ
N ! !бірлігі!белсенділігі! жылға шаққан.! долларымен)
! ! ! ! дағы саны !
___!______________!_______!____________!______________!__________________
1 AM-241 Be дана 18 Ки 1 22000
Америций -241
берилийлі
2 AM-241 Be дана 0,4 Ки 1 8000
Америций -241
берилийлі
3 Cs-137 дана 2 Ки 1 11000
Цезий -137
4 Cs-137 дана 540 мкКи 1 4000
Цезий -137
5 AM-2441 Be дана 0,075 Ки 1 1000
Америций -241
берилийлі
6 AM-241 Be дана 500 мкКи 1 1000
Америций -241
7 Cs-137 дана 10 мкКи 1 1000
Цезий -137
8 Th-228 дана 10 мкКи 1 1000
Торий -228
9 Ra-226 дана 2,5 мкКи 1 2000
Радий -226
Барлығы 9 51000
Оқығандар:
Қасымбеков Б.А.
Орынбекова Д.Қ.