Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. "Қазақстан Республикасында тікелей инвестицияларды тартудың 1999-2000 жылдар кезеңіне арналған бағдарламасы және Қазақстан Республикасында тікелей инвестицияларды тартудың 1999-2000 жылдар кезеңіне арналған бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 1 шілдедегі N 911 P990911_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 32-33, 291-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасында тікелей инвестицияларды тартудың 1999-2000 жылдар кезеңіне арналған бағдарламасында:
2-тараудың 2.2-тармағының 14-абзацы алынып тасталсын;
2) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасында тікелей
инвестицияларды тартудың 1999-2000 жылдар кезеңіне арналған бағдарламасын
іске асыру жөніндегі іс-шаралардың жоспарында:
реттік нөмірі 12-жолда:
"Іс-шара" деген баған мынадай редакцияда жазылсын:
"Алматы және Қарағанды қалаларында мамандандырылған ауданаралық
экономикалық соттар құру";
"Атқарылуына жауапты министрліктер мен ведомстволар" деген баған
мынадай редакцияда жазылсын:
"Әділет министрлігі, Жоғарғы Сот (келісім бойынша)";
"Орындау мерзімі" деген бағандағы "1999-2000 ж. ж." деген сөздер
"2000 ж." деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Оқығандар:
Қасымбеков Б.А.
Орынбекова Д.Қ.