Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 1 шілдедегі N 911 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 2000 жылғы 19 маусым N 921

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. "Қазақстан Республикасында тікелей инвестицияларды тартудың 1999-2000 жылдар кезеңіне арналған бағдарламасы және Қазақстан Республикасында тікелей инвестицияларды тартудың 1999-2000 жылдар кезеңіне арналған бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 1 шілдедегі N 911 P990911_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 32-33, 291-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      1) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасында тікелей инвестицияларды тартудың 1999-2000 жылдар кезеңіне арналған бағдарламасында:
      2-тараудың 2.2-тармағының 14-абзацы алынып тасталсын;
      2) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасында тікелей

 

инвестицияларды тартудың 1999-2000 жылдар кезеңіне арналған бағдарламасын

іске асыру жөніндегі іс-шаралардың жоспарында:

     реттік нөмірі 12-жолда:

     "Іс-шара" деген баған мынадай редакцияда жазылсын:

     "Алматы және Қарағанды қалаларында мамандандырылған ауданаралық

экономикалық соттар құру";

     "Атқарылуына жауапты министрліктер мен ведомстволар" деген баған

мынадай редакцияда жазылсын:

     "Әділет министрлігі, Жоғарғы Сот (келісім бойынша)";

     "Орындау мерзімі" деген бағандағы "1999-2000 ж. ж." деген сөздер

"2000 ж." деген сөздермен ауыстырылсын.

     2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

         Премьер-Министрі




     Оқығандар:

     Қасымбеков Б.А.

     Орынбекова Д.Қ.






Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады