"Өсімдіктер карантині туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 11 ақпандағы Z990344_ Заңын және "2000 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 11 қарашадағы Z990473_ Заңын орындау үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелері штат санының лимиттері шегінде, аталған министрліктің мынадай мемлекеттік мекемелері құрылсын:
1) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің республикалық карантиндік зертханасы;
2) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің
республикалық интродукциялық-карантиндік питомнигі.
2. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі заңнамада
белгіленген тәртіппен бір айлық мерзімде:
1) көрсетілген мемлекеттік мекемелердің құрылтайшылық құжаттарын
бекітсін және олардың әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз
етсін;
2) осы қаулыны жүзеге асыру жөнінде өзге де шараларды қабылдасын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Оқығандар:
Қасымбеков Б.А.
Орынбекова Д.Қ.