Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің жүйесінде мемлекеттік мекемелер құру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 2000 жылғы 26 маусым N 941

      "Өсімдіктер карантині туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 11 ақпандағы Z990344_ Заңын және "2000 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 11 қарашадағы Z990473_ Заңын орындау үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелері штат санының лимиттері шегінде, аталған министрліктің мынадай мемлекеттік мекемелері құрылсын:
      1) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің республикалық карантиндік зертханасы;
      2) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің

 

республикалық интродукциялық-карантиндік питомнигі.

     2. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі заңнамада

белгіленген тәртіппен бір айлық мерзімде:

     1) көрсетілген мемлекеттік мекемелердің құрылтайшылық құжаттарын

бекітсін және олардың әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз

етсін;

     2) осы қаулыны жүзеге асыру жөнінде өзге де шараларды қабылдасын.

     3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.



     Қазақстан Республикасының

         Премьер-Министрі




     Оқығандар:

     Қасымбеков Б.А.

     Орынбекова Д.Қ.






Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады