"Қару-жараққа, әскери техникаға және екіұдай мақсаттағы өнімге экспорттық бақылау туралы" Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 18 маусымдағы Z960009_ Заңына және "Экспорттық бақылауға жататын өнім транзитінің жекелеген мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 11 тамыздағы N 1143 P991143_ қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. "O"ZTASHQINEFTGAZ" (Ташкент қаласы) ашық акционерлік қоғамы үшін: 2000 жылғы 30 наурыздағы NК-29 (ТЕL-В тетроэтилқорғасын); 2000 жылғы 11 мамырдағы NК-47 (техникалық фенол); 2000 жылғы 11 мамырдағы NК-46 (техникалық ацетон); 2000 жылғы 21 қаңтардағы NК-525 (А маркалы диэтиленглюколь) келісім-шарттары бойынша 1-қосымшаға сәйкес санда Өзбекстан Республикасына "Franklin Services ltd" (Ұлыбритания, Лондон қаласы) компаниясы беретін химиялық реагенттердің Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзитіне рұқсат берілсін.
2. Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігі Халықаралық темір жол жүк қатынасы туралы келісімнің Қауіпті жүктерді тасымалдаудың қолданылып жүрген ережелеріне және өзге де нормативтік құқықтық кесімдерге сәйкес қауіпсіздіктің ерекше шараларын сақтай отырып, 2 және 3-қосымшаларға сай тиеу кестесіне сәйкес қозғалыс бағыты бойынша жүктің темір жол көлігімен Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттік тасымалын жүзеге асыруды қамтамасыз етсін.
3. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігінің Кеден
комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен химиялық реагенттердің Қазақстан
Республикасының аумағы арқылы транзитіне бақылауды қамтамасыз етсін.
4. Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда
министрлігі осы қаулыны іске асыру мақсатында қажетті шараларды қабылдасын.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2000 жылғы 28 маусымдағы
N 962 қаулысына
1-қосымша
"O"ZTASHQINEFTGAZ" ашық акционерлік қоғамы үшін 2000
жылғы 30 наурыздағы NК-29; 2000 жылғы 11 мамырдағы NК-47;
2000 жылғы 11 мамырдағы NК-46; 2000 жылғы 21 қаңтардағы
NК-525 келісім-шарттары бойынша "Franklin Services ltd"
компаниясы беретін тауарлардың саны
_____________________________________________________________________
ТН ВЭД ! Тауардың атауы ! Өлшем ! Саны ! Бағасы ! Жалпы құны
коды ! !бірлігі! ! АҚШ ! АҚШ
! ! ! !долларымен!долларымен
_____________________________________________________________________
290919000 Этиль сұйығы тн 372 6900.00 2566800.00
(ТЕL-В тетроэтилқорғасын)
290711000 Техникалық фенол тн 1400 710.00 994000.00
МЕМСТ 23519-93
291411000 Техникалық ацетон тн 1500 670.00 1005000.00
МЕМСТ 2768-84
290541000 А маркалы тн 3000 645.00 1935000.00
диэтиленглюколь
МЕМСТ 10136-77
_____________________________________________________________________
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2000 жылғы 28 маусымдағы
N 962 қаулысына
2-қосымша
2000 жылғы жеткізілімдер үшін
химреагенттердің қозғалыс бағыты
Химреагенттердің қозғалыс бағыты мынадай бағыт бойынша жүзеге
асырылады:
1. Жүкті жіберуші: "Franklin Services ltd" компаниясы, (Лондон, Ұлыбритания) Қайта тиеу станциясынан этиль сұйығы жөнелтілетін станция: Малошевич (Польша)-Брест (Беларусь Республикасы); Арналған станция: Ахунбабаев, Өзбек темір жолы; Шекарадан өту станциясы: Илецк - Шеңгелді (Қазақстан Республикасы);
2. Техникалық фенол мен техникалық ацетон жөнелтілетін станция -
Лощинская (Ресей Федерациясы);
Арналған станция: Ахунбабаев, Өзбек темір жолы;
Шекарадан өту станциясы: Никель-Тау - Шеңгелді (Қазақстан Республикасы);
3. Диэтиленглюкольді жіберетін станция - Косяковка (Ресей
Федерациясы);
Арналған станция: Шортан, Қарауыл-Базар, Күкірт зауыты
Өзбек темір жолы;
Шекарадан өту станциясы: Илецк-1 - Шеңгелді (Қазақстан Республикасы);
Қабылдап алушы: "O"ZTASHQINEFTGAZ" ашық акционерлік қоғамы, Өзбекстан
Республикасы, Ташкент қаласы
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2000 жылғы 28 маусымдағы
N 962 қаулысына
3-қосымша
"O"ZTASHQINEFTGAZ" ашық акционерлік қоғамы үшін 2000
жылғы 30 наурыздағы NК-29; 2000 жылғы 11 мамырдағы NК-47;
2000 жылғы 11 мамырдағы NК-46; 2000 жылғы 21 қаңтардағы
NК-525 келісім-шарттары бойынша өнімді тиеп жіберу
Кестесі
_____________________________________________________________________
N ! Тауар атауы ! Өлшем !2000 !Оның ішінде тоқсан
р/с ! !бірлігі!жылға !бойынша вагондар
! ! !барлығы!_____________________
! ! ! ! ІІ ! ІІІ ! ІҮ
_____________________________________________________________________
1 Этиль сұйығы м/тн 372 93 124 155
(ТЕL-В тетроэтилқорғасын)
2 Техникалық фенол м/тн 1400 400 500 500
МЕМСТ 23519-93
3 Техникалық ацетон м/тн 1500 500 500 500
МЕМСТ 2768-84
4 А маркалы м/тн 3000 1000 1000 1000
диэтиленглюколь
МЕМСТ 10136-77
_____________________________________________________________________
Оқығандар:
Бағарова Ж.А.
Орынбекова Д.Қ.