Экспорттық бақылауға жататын өнімдер транзитінің кейбір мәселелері

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 1999 жылғы 11 тамыз N 1143. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2006.07.14. N 674 (қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгізiледі) қаулысымен.

      "Экспорттық бақылау туралы" Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 18 маусымдағы заңына сәйкес, экспорттық бақылауға жататын өнімдердің транзитіне қажетті құжаттарды дайындаудың және рұқсат берудің тәртібін айқындау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      Кіріспеге өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 18 қыркүйектегі N 947  қаулысымен.

      1. Экспорттық бақылауға жататын өнімдерді Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттеуге Қазақстан Республикасы Үкіметінің рұқсатын берудің ұсынылып отырған тәртібі бекітілсін. 

      2. Қазақстан Республикасының кейбір шешімдеріне мынадай толықтырулар енгізілсін: 
      1) <*>
      2) <*>
       Ескерту. 2-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 28 наурыздағы N 450  қаулысымен , 2002.12.10. N 1300  қаулысымен .

     3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
     Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы       
Үкіметінің             
1999 жылғы 11 тамыз        
N 1143 қаулысымен бекітілген    

  Экспорттық бақылауға жататын өнімдерді
Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттеуге
Қазақстан Республикасы Үкіметінің рұқсатын берудің тәртібі

                    1. Жалпы ережелер

      1. "Экспорттық бақылау туралы" Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 18 маусымдағы заңына сәйкес құрамында есiрткi құралдары, психотроптық заттар мен прекурсорлар бар өнiмдердi қоспағанда, экспорттық бақылауға жататын өнімдерді Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттеу Қазақстан Республикасы Үкіметінің рұқсаты негізінде (бұдан әрі - Рұқсат), Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында белгіленген талаптарды сақтай отырып жүзеге асырылады. 
      Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 18 қыркүйектегі N 947  қаулысымен .

      2. Осы Ереже қажетті құжаттарды дайындаудың және Рұқсат берудің тәртібін айқындайды. 

      3. Рұқсат беру туралы шешімді Қазақстан Республикасының Үкіметі қабылдайды. 
      Шешiмдердiң жобаларын дайындауды Қазақстан Республикасы Экспорттық бақылау мәселелерi жөнiндегi мемлекеттік комиссиясының жұмыс органы - Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлiгi (бұдан әрi - Жұмыс органы) жүзеге асырады.  
       Ескерту. 3-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2000.03.28. N 450  қаулысымен ,   2002.10.31. N 1155  қаулысымен .

      4. Осы Ережелермен белгіленген Талаптар экспорттауға жататын өнімдерді Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттеуге байланысты барлық заңды тұлғаларға және жеке тұлғаларға (бұдан әрі - өтініш беруші), шетелдіктерді қоса, ұйымдық-құқықтық нысанына қарамастан қолданылады. 
      Егер Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шарттарда осы Ережелерде көзделгеннен өзгеше нормалар белгіленген болса, онда халықаралық шарттардың нормалары қолданылады.

     5. Экспорттық бақылауға жататын өнімдерді Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттеуге, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, өтінім берушінің тарапынан сақтандыру және басқа қаржылық кепілдіктер, не транзитті жүзеге асырған кезде болуы мүмкін авариядан келетін зиянды өтеу туралы өзге де міндеттемелер тапсырылған жағдайда рұқсат етіледі.
      Ескерту. 5-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2000.10.16. N 1540  қаулысымен .       

  2. Рұқсат алу үшін қажетті өтініш пен құжаттарды
берудің тәртібі

     6. Өтінiш Жұмыс органына өтiнiш берушi елiнiң ресми органдары арқылы берiледi. 
      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 28 наурыздағы N 450  қаулысымен .      

     7. Өтінішке мыналар қоса берілуі тиіс:
     1) өтініш беруші-ұйымының мемлекеттік тіркелуі туралы куәліктің көшірмесі;
      2) Қазақстан Республикасында экспорттауға жататын өнімдерге байланысты іс-әрекетті жүзеге асыруға құқығын өтініш берушінің ол тіркелген мемлекеттің қолданылып жүрген заңнамасына сәйкес растауы; 
      3) сыртқы экономикалық қызметтің тауарлық номенклатурасы бойынша кодтары көрсетілген, транзиттеуге жататын өнімдердің номенклатурасы мен көлемі (табиғи және құны тұрғысында); 
      4) Қазақстан Республикасында экспорттық бақылауға жататын өнімді беруге арналған келісім-шарттың көшірмесі; 
      5) мәлімделген транзиттік тасымалды жүзеге асыру кезінде болуы мүмкін аварияның салдарын жоюға төтенше оқиғалардың алдын алу және әрекет ету жүйесінің дайындығын өтініш берушінің елінің құзыретті ресми органының растауы; 
      6) Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзитпен өткізілетін әскери жүктерді, ядролық материалдар мен жабдықтарды, арнаулы ядролық емес материалдарды, ядролық әрекеттерге қатысы бар екіұдай мақсаттағы жабдықтар мен материалдарды, реактивті материалдарды, жарылғыш заттар мен уларды нақты сақтаудың жүзеге асырылуы үшін өтініш берушінің жауапкершілігін айқындайтын құжаттар; 
      7) Егер жүкті алушыға тапсырып беру оған байланысы жоқ себептер бойынша мүмкін болмаған жағдайда, осы жүкті қайта қабылдауға экспорттық бақылауға жататын өнімді жіберушінің келісімін растайтын құжаттар; 
      8) үшінші тұлға келтірген шығындар мен зиян үшін азаматтық-құқықтық жауапкершіліктің қаржылық қамтамасыз етілетінін растайтын құжаттар, оның ішінде осы ережелердің 5-тармағында қарастырылған құжаттар; 
      9) тасымалдаудың нақты шарттарына тексеру жүргізілуіне, сондай-ақ болуы мүмкін уақытша сақтауға, қайта тасымалдауға, Қазақстан Республикасы құзыретті органдарының ядролық және радиоактивті қауіпсіздік жөніндегі рұқсаттарын қолданудың шарттарын қоса алғанда, Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген нормативтік-құқықтық актілерінің бұзылғаны анықталған жағдайдағы атқарушы органдардың басқа да қажетті әрекеттеріне байланысты, сондай-ақ анықталған ауытқуларды заңнама талаптарына сәйкес келтіру қажеттігіне және/немесе жүктің экспорттаушы мемлекетке қайтып келуіне байланысты шығыстардың өтелетініне өтініш берушінің тарапынан кепілдікті растайтын құжаттар; 
      10) мәлімделген транзиттік тасымалдауды жүзеге асырған кезде Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгiмен келісілген қозғалыстың мерзімдері мен бағыттарын, келетін және кететін шекаралық кенттерді, көліктің түрлерін растайтын құжаттар. <*>
      Ескерту. 7-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2002.10.31. N 1155   қаулысымен .  

      7-1. Шет мемлекеттiң мемлекеттiк органы өтiнiш берушi болған жағдайда:
      1) осы Ереженiң 7-тармағының 1), 2)-тармақшаларында көрсетiлген құжаттарды ұсыну талап етiлмейдi;
     2) келiсiм-шарт (осы Ереженiң 7-тармағының 4) тармақшасы) болмаған жағдайда, экспорттық бақылауға жататын өнiмнiң берiлуi қажеттігiн негіздейтiн өзге де құжаттар ұсынылады. 
      Ескерту. Жаңа 7-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2000.10.16. N 1540  қаулысымен .   

     8. Жұмыс органының Рұқсат берудің мүмкіндігі туралы мәселені қарау үшін қажетті өзге де құжаттарды талап етуі мүмкін. 
      Ескерту. 8-тармақ сөздермен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 28 наурыздағы N 450  қаулысымен .  

                3. Рұқсат беруден бас тарту

     9. Экспорттық бақылауға жататын өнімдердің Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзитін жүзеге асыруға, егер:
     1) Рұқсатты ресімдеу үшін талап етілетін құжаттар түгел тапсырылмаса;
     2) өтініш берушіге қатысты олар Қазақстан Республикасының алдындағы өздерінің міндеттемелерін бұзған жағдайда, сондай-ақ Қазақстан Республикасы қатысушы болып табылатын халықаралық ұйымның шешімі бойынша Рұқсат берілмейді.
     Рұқсат беруден бас тартылған жағдайда өтініш берушіге бір айлық мерзімде жазбаша түрде дәлелдемелі жауап беріледі.

  4. Қазақстан Республикасы Үкіметінің Рұқсат
алуға қаулысының жобасын дайындаудың тәртібі

       10. Жұмыс органына келiп түскен өтiнiш қоса берiлген құжаттармен бiрге Қазақстан Республикасы Экспорттық бақылау мәселелерi жөнiндегi мемлекеттік комиссиясының мүшелерiне келiсуге жолданады. <*>
      Сараптама жүргiзу және Рұқсат берудің орындылығы туралы қорытындыны ресiмдеу үшiн құжаттар мынадай номенклатура бойынша тиiстi мемлекеттік органдарға келiсуге қосымша жолданылуы мүмкiн: 
      жай қару-жарақ пен әскери техника, шикiзат, материалдар, арнайы жабдықтар мен технологиялар, оларды өндiруге байланысты жұмыстар мен көрсетiлген қызметтер - Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгiне;
      ядролық және арнайы ядролық емес материалдар, жабдықтар, қондырғылар, технологиялар, иондық сәуле шығаратын көздер, екiұдай қолданылатын өнім, жабдықтар мен тиiстi технологиялар, оларды өндiруге байланысты жұмыстар мен көрсетiлген қызметтер - Қазақстан
Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлiгiне;
      таратпаудың халықаралық режимдерiмен белгiленетiн тiзiмдер, тізбелер бойынша химиялық қару жасау кезiнде пайдаланылуы мүмкiн екiұдай қолданылатын химикаттар мен технологиялар - Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрлiгiне және Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлiгiне;
      тiзімдерi, тiзбелерi таратпаудың халықаралық режимдерiмен белгiленетiн бактериологиялық (биологиялық) және улы қару жасау кезiнде пайдаланылуы мүмкiн ауру қоздырғыштар, олардың генетикалық жағынан өзгертiлген нысандары мен генетикалық материалдардың бөлшектерi - Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы
министрлiгiне және Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлiгiне;
      тiзiмдерi, тiзбелерi таратпаудың халықаралық режимдерiмен белгiленетiн зымыран техникасы, двигательдер, олардың компоненттерi, жабдықтары, зымыран техникасын жасау кезiнде қолданылатын материалдар мен технологиялар - Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгiне;
      қарудың өзге де қауiптi түрлерi - Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгiне;
      әскери мақсаттағы өнiмге және екiұдай қолданылатын технологияларға байланысты ғылыми-техникалық ақпарат, көрсетiлетiн қызметтер мен зияткерлiк қызметтiң нәтижелерi - Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлiгiне.  
      Ескерту. 10-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 28 наурыздағы N 450  қаулысымен , 2000 жылғы 7 шілдедегі N 1033  қаулысымен , 2000.10.16. N 1540  қаулысымен , 2001.01.30. N 151  қаулысымен , 2002.10.31. N 1155   қаулысымен .

      11. Транзитке рұқсат берудің керектігі туралы өтінішті қараудың мерзімі мен қорытындыны ресімдеу 10 күннен аспауы тиіс және осы Ережелердің 10-тармағында көрсетілген тиісті органға жобаның келіп түскен күнінен бастап есептеледі.

      12. Жұмыс органы Рұқсат беру туралы қаулының жобасын не өтiнiш берушiге Рұқсат беруден бас тарту туралы дәлелдi жауап дайындайды және тиiстi құжатты Қазақстан Республикасының Экспорттық бақылау жөнiндегi мемлекеттік комиссиясы қаруына енгiзедi.
       Ескерту. 12-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2002.10.31. N 1155   қаулысымен .  

      13. Қазақстан Республикасы Үкіметінің өнімді транзиттеуге рұқсат ететін қаулысының негізінде Жұмыс органы өтініш берушіге берілетін "Транзитке рұқсатты" ресімдейді. 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады