Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. "Ақмола облысы орталығының қоныс аударуына байланысты босайтын
ғимараттар мен қызметтік үй-жайларды бөлу туралы" Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 1999 жылғы 17 маусымдағы N 796
қаулысына мынадай
өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулыға қосымшада:
реттік нөмірі 25-жолдың 4-бағанындағы "Табиғи ресурстар және қоршаған
ортаны қорғау министрлігі" деген сөздер "Қаржы министрлігі" деген
сөздермен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Оқығандар:
Багарова Ж.А.
Орынбекова Д.Қ.