Қазақстан Республикасы Президентінің резиденциясын салуды қаржыландыруды қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлігінің Қазақстан Республикасы Президентінің резиденциясын салуды қаржыландыру үшін "Сарыарқа" кешенді даму орталығы" мекемесіне берілетін кредитті қайтаруын қамтамасыз ету мақсатында "Теңізшевройл" жауапкершілігі шектеулі серіктестіктен заем туралы шарт бойынша несие пайызын өтеу есебіне алынған 50 (елу) миллион АҚШ доллары мөлшеріндегі ақшаны депозитке орналастыру туралы "Қазақстанның Халықтық Жинақ Банкі" ашық акционерлік қоғамымен "Қазақойл" ұлттық мұнай-газ компаниясы" жабық акционерлік қоғамының келісім жасасуы жөніндегі шешімді заңнамада белгіленген тәртіппен қабылдау туралы ұсынысына келісім берілсін. Депозитті орналастыру және кредитті беру Қазақстан Республикасы Президентінің резиденциясын салуды қаржыландыру қажеттігіне қарай үйлесімді жүзеге
асырылуы тиіс.
2. Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда
министрлігі мен Қаржы министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен осы
қаулыдан туындайтын тиісті шешімдерді қабылдасын және қажетті рәсімдерді
жүзеге асырсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Оқығандар:
Бағарова Ж.А.
Орынбекова Д.Қ.